Әлпештеу поэзиясы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Әлпештеу поэзиясы

Нәрестенің шыр етіп дүниеге келгеннен бастап өмір, әні мен халық жырын құлағына сіңіріп өсетіні анық. Ата-ананың сәбиді жүрегі елжірей сүюі, әлпештеп, аялап бағып-қағуы барлығы да жыр тілімен сыртқа шығып, музыка әуенімен сүйемелденіп отырады. Халықтың тұрмыстық тәжірибесінде сәбидің әрбір өмірлік қадамы назардан тыс қалмай дәсгүрлі түрде әрқилы ырымдармен аталып өтіп отырады жәнө олардың барлығы өнер тілімен өрнектеліп келеді. Яғни, ата-ана баланың аурусырқаудан аман, денсаулығының мықты болып өсуін ғана ойластырмайды, бөбектің рухани жан дүниесінің де үйлесімді да-«уын, өз қоғамына лайық тәрбиелі азамат болып ер жетуін де алғашқы сәттен басты назарда ұстайды. Міне, халықтың дәстүрлі мәдениетінде осы мақсатта туып, күнделікті отбасы тұрмысында кең қанат жайған халық поэзиясының үлгілерін фольклортану ғылымында әлпештеу поэзиясы (поэзия пестования) деп топтастыру қалыптасқан.

Бұл 'Шығармаларды тудырушылар да, орындаушылар да ересектер, сондықтан да бір ғалымдар оларды балалар фольклорының құрамына жатқызбаса, екінші біреуі бұл өлеңдөрдің таза балаларға арналып айтылатындығын тәрбиелік қызметін ескере отырып, оларды балалар фольклорының бір саласы ретіндө қарастыру қажет, - деген пікірді алдыға тартады. Кейінгі зерттеушілер еңбектерінде осы соңғы тұжырым кең қолдау тауып, өрістетіле дамытылуда. Генетикалық принципті басшьлыққа алушылар бұл жырлардың үлкендердің балаларға арнап айтатын шығармалары» «произведения, исполняөмые взрослыми для детей» немесе «аналар жыры» (материнская поэзия») деп атаса, функциюналдьг принципкө сүйенушілер «әлпештеу поэзиясы» (поэзия пестования) деп атап жүр, біз де осы соңғы терминге тоқтадық.

Зерттеушілер арасында принципті айырмашылық болмағанмен де, әлпештеу поэзиясын ішкі жанрлық түрлерге бөлуде де кейбір пікір ауытқушылықтар жоқ емес. 0. И. Капица, В. П. Аникин, А. А. Каев, М. Н. Мельников сияқты ғалымдар әлпештеу поэзиясын: бесік жырлары, мәпелеу жырлары (честушки), уату-алдарқату жырлары (потешки), қызықтамалар (прибаутки) ден анықтаса, енді бір зерттеушілер осы пікірді негізге ала отырып, ұлттық материалдар ерекшеліктеріне орай жаңаша пайымдаулар да ұсынады.

Мысалы, Г. А. Хашба абхаз халқы әлпештеу поэзиясының ішкі құрамын: «Ол өзінің құрамьна бесік жыры, уату-алдарқату жырлары, арнау тілек өлеңдері (приговорки), ермек өлеңдері (забавы), өтірік өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар сияқты жырларды қамтиды», деп сараласа, Р. Ф. Ягафаров татар балалар жырын бесік жырлары, мәпелеу жырлары (пестушки), уату-алдарқату жырлары (потешки) деп үшке ғана жіктейді. Ал өзбек балалар поэзиясын зерттеуші А. Сафаров әлпештеу поэзиясын бесік жырлары және аналардың айналып-толғану жырлары» (песни материнской любви») деп екі үлке топқа бөле келіп, бірінші топқа бесік жырлары мен бата-тілек өлеңдерін (благопо-желания), екінші топқа мәпелеу (эрқаламалар), уату-алдарқату жырларып, (овутмачаклар) " қызықтамаларды (кизикмачлар) жатқызады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап мұратанушылардың қамқор қолымен там-тұмдап жиналып, бүгінде назар аударарлык, көлемді дәрежеге жеткен қазақ әлпештеу жырларының табиғатына зерделей үңілсек, жоғарыда ғалымдар көрсеткен басты сипаттардың анық танылатындығына көз жеткізу қиын емес. Мәселен, бесік жыры, мәпелеу жырлары (честушки), уату-алдарқату) жырларының атқаратын қызметі де, мазмұндық құрылымы барлық халықтарда ұқсас келеді. Сондықтан да бұл ішкі жанрлық топтар қазақ әлпештеу поэзиясына де тән. Сонымен қоса, қазақ әлпештеу поэзиясының құрамында бесік жыры мен мәпелеу (потешки), уату-алдарқату жырларынан (честушки) өзінше ерек тұратын тағы бір сала өлеңдер бар. Бұл өлеңдердің мазмұнында балаға бата беру, тілек тілеу сарыны басым болса, орындалу мәнері де жоғарыдағы жырлардан басқашарақ. Олар әрқашан бала өміріне байланысты дәстүрлі ғұрпттарға (бесікке салу, қырқынан шығару, алғаш киім кигізу, тұсауын кесу, тоқымын қағу т. б. ) байланысты орындалады. Бұл, әрине, қазақ халқьна ғана тән ерек қасиет емес, белгілі бір қо-

ғамдық кезеңде әр халық бастан кешіретін заңды құбылыс. Мұндай әдет-ғұрыпқа байланысты ғұрыптар орыс халқында да бар екендігін айта келіп, Ю. Г. Круглов «Өкінішке орай, сәбилерге қатысты ғұрыптар әлі жете зерттелген жоқ. Мәселен, сәбидің алғаш тіс жаруына, қарын шашын алуға қатысты ғұрыптар көпке мәлім. Казактарда баланы алғаш атқа мінгізуге қатысты ғұрып бертінге дейін сақталған», - деп оларға назар аударылмай келе жатқандығына өкініш білдіреді. Ал қазақ халқында мұндай әдет-ғұрыптар күні кешеге дейін өмір сүріп келді, кейбірінің ұшқыны қазір де бар.

Өзбек балалар фольклорындағы осы тәріздес өлеңдерді А. Сафаров та бата-тілек өлеңдері (благопожелания) деп жеке топтайды. Қолымызға жинақталған мәліметтерді саралай келіп, біз оларды «сәбилік ғұрып жырлары» деп атадық. Өйткені бұл топтағы жырлардың басқа әлденешеу жырларынан ерекшеленетін негізгі қасиеті - халықтың бала өміріне байланысты түрлі ғұрыптармен байланысып келетіндігінде. Бұл орайда әйгілі фольклоршы В. Я. Пропптың: «Біз жанр деп түтас поэтикалық үйлесімен, тұрмыстық міндетімен, орындалу мәнері және музыкалық құрылымымен тұтасқан шығармалар жиынтығын түсінеміз . . . ғұрыптық поэзияны зерттеуде оның тұрмыстық қызметін ескеру аса маңызды шарт болып табылады», -деген пікірін есте нық ұстауға тура келеді.

Сонымен біздің анықтауымызша қазақ әлпештеу поэзиясының ішкі жанрлық сарасы мына төмендегідей: Бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жырлары (пестушки), уату-алдарқату жырлары (потешки) .

Бесік жыры. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жыры арқылы сіңеді. Түп тамыры тым тереңге, сонау алғашқы қауымдық құрылысқа қарай кететін бесік жыры ұзақ жылдардағы адамзат тә жіриб есінің жемісі екені даусыз. Ғасырлар елегінен өтіп, халық педагогикасының арналы саласы ретінде мүлтіксіз қызмет етіп келген бұл жырдың күрделі табиғатына педагогтар мен та-рихшы-зтнографтар, фольклористер мен музыка зерттеушілері, ақын-жазушылар ертеден-ақ назар аударып келеді.

Бүтінде әлемдік, көршілес елдер фольклортану ғылымында бесік жырын жан-жақты сөз еткен талай іргелі зерттеулер дүниеге келді. Олардың ішінде А. Ветухов-

тың, М. Н. Элиаш пен А. Н. Мартынованың еңбектерін атап айтқан жөн . Түркі тектес халықтар ішінде өзбек ғалымы М. Якуббөкова өзбек «аллаларына» (бесік жыры) арнайы қарастырады.

Бесік жырларын көпке дейін фольклористер тұрмыс-салт жырларының арнасында қарастырып келді. Оның өзіндік себебі де барды. Өйткені балалар фольклоры деген ұғымның өзі фольклортану ғылымында Г. С. Виноградовтың еңбектерінің нәтижесінде ғана бертінде, тек 30-жылдар ішінде калыптасты. Және оған тек балалар репертуарындагы шығармалар жатқызылып келді. Мұндай пікірді жақтаушылар бертінге дейін болды. Дегенмен, соңғы кезеңде бесік жырын балалар фольклорының құрамында қарастыру берік орын теуіп, жүйелі зерттеулер жүргізіліп жүр. Ол ойды алғаш қозғаған ғалым 0. И. Капица болатын. Біздіңше бұл көзқараста ғылы-

ми ұстамға қиғаш келіп, оғаш көрінетін белгі жоқ. Себебі зерттеушілердің көбі бесік жырын ертектер фольклорына жатқызғанда оның кімге арналғандығын, атқаратын

қызметін емес, кімдер туғызып, кімдер орындайтындығын баса ескеріп жүр. Ал біздіңше, бесік жырларының бүкіл поэтикаллық құрылымының бүлдіршіндер табиғатына

лайықталғандығын, алғашқы кезде бөбек құлағына сөзбен саздың ырғағын сіңіріп, кейіннен таза тәрбиелік қызмет атқаратындығын назарда берік ұстаған жөн. Сондықтан да оны балалар фольклорындағы іргелі жанрлық түрлердің бірі ретінде қарастыруға әбден болады.

Ал кең көлемде алғанда, бесік жыры ғана емес, балалар фольклорының біраз жанрлық түрлерінің отбасылық ғұрып фольклорының құрамына еніп кететіні тағы бар.

Өйткені баланы отбасынан беліп ала алмайтынымыз сияқты- балаларға арналған жырлар да отбасылық ғұрыпқа фольклорынан бөлінбек емес.

Қазақ бесік жырының үлгілері алғаш Ә. Диваевтың жинауымен ХIХ ғасырдың аяғында хатқа түсіп XX ғасыр басында тасқа басылып шыға бастады. Бесік жыры-ның хатқа түскен тағы бір үлгісі Н. Г. Потанин жазбасында кездеседі. Қазақ бесік жырының музыкалық ырғағына назар аударған В. Н. Шнитников та оның бір нұсқасын жариялаған.

Бесік жырын халық әдебиетінің жеке жанры ретінде танып, алғаш зерттеу объектісіне айналдырған А. Байтұрсынов оны «жын шақыру», «құрт шақыру», «дерт көшіру» сияқты жанрлармен бірге «Қалып сөініц» бүгінгі тілмен айтуыида ғұрып фольклорының коне наным-сенім-дермен байланысты саласына жатқыза; і. ы. Бұл тұста га-лым бесік жырының «тұрмыс қалпында болатын істер са-рынымен айтылатындығына мән берген.

Бесік жырына айрықша мән беріп, оны алғаш зерттеу объектісіне айналдырған адамның бірі - С. Сейфуллин. Оның 1932 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті» атты еңбегінде қазақ бесік жырының таңдаулы үлгілері арнайы қарастырылып, оның жалпы сипаты мен халық шығармашылығындағы орнын анықтауға талпыныс жасалады. Одан кейінгі М. Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты еңбегінде бесік жырына арнайы орын беріліп, жанрлық ерекшеліктері, эстетикалық мұраты мен тәрбиелік қызметі, кейбір көркемдік қырлары сөз болады. Ш. Ахметов өзінің «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очерктері» атты еңбегінде бесік жырын балалар әдебиетінің бастау бұлағы ретінде танып, оның әдебиетті дамытудағы маңызы мен балалардың эстетикалық талғамын, дүниетанымын тәрбиелеудегі рөліне тоқталса, Б. Уахатов бесік жырын халық өлеңдерінің жанрлық түрі ретінде қарастырады. Осындай оқулық сипатындағы шолу еңбектерде ғалымдардың ат үсті назар аударғаны болмаса қазақ бесік жырының жанрлық ерекшелігі, халық әдебиетінен алатын орны, ішкі жанрлық сарасы, мазмұн байлығы, атқаратын қызметі, басқа халықтар жырымен жақындықтары, халық тарихымен, тұрмысымен тамырлы байланысы арнайы зерттелген емес.

Әлем халықтарының бесік жырлары атқаратын функциясы, мазмұн байлығы, ішкі құрылымы жағынан тұтастай қарағанда желілес, үндес шығып отыратындықтан да жоғарыда аталған зерттеушілер еңбектерінде сол ортақ арналарға байланысты туған жалпы заңдылықтар, желілес тамырлар, өзектес пайымдаулар мол. Бесік жырының түп төркінінің тым көнелігі, оның алғашқы негізінің сөз емес, саз (музыка) болғандығы, басты атқаратын қызметі - баланы тыныштандыру, оның жан-жүйесі мен санасына алғашқы эстетикалық нәр сіңіріп, тәрбие беру екендігі жөнінде ғалымдар пікірі бір мәреден шығады. Бұл сипаттар сөз жоқ, қазақ бесік жырларының табиғатына да тән. Ал бесік жырларының шығу тегі (генезис), ішкі жанрлық сарасы, әр халық жырларының өзіндік табиғаты туралы сөз қозғағанда ғалымдар пікірі әртүрлі арна түзейді . Мәселен, бесік жырының пайда болу, шығу төркіні жөнінде ғалымдар арасында екі жар пікір бар. Орыс бесік жырларын алғаш арнайы зерттеген К. М. Элиаштың «бесік жырларының көне түпкі негізі арбау (колыбельные заклинания) өлеңдермен байланыс

деген пікірін В. П. Аникин, Ю. Г. Рочев, А. Н. Мартынова, Э. Н. Таракиналар да қолдайды. Ал М. Н. Мельников, Р. Ф. Ягафаров, А. Сафаров сияқты зерттеушілер «Ана өзінің тума табиғатымен (инстинкті) бала үшін ең алдымен оны тыныштандыратын жарқын да, бір сарынды ән қажет екендігін түсінді. Бесік жырыньң формасы осылайша пайда болды», - деген А. Ветуховтың пікірін жандандыра отырып, бесік жырының арғы тегінде арбау өлеңдері меп көне ырымдардың элементі жоқ деген пайымдауларға тоқтайды.

Бұл мәселе, шындығында, әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Аты айтып тұрғандай-ақ бұл жырдың, негізінен, баланың бесікте жатқан кезінде орындалатыны белгілі. Қазақ арасында бала бесікке 7, 9, 11, 13 күн аралықтарында салынады. Қазақ бесігі ананың баланы бағып қағудағы ауыр еңбегін көп жеңілдетіп, қолын босатады, Оның гигиеналық жағынан таза, ауру-сырқау, табиғи қауіп-қатерден аман-есен өсуіне жағдай туғызады: Сол сияқты халық бесікті өз ұғымдарындағы, сенім-нанымдарындағы жын-шайтан, албасты, үббе т. б. тәрізді мифологиялық қауіп иелерінен де қорғайтын киелі орын деп ұққан. Сондықтан да баланы бесікке салу рәсімі ауылдастар арасында арнайы тойланып, түрлі әдет-ғұрып салттары, ырым, жоралғылар жасалады. Бесік баланы тамақтандырып, бағып-қағуға ғана ыңғайлы емес, оны әнмен тербетіп ойнатып, көңілін алдап, аялап, алдарқатуға да қолайлы. Ана жырының ырғағы табаны тербеуге лайықталған бесік ырғағымен үндес шығып отырады.

Сыртқы пішіні жағынан түркі тектес халықтардың бесіктері аздаған ғана айырмашылықтары болмаса, бір-біріне өте ұқсас. Бесік сөзінің көне қолданыстарын көне түркі жазба ескерткіштерінен бастап жазба деректердің барлығынан жолықтыруға болады. Э. В. Севортян бесік сөзінің этимологиясын екі түрлі түбірмен байланыстырады. Оның алғашқысы: бе: шибе: ше деген формадағы етістікке -к/ик, - ук аффиксінің жалғануы деген жорамалға сайса, екіншісі: бэ - бесік (эвенкілерде) деген ұғымдағы зат есім түбірінен түрленген форма деген болжамға ұласады.

Бұдан қазіргі түркі тектес халықтар ішінде сәл ғана өзгешеліктермен қолданылатын «бесік» сөзі бұл халықтар ұғымында ертеден бар, бесікті күнделікті тұрмысында көне заманда-ақ пайдаланған деп түюге әбден болады.

Халықтың көп жылғы тәжірибесінде әбден жетілдіріліп, көшпелі өмірде баланың ауырмай-сырқамай өсуіне қолайлы деңгейге жеткізілген қазақ бесігінің қарапайым нұсқасымен, оған байланысты дәстүрлерге саяхатшылар мен ғалымдар ертеде-ақ назар аударған. Дәрігер-этнограф И. С. Колбасенко өткен ғасырдың аяғында Киевтегі Акушерлік-гинекологиялық қоғамның мәжілісінде «Қырғыз бесігі. Қырғыздардың (қазақтардың - К. I. ) бала күтуі жөнінде бірер сөз». деген тақырыпта баяндама жасап, қазақ бесігінің үш есе кішірейтілген моделін тапсырып, бесіктегі баланың гигиеналық жағынан таза, көшпенді өмірдегі кейбір қатерлі жағдайлардан қауіпсіз өсетіндігіне баса назар аударады. Баланың көп жағдайда таңылған күйінде ұзақ жатып қалатындығының зиянды екендігін де ескертеді. Қазақ бесігінің жетістігімен қоса, жетілдіретін тұсының бар екендігін кезіндө М. Жұмабаев та өзінің «Педагогика» атты кітабында жазған. Жалпы, қазақ бесігін жетілдіріп, күнделікті өмірге ендіру мәселесі кешенді түрде « күн тәртібіне қойылуы тиіс. Мәселен, бесікті бүгінгі өмірге сай жетілдіріп, айталық, бесік арқалығына бесік жыры жазылған тетік койып, түбегі мен шүмегін, басқа да жабдықтарын ыңғайлы қалыпқа келтіріп әсемдесе, фабрикадан көптеп шығаруға өбден болар еді. А. Л. Троицкая да өзінің «Ташкент және Шымкент уездерінің отырықшы елдеріндегі баланы қырқынан шығару (шілде) салты» атты мақаласында бесікке салу ырымдары жөнінде көл мағлұматтар «келтіреді. Ол ырьмдар халық, арасында бертінге дейін сақталып, кейінгі зерттеушілер еңбектеріне де арқау болып көлөді. Олардан әрқилы көне ұғым-түсінік, сенім-нанымдардың нышаны байқалады. Салыстыра қарасақ, сол әдет-салттардың көп халыққа ортақ екендігін көреміз. Мәселен, бесіктің арқалығын қару, оған үкі, қасқырдың аузы сияқты заттарды іліп қою, баланың басына пышақ, қан-жар т. б. эаттар жастап қою Азия халықтарыньң көпшілігіне ортақ. Ал, бос бесікті тербетпеу салты баралыққа ортақ. Қазақта баланы бөлерде бесікті отпен ластап:

Алас, алас, пәледен алас,

Көэі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

дегендей ырым өлеңдер айтылады. Мұндай анимистік ұғым әр халықта сақталған. Орыс бесік жырларында да:

Сон да дрема,

Приди к Вене в голова.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Сәбилік ғұрып жыры
Балалар поэзиясы мен драматургиясы
Бала тілі поэзиясы
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Балалар өлеңдері
Қиын балаларды тәрбиелеу туралы жалпы түсінік
Балалар әдебиетінің теориясы мен тарихы
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz