Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Ұяда не көрсең ... ... .
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір
өлеңінде:
Отбасы - шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер, -
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің
өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты,
басқару тәртібі мен міндет – қызмет бөлінісі, кіріс – шығыс бюджеті,
қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты әр
отбасы болмыс – тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның
жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Және оның өзі
адамзат қоғамының сан ғасырлық дамуы барысында өткелектен
өткізіліп, жетілдіріп, берік қалыптасқан.
Ертеде күн көрістің ауыр жүгін көтеріп, табиғи және
әлеуметтік сілкіністер мен қырсықтарға төтеп беру үшін, отбасының
көп жанды - бала – шағалы болуын тілесе, кейін сананың көптігі
әрбір халықтың, елдің артықшылығы, құнды қазынасы саналған. Осылайша
қоғамның әлеуметтік жағдайы , адамдардың онда жақсы өмір сүруі отбасының
құрамына байланысты болған. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз
беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар- намысын сақтауға, сырын шашпауға,
мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Отан отбасынан
басталады дегенннің мәнісі де осында.
Адам тіршілігінде отбасына, Отанға, достарға адалдық ерекше маңызды орын
алады. Адал болмаса, адамның өзінің отбасынан жерігені. Мұның ақыры халықта
айтатын іргесі шайқалды, шаңырағы ортасына түсті дейтін отбасының
жойылуымен тынатын қайғылы жағдайға апарып соғады. Әрине, өз үйіне адал
болмаған опасыз Отанына опа көрсетіп жарытпақ емес. Ондай мүттәйімнен туыс
та, дос-жаран мен былайғы құдайға қараған жұрт та зардап шегеді. Тегінде,
ала-бөтен себебі болмаса, жасы жеткен ұл-қыздың үй болып, шаңырақ көтермеуі
қалыпты жағдайға саналмайды. Сондықтан үй болып, оның ішкі талаптарын, әдеп-
инабат нормаларын мүлтіксіз сақтауға зор мән беріледі.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік- туыстық
қарым-қатынастың , демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда бетімен
кетушілікке жол берілмейді. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы
бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға не әпке
басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өздері жерде қалдырмайды, ал үй-ішінің
шылбыр-тізбегін қолында ұстаушылар да өз тараптарынан отбасының барлық
мүшелерінің пікірін, тілек-ұсыныстарын елеп-ескеріп, отырса, бұл, бір
жағынан, ортақ мүддеге қызмет етедлі, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік
мәні бар инабаттылық та болып табылады.
Отбасының бейіл-береке, ынтымағы үшін отбасының (басқарушының) әділ болуы
орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған
мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты
міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-
тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік,
болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі,
көрген өнегесіне байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың деп,
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деп, Анасына қарап, қызын
ал, деп халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің
шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда, төрінің тарлығынан
көсілгенде сирағы ыртқа шығып кетсе де, Жиренше шешен: айқай, менің боз
үйім, ақ асрайдай өз үйім, - деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда
үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен
ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Алайда бала
онда ата – ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспенілігіне бөленіп, әке
мен шешенің жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай,
адамгершілік, әдеп – инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп, іс
жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр талап ететін
жолын өтеуге тиіс. Соның бірі – үлкендердің ақыл – кеңесі, өсиеті.
Мұны жай ақыл айту, құрғақ насихатшылдық, кәрілердің кәдуілгі әдеті
деп қарау – қате. Онда сен жақсы бірдеңеге үйреніп қалсын деген ниет
қана емес, үлкен өмір тәжірибесі, жастығыңа байланысты сен жете мән
бере қоймайтын құнды сабақ бар. Соны құлаққа іліп, зердеге түйіп
өскен жастан көп жақсылық күтуге болады. Естілердің айтқан сөздерін
ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады , - деген ғой кемеңгер
Абай. Өзінің өмірбаяндық туындыларында ұлы Бердақ та қарттардың
кеңесін жоғары бағалайды.
Қарттың сөзі ақыл кілең,
Қаідірі жоқ надандарға.
немесе
Бір қарт айтса әңгіме,
Тәңірден ұйып, қойдым құлақ, -
дейді сол дана кісі.
Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу. Ол – адамдық
кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адам
шын бақытты бола алмайды. Өйткені, ежелгі рим философы Гораций
айтқандай, Өмір еңбексіз ештеңе бермейді. Адамның мәдениетінің, әдеп
– инабатының, адамгершілігінің жоғарылығы еңбкке деген сүйіспеншілікке
тікелей байланысты. Жалпы, арғы – бергі заманда ғұмыр кешкен ұлы
адамдардың адамды барлық жағынан кемелдендірудегі еңбектің ерекше
рөлі туралы айтпағаны кемде –кем шығар. Адам жанының асқар білгірі,
әлемге әйгілі жазушы Л.Н. Толстой: Еңбек атаулының бәрі де бағалы,
өйткені ол адамды ізгілендіреді, - дейді. Сондықтан отбасындағы да,
қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз
бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуға тиіс.
Сонда ғана адамдар арасындағы қарым – қатынаста әдеп – инабат, адалдық
пен ақ пейілділік үстем бола алады.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі - әйел.
әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала – шағаны анаға деген
сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас – қабағынан, жанарынан
танығыштықпен, нығая биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық
борышын ұмытпағанда, әсіресе ерімен қабағы жарасып, тату –
сүйіспеншілікті тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі
дәстүрін, өнегелі - өміршең салтын, діни жол – жосығымызды
ескергенде, оның қадір – қасиеті,, бүкіл отбасын, ауылды, ағайын –
туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Жеткіншек ұрпақ мұны
ұғып, біліп өскені абзал.
Әйелдің еріне қарым – қатынасы балалардың әкеге көзқарасының
сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір
жағынан, үй ішіндегі әдептьің бастау алатын көзі екені анық. Демек,
балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс – қимылы, қас – қабағы
арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі – зайыптылар балалар көзінше бір –
біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп,
көрісуге тиіс емес. Олай еткенде өз беделдерін жоғалтудың, бала –
шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшыраудың үстіне, олардың жанына
кейін өздері үй болғанда алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын
егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: әкеңмен ақылдас, әкең
біледі, әкеңнің айтқанын істе т.б. деген сияқты дәстүрімізде бар
сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет. Атақты Абай романында
осыған орайлас халықтарымыздың қадірлі дәстүрін танытатын мыныдай
бір тағылымды эпизод бар. Семей қаласында 3 жыл оқып, жайлаудағы әке
үйіне күн кешкіре жетіп жығылған 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан
түскен бетте амандасу үшін шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да
байсалды ана Ұлжан: Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып сәлем
бер! - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп
алғанын түйсінген жас Абай шарт бұрылып, рортасында әкесі Құнанбай
бар шткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі. Ұлы
жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша зор
маңызын жоғары бағалағандықтан да келітіріп отырғаны анық.
Ата – ананың бір – бірінң қадір – қасиетін осылайша ардақтап,
беделін өсіруі, араларында өкпе – наз, кикілжің туа қалғанда, оны
балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы шынайы инабаттылық,
әдептілік болып табылады. Сонда ған олар үйдің Қос алтын босағасы
дейтін халықтық марапатқа лайық биіктен көрінбек.
Ислам шариғатында (қағидаларында) да алтын ұя – отбасының жоғары
бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән
берілген. Муошарат одоби кітабында көрсетілгендей, шариғатта: Балалар
– ата аналар қолына берілген аяулы аманат, - делінген. (Муошарат
одоби. Мийрас баспасы, 1991,5-бет.) Бұл ғажайып құдайшылық анықтаманы
жадында ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшасына жазып қоюға
тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте
кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі
жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір –
айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін - әке
мен шеше дер едік. Әйтседе отбасының өмір отын лаулатып отырған
ошақ иесі әйелдің орны да, еңбегі де алабөтен. Баяғының білімпазы
Ризауддин Ибн Фахруддин: әйелдері тәрбиелі болған халық тәрбиелі,
әйелдерә тәрбиесіз болған халық тәрбиесіз. Әйелдері үшін үнемшіл,
пысық, жігерлі, талапты болса, халық бай: ал жалқау, салақ болса
немесе ысырапшыл болса, халық пақыр, кедей болады, - деп бекер
айтпаса керек.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп – инабат нормаларының терең
тамырланып кең жайлауында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның
қос тіреуі ерлі – зайыптылар өздеріне қатысты әдеп – адамгершілік
талаптарын хұқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл
қоғамда елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек,
ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек.
Ұлағат сөздер
Мәселе кіммен бірге туғаныңда емес, кімнен бірге тұрғаныңды.

М. Сервантес
Әйелің адал жарың сүй оны уа ғазиз ер,
Басыңа күн туғанда сол болар нағыз демер.
Дос болып, сүйіп тағы үнемі көңіліңді бөл,
Оның сөз теңізінен жайғанын гауһарын тер.

Сайф Сараий
Әйел ерекетің бұғанасынан жаратылған. Егер қисық қабырғаны
түзетем десең, сындырып аласың. Сондықтан онымен ұғынысып өмір сүр,
сонда бірге тұра аласың

Мың бір хадис – 224
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң, суық келеді кей сасық ми.
Ері ақылды, қатыны мінезді боп,
Тату болса, райыс үстіндегі үй.

Абай
Үйлену дегеніміз - өз халқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді
екі есе көбейту деген сөз.

А. Шопенгауэр
Отбасын жасайтын және нығайтатын күш – махаббат әке мен
шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың өзара сенімді,
адал, шын берілген махаббаты. Алайда махаббат, - басқа бір жақтан,
сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Махаббат дегеніміз –
орасан зор еңбек.

В.А. Сухомлинский
Еңбексіз, тыңғылықты, мағыналы еңбексіз отбасы бақыты қияндағы
орындалмас арманнан басқа ештеңе емес.

К.Д. Ушинский

Достық
Достық - адамдар арасындағы байланыстың ең ізгі, ең қалаулы,
ең келісті түрі.
Ол туралы ұлы философтар мен ақын – жазушыларға қоса ұстаздар
мен педагог – психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын
білуге талпынбағаны кемде кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде
алатын келелі орнына, зор маңызына байланысты екені даусыз. Ернте
заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: Досты өз бойына қаншама
сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да,
ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі
қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетән жері болмайды; ол сәттілікке
жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде
өзінің уытын жоғалтады, -дейді. Достық - адамның өмірдің өзіндей
сан бояқты, көп қырлы қасиеті, сондықтан біәреер сөзбен оның толық
анықтамасын беру мүмкін еемес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда
келітірлген сөздерінде достық ұғымының басты мәндері көргендікпен
ашып көрсетілген.
Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін –бірі
қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп
сенуінен, біріне –бірі тірек, медет болуынна, қам – қайғысыз кезде
ғана емес, әсіресе қиын – қыстау күндерде іркілместен қасынан
табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай,
сын сағатта Мұнан менің қай жаным аяулы деп, қасыңда бірге тұрып
қала алатын адам ғана дос деген атқа лайық.
Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол
жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, ұғысып –
түсінісетін, жарасып жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан
іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық даналығы
Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын демес еді.
Әрине, достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің
нәтижесі емес. Бір – біріне пейілі – ықыласы түскен, жан – жүрегі
қалаған, көзқарасы мен ой – ниеті үйлескен, мінездері сыйымды
адамдар ғана дос бола алады. Сен досың кім екенін айт, мен
сенің кімс екеніңді айтып беремін деген екен ғой бір дана кісі жаңа
танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы достар жан дүниесі,
ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады
дегенге меңзейді.
Достық туыстық, жолдастақ сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерге
жақын, кей жағынан ұқсас бола отырып, өзіндік өзгешеліктерге ие. Ол да
белгілі бір даму сатыларынан өтеді. Бұл сезім адамның бала кезінде,
оның сүттей таза жаны, кіршіксіз көңілінде пайда болады, оған ата –
ананың қарым – қатынасы, елдегі тәртіп, отбасындағы тағылым мен көне
– жаңа салт – дәстүрлер әсер етеді. Сондықтан оның ұғымы кең әрі
көп құрамды. Десе де көбіне сол бала кезден басталған достық өте
ыстық һәм өміршең келеді. Содан шығар Киімнің жаңасы жақсы, достың
көнесі жақсы дейді халық мәтелі. Осы сияқты ұғым өзге жұрттарда,
соның ішінде орыстарда да бар. Оларда жаңа достың екеуінен ескі
достың біреуі артық - дейді. Мұның шындығында әркім өз сезімі
арқылы да көз жеткізе алады. Қанша жылдар өтіп қай қиырда жүрсең
де, басыңнан талай – талай қызығы мен қиыны аралас тұрмыс толқынын
кешсең де, сонау ауыл аралас, қой қоралас көне жұртта, қаршадай балаң
шақта егіздің сыңарындай бірге өскен достарды елжірей еске
түсіріп, жүрегің лүп –лүп соқпай ма? Ондайда сағынған досты аңсап,
алыста жүрсе де, арнап барып кездесіп, мауқың басылатын кездер болып
тұрмай ма? Соның арқасында о бастағы көкөрім екі баланың немесе екі
қыздың достығы келе –келе олардың жұбайларының, балаларының достығына
айналып, жалғасын табатын жағдайлар аз болмайды. Осы орайда
қарақалпақтың халық жазушысы Т. Қайыпбергеновтың Өмір – жанды нәрсе,
ол өзіндей өмір туады. Достық та жанды , сенің достығың өзіндей
достық туса, оған қайран қалатын ештеңе жоқ, - деген қисынды пікірі
еске түседі. Ұлы ойшыл Абай: Достық достықты шақырады, - деп терең
түйіндейді.
Ата – бабаларымыздан келе жатқан қатаң қағида, руханми өсиет –
достыққа адалдық. Біздің ұлы эпостарымыз бен жырларымыздың достықты
аспандата марапаттамағаны бар ма? Достыққа адалдық туралы жан
тебірентерлік сұлу аңыздар, Қайран дос –ай! дегізіп, көкректі қақ
айыратын өлеңдер қанша ма?! Ой маржаны – мақалдарымыз бен
мәтелдеріміз ше? Міне соның арқасында біздің халықтарымыздың бойында
достықты адалдықты ардақтап көздің қарашығындай сақтау дәстүрі
терең орын тепкен. Бүгінде осы адамгершілік сезімі, парасатты түсінік
аралас құралас өмір сүріп жатқан халықтар арасындағы ынтымақтастықтың,
түсіністіктің дәнекері болып, Кеңес өкіметі құлағаннанкейінгі аласапыран
кезеңде республикамыздағы тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде.
Алайда, сол Кеңес заманында тәрбие ұлттық негізінен, халықтық
сипатынан қол үзіп, достық туралы дәстүрлі ұғымның өңі айналдырылып, мәні
бұрмаланды. Шынайы достық сезімі көмескі тартып, бос даңғаза дақпыртқа
айналдырылды. Достық сияқты адамдар арасындағы қатынастың өте асқақ та
нәзік, таза да шынайы ерекше түрінің басқа қарым-қатынас көріністерімен ара
жігі тегістеліп, тұтастырылып жіберілді. Баяғы жалғыз атын түсіп беретін,
жалғыз жейдесін шешіп беретін, досы үшін кез келген мылтыққа кеудесін
тосатын достық кездейсоқ, жүрекке тамыр жаймаған, санадан шуақ түспеген
байланыстарымен тоғытылып жіберілді. Орыстың осы күнгі талантты ақыны
Е.Евтушенконың тауып айтқанындай, біздің оқу орындарымызға баса-көктеп
кіріп алған тәрбиесіз тәрбие достықтың шынайы мәнін достық сөзінің
қайталау жиелігімен және дауыс қарқынымен өмірге келіп тіршілік- болмысымен
нығайтылып отыратын шынайы сезім жылтырақ сөздер мен ұрандар көлегейлеп
қалтарыста қалды.
Біздің балаларымыздың достығы да жылыжайда, химикаттардың күшіменен
тез пісіріліп, базарға шығарылған көкөністердей дәм-татусыз, немесе
инкубатордан шыққан балапандардай әлжуаз, шикіл тартты. Бүгін достасып,
ертең қоштасып, бүгін табысып,ертең шабысып жатты. Сондықтан ендігі міндет-
жас ұрпақты ана тілінің уызымен ауыздандырып, нәріне қандыра отырып, сол
арқылы ұлттық, халықтық дәстүрдің озық үлгілерін қазіргі дамуымыздың
үрдістерімен табиғи үйлестіру негізінде оқу-тәрбие жүйесін қайта құру. Бұл
ретте өте сақ болатын нәрсе- мұны да ұранға, науқанға айналдырып алмау
жағы. Өйткені халықтың тұрмыс – тіршілік қалпы, өмір сүру тәсілі, салт-
дәстүрі, мәденм деңгейі, діни нанымы т.б. арқылы анықталатын тәрбие жүйесін
терең танып-білу және оны осы күнгі шындық болмыс пен мемлекетіміздің
өркениеттік даму бағдарымен нәтижелі үйлестірудің жолын тауып жүзеге асыру-
қиынның қиыны. Мәселенің бұл жағы өздерін халақтық педагогиканың туын
көтерушілер санайтындардың біразын онша толғандырмайтыны аңғарылды.
Демек, біз достықтың шынайы түсінігін қалпына келтіріп, жеткіншекткрді
сол рухта тәрбиелеу үшін, ең алдымен кешегі зиянды тәсілдерді өңін
айналдырып қайталаудан сақтануымыз керек.
Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны
бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет.
Яғни, Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп,
аялауды, бағып – қағуды керек етеді. Сонда ғана құнарлы жерге егіп,
ауық –ауық топырағын қопсытып уақытымен су құйып, арам шөбін жұлып
өсірген жас көшеттен көп бұтақты, қалың жапырақты, саялы алып дарақ
өсіп шықпақ.
Достықтың тағы бір тіреуі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі және отбасы
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Отбасы дегенді қалай түсінеміз?
Баланың отбасындағы тәрбиесі
Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Тәрбие бастауы - отбасынан
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Мектепте оқушылардың адамгершілік түсініктерін қалыптастыру
Пәндер