Сауат ашу мәселесі бастауыш сынып окушыларын оқыту


Кіріспе.
Әліппе- жас жеткіншектердің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи білу және жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушьла рының оқу және жазу сауаттылығы не ғұрлым жылдам әрі тез қалыптаса соғұрлым ол өзге де ғылым негіздерін оңай әр, тез игеруіне дағдыланады. Сондықтан да сауат ашу жуйесінің зерттеулері - қазіргі таңдағы оқыту мен тарбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі.
Сауат ашу мәселесі бастауыш сынып окушыларын оқыту, сауатты жаздыру « Әліппе» оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір тақырыптық мазмұндық жүйеде тузілуіне байланысты. Осыған байланысты сауаттылыққа үйрету мәселесінің зерттелу тарихына да шолу жасай кеткенді жөн көреміз.
Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастырып қолға алынып келеді.
- Ы. Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
- Араб алфавитіне негізделген оқулықтар.
Ы. Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімен 60-жылдардың басында-ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан «Қазақ хрестоматиясының» негізін К. Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасауды мақсат етіп қойды, қазақ дыбыстарын орыс әріптерімен таңбалау мүмкіншілігін қарасытырып, сол ойын осы «Хрестоматияда жүзеге » асырды.
Мәселенің ең мәнді жері- ол қазақстардың білім алуына татар фанатизімінің ықпалын тигізбеу. Ондай ықпалдан үшін бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды казақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды.
А. Е. Алекторовтың, А. В. Васильевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына сіңіру, соның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын.
А. Е. Алекторов өзінің "К мудрости ступенька" атты еңбегінде: "В этих школах совсем неприемлимы учебные книги известных наших педагогов Бунакова, Ушинской Водовозова, Тихомирова, и Корфа; материалы их обращаются в совершенно неудобоваримую пищу там. где учаться де киргизсв. Хорошо владеющие языком их преподаватели, кое-как еще справляются своей задачей, употребляя, при обучении чтению, русские буквари, но учителям, не знающим киргизского языка, просто беда! Трудно им без знания этого языка, языка учеников своих, совершенно не понимающих русской речи, расшевелить и развивать органы слуха и произношения для восприятия чуждых им звуков", дейді. Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, ә, ұ, ү, ә тәріздес дыбыстарды әліппенің соңына қояды. Екі тілде бірден кездесетін, ашық естілетін жуан дыбыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен бёріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады.
Осы әліппелермен бірге араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға бастады. Соның бірі - Нұрбаевтың "Қазақша әліппе" оқулығы, Мұнда автор талдау-жинақтауға негізделген дыбыстық әдісті ұсынғанымен, араб әліппе қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын. Сонымен бірге әліппедегі жаттықтырулардың кейбірі татар әдістерімен берілді.
А. Байтүрсынұлының ағарту, сауат ашу -өңірегінде атқарған қызметі айрықша. Оның әліппелері мектепте жасаған көп жылдық педагогикалық еңбектерінің нәтижесі. 1912 жылы Орынборда басылған "Оқу құралдарында" Ахаң қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген әріптерімен меңгертуді көздегек Әліпбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен.
Әліппеде алынған мысалдарда да, қолданған тәсілдері де бірте-бірте жеңілдеп күрделіге қарай меңгерту принципін ұстанған. Мысалы, алғашқы сабақта ә, р, з дыбыстарын өтуді ұсынса да оқыту барысында барлық үш өріпті бірден көрсетуді қолдамайды. әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содап соң әрі. тгі көрсетіп дағдыландырғаннан кейін ғана қолдарындағы әліппеге қаратып оқытуды ұсынады.
Алғашқы сабақта бір-екі буынды сөздерден аспайды. Екінші сабақта
таңбасын да осы әдіспен оқыту ұсынылған. Қысқасы, оқулықтағы 28 дыбысты меңгертетін әрбір сабақта да Ахаң көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық, түсінуге қолайлылық принциптерін ұстанған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жоймағаны шүбәсіз.
Келесі бір әліппе З. Ерғалиұлының 1910 жылы шыққан "Қазақ әліппесі". Бұл әліппенің бір жаңалығы: Ол жалпылама оқуды уағыздамай, жаңаша оқытуды насихаттайды. Мұның құрылым ерекшеліктеріне келсек, автор әріпті белгілі жоспармен жеке-жеке сабақтарға бөлген. Бір бетте төрт сабақтың жоспары бар. Мысалы: 1. А, 3; 2. Т, П; 3. О, Қт. с. с.
Қазақ оқулықтарында әліппені дыбыстық жүйеге келтіруге бағытталған алғашқы оқулықтың бірі Қ. Серғалиннің «Қазақша әліппе кітабы» болды. Мұнда дыбыс-әріпті, буынды үйрету күнделікті сөйлеу тәжірибесімен байланыстырылды.
К. Д. Ушинский барлық әріптерді әліппедегі тәртіппен заулатып оқыта бермей ардың оңай қиындық ерекшелігін ескеруді, сол ретпен үйретуді талап етсе, Қазақ әліппесінің авторы да осы негізді басшылыққа алады. Ол: "Әріптерді бір-бірлеп оқығанда, сездің басына жазғанда нендей дыбыс шығатынын анықтап білдірүіңіз тиіс" дейді.
Сол сияқты тағы бір оқулық А. Байділдиннің "Жаңа әліппе туралы" еңбегі. Мұнда алдымен а, т, н әріптері, одан соң тиісінше р, о, к әріптері өтілуге тиіс болды. Бүл әліппеге де тән нәрсе оқу-жазуға үйрету оқушыларға таныс, жеңіл сөздерден басталған. Мысалы: ат, ата, ана, атаң тана, аттан т. б.
1929 жылы латын әліпбиін қабылдаған-нан кейін ана тілінде оқулықтар шығару ісі біршама ілгеріледі. Соның бірі Ғ. Мүсірепов пен А. Байділдиннің 1929 жылы шыққан "Қызыл әскер әліппесі". Мұнда алдымен а және т әріптері таныстырылып, содан кейін осы әріптерден құралган ат, ата, атта, тат буындары етіледі. Бір ерекшелігі мұнда әрбір сабақта жеке бір дыбыс, таңбалары ғана емес, белгілі бір үйретілетін сөздерді құрайтын екі немесе бірнеше дыбыс таңбалары бір мезгілде етіледі.
Жоғарыда аталған әліппелердің ортақ кемшілігі буын түрлерінің ауыр, жеңілдігі ескерілмеуі және дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегендігі болды.
Мысалы: А. Байділдиннің "Әліппесіндегі" әріптердің реті а, т, ң, р, о, қ, д, ж, л, м болып келсе, Ғ. Мүсірепов пен А. Байділдиннің "Қызыл әскер әліппесінде" а, т, б, ц с, ң ж, у, д, о, з болып келеді. Мұнда үйретілетін күнделікті сөздерге қатысты әріптерге көңіл бөлінген сықылды.
Қорытынды.
Бұдан басқа 1925-1930 жылдар арасында шыққан Ғ. Мүсіреповтің (1930), Ә. Тұрманжанов пен Ш. Сарыбаевтың (1931), Б. Майлиннің (1931) . А. Әлібаевтың (1934) т. б. әліппелерінде дыбыстық әдістің қайтадан күш ала бастағаны байқалады. Бұл әліппелерде дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегенмен, авторлардың бірқатары дидактикалық принциптерді ескеріп отырғаны кезге түседі. Әліппе - жас жеткіншектің алғашқы оқи алу және жазу дағдысын қалыптастыратын, ғылым, білімге деген талабын ұштастыратын тұңғыш кітабы. Оқушының неғұрлым тез, әрі сапалы білім алуы оның болашақ ғылым негіздерімен танысуына негіз қалайды. Сондықтан да баланы сауаттылыққа үйрету мәселесі - қазіргі ғалымдар мен зерттеушілердің негізгі нысандарының бірі. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, сауатты жаздыру - әліппенің ғылыми тұрғыдан тузілуіне байланысты. Қазіргі пайдаланып журген "Әліппе" оқулықтары осы талаптарға сай келе ме, әлде сөз тапшы-лығы байқала ма деген мәселе төңірегінде талас пікірлер баршылық. Бұл орайда лингвостатистикалық зерттеулердің қажеттілігі сөзсіз. Біздің мақсатымыз - лингвостатистикалық әдіс арқылы қазақ тілі лексикасындағы ең жиі қолданылатын дыбыстарды анықтап, оқыту жуйесін сол дыбыстардан бастауды ұсыну.
Бұл мәселені зерттеу жұмысының басты нысаны бастауыш сынып оқулықтарындағы сөз құраушы дыбыстардың орын тәртібі, яғни сауат ашу жүйесінің фонологиялық негізінде болып отыр.
Ондағы міндет - педагогика-психологиялық, лингвостатистикалық, эксперименттік әдістәсілдерді пайдалана отырып, сауат ашудың ғылыми экспериментке негізделген стильден 1, публицистикалық стильден 1, көркем әдебиеттен 1 әріптен құралған сөздерді алып, олардың қолданылу жиілігіне статистикалық зерттеу жургізу.
Кіріспе.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіңдіктері де әр түрлі болады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қоддануға болады.
Сауат ашу жүйесінің фонологиялық негізін анықтауда лингвостатистикалық әдістің тиімділігін дәлелдеуде, эксперимент материалдары негізінде ұсынылған сауат ашу әдістемесінің оқыту жуйесіндегі маңызын ашуда, бастауыш сыныптардағы "Әліппе" оқулығын құрастыруда лингвостатистикалық зерттеу нәтижелерінің маңызы зор. Сонымен қатар бастауыш білім беру жүйесінде лингвостатистикалық зерттеулерді қолдануда құнды материал бола алады.
Бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімнің саласы - сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің құрылымдық түрлерін таныту, оның ішінде жалаң, жайылма сөйлемдер туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламаға сәйкес, 3-сыныпта өтіледі. Сейлемнің құрылымдық түрлерін меңгерту сөйлем мүшелерін, олардың сөйлемдегі орнын танытумен қоса жургізіледі. Сөйлем құрауда оқушылардьің логикалық ойлау қабілетін қалпыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады. Жаңа сөздер, орфоэпиялық норманы сақтап, сауатты сөйлеу, сөйлемді толық айту үйретіледі. Мұның бәрі жаңа материалды игерту кезінде, сабақ барысында жүзеге асуы тиіс.
Оқыту турі: Жеке жұмыстар және топтық, шығармашылық жұмыстар.
Оқыту әдісі: Ауызша (ізденушілік), кернекіліктер (зерттеушілік), сұрақ-жауап, ауызекі сөйлеу.
Көрнеқіліктер: Дидактикалық материалдар, мазмұнды суреттер, бетшелер, тірек схемалар, сөзжұмбақтар т. б.
Сабақтың жүру барысы.
- Ұйымдастыру.
Үй жұмысын тексеру
Кесіртке қумын сүйеді, Тасбақа тыңын сүйеді. Сұңқар шыңын сүйеді, Тұлпар қырын сүйеді. Ер жігіт елін сүйеді. Өлеңнің соңғы сөйлемін сөйлем мушелеріне талда.
- Сөйлем деп нені айтамыз? Сөйлемнің қандай түрлері бар? Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не? Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылады?
III. Жаңа сабақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz