Қазақ мектептерінің бірінші сыныбында Әліппені оқыту үрдісі


Нормативтік сілтемелер
- Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ 17. 01. 2014ж. http://www. nationalbank. kz/?docid=636&switch=kazakh 6-7 б.
- Қ Р-ның Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- 2014 жылғы 11 қараша. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол http://www. nationalbank. kz/?docid=636&switch=kazakh 7-8 б.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС 1. 4. 002-2012) ».
- Қазақстан Республикасында дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлкеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010 ж.
Анықтамалар
Зейін - адам санасының белгіл бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Қабылдау - арқылы дыбыстарды меңгеру, буын құрастыру баланың дамуына үлкен әсер етеді. Жалпы айналадағы дүниені тануда түйсіну мен қабылдаудың маңызды рөл атқаратыны, ойлау, қиял сияқты психикалық процестердің өзі түйсіну мен қабылдаудың негізінде болатыны, есте де жақсы сақталатыны белгілі.
Ойлау- қызметінің даму деңгейі мектепте оқу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ойлау- шындықтың жалпылама және аралық бейнелеуімен сипатталатын тұлғаның таным іс-әркеті
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР-Қазақстан Республикасы
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен «дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда [1, 2-3 б. ] .
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының алтын діңгегі - қазақ балаларының білімді болып, туған тілінің мәртебесін көтеретін, халқының тарихын, салт-дәстүрін құрметтейтін жас бүлдіршіндерді даярлап шығару. Осының негізінде жалпыға бірдей білім беретін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесіне ерекше назар аударылуда. Қазір қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдында - қазақ балаларының айтатын ойын тілдің граматикалық, стилистикалық және орфоэпиялық нормаларын сақтап, түсінікті жеткізетін жеке тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындауда.
Білім беру саласы - зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын білім беру стандартының бір бөлігі [2, 2 б. ] .
Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады [3, 5 б. ] .
Осы мақсатқа жету алдымен бастауыш мектепте сауат ашу үрдісіне тіреледі. Қазақ тілінің өзіндік заңдылықтарынан хабары жоқ, сөздерді дұрыс тіркестіріп, дұрыс сөйлем құрау дағдылары қалыптаспаған мектеп есігін алғаш ашқан балаларды оқу мен жазуға үйрету, қазақ тілінің заңдылықтарын сапалы меңгерту жұмыстары - бастауыш мектепте сауат ашу мәселесінің күрделілігін көрсетеді. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу және жазу дағдылары неғұрлым жылдам әрі сапалы қалыптасса, соғұрлым ол жоғары сыныптарда ғылым негіздерін тез әрі саналы түрде игеретіні белгілі. Бұл бастауыш мектепте сауат ашу жүйесін оқытудың маңызы жоғары екенін көрсетеді.
Сауат ашу жүйесін оқыту мәселесінің тарихи қалыптасуында Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Е. Омарұлы, С. Кеңесбаев, Ә. Садуақасов, Ғ. Бегалиев, М. Жұбанова, С. Рахметова, Ш. Әуелбаевтардың еңбектерін ерекше атап көрсетуді қажет етеді. Себебі, аталған ғалымдардың еңбектері бірінші сыныпта сауат ашу жүйесін оқытуда ғана емес, жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесінде елеулі орын алады [4, 18 б. ] .
Сауат ашу мәселесін ғылыми тұрғыдан қарастырған еңбек әдіскер - ғалым М. Жұбанованың 1965 жылы жазылған «Бастауыш мектепте сауат ашу методикасы» атты диссертациясы. М. Жұбанова зерттеу жұмысында қазақ мектептерінде сауат ашу мәселесін алғаш ғылыми тұрғыдан қарастырған, сауат ашу кезеңдерін саралаған, қазақ дыбыстарының өту ретін қазақ тілінің ғылыми жетістіктеріне негіздеген. Сауат ашу сабақтарында балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.
Сауат ашу кезеңінде оқушыларға дыбыстарды дұрыс айту мен оларды дұрыс жазу жолдары үйретіледі. Оқушыларға алғашқы сабақтың өзінде - ақ дыбыстардың орфографиялық және орфоэпиялық негіздері меңгертіле бастайды. Бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңінде дыбыстардың өтілу ретін белгілеу принциптері оқушылардың қазақ тілінің дыбыстарын оңай игеруіне, олардың танымдық, білімдік, тәрбиелік, жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, логикалық ойлауын дамытуға негізделіп іріктелді [5, 14 б. ] . Сауат ашу жүйесінде тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді. Сондықтан, сауат ашу жүйесін дамыта оқыту әдістемесі тілдің жазба түpi мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Сауат ашу жүйесін жаңа жүйеде оқытылу мәселесі бүгінгі күнге дейін зерттеу объектісі болмаған. Бұл айтылғандар зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны: қазақ мектептерінің бірінші сыныбында Әліппені оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта Әліппені оқыту үдерісі.
Зерттеу мақсаты: Егер, сауат ашу жүйесін оқытуда төмендегі жағдаяттарды негізге алғанда оқыту тиімді де сапалы жолын айқындау. Ол үшін төмендегі жағдаяттарды ескеру керек:
1. Бірінші сыныпта дамыта оқытуда берілетін дыбыстарды сұрыптау принциптерін ескеру арқылы оқыту:
- Дыбыстарды оқытуда сөздердегі дыбыстардың кездесу жиілігін ескеру оқушылардың алғашқы сабақтарында-ақ мағыналы көп сөз меңгеруіне әсер етеді.
- Буын құрауда дыбыстардың басқа дыбыстармен тіркесу мүмкіндігін ескеру балалардың буындап оқу дағдыларын жетілділеді .
- Қазақ дыбыстарының өзіндік ерекшеліктерін ескеру негізіеде оқушылырдың дыбысты айту және жазу дағдылары артады.
- Дыбыстардың парланып келу құбылысын ескеру арқылы балалардың орфографиалық және орфоэпиялық біліктері дамытылады.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық және әдістеме әдебиеттерімен танысып, жалпы бастауыш сыныпта әліппе оқулығының тәжірбие жұмысының нәтижелерін жинақтап салыстыру, талдау, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Ғылыми еңбектердегі, көркем шығармалар мен газеттердегі мәтіндерге лингвостатистикалық зерттеу жүргізіп, дыбыстардың сөздердегі қолданылу жиілігін анықтау;
- Оқушылардың сауатын ашуда оқытылатын дыбыстарды сұрыптау принциптерін анықтау;
- Дәстүлі оқытуда сауат ашу жүйесін оқыту жайлы эмпирикалық деңгейде қалуына байланысты қазіргі заманның талабына жауап бере алмайтындығын дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Сауат ашу мәселесін алғаш рет дамыта оқыту теориясы негізінде зерттелініп, теориялық негіздері зерделенді. Осы тұрғыдан сауат ашуды жаңа технология арқылы жүргізуге байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады, сауат ашу жүйесін жетілдіруге арналған басты талаптар мен ұстанымдар қазақ тілін оқыту технологияларын дамытады. Сондай - ақ зерттеу еңбегі бастауыш мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1. Әліппені жаңа жүйеде оқытудың теориялық негіздері
1. 1 Қазіргі кезеңде «Әліппені» оқыту жүйесі және кемшіліктері
Ы. Алтынсарин мектеп ашу дайындығына кіріскен кезден-ақ «Қазақ халқы менен көп үміткер», - деп өзінің халық алдындағы жауапкершілігін түсінеді. Қазақ халқының тарихында Ы. Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.
Ыбырай қазақ балаларын оқулықтармен қамтамасыз етуге де көп еңбек сіңірді. Ол орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскийдің «Балалар әлемі» деген кітабын пайдаланды. Сол кітаптың бағытында өзі де қазақ тілінде, бірақ араб әрпімен емес, орыс әрпін тұңғыш қолданып, қазақ мектептеріне тұңғыш оқу құралдарын жазды [6, 154-155 б. ] .
А. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш» - сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми зерттеді. А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. А. Байтұрсынұлы - әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол - қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған [7] .
Сауат ашу мәселесін ғылыми тұрғыдан қарастырған еңбек әдіскер - ғалым М. Жұбанованың 1965 жылы жазылған «Бастауыш мектепте сауат ашу методикасы» атты диссертациясы. М. Жұбанова зерттеу жұмысында қазақ мектептерінде сауат ашу мәселесін алғаш ғылыми тұрғыдан қарастырған, сауат ашу кезеңдерін саралаған, қазақ дыбыстарының өту ретін қазақ тілінің ғылыми жетістіктеріне негіздеген. М. Жұбанова ғылыми жұмысында сауат ашу мәселесіне дұрыс көңіл аударылмай келе жатқандығына қынжылыс білдіреді. Бұл жөнінде ғалымның өзі былай топшылайды: «Әлі күнге дейін қазақ мектептері үшін әліппе оқулығын жасауға көмек көрсетіп, басшы нұсқау боларлықтай тұжырым методикалық пікір айтылмай келген. Әліппе материалдарының ауыр - жеңілдігі, жүйесі, сондай - ақ, сауат ашудың методикалық пікірі айтылмай келген. Методикалық әдебиетіміз бен әліппелерімізде тіліміздің ерекшеліктеріне сай келу - келмеу жақтары тексерілмей, орыс мектебіндегі сауат ашу жүйесі мен әдістері сол күйі қабылданған. Бұл айтылғандардың барлығы оқушылардың жалпы білімі мен оқу - жазу дағдыларының төмен болуына соқтырған».
Сонымен қатар М. Жұбанова сол кезеңдегі сауат ашу жүйесінде төмендегідей кемшіліктер орын алғанын көрсетеді:
«Қазақ мектептеріндегі сауат ашу ісі жалпы алғанда қанағаттандырарлықтай болғанмен, оның әлі де бірқатар кемшіліктері бар:
- Оқушылардың оқу - жазу дағдылары төмен.
- Соның салдарынан оқушылар бірінші сынып былай тұрсын, екінші, үшінші сыныпқа дейін ежелеп, әріп теріп оқиды.
- Әліппеде берілетін материалдардың ішінен оқушылардың көбірек қиналатындары да, өте нашар меңгеретіндері де бітеу буынды сөздер, көп буынды сөздер, буындары біркелкі емес я ашық, я жабық /аралас/ келетін сөздер және орыс тілі арқылы тілімізге кейінірек енген қиын буынды сөздер; оқушылардың жазу дағдысына әріп қалдыру, әріп алмастыру, сөздің буын жігін білмей тасымалдауды дұрыс жасамау сияқты кемшіліктер көп кездеседі».
Демек, бастауыш мектеп оқушыларының сауатын ашу барысында алдымен ашық және тұйық буындармен, сонымен қатар бір буынды сөздермен, кейінірек бітеу буындар мен екі немесе ұш буынды сөздермен жұмыс түрлерін жүйелі түрде беру керек. Сонымен қатар, ғалым бастауыш мектеп оқушыларының сауатын ашу жүйесін жетілдіру үшін төмендегідей жұмыс түрлерін орындау ұтымды деген:
- Жаңа системада біз дыбыстарымыздың парланып келетінін ескеріп, оларды салыстыру арқылы таныттық. Мысалы, жуан дауыстылар жіңішке сыңарларымен салыстырылды, қатаң дауыссыздар ұяң парларымен салыстырылды. Қорыта айтқанда, біз бұрынғы системаның, оқушылардың тек көру сезіміне әсер етуді ғана көздеген, «дыбыстық сөздің басында келуі керек» деген қағидасын қабылдап, сонымен қатар, балалардың есту сезіміне де әсер ететіндей, дыбысты ең анық естілетін позициядан бастап танытып, біртіндеп барлық позициядан да таныту керек деген қағиданы қостық.
- Буындарды таныту бұрынғы жүйе ашық буыннан бастаса, біз тұйық буыннан бастадық. Екінші кезекте, бітеу буынды, үшінші кезекте үш дыбысты ашық буынды таныстырдық. Бұлай жүйелеуде, бірден, кейбір дыбыстардың сөз ішіндегі анық естілетін орны ескерілсе, екінші жағынан оқу үдерісің психологиялық негізі ескерілді.
- Жаңа жүйеде оқушы ең әуелі сөзбен кездеседі. Сол сөзден керекті дыбысты ажыратып, керісінше оны дыбыс пен әріптен жинақтап үйренеді. Ол кезде буын туралы сөз қозғалмайды. Буынға бөлінетін сөздермен кездескенде, практикалық жолмен буын деген терминмен танысады.
М. Жұбанованың жоғарыда көрсетілген пікірлері кейінірек «Әліппе» оқулықтарында көрініс тапқан. М. Жұбанованың «Әліппесінде» дыбыстарымыздың парланып келетіні ескеріліп, оларды салыстыру арқылы танытылды. Мысалы, жуан дауыстылар жіңішке сыңарларымен салыстырылды, қатаң дауыссыздар ұяң парларымен салыстырылды. М. Жұбанованың «Әліппесінде» жеке дыбыстың сөздің басында, аяғында, ортасында түрлі-түрлі болып естілгеніне қарамай, оқушы жаңа дыбысты барлық жерден де таба білсе, оны анық білгені болып табылады деген қағида ұсталынған. М. Жұбанованың «Әліппе» оқулығында әріп, сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс, дауысты және дауыссыз дыбыс деген грамматикалық мәліметті бұрынғы жүйе тәріздес дайындық кезеңде ауызша жүргілмей, жаңа дыбысты өтумен байланыстыра жүргізіп отырылған. Бұрынғы «Әліппе» оқулықтарында буындарды таныту ашық буыннан басталса, М. Жұбанованың сауат ашу жүйесінде тұйық буыннан басталып, екінші кезекте, бітеу буынды, үшінші кезекте үш дыбысты ашық буынды таныстырылған. Бұлай жүйелеуде, бірінші, кейбір дыбыстардың сөз ішіндегі анық естілетін орны, екінші жағынан оқу үдерісің психологиялық негізі ескерілді. М. Жұбанова бұл тұрғысында былайша топшылайды: «Себебі әріп саны аз буын, әрі дауыссыз дыбысы соңында келген буын алғашқы кезеңде оңай оқылады. Әріп саны көп буыннан құралған сөздер тұтас күйінде көру шеңберіне /поле зрения/ сыймағандықтан, әріпті оқушылар кері оқуға көшеді. Сонымен қатар, советтік дидактикалық талапқа сай, жаңа сөздердегі әріп санын біртіндеп дамытуды көздедік. Мысалы, екі дыбысты тұйық буыннан, үш дыбысты бітеу буынға, үш дыбысты ашық буынға көшу, содан кейін ғана төрт дыбысты екі ашық буыннан құралған сөздерді оқыту. Төрт дыбысты бір тұйық, бір ашық буыннан барып, бір тұйық, бір бітеу буынды сөзге, екі бітеу буынды сөзге, ең соңында, қиын буынды сөзге көшуді көздедік. Сонымен қатар, ашық буыны меңгеру сауат ашудың тетігі, ең қиын проблемасы екенін ескеріп, біреңкей ашық буынды сөзге бүкіл екінші кезеңді түгел арнадық. Тіліміз жалғамалы болғандықтан, буын саны тым көп сөздер де кездесетін болғандықтан, көп буынды сөздерді оқытып үйретудің әдістерін ұсындық. Ондай әдістер ашық буынды сөздерді буын ұқсастығына қарай, буын ырғағына қарай теріп оқыту жолы». Сондай - ақ М. Жұбанованың «Әліппе» оқулығында оқушы ең әуелі сөзбен кездеседі. Сол сөзден керекті дыбысты ажыратып, керісінше оны дыбыс пен әріптен жинақтап үйренеді. Ол кезде буын туралы сөз қозғалмайды. Буынға бөлінетін сөздермен кездескенде, практикалық жолмен буын деген терминмен танысады. Осы тәріздес практикалық жолмен басқа да, грамматикалық мән беріледі. Мысалы, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, бір дыбыс ашық естіледі, екінші дыбыс одан гөрі қысаңдау естіледі, бір дыбыс жуан естіледі, екінші дыбыс жіңішке естіледі, дауыссыздардың біреуі созып айтуға келеді, екіншісі кілт үзіліп естіледі, деген ұғымдар дыбыстардың артикуляциясын түсіндіру үстінде берілген. Кісі аттарын оқып үйренумен байланысты, бас әріптердің жазылатын жерін практика үстінде меңгерген. Сөйлемді оқып-жазып үйренумен байланысты сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем аяғына нүкте қойылатынын меңгерген. Мұның барлығы М. Жұбанованың өзіндік ізденуі арқасында туындаған соңғы жаңалықтары еді.
М. Жұбанованың бірінші сыныпта сауат ашу жүйесін дамыта оқыту мәселесіне қатысты мынадай тұжырымдарды жинақтауға болады:
- Дыбыстарымыздың парланып келетіні ескеріліп, оларды салыстыру арқылы таныту.
- Буындарды таныту жұмыстарында алғаш тұйық буыннан бастау.
- Оқушылар алғаш талдау жұмыстарын жүргізеді. Ғалымның соңғы пікірі дамыта оқыту әдіс - тәсілдерімен үндесіп жатады. Дамыта оқытуда оқушылар талдау операцияларын бірінші, кейінірек жинақтау операцияларын орындайды.
- Сауат ашу үрдісінде мұғалім балаға білімді өз тәжірибесімен жинақтауға жағдай жасауы.
- Сауат ашу сабақтарында бір әдісті ғана қолданбай, тиімді, қажет әдісті іріктеу.
Ғалымның тұжырымдары мен қорытқан қағидалары бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Біз зерттеу жұмысымызда ғалымның пікірлерін темірқазық етіп алдық.
Кейінгі кезеңде бастауыш мектеп әдістемесі С. Рахметқызы, Т. Әбдікәрім, Г. Уәйісова, Ә. Е. Жұмабаева, М. Ермекбаев, Б. Қабатай, Р. Ізғұттыновалардың ғылыми зерттеу еңбектерімен. Бұл еңбектер біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты болмағанымен, аталған ғылыми жұмыстарда бастауыш мектеп оқушыларының психологиясы, бастауыш мектепте қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдері туралы құнды пікірлерді өз жұмысымызда кеңінен қолдандық . М. Жұбанованың «Әліппесі» 1984 жылы оқу алты жастан басталып, бастауыш мектеп төрт жылдық болуына байланысты оқулық ретінде қолданыстан шықты.
Мысалы, мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде Алтынсарин орыс жазушылары мен педагогтарының мына еңбектерін ұсынды К. Д. Ушинскийдің «Балалар әлемі», Н. Ф. Бунаковтың «Әліппе» және «Мектеппен үйде» оқу кітабы, И. А. Крыловтың «Мысалдар», Н. Кирпичниковтың «Грамматикасы», Д. И. Тихомировтың «Граматикасы», Д. И. Тихомировтың «Грамматиканың бастапқы курсы. Дұрыс жазу емлесі», Л. Н. Толстойдың «Әліппе және оқу кітабы», В. И. Водовозовтың «Оқу кітабы», В. А. Евтушевскийдің «ЭАрифметикасы», А. И. Острогорскийдің «Орыстардың қысқаша тарихы», И. В. Гуревичтің «Тарихи хрестоматиясы», И, А. Фармаковскийдің «Орыс тарихы», К. К. сент-илердің «Зоологиясы», А. Я. Гердтің «Минералогиялық қысқаша курсы», И. Н. Оливердің «Ботаникасы», К. Крюгердің «Элементарлық физикасы» және т. б.
К. Д. Ушинскийдің «Балалар әлемі» және басқа да орыс классикалық педагогикасының үлгісінде төрт бөлімнен тұратын «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазды [8, 296-297 б. ] .
Қазақ тілінің әдістемесінде, соның ішінде бастауыш мектептің казақ тілін оқыту әдістемесінде елеулі еңбектері бар, бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым - С. Рахметқызы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz