Қазақ философиясы мен мәдени жүйесінің өркендеуіндегі Әл-Фараби танымының өміршеңдігі



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ќазаќ философиясы мен мєдени жүйесініњ өркендеуіндегі
Әл-Фараби танымының өміршеңдігі

"Әл-Фараби және Абай" тақырыбын зерттеумен ұзақ жылдар шұғылданушы
ғалым Ақжан Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастырушы
әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы
трактаттарына көп зер салған діншіл - мүсілім Шахабутдин Маржани деген
пікірге келеді. Маржанидің тікелей шәкірттері Абайға, Ахмед-Риза
медресесінде дәріс берген. Соған байланысты Абайдың Маржаниді көп
оқығандығы туралы мәліметтер бар. Сол мәліметтерді келтіре отырып, Машанов
былай дейді: "Абай жаңа заманда қайтадан адамдық туын көтереді. Сөйтіп, Ш.
Маржани арқылы әл-Фарабиді тапқан дана Абай өзінің философиялық ғылыми
қағидасын тұжырымдауда ұлы бабасынан тағылым алды деп нық айта аламыз".
Шындығында, әл-Фараби мен Абай дүниетанымындағы кейбір ой-пікірлер
үндестігіне салыстыра қарағанның өзінде-ақ белгі беріп тұратын пікірлер
баршылық.
Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын іздегенде ең
бірінші екі ойшыл көп мән беретін жан қуаты, немесе Абай сөзімен айтқанда
өзін өзі танымақтық деген түсініктер көңіл аударады. Адамның өзін-өзі тану
жөніндегі пікірлер философия ғылым ретінде, ой жүйесі ретінде бөліне
бастаған кездерден бастап-ақ пайда болды.
Ұлы ғұламалардың ешқайсысы да бұл мәселені аттап өте алмады. Себебі,
адамзат тарихында философияға қаншама анықтама берілгенмен оның негізгі
зерттейтін, зерделейтін заты адам, адам өмірі, оның басқа да табиғаттан
ерекшелігі және тағы басқа адамға байланысты мәселелер болды.
"Адам туралы білім - түсінікке байланысты. Біз адам өзгені танып-білу
мақсатында, ең алдымен өзін-өзі тануы керек дейміз. Бұл талап, алайда,
бірден болмайтын іс. Адамның өзін-өзі тануы өзгені танудан әлдеқайда қиын.
Сондықтан адам өзінен тыс нәрселерді білу құштарлығы алғашқы болмақ. Өзін
білмекке ұмтылған, ынталанған жан-ғұламалық немесе тақуалық жолға түскен
адам. Мұндай жолға адамдардың азшылығы ғана түседі"
Адамның өзін-өзі тану жөніндегі пікірлері қазақ топырағында арғы
заманда Фараби, соңғы дәуірде Абай ғана бұл мәселеге терең бойлап кіре
алғанын көрсетеді. Абай қарасөзінде "жан құмары", "жан қуаты", "жан азығы"
және де осы іспеттес экзистенциалдық сарындағы ойларын зерделегенде "жан
қуаты деген қуат бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарда уақыт сиғызбайды" деп
ескертуінде ерекше себеп бар. Бұл пікірде Абайдың өзін-өзі тану жөніндегі
ілімнің арғы-бергі тарихымен таныстығы байқалатындығы былай тұрсын, өз
тарапынан сараптамақ болған пікірлерін кең түрде көсіле еркін жазып,
оқушыларына молынан, тереңінен жеткізе алмағанына өкінетіндей сарын бар.
Жан қуаты жөнінде Фараби келтіретін философиялық түсініктер Абайдың
жетінші, он жетінші, жиырма жетінші, отыз сегізінші, қырық үшінші қара
сөздерінде дәл сол түпнұсқада немесе қазақи ұғымға сай балама сөздермен
берілуі кездейсоқ жағдай емес. Жалпы Абайға тән қасиет, ол басқа философтар
мен ғұламалар қолданған ұғымдарды қаз-қалпында қолданбай, көп жерде өз
заманындағы оқырмандарының пайымына, ой-өрісіне лайықты, ана тілдегі
баламалы сөздерге еркін де батыл ауыстырып отыратындығында.
Абай шығармаларында (он төртінші, он жетінші) қара сөздерінде арнайы
әңгіме болып, көп қарастырылған ақыл, қайрат, жүрек туралы экзистенциалдық
мағынадағы ойларының бастау көздерін Фарабиден кездестіреміз.
Абай он жетінші қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікір
білдіргенде: "Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет,- деп
ұқтырып айтушының аты ғылым екен. - Осы үшеуің бір кісіден менің
айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам
- сол. Үшеуің ала болсаң, жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза
сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы-
депті"
Осы жердегі Абай сілтеп отырған ғылымы қай ғылым, кітабы қай кітап? -
деген сұрақ туады. Біздің ойымызша, ол ғылым-философия ғылымы, ол кітап
Фарабидің "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты". Осы
еңбекте жан деген түсінік өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны болып
бөлінеді. Адам жанына талдау жасағанда, жүрекке үнемі шешуші мән беріліп,
ерекше дараланып көрсетіліп отырады. Жан куаты тарабындағы танымға бұлайша
қарау Аристотельден бастау алған перепатетиктер мектебіне тән нәрсе.
Бізге қажеті Фараби мен Абай ой іліктестіктері. Әл-Фараби: "Жүрек басты
мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да
басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес" десе, Абай: "Сонда ғылым
үшеуінің сөзін тыңдап болып айтыпты... Сен үшеуің басыңды қоспақ - менің
ісім, - депті. - Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл
сенің қырың көп, жүрек сенің көп қырыңа жүрмейді" осы сөздерден екі ұлы
ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екенін тек баяндау жолы
өзгешелеу екенін байқаймыз. Екеуі де өз таным-түсініктерінде жүрекке шешуші
мән-мағына берумен қатар, оны бүкіл ізгілік, рахым, шапағат атаулының
қайнар көзі, тұрақты мекені деп таниды.
Абай аса көп көңіл бөлетін адамгершілік философиясы да осы танымға
сүйенеді, негізделеді. Бұл философия Фарабидің ең басты әлеуметтік
трактатындағы адамның жеке басының ең кемелденген үлгі-өнегесі жайлы
танымының негізіне дөп келеді.
Өзі армандаған асыл мұраты - "адам болам десеңіз" қағидасын да
ақын осы жүрекке әкеліп тірейді.
Абай түсінігінде әділет шапағаттың шығар көзі - жүрек болғандықтан:
"жақсылыққа елжіреп еритұғынмен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғынмен,
әділет, нысап, ұят, рахым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен
шығады, менсіз осылардың көрген күні не?"- деп, қасқайып тұрады. Сонымен,
Абай танымында ақыл да, қайрат та, екеуі де жүректің ізгілікті ісіне ғана
қызмет етуге борыштар. Абай жүректің туын көтеріп, оған зор мән бергенде,
оның адамгершілік мағынадағы тетігіне сүйеніп отырады. Абайдағы осы ойдың
да негізін біз тағы да Фарабиде кездестіреміз. Себебі, Фараби ақыл
жүректің, ізгілікті көздеген әрекетіне ғана қызмет етуі тиіс деп
білгендіктен: "жүректің ізгі ниеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет ету тек
қана мыйға тән қабілет" - деп жазып, қайтара ескертеді.
Екі ойшыл философиясындағы мұндай үндестік кездойсоқ нәрсе емес, бұл
дүниетанымдағы, көзқарастағы өзектес келген бірліктің негізінде жатыр.
Осындай тікелей өзектестіктерден басқа Фараби мен Абай арасында жанама
сабақтастықтар да аз емес, үндестік көп жағдайда қоғам және адам
мәселелерінде аңғарылып жатады. Фараби философиясында, саяси ғылымында (илм-
ал маданийа) мемлекет басқарудың екі түрі болады, бірі - шын бақытқа
жеткізсе, екінші түрі - жалған бақытқа душар етеді. Өкімет басында дана,
қарапайым, әділ басшы болуы тиіс. Осындай адам ғана барша халықты бақытты
тұрмысқа бастай алады.
Бақытқа жетудің басқа жолдары - ғылым мен тәрбие. Абай да патшалық
әкімшіліктің құйтұрқы саясатынан әбден мезі болып, оларға артқан үміті
ақталмай, өмірінің ұзағынан елін, халқын білімге, ғылымға, тәрбиеге
құштарландырам деп көп әрекет жасаған кісі.
Адам бақытын тек жер бетіндегі ғұмырынан табады, о дүние, екінші
мүмкіншілік деген болмайды. Бірақ жақсы істер өлмейді, жақсы адамның аты
мәңгі жасайды. "Жақсының аты қалады, ғалымның хаты қалады" деген өнеге сөз,
даналықтың басы Майқы би, Фараби, Баласағұн, Ясауи, Жиренше, Абай сынды
данышпандардың бәрі құптап, қайталап өткен өмірлік қағидасы.
Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан өзіне керегін қоғамдасқан
ортадан ғана таба алады. Жеке жан иесі адамдар бірлестігінің арқасында ғана
жетіліп, өз қабілеттерін шыңдай түседі. Осыдан келіп олардың әлеуметтік
мәні қалыптасады - деп, атап көрсетеді Фараби атамыз.
Фарабидің саяси мұраты оның мемлекеттерді "ізгі және мешеу" деп бөлгенінен
көрініп тұр. Соңғысына біліктілік пен мәдениет жетіспейді, сондықтан олар
ағартушылық іске мұқтаж, олардың бақыт туралы түсініктері де өз деңгейінде.
Олар үшін бақыт дегеніміз - тән сұлулығы, байлық, мансап, билікке ұмтылу,
нәпсі құмарлық.
Ал бақытсыздық - ауру, кесел, індет, кедейшілік, сүреңсіз тіршілік.
Ізгілікті қаланың түрғындары бақытты басқаша түсінеді. Ол - жеке бастың
игілігі емес, жақсылық, мейірім, әділеттік, өзара көмек үстем болған
қоғамдық игілік. Ондай қаланың, мемлекеттің басшылары ақиқатқа жүгінетін,
дегдарлыққа, ар-ұятқа, обал-сауапты, имандылықты шын ниетімен мойындайтын
философияшыл ғұламалар болуға тиіс. Себебі үйлесімділікке, әсемділікке
қалай жетудің жолдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Ахмед Йүгінекидің өмір жолы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Қазақ философиясының тарихы
Эстетикалық өнер
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Әл- Фарабидің өмірі туралы ақпарат
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Пәндер