Әлпештеу поэзиясының жіктелуі



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Әлпештеу поэзиясының жіктелуі
Сөздің магиялық құдіретіне сеніп баланың болашағына ақ жол тілеу
сияқты тілек-арбау сарыны бесік жырында өте басым. Қазақ мәдениетінің
білгірі А. Байтұрыновтың бесік жырын жын шақыру, құрт шақыру, дерт
көшіру сияқты қальып сөзімен қоса топтауы ғалымның осы магиялық негізге
ден қойғандығынан болса керек. Әрбір құбылыс, зат, барша дүние — жанды
құбылыс, онымен тілдесуге болады, өз өтінішіңді өткізуге болады деген
алғашқы қауымдық түсінікке негізделген арнайы арбау сарыны тым көмескілене
бастағанымен де қазақ бесік жыры табиғатынан қылаң беріп отырады. Сондай-а:
Дарын деген баладан,
Тауып алдық даладан...
немесе:
Дарын біздің қайда екен,
Қыздарменен тойда екен...—
деп келетін жырлардың арғы тегінде де осындай мән бар. Біздің ойымызша, бұл
жырлардың алғашқы нұсқалары баланың өзіне емес, сәбиге түрлі зиянкестік
жасайды деп ұғынылған қауіпті құбылыстарға арналған тәрізді. Яғни:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,—
сияқты текстерге қарағанда кезеңі жағынан алдыңғы жырлар көне. Өйткені ол
текстердің негізінде балаға зиянкестік жасайтын түрлі құбыжықтарды жыр
сөзімен " алдан-арбап жолатпау ниеті бар. Мұндай түсініктер балалары өле
беретін ата-аналардың тумаларын біреуге беріп, қайта сатып алу немесе
баласына түрлі жаман есімдер беру салттарынан да көрініс береді. А. Л.
Троицкая сатып алу ырымының бесікке салу кезінде де болатынын жазды. Оның
мәліметіне қарағанда, бесікке салу құрметіне ие болған адам бесікке атша
мініп отырып, сатып ал деп дауыстайтын көрінеді, отырғандар шамасына
қарай әлденелерді береді. Ырым жоралғысы бойынша бесік тойына жиналғандар
бала емес ат сатып алған болып шығады... Бірақ бұл этнографиялық детальдар
бесік жырының магиялық функциясына әлі де болса толық дәлел бола алмайды.
Бесік жырының өте көне үлгілері бізге жетпеген, ал соңғы кезеңдегі
бесік жыры текстеріндегі мифологиялық ұғым түсініктердің оған кейін жамалуы
мүмкін. Сондықтан оның алғашқы арбау қызметі жөнінде кесіп айтарлықтай
бұлжытпас дәлел жоқ. Белгілі фольклорист-ғалым В. Н. Путилов Жаңа
Гвинеядағы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен әлі ұзап кете қоймаған папуас
халқының да баланы бесік жырымен әлдилейтіндігін жазады, бірақ арбау ырымы
жөнінен ештеңе айтпайды. Осыдан төрт мың жыл бұрын жазылған шумерліктердің
бесік жырынан да ырымдық сипат байқалмайды. Оның мазмұны негізінен бүгінгі
бесік жырларына жақын келеді. Яғни, бесік жырының түп тамыры арбау
өлеңдерімен байланысты болса, ол өте тереңде жатыр. Демек, эстетикалық
талғам нәрін баланың құлағына жасынан сіңіру, сол арқылы баланы
тыныштандырып, тәтті ұйқыға батырып, денсаулығын ширату бесік жырының
алғашқы негізгі қызметі болуы керек. Сәбиінің болашағы туралы ақ тілек
айту, бесік жырының сазына өз мұңын, тұрмыс тауқыметін, тарихи оқиғалар
әсерін қосып шерту бірте-бірте қосылған дәстүр деген пайымдауға қарай
ойысатын ой ағынына тойтарыс берерлік дәлелдер әзірге жеткіліксіз.
Бесік жырының мазмұндық құрамын іштей жіктеу жөнінде де ғалымдар түрлі
толғамдар айтады.
0. И. Капица орыс халық бесік жырларын мазмұнына қарай балалар әлемін
бейнелейтін, аналар сырын шертетін жырлар деп екіге болсе, Н. М. Элиаш
оны 1) Бесіктегі бала күтіміне байланысты (колыбельная оберега) 2) тарихи,
3) тұрмыстық, 4) кеңестік кезецдегі бесік жырлары деп төртке бөледі. Кеңес
дәуіріндегі бесік жырлары дегенге қосылмағаны болмаса, М. Н. Мельников
жіктеуі осыған ұқсас. Өзбек бесік жырларын зерттеуші А. Сафаров та осыны
қолдайды.
А. Н. Мартынова бесік жырын Дәстүрлі және дәстүрлі емес деп екі
жікке бөледі. Татар зерттеушісі Р. Ф. Ягафаров та осыны қолдай отырып, оған
қазіргі тақырыпқа арналған бесік жырлары дегенді қосады.
Біздіңше, қазақ бесік жырларының табиғатына А, Мартынованың жіктеуі
жақын келетіндей. Өйткені жоғарыдағы зерттеушілердің жіктеулері шындығында
осы екі топқа сіңісіп кетеді. Дәстүрлі бесік жырларынан біз негізінен
бесіктегі бала күтіміне байланысты тілектерді танысақ, дәстүрлі емес
жырлардан аналардың ішкі мұңын, халық тұрмысының, айтулы тарихи оқиғалардың
ізін көбірек аңғарамыз. Бірақ бесік жырлары негізінен шағын лирикалық
толғаныс болғандықтан тұрмыстық немесе тарихи тақырыптарды кең қамти
алмайды. Сондықтан оларды арнайы топтаудың қажеті шамалы. Сол сияқты Р. Ф.
Ягафаров көрсеткендей қазіргі кезең тақырыбына арналған деп бір топқа
жіктеу, біздіңше, өте шартты. Шындығында, бұл дәстүрлі емес жырлардың
қатарына жатады.
Мартынова дәстүрлі емес бесік жырларының қатарына жазба әдебиетінен
алынған немесе ауыз әдебиетінің басқа жанрларынан ауысқан жырларды
жатқызады. Ал дәстүрлі емес қазақ бесік жырларында жазба әдебиетінен
ауысқаны жоққа тән. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен үндес келетіндері
болғанмен де, оларды жолма-жол қайталамайды, олар негізінен әртүрлі
жағдайда импровизациялық тәсілмен шығарылып таралған. Сондықтан қазақ бесік
жырларын:
1. Дәстүрлі бесік жырлары.
2. Суырып салма бесік жырлары,— деп екі топқа бөліп қарастырған жөн
тәрізді.
Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен,
мазмұндық-композициялық негізгі қаңқасы толық сақталып Қазақстанның барлық
түкпірінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Бұл жырлар негізінен,
тікелей балаларға арналған. Жыр құрылысында әлди-әлди немесе жылама,
бөпем, жылама тәрізді қайырмалар қайталанып, жырдың негізгі мазмұны баланы
ұйықтатуға, тыныштандыруға оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге
құрылады. Бұл жырларда қазақ халқының дәстүрлі бала тәрбиелеу ісінің, халық
тұрмысының, ұғым-түсінігінің, арман-мақсатының көріністері мол.
Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы тарих
пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен тауып тарап отырған. Ол жырларда
сол кезеңдік оқиғалардың бедерлері мол. Бала тербетіп отырған адам бесік
жырының дәстүрлі нұсқасын пайдалана отырып, өз ой толқынысын, күйініш-
сүйінішін сыртқа шығарады. Бұл топтағы жырларды іштей тарихи-тұрмыстық
тақырытағы және айтушының жеке басына байланысты мұң-шер жырлары деп екіге
бөлуге болады. Бірақ бұл топтағы жырлардың көпшілігі белгілі аймақта ғана
айтылып, кең тарамаса, кейбіреулері кең таралғанмен өлеңнің тууына себеп
болған оқиғамен бірге уақыт өткен соң ұмытылып кеткен. Сондықтан да болар
біздің қолымызға түскен мәліметтер тым тапшы. Бұған ілгерідегі фольклор
жинаушылардың ауыз әдебиетіндегі үлкен жанрларға (эпос, ертек, аңыз т.
б.) ерекше ден қойып, ұсақ жанрларды назардан тыс қалдырғаны, сондай-ақ бұл
жанрлардың соңғы кезде де жүйелі түрде жиналмай келе жлтқандығы да себепкер
болса керек.
Ұлы Абай қарасөздерінің бірінде (жетінші сөз) Жас бала анадан туғанда
екі түрлі мінезбен туады. Біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар
тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі
өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демелік, не көрсе соған
талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып
қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса дауысына
ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе
немеее жыласа да тұра жүгіріп, ол немене, бұл немене деп, ол неге
үйтеді?, бұл неге бүйте-ді?— деп, көзі көрген, құлағы естігенінің бәрін
сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен,
үйренсем екен деген — деп жазады. Міне, осы жан құмарлығын халық бесік жыры
арқылы өтеуге тырысады. Бала ең алдымен ата, әке, апа, көке сөздерін
естісе, бесік жыры арқылы алғашқы өмір әуендерін құлағына сіңіре бастайды.
Әрине, бесік жырының мазмұн-мәнін бала бірден қабылдап кете алмайтыны
сөзсіз. Нәрестенің өсу, жетілу деңгейіне қарай бесік жырының мазмұны да
өзгеріп отырады.
Бала әлі ана тілін ұға қоймайтын, тек ән мен ырғаққа ғана ұйып ұйқыға
кететін шақта аналар көбінесе өз жан дүниесіндегі сырды, тұрмыс тауқыметін,
ел оқиғаларын жырға қосып бір сарынды мұңды әнмен сәбйін тербетеді. Кейде,
тіпті, өз жанына жақын лирикалық өлеңдерді де бесік жыры әуенімен айта
береді. Бөбек бірте-бірте ширап, айналасына назар тігіп, көңіл аудара
бастаған сәтте мазмұнында танымдық сипат нышаны басым, сәбиді айналасындағы
дүниемен таныстыру мақсатындағы жырлар айтылады. Сәби қара тұяқ болып есейе
бастаған уақытта бесік жырында тәрбиелік мазмұн күшейеді. Баланың болашағы
турасындағы арман-тілектер, ақылгөйлік, тәлімдік рең қоюланады. Осылайша
баланың психологиялық, саналық өсуіне орай бесік жырының атқаратын міндеті,
соған сәйкес мазмұны баяу болса да өзгеріп отырады. Осыны жіті аңғарған
зерттеушілер бесік жырының міндет қызметін үш сатыға бөліп жүр. М. Н.
Мельников мұны категория десе, А. Сафаров басқыш-ступень деп атаған,
біз — саты деп алдық.. Бұл жіктеу қазақ бесік жырларына да тән. Яғни,
бірінші сатыда аналар поэзия тілімен сәбиді қоршаған ортамен таныстыруды
мақсат тұтады. М. Н. Мельников орыс балалар фольклорында бұл мысық,
когершін, әтеш, сиыр т. б. жан-жануарлармен таныстырудан басталады дегенді
айтады. Ал А. Сафаров өзбек фольклорында бұл сатының бала бесігінен
басталып, таныстырылатын тұрмыстық заттар санының кеңейе түсетіндігін
көрсетеді. Қазақ бесік жырларының табиғаты да осы А. Сафаров пікірімен
қабысады.

Аршамаекенбесігі,
Өрік пе екен бесігі,
Алар ма екен әкесі,
Сүйер ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі,
Жігіт пе екен әкесі?—

деген сияқты бала өзі жатқан бесігінен бастап, әке-шеше, жақын адамдармен
жыр арқылы таныса бастайды. Қолдарынан іс алатын шаруақор, ақырып жауға
тиер батыр, түрлі ою ойысқан шебер, қазы кертіп, жал жеген асты болу,
сияқты халық мұратын арқалаған бесік жырлары екінші сатыға, ананың ішкі
әлемінің сырын шертетін, жырлар үшінші сатыға жатады.
Қазақтар бесік жырын әлди деп те атайды. Әлдилеу — тербету немесе
баланы алдына алып бірқалыпты ырғау деген ұғымды береді. Әлди-әлди
орыстардағы баю-бай, өзбектердегі алла-алла татарлардағы әлли-бәлли
синқты қазақ бесік жырындағы тұрақты қайырма.
Егер көршілес халықтардың бесік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлпештеу поэзиясы
Сәбилік ғұрып жыры
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Бала тілі поэзиясы
Балалар поэзиясы мен драматургиясы
Балалар өлеңдері
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Пәндер