Әл – Фарабидің психологиялық көзқарасы
Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институты
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Әл – Фарабидің психологиялық көзқарасы
Орындаған: ІІ курс магистранты
Сарбасова А.Б
Тексерген:
п.ғ.к., Бейсенова Ж.Ж.
Алматы 2007ж
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. әл – Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы
трактатындағы жан дүниесі туралы толғаныс-тебіреністері.
2. Музыканың үлкен кітабі атты трактатындағы психологиялық ойлары.
ІІІ. Қорытынды.
Түркі әлемінің ұлы ойшылы, көрнекті философ, атақты музыка маманы,
математик, талантты физик, асқан астроном және географ, медицина өнерінің
білгірі, данышпан Әбу Наср Мұхаммед ибн Ұзлағ әл-Фараби. Ол ғылым мен
білімдегі, адам мен әлемдегі ең терең байланыстарды, қасиеттерді,
сипаттарды құндылық ретінде өрнектей білген. Сондықтан болар Әл-Фарабиді
энциклопедияшы – ғалым деп танитынымыз, оны “Екінші Ұстаз” (Аристотельден
кейінгі) деп құрметті атаққа іліндіргеніміз.
“Ғылыми мирас қалдырмаған ғалым найзағай ойнатып күрілдеп жаумай өткен
бұлтпен тең”,- деген араб халқының мақалы бар. Жерге жаумай өткен бұлт
болса оның жердегі ізі де жоқ қой. Әл-Фараби өз заманында жоғарыда айтылып
кеткен ғылым салаларының бәріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырды. Б.
Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат, сонымен қатар 115-ке
жуық еңбек жазған. Осы еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ,
олар мынандай: астрономия мен ботаника, астрология, математика, физика,
логика, музыка, медицина, психология, табиғат ғылымдары, социология,
минерология мен лингвистика, поэзия-риторика, философия.
Әбу Насыр әл-Фараби - өмір сүрген заман (870-950жж) Шығыс әлемінде
бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы
ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның
оңтүстік өлкесі сол кездегі үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих
бізге ІХ-Х ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта
Шығысқа баратын үлкен сауда жолында орналасқан, ол сондай-ақ өнер –
білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп, өскен кезінде көптеген ғұлама
ғалымдар шыққан үлкен шаһар болатындығы жайлы сыр шерітеді. Фарабидің аты
әлемге жайылған болуына осындай құнарлы ортаның себебі тигендігіне
күмәндануға болмайды.
VІІІ – ХІІ ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тілінде
сөйлейтін халықтардың еншісіне тиген еді. Әл-Фарабидің болжам жасап, пікір
айтпаған ғылым-білім саласы кемде-кем. Мысалы: тек психология саласында
ғана жеті еңбек (Жанның мәні туралы, Түс көру туралы сөз, Жан туралы,
Ақыл және ұғым, Жасөспірімнің ақылы жайлы кітап, Ересектердің ақылы
туралы кітап, Темперамент туралы) жазған екен. Бірақ бұлары біздің
заманымызға жетпеген. Оның жан дүниесі туралы толғаныс-тебіреністері,
бізге басқа еңбектері (Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы
трактат, Азаматтық саясат, Бақыт жолын сілтеу, Даналық таңба тастар,
“Бақытқа жету туралы” трактатында ол адам қоғамының шығуы, өмір сүру
формалары, адамның мінез-құлқы туралы ой толғайды, “Мемлекет
қайраткерлерінің мақал-мәтелдері”, “Ақылдың мәні туралы”, “Данышпандылықтың
інжу-маржаны”, “Саясат туралы”, “Азаматтық саясат”, “Мәселелердің түп
мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы” Мәселелердің мәніт.б еңбектерінде
ғылымдардағы теориялық білімді меңгеруді бұл дүниеде бақыт табудың,
кәмелетке жетудің, қоғамды жақсартудың басты шарты деп санаған) арқылы
біршама мәлім болып отыр.
Психология үшін іргетасты мәселе болып табылатын жан мен тәннің
арақатынасы, бұл екеуінің бір-бірімен байланысы жайлы мәселеде Фараби өзін
сол кездегі ғылыми ой-пікірдің биігінен көрсете білді. Ол жанның мәңгі
өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, оның Жан
тәннен бұрын пайда болады, жан мәнгі-бақи өлмейді деуі қате түсінік деп
түйді. Оның пікірінше, жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан тәннің
тірлік қасиеті, адамда қатарынан екі жан болмайды, адамның тәні де, жаны да
өткінші, уақытша. Тән жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасып, жетілуіне
әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы қажет. Тән саулығы жоқ
жерде жан саулығы да жоқ. Шыққан жан еш уақытта қайтып келмейді, бір
денеден екінші денеге көшіп те жүрмейді, бірақ көңілі мен рухы кіршіксіз
таза, көзі ашық оқыған адамның жаны мәңгі бақи өмір сүреді де, надан,
залым, зымиян адамның жаны өшіп кетіп отырады.
Фараби адамның жан қуаттарының табиғатын қазіргі термин бойынша тәннің
құбылыстарына орайлас түсіндіруге тырысады. Тәннің де, жанның да иесі –
жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми да
жүрекке бағынышты. Жүрек – тіршілік тірегі, ол қан айналысы мен қимыл-
қозғалыстың орталығы. Жүрекпен байланыспайтын мүше жоқ, ми да жүректен
қорек алып, сонан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы
ілімде Фараби ұстаз Аристотельдің ықпалында болды. Ұлы грек ойшылы Жан
туралы еңбегінде өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда үш түрлі жан болады
десе, Фараби жанның адам мен жануарларда болатын түріне ғана мән береді.
Мұның бірі – қозғалдыратын қуат – бүкіл тірі организмге ортақ. Ал танып-
білу қуаты жануарлар мен адамдарға ғана тән, бұлар сыртқы дүниені түйсіне,
сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілет жоқ. Сондықтан да олар
бұл топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректендіру қуат пайда болады. Бұл
оның тәні, яғни өсіп-өнуіне негіз болатын дене бітімі. Адамның танып-білу
қуаты да екіге бөлінеді. Мұның бірішісі – сыртқы жан немесе түйсіктену
қуаты деп аталады. Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне
тікелей әсер етуінен пайда болады. Сыртқы жан қуаты беске бөлінеді. Олар:
көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері. Екінші – ішкі жан қуаты. Бұларға
еске түсіру, талпыну қабілеттері жатады. Адамды жануарлардан ерекше бөліп
тұратын қуат – оның ақыл-парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті. Фараби
Қайырымды қалда тұрғындырының көзқарасы туралы трактат дейтін еңбегінде
жан құбылысының әр түрлі көріністеріне қысқаша сипаттама береді. Мысалы:
қиял адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады.
Біріншіден, мұнда сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады,
бірі екіншісінен қосылып, одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден, ол
ойлауға материал жинастырады, түйсік пен екеуі адам ойлауының терең, жан-
жақты, орамды болуына жәрдем береді. Ол түс көру құбылысын қиялмен
байланыстыра түсіндіреді. Түс көру – адамның ояу кезіндегі шындықта көрген,
білген, естіген нәрселерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде мұндай бейнелер
адам ырқынан тыс жүріп жатады, бұл қиялдың енжар көріністер. Фарабидің түс
көру туралы тұжырымдарының қазіргі ғылыми психологияның айтқандарымен
үндесіп жатқандары жақсы байқалады.
Ғұлама ғалым адамдардың тану процестері екі басқыштан тұратындығын
айтады. Оның біріншісі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес
процестері жатады. Түйсік – дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы.
Адамның есі мен елесінің сапалы әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене
алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек
түсінуге мүмкіндік береді, бұл танымның екінші басқышы, оның ең жоғары
сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс,
ал тіл болса әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағанан түсінген
артығырақ, өйткені жаттауда шала түсініктері сөздер көбейіп кетеді, барлық
нәрсені жаттап алуға болмайды. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы
ережелер мен қисындар жөнінде талдау жасауға мүмкіндік береді.
Фараби эмоция, сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп
санайды. Бұлар психиканың қалған түрлеріне бояу береді, оларды қозғалысқа
итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы
байқалады. Мысалы: адам ұялғанда қызарса, қорыққан кезде сұп-сұр болып,
түсі қашады.
Жан қуаттары ілімде Фараби адамның ерік-жігерін, қажыр-қайратын да
жеке процес ретінде қарастырмайды. Бұларды этика ғылымына қатысты
пікірлерінде жол-жөнекей сөз етеді. Ол ізгі қала адамдарының күшті қажыр-
қайраты мен ерік-жігері – рухани қасиеттерді қалыптастырудың негізгі
факторлары дейді. Қылық пен іс-әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік,
батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу, т.б. ерік-жігердің жақсы
сапалары болса, мейірімсіздік, қорқақтық, нәпсіқұмарлық т.б. адамның
ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Фараби танымның бірінші басқышы – түйсіктер табиғатын дұрыс
түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жансақ түсінікке жол береді. Ол ойлау
материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерімен туып отырады дейді.
Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының денедегі түрлері бейнелері деуі – ғылыми тұрғыдан өте дәл
түсінік еді.
Фараби жан қуатының басты түрлеріне сипаттама бере келіп,
психологияның бұдан басқа да іргелі проблемалары жөнінде сөз қозғайды.
Мысалы: ол психиканың қалайша дамып жетілетіндігі жайлы мәселеге де ерекше
мән береді. Жан – айрықша сапада тұрған қасиет. Жануар мен адамның тән
құбылысының өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттары да өзгеше болады.
Материалдық элементтердің қосындысынан (ыстық, суық, дымқыл) жануар
психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарғы қосындысынан барып адам
психикасы пайда болған. Адам – жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның
жануарлардан негізгі айырмашылығы ақыл-парасатпен сөйлей алу қабілеті,
өнермен, белгілі кәсіппен айналусуы. Адам қоғамнан, түрлі топтардан тыс
өмір сүре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке
адам өзінің тілек талпынысымен, мұң-мұқтажын жеке жүріп қанағаттандыра
алмайды. Сондықтан ол басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Өйткені,
жеке жүрген адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.
Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып,
жетілетіндігі жөнінде де қызықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын
оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның
тіршілік қажетінен туындайды. Мысалы: балада ең алдымен өсіп-өну қуаты
пайда болады. Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс, заттың
түрін, түсін, пішінін түйсікке алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір
барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше
әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Кісінің адамгершілік,
имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкедердің жақсы
өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсз, зұлым , не ақ ниетті
болып келмейді. Мұның бәрі де жүре пайда болады.
Фарабидің адамның жан қуаттарының жеке-дара өзгешеліктері туралы
айтқан пәкірлері де көңіл қоярлықтай. Бұлар адамның жеке өмір сүру
тәжірибесінен, оның дене бітімінен, өзіндік белсенділігінен туындап жатады,
яғни адам бір-бірінен тән жөнінен қандай өзгеше болса, жан жөнінен де
сондай өзгеше болады, яғни жан қуаты біреуде мол, біреуде аз мөлшерде
келеді. Бұл жағдай оның темпераментіне байланысты, тәнді жетілдіруге
болатыны сияқты жанды да жаттығулар арқылы жетілдіреді.
Фарабидің психологияның түрлі салалары (әлеумет, музыка, өнер,
медицина т.б.)жайлы айтқан салиқалы пікірлері, сондай-ақ психологиялық
терминдердің жүйесін жасағандығы жайлы мәселе өз алдына бір төбе.
Әл-Фараби Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы
трактатында қала адамдарының әр түрлі топтарына жеке-жеке сипаттама беріп,
бұларды қоғамдық (әлеуметтік) психологияның негізгі категориялары ретінде
ұсынып, таладау жасайды.
Адам – қоғамның ажырамас бір бөлігі. Ол қоғамнан тыс өмір сүре
алмайды, өйткені белгілі бір топтың мүшесі. Адам өмір сүру үшін көптеген
нәрсеге мұқтаж болады. Мүның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан
да ол басқалармен қарым-қатынасқа түсуі қажет. Адам өсіп-өне келіп, түрлі
топтарға, қоғамдастыққа бірігеді. Осындай қоғамдардың бірі – толық,
екіншісі – толымсыз, яғни толық емес қоғам деп аталады. Толық қоғамның өзі
үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта және кіші қоғам. Үлкен қоғам – жер бетін
мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы. Орта қоғамға белгілі бір халық,
тайпалар бірігеді. Ал кіші, шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары,
ондағы көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын
түріне отбасы жатады.
Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне
талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, атап
айтқанда, олардың нендей кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс-салтын, өмір
сүру ерекшеліктерін саралайды. Сөйтіп, әл-Фараби әр алуан топтың өкілдері
туралы сөз қозғап, ғаламдық психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне
тұңғыш қоя білген Шығыс ғұламасы. Орта ғасырларда қала тұрғындары өздерінің
тікелей айналысқан кәсібіне әлеуметтік жағдайына қарай бір жерге
шоғырланған, бір топтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz