Әмір Темірдің өмірі


Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Әмір Темірдің өмірі
- Темірдің көрші мемелекеттерге жасаған жорықтары
- Империяның құрылуы және ішкі саясаты
- Мемлекеттің сыртқы саясаты. Алтын Орда және Моғолстанмен байланыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ - Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлан) (1336-1405 жж. ) - Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның[[Қашғария облысының Шахрисабыз қаласы. [Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар [[Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатайұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді. Әмір Темір Тоқтамысханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.
Әмір Темірдің өмірі
Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген - 18. 2. 1405, Самарқанқаласында дүние салды) - қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361) . Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372-88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 - 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя - Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км²-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 - 1376), Әмір Шейї (1356 - 1394), Мираншах (1366 - 1408), Шаїрух (1377 - 1447) . Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 - 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 - 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. [2] Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш - қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.
Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Батый ханмен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысының» ғұмыры, жорық жолдары мен оның салдары әрқашан өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылған.
Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Маураннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе, кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ болып туылған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған.
Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі тарихшылар оны Шыңғыс хан тұқымына жақын тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни оны Шыңғысхан әулетімен туыстық байланысты қалыптастыруға тырысты. Клавихоның «Күнделігінде» де Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан орташа топтағы танымал кісі болғанын айтады. Ал Бартольд Темірдің әкесі Барлас руынан шыққан, мұсылман дінін ұстанған Тарағай «ноян» немесе әмір болса, анасы Текене-катын болған деп көрсеткенімен, оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып көрсетпейді.
Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде Темірдің маңғолдық Барлас тайпасынан деп көрсетеді. Моңғолдың «Құпия шежіресінің» желісіне жүгінсек, Темірдің шыққан тегі төмендегіше суреттеледі: «Барластар Боданчардың некесіз әйелінен туған Хачи Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай деген болыпты. Өзі мығым денелі, тойымсыз мешкей болғандықтан Барулас атанады. Хачуланның бір ұлы алдына қойған асын түгесіп жеп қоятындықтан оны үлкен Барулас, енді бірі алдындағы асын тауысып жей алмайтындықтан кіші Барулас деп атаған. Кейін олардың арасынан білімді Барулас, Тодойлық Барулас дегендер шығып, барлығы Барулас атанады» делінген. Рашид ад-Диннің шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай шешеннің үшінші ұрпағы Хачуланның ұлы деп көрсетеді. Зерттеушілер барластарды маңғол тайпаларының Нирундық тобына жатқызады. Шыңғыс хан 1206 жылы Ұлы моғол мемлекетін құрғанда барластарды еліне ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан түлегі Хубылайға ел етіп берген. Шыңғыс ханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға жасаған шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері моңғол әскерінің қатарына тай-тұяғымен аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мауреннахрға келіп орын тепті.
2. Темірдің көрші мемелекеттерге жасаған жорықтары
XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Монғолстан мемлекеті құрылды. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігіңде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж. ) . Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. "Моңғолстан" тарихи жағрафиялык термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндсгі тарихи туындылардың бірінде "моғол" деп айтылып жазылатын болған.
XIV ғасырдың екінші жартысында Шағатай мемлекеті Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Шағатай әулеті іс жүзінде Батыс иеліктегі Мауеренахрда үстемдік етуден қалды. Билік түркі-монғолдық әмірлердің қолында болды. Олардың ішінде түркіге айналған Моңғолдың шағатайлық барлас тайпасынан шыққан Әмір-Темір алға шықты.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билікті жүргізуді көксеген Тоғылық-Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Ал осы кезде Орта Азияның болашак әміршісі Ақсақ Темір өзінің шағын шоғырымен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық әскерлері Кешті алып, оның өмірі Хожа-Барлас жөнді қарсылық көрсете алмай қашканда Темір оған ілеспеді. Ол Тоғылық әмірге қызметке кіріп, Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұнын өзі оған барлас тайпасына көсем кұқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді. 1361 жылы Мәуеренахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық әмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәу-Оренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылды. Аяғы емір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған сол, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирледг, "ленг" парсыша - ақсак) Ақсак Темір атанды.
Сөйтіп Темір Тебриз оқиғасын сылтау етіп Алтын Ордаға қарсы күреске шықты. Аса қуатты екі күш бір-біріне қарсы қозғалды. Болашақ өзбектер мен қазақтардың аталарын бастап Алтын Орданың заңды ханы Тоқтамыспен мүмкіндігінше дүние жүзінің көптеген елдерін бағындыруды көздеген Темір атқа қонды. Шайқасқа не үшін аттанып бара жатқанын екі жақта түсінді. Қарсыластардың күші де тең еді. Тоқтамыс өзіне бағынышты барлық елдің адамдарын жинап, 1391 жылы, 1395 жылдары Шынғысхан әскерлері кейпіндегі жасақтар топтастыруға тырысты. Бірақ оның сапасы Шыңғысхан кезіндегіден өте алшақ еді. Олар шетінен аттың құлағында ойнайтын, құралайды көзге ататын мерген садақшылар болғанымен, олардың өлімге бас тігер табандылық жетіспейтін. Ал Темірге келсек, онда жанкешті гулямдардан құрылған тұрақты әскер болды. Олар ақша алып тұрған соң қатаң тәртіпте сақтады, әскери өнерге де машықтанған еді.
Әмір-Темір мен Тоқтамыс ханның арасындағы қақтығыс ұзаққа созылды. Соңғы рет Кавказдағы Терек өзені бойында кездесіп, кескілескен шайқас болды. Адам қаны суша ақты. Үш тәулік бойына созылған дамылсыз шайқастың ақырында Тоқтамысхан жеңіліп, Бұлғар орманына жасырынды. Бұл оқиға 1395 жылы болған еді. Қарсыласын женгеннен кейін Темірлан (Темір) өзінің күшті әскерімен Дешті Қыпшақ мемлекетін талауға кірісті. Қалаларын, ауылдарын өртеп, мал-мүлкін талап алып кетті. Жазықсыз адамдарды да қырып-жойып, бүкіл мемлекетті қан сасытты.
Бүгінгі түркі халықтарының бабалары Темірланнан көрген мұндай сұмдықты ешқашанда көрген емес. Сөйтіп Мәскеу княздығының күшеюіне, Ресей мемлекетінің өзіне-өзі келуіне, ұлы Дешті Қыпшық мемлекетінің құлауына Темірлан себепші болғаны ойдан анық. Темірдің Кавказ арқылы жасаған екінші жорығы және Терек өзені бойындағы шайқас ұлы Мәскеу княздығы үшін елеуші оқиға болды.
Темір орыс еліне шабуыл жасауға бара алмады, өйткені арттағы Қыпшақтар, Кубандағы шеркештер және Дағыстан оған қарсы көтерілді. Темірге Дәрбәнт асуы арқылы шұғыл кайтуға тура келді де, ондағы билікті Еділ маңынын шыққан әскер басылаына, Едіге мырзаға және Темір-құтлұқ төреге қалдырып өз иелігіндегі әсем қала Самарқанға бет алды.
Әмір-Темір Дешті Қыпшақ мемлекетін жермен жексен етіп жойғаннан кейін, орыстар бір еркіндеп тыныстап алды. Арадағы ұсақ-түйек оқиғаларды есептемегенде, олар Орданың бақылауынан тыс 12 жыл бойы бейғам өмір сүрді. Татарларға салық ретінде төлеу үшін халықтан жиналып алынған байлық өздерінде қалып, ол ақша мемлекеттің ішкі істеріне жұмсалды. Татарлар тозып бітті десе де болады.
- жылы Әмір-Темірмен соғысқан Тоқтамыстың ауыр жағдайын пайдаланған I Василий Муров және Нижгород княздықтарын Мәскеу княздығымен бірігуге көндірді. Мұның өзі Мәскеу княздығының жер көлемін одан ары кеңейтіп, ордамен екі ара жалпы орыстардың қорғаныс шекарасын жасауға жағдай тудырды.
Мәскеу XIV ғасырдың аяғында Новгород боярлық республикасының тәуелсіздігін шектеп, оның жерін Мәскеуге қосу жөніндегі алғашқы қадамдар жасады.
Темірмен болған шайқастан соң Тоқтамысхан тығылған жерінен шығып әскерін жиды. Сарайға келіп әкімшілігін қайта орнатты. Айналасына өзінің әлі де мәртебелі хан екенін жариялады.
Орда өкіметіне салық төлеп тұратын Литва князы Тоқтамыс сияқты мәртебелі ханның өз ғұзырына келіп тұрғанына қатты құанып, Дешті Қыпшақ мемлекетін қалпына келтіруге көмектесетіндігін білдірді. Тоқтамысхан кері қайтып, өз орнына отырған соң, осы қызметі үшін Витовтқа Мәскеу княздығын беруге келісті. Витовт әскерін көбейтіп, күшін молықтыру ниетімен тозып кеткен түркілерді өзінің мемлекетіне шақырып, Вильнада соғысқа дайындалды. Осы күнгі Лолан, Польша мұсылмандары сол Тоқтамысхан әскеолерінің нәсілдері. Олардың көпшілігі біртіндеп поляк қыздарына үйленіп өз тілдерімен салттарын ұмытып кетті. Ислам дініне шындап сенетіндері қалмады.
Витовт пен Тоқтамыс арасындағы келіспеушілік нәтижесінде соғыс болады. Соғсы нәтижесінде Витовт әскері жеңіліп, Тоқтамысхан аман қалған адамдарымен бірге майданнан қашып шығады. Бұл оқиға 1399 жылы болған еді.
Тоқтамыс ханның Жалал-ад-Дин Жапарберді, Кебек Керімберді Іскендір, Әбусағид, Көшек Қадірбеоді деген ұлдары бар еді. Бұлардың кейбіреулері кезінде хандық мәнсабында болды, ақша соқтырды.
Мәскеу князы Василийдің сарайға барып, жарлық алудан бас тартуына Темірдің салған лаңы себеп болғаны белгілі. Темірдің ешқандай сылтаусыз жасаған шабуылының ақырында Тоқтамысхан екі оттың ортасында қалып, княздың әрбір сұраған нәрсесін беріп тұруға мәжбүр болды. Темір әр қашан жасырын адам жіберіп Тоқтамыс ханның мырзаларын өз жағына тартып отырды. Сөйтіп Тоқтамыс Темірдің соғысы кезінде хандық тағынан айрылып қалды. Бұдан соң өмірінің соңына дейін хандығын қалпына келтіру үшін күресумен жүрді. Кей кездері Сарайда, Алтын Ордада өмір сүріп отырған хандардың әскерлерімен кездесіп соғысып қалған кездері де болды. Бірақ бұл өз мақсатына жетуге мүмкіндік бермеді. Ақыры ордадағы билеуші Шәдібек ханның Едіге мырзаға басқаратын бір топ әскерімен Тюмен маңында кездесіп қалады. Тюмень жазығында осы соғыста Едіге тарапынан Тоқтамыс өлтіріледі. Сөйтіп Тоқтамысхан 1404 жылы қайтыс болды.
Әмір-Темірдің жорық жасаған қалалары:
Әмір-Темір 1370 жылы Мауереннахрдағы билікке ие болып, елді 35-жыл бойы басқарды. Астанасы Самарқанд қаласы. XIV ғасырдың 70-90 жылдарында Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісуға 10 рет жорық жасады. Темірдің Монғолыстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылы басталып, кейін тағы да бірнеше рет шабуыл жасады. 1375-1377, 1383 жылдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz