Әр түрлі жастағы балалардың орталық және шеткі жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелктері. Ақыл-ойының және психоэмоционалды дамуындағы негізгі ауытқуларының семиотикасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Әр түрлі жастағы балалардың орталық және шеткі жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелктері. Ақыл-ойының және психоэмоционалды дамуындағы негізгі ауытқуларының семиотикасы.

  • Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

  • патофизиологиялық ерекшеліктерінің аурудың ағымына әсер ету
  • ОНЖ АФЕ
  • реактивтіліктің патофизиологиялық ерекшеліктері

Осы сабақтын тақырыбы бойынша:

  • ОНЖ зақымдалуының
  • этиологиясы
  • патогенезі
  • клиникасы
  • лабораторлық зерттеу әдісі
  • ажырату диагнозы
  • емі
  • алдын алу
  • диагноз
  • Таратуға арналған материалдар

Барлық уақытта балалық шақ 0-ден 14-ке дейінгі болып есептеліп келеді. 1999 жылы бұл жағдай қайта қарастырылып, заңдандырылды, атап айтқанда балалар құқығын қорғайтын Халықаралық Конвенция (Женева) бойынша балалық 0-ден 18-ге дейінгі жас. Бұның өзі өте жауапты, ойланатын жас аралықтары. Ол жасқа жасөспірім кезеңі де енеді.

1977 жылы Бүкілдүниежүзілік Денсаулық қорғау ұжымындағы (БДҰ) Экспортты комитетінің шешімінше жасөспірім кезеңі 10-нан 20 жас аралығымен шектеледі. Мұнда жасөспірім кезеңі тағы да кіші екі кезеңге бөлінеді: біріншісі 10-нан 15-ке дейін; ол пубертатты кезең (жыныстық дамудың интенсивті кезі), екіншісі 16-дан 20 жасқа дейінгі аралық, ол- әлеуметтік жетілу кезеңі. Бұл жылдары қыздар мен бозбалалар өздерінің жыныстық сезімінің жетілуін меңгеріп, таңдаған мамандығын толығымен немесе жартылай игере алады.

Онтогенез этаптары үшке бөлінеді: дайындық, ұрықтың дамулары және постнатальды немесе «балалық шақтың» өзі.

Адамзат ұрпағының дүниеге келген мезгілінен бастар 15-16 жасқа дейінгі өмір сүру аралығы балалық кезеңі болып есептеледі. Алайда, жас айырмашылықтарына байланысты осы топтағы балалардың арасында да көптеген өзгерістер байқалады. Тіпті жаңа ғана дүниеге келген дені сау балаларға қарағанда, оның органдары анатомиялық және қызмет ету қабілеті жағынан да дұрыс жетілмеген.

А. Құрсақ ішіндегі саты.

а. Эмбриональды даму фазасы ( II - III айлық мерзім)

б. Плацентарлы (шараналық) даму фазасы (III-айдан бастап туғанға дейін) .

Б. Құрсақтан тыс саты.

1. Жаңа туғандағы кезең (3-4 аптаға дейінгі мерзім)

2. Емшек жасындағы кезең (3-4 аптадан 12 айлыққа дейінгі мерзім)

3. Ерте жасындағы кезең (1жастан 3 жасқа жейін)

4. Мектепке дейінгі кезең (3жастан 6 жасқа дейін)

5. Мектеп жасындағы кіші кезең () 7 ден 11 жасқа дейін

6. Мектеп жасындағы ересек кезең (12 ден 17-18 жасқа дейінгі мерзім)

Соңғы жылдары БДСҰ (бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының) классификациясы қолданып жүр, ол төмендегі кезеңдерден тұрады:

  1. Антенатальды кезең
  2. Неонатальды кезең - 0 ден 28 күнге дейінгі мерзім
  3. Постнатальды кезең - 28 күннен 1-жасқа дейінгі мерзім
  4. Ерте жасындағы кезең - 1- 3 жас аралығы
  5. Мектепке дейінгі кезең - 3 - 6 жасқа дейін
  6. Мекиеп кезеңі - 7 - 14 жас
  7. Жасөспірім кезеңі - 15 - 17 жас
  8. Бозбалалық кезең - 17 - 19 жас.

Егер әйелдің жүктілігі дұрыс өтсе, гестациялық кезеңі соңғы менструацияның бірінші күнінен бастап 10-акушерлік айға созылады, яғни 280 күн немесе 40 апта, ал ұрықтың бойға біткен күні белгілі болса 38 патамен есептеледі. Барлық гестация кезеңінің өзін 6 сатыларға бөлуге болады.

1. Герминальды немесе ұрықтық кезеңі, бұл имплантация алдындағы кезең, аналық тұқым клеткасының ұрықтану кезенінен бастап, бластоцидтің жатырдағы децидуальды қабына енген уақытына дейінгі аралықпен есептеледі.

2. Имплантация кезеңі, ұрықтану кейінгі 7-8-ші күннен басталып, 2 тәулікке созылады. Осы имплантация алдындағы және имплантация деп аталатын екі саты ең алғашқы қыл кезең болып саналады, себебі әртүрлі сыртқы ортаның тератогендік әсерлері дәл осы уақыттарда ұрықтардың жаппай қрылуына әкеліп соғады.

3. Эмбриональды, яғни гестацияның үшінші кезеңі, 5-6 аптаға созылады, бұл уақытта ұрық сары уызбен қоректенеді. Дәл осы мерзімде болашақ баланың барлық ішкі құрылыс органдары дерлік қалыптасып пайда болады.

4. Неофетальды немесе эмбриофетальды кезең, яғни ұрықтың 7-8 апта жастағы кезеңі, органдарының толық қалыптасып, плацента пайда болуымен сипатталынады. Бұл кезеңде гестациялық доминантаның тежелуі - плацентаның дұрыс қалыптасуын бұзады, мұның өзі эмбрионның өліміне, даму ақауларына, мутациялық өзгерістерге және т. б. зардаптарға әкеледі.

5. Ерте фетальды кезең - жүктіліктің 9-шы аптадан басталып, 28-ші аптамен аяқталатын кезең. Бұл уақытта ұрық гемотрофты қорекпен қамтамасыз етіледі, оның үдемелі өсуі әрбір органдарының тіндік ажыратылуы жүреді.

В. И. Бодяжина ғалымның айтуынша дүниеге келер ұрпаққа қауыпты кезең жүктіліктің үшінші айы болып табылады. Бұл уақытта ұрықтың токсоплазмоз, В гепатит, листериоз, цитомегалия сияқты жұқпалы инфекциялармен зақымдануы мүмкін. Ерте фетальды кезеңінде болған ауруларға мынандай патологиялық көріністер тән: органдардың өсіп жетілмей тоқтап қалуы (гипоплазиясы), тіндердің дисплазиясы (тін ажыратылуының бұзылуы), пролиферативтік компоненттің басылымдығымен сипатталатын дерттер: бүйрек және ұйқы безінің микрокистозы, фибро-эластоз (жүрек ауруы), пилорастеноз, бауырдың туа біткен циррозы.

6. Соңғы фетальды кезең, жүктіліктің 29-шы апталығынан басталады да әйел босанатын уақытқа дейін жалғасады. Бұл уақытта органогенез негізінен аяқталған, энзимдік механизмдер жетіледі, тіршілік маңызы бар жүйелердің, әсіресе орталық нерв жүйесінің функциональды жетілдіру жалғасады. Әйел босанар алдында дені сау ұрық ана құрсағынан тыс өмір сүруге дайын. Алайда, тіршілік үшін аса маңызды органдардың функциялық жағынан үдемелі дамуы кезеңінде ұрық сыртқы ортаның қатерлі әсерлеріне сезімтал болады, сондықтан жүктіліктің соңғы айлары (3 триместр) дүниеге келер сәби үшін төртінші қыл кезең болып саналады. Бұл уақытта оның организміне қауып төндіретін факторлар: метаболикалық гипоксия, токсикалық заттар (дәрі-дәрмек, нашақорлық, темекі тарту, иммунды құбылыстар), болашақ сәби мен анасының антигенді үйлесімсіздік, инфекциялық аурулар (вирустық, бактериалды), анасының жыныс жолдарының дерттер, нефропатиялар жатады. Осы факторлардың патогендік әсерлері соншалық, кейде өлі туылған, түсік тастауға, күні жетпеген, функциялық жағынан жетілмеген баланың тууына себепші болады. Жүктілік кезеңінің соңғы айларында ұрықтың тұтас организмі, оның ішінде әрбір органдар үдемелі өсіп дамиды, тіндерде тіршілік маңызы бар қоректі заттар көптеп жиналады. Зиянды патологиялық себептердің әсерінен ұрықтың тіндеріне түсетін нәрлі заттардың көлемі физиологиялық қалпынан төмендейді, мұның өзі айы, күні толық болғанымен гестациялық жасына сай емес салмағы аз баланың дүниеге келуіне себепші болады. Пренатальды гипотрофия органдардың функциялық жағынан жетілмеуімен ұштасуы мүмкін. Егер ананың денсаулығы дұрыс болып, жүктілік кезеңі дұрыс өтсе, плацента өзі тамаша биологиялық барьер болып табылады, ұрықтың өмірін түрлі инфекциялардан жеткілікті түрде қорғайды. Сонымен қатар ана организмінен ұрық организміне G-иммуноглобулинның трансплацентарлық тасымалдауы (пассивтік иммунитет) қорғаныс механизмнің бірі болып табылады. Жүктілік кезеңінің 26-шы апталығында ұрықтың сары суындағы G-иммуноглобулинның деңгейі, ана қанындағы мөлшерімен тең келеді. Дегенмен патологиялық факторлардың әсерінен плацентаның өткізгіштігі артып, вирустық инфекция мен микроб токсиндерінің енуіне жағдай жасайды, сондықтан соңғы фетальды кезңнің қауып факторы құрсақ ішіндегі инфекция болып табылады. Фетальды кезеңнің соңғы күндерінде құрсақ ішіндегі инфекция спецификалық зақымданумен ерекшеленеді, ол ұрықта барлық марфологиялық және клиникалық белгілермен сипатталатын кәдімгі инфекциялық процесті тудырады.

Интаранатальды кезең қағанақ суы аққаннан бастап, кіндік қысқанға дейін, шамамен 4-18 сағатқа созылады. Тууға талпынған ұрыққа айтарлықтай жүктеме түседі. Сәбидің дені сау болып, дұрыс туған жағдайда оның органдарына, жүйелерінен зақым келе қоймайды, ал егер анасының соматикалық және акушерлік патологиясы болса, босануы кешігіп келсе не жылдам болса, жатыр-плацентарлық қан айналысы бұзылуының салдарынан гипоксияның пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар ұрық туар кезде жарақаттануға, түрлі микробтарды жұқтырып алуға бейім болады.

Физиологиялық жағынан дұрыс дамыған, дені сау сәби дүниеге келу үшін ананың денсаулығы, жүктілігінің қалыпты өтуінің, дұрыс тамақтанудың, тұрмыс жағдайының қолайлы болуының маңызы зор.

Құрсақтан тыс саты баланың туған күнімен бастап, 28-ші күнге дейін созылатын неонатальды кезеңнен басталады. Мұның өзі БДСҰ (ВОЗ) -ның классификациясы бойынша 2 топтама кезеңге бөлінеді.

1. Ерте неотальды кезең - кіндік кескеннен баланың 7 күндік жасына дейінгі кезең.

2. Соңғы неонтальды кезең - өмірдің 8-ші күннен 28 күніне дейінгі мерзім.

Ерте неонтальды кезең нәресте үшін ерекше қыл кезең болып саналады, себебі өмірдің алғашқы минуттарында, күндерінде бала организмінің жаңа ортаға бейімделуі (адаптация) басталады. Жаңа тіршілік ету жағдайында тыныс алу, қоректену түрлері өзгереді, кіші қан айналыс шеңбері өзінің функциясын атқарады, фетальды шунттары жабылады, энтеральды тамақтануға ас қорыту бездерінің қызметі күшейеді. Бұл уақытта жаңа қоршаған ортаға бейімделуге байланысты пайда болатын жағдайларды парафизиологиялық немесе шекаралас деп атайды. Туғаннан кейінгі 1 - 2-ші күндері нәрестенің денесі қызарады (физиологиялық эритема), содан кейін ұсақ пластинкалар күйінде немесе кебек тәрізді қабыршақтану пайда болады. Жаңа туған балалардың барлығы дерлік алғашқы 3-4 күннің ішінде - ақ салмақтарының 5-6 %-тін жоғалтады, бұл организмдегі катаболикалық процестердің күшеюінен болады, сонымен қатар бала дем алу арқылы, терісі арқылы бойындағы судың белгілі бір мөлшерін жоғалтады. Жоғалған салмақ өмірінің 8-10-шы күндерінде ғана қалпына келеді. Адаптациялық жағдайларына физиологиялық гипербилирубинемия да жатады, бұл өмірдің алғашқы 2-3 күндерінде энзим жүйелерінің жетілмеуінен фетальды эритроциттердің ыдырағаннан кейін еркін билирубиннің қанда, тіндерде шамадан тыс жиналуынан пайда болады. Осындай еркін билирубиннің қандағы концентрациясы 51-60 мкмоль/л дейін жеикенде бала денесі сарғаяды. Мұндай құбылыс туғаннан кейінгі 3-4-ші күні басталып, 7-8 күні аяқталады. Баланың жалпы хал жағдайы өзгермейді. Шекаралық күйге жыныстық криз жатады, нәрестенің қай жынысқа жататынына қарамастан сүт бездері үлкейіп ісінеді. Бұл құбылыс баланың 8-10 күндік жасына дейін шарықтау шегіне жетіп, көп жағдайларда сүт бездері сүтке ұқсас секрет бөледі. 1-2 аптадан кейін сүт бездерінің ісінуі өздігінен қайтып қалпына келеді. 5-6 күндік қыз балалардың жыныс жолдарынан қанды сұйық бөлініп, екі-үш күннен соң өздігінен тыйылады. Нәресте организмінде пайда - болатын мұндай құбылыс ана организмінен ауысқан жыныс гормондарынан арылу кезінде пайда болады.

Неотальды кезеінің соңында қолайлы қолайлы жағдайда өскен, дұрыс тамақтанған сау бала салмағын қосады, иммунологиялық, метаболикалық және функциялық жағынан жетіледі. Көп ұзамай сыртқы орта мен баланың арасында күрделі қарым-қатынас басталады, шартты рефлекстер, орнықтыру реакциялар пайда бола бастайды. Көзіне көрінген немесе құлағына естілген кез-келген жаңа дыбысқа елеңдеп, басын сол жаққа бұрып ала қояды да, еріксіз қозғалыстары басылады, көз алмай аңдыйды, мұндай уақытта жүрек соғуы да, өзгеріп отырады. 3-5 апталығында өзіне үн қатқан адамға кәдімгідей езу тартарды. Неонатальды кезеңнің соңында кездесетін ауруларға, түрлі ірінді қабынулар, сепсис, оның ішінде жергілікті түрлері және бүкіл организмге тарайтын түрлері жатады.

28-күннен 1 жасқа дейінгі аралықты балалықтың үшінші немесе постнатальды кезеңі. Бұл кезеңге мынадай ерекшеліктер тән:

1. Анаболикалық процестердің басымдылығымен жоғары деңгейдегі өтетін организмдегі зат алмасу арқасында баланың бойы тез өсіп, салмағы көбейіп жалпы дене дамуы артады.

2. Моторлық және статикалық функцияларының жетілуі. Әуелі басын көтеріп үйренген бала, кеіннен жан-жағына мойын бұрады, аунайды, сонан соң отырып, еңбектеп тұрады, жүре бастайды.

3. Жоғары нерв қызметінің ажыраттану мен интеллекттің дамуы жүреді.

Жаңа шартты рефлекстер пайда болып, эмоциялық жағынан байи түседі. 4-айлық бала қатты күле алады, ашуланғанын түрімен немесе айқаймен білдіреді.

Бір жасқа толғанда бірнеше сөзді біліп, сөйлей бастайды, тіпті кей жағдайда еліктіру қимылымен білдіреді, «сау бол» дегенге қол бұлғайды. Постнатальды кезеңнің де өзіндік «әлсіз» жақтары бар, оған ас қорыту, тыныс алу органдарының әлі жетіле қоймауы, ферменттердің өз күшінде болмауы, секреторлық А-иммуноглобулинның мөлшерінің жеткіліксіздігінен барьерлік функциясының әлсіздігі жатады. Сондықтан балалар организмі ішек әне респираторлық инфекция сияқты ауруларға бейім келеді, дене шынықтыру, гигиеналық талаптарды қатаң орындап отыру және табиғи (ана сүтімен) тамақтандыру арқылы ғана осы аурулардың алдын алуға болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі аралықта баланың бойы өсуі баяулап, еті толады, қимыл қозғалысы ширай түседі. Екі жастағы бала баспалдаққа демеу арқылы көтеріледі, жүгіре алады. Сөздік қоры молайып, тілі байиды, сонымен қатар еліктегіш келеді. Баланы шынықтыруға, гигиеналық дағдыларға осы жаста үйреткен дұрыс. Көпшілік ортамен қарым-қатынасы кеңейген сайын жедел респираторлық инфекциялармен ауыра бастайды.

Үш жастан 6 жасқа дейін мектеп жасына дейінгі кезең. Үш пен бес жастың аралығында балалар көбінесе жүдеп сылынады, күші, қағылездігі, ептілігі артады. Коньки тебу, велосипед айдау, суретсалу, билеу сияқты өнерлік шеберлігі жетіледі. Сүт тістері біртіндеп түсіп, оның орнына тұрақты тістер өсе бастайды, интеллектің дамуы жалғасады. Үш жасында өзінің жасы мен қай жынысқа жататынын айта алады. Бес жастағы бала өз ана тілінде еркін сөйлейді, өзге тілді де жақсы игеруге бейім, тақпақ жаттап, үйренген ертегісін айтып бере алады. Негізінен ойнау арқылы айналадағы әлеммен танысады, еңбек дағдыларға үйренеді. Бұл кезеңдн балалар жұқпалы, аллергиялық аурулармен жиі ауырады. Осы кезеңнің соңында өздерінің дене және интеллектуальды даму жағынан мектепке баруға дайын болулары керек.

Жеті жастан 11 жасқа дейін кіші мектеп жасындағы кезең. Бұл кезге бала бойының бір қалыпты өсуі, бұлшық жүйесінің, қаңқа дамуы, қимыл-қозғалысының біршама арта түсуі сияқты ерекшеліктер тән. Омыртқа бағанасы иілгіш болғандықтан партада дұрыс отырмауы оның қисаюына әкеледі. Жоғарғы нерв қызметі дамып, дүние танымы кеңейеді, төзімі артып, мінезі қалыптаса бастайды, ұжыммен өмір сүруді үйренеді. Бұл кезеңде кездесетін ауруларға: миопия, дене сымбатының дұрыс қалыптаспауы, тіс кариесі, ас қорыту жүйелерінің аурулары жатады. Өлімнің негізгі себебі жарақаттар болады.

Мектептегі ересек жасын препубертаттық және пубертаттық деп атайтын екі кезеңге бөлген жөн. Қыз балалар үшін 10 жаста, ер балалар үшін 12 жастан бойы өсуінің препубертаттық тездетуі байқалады. Дәл осы жылдары екінші реттегі жыныстық белгілері пайда болып, жыныстарына байланысты дене құрылысы айқындалады. Препубертаттық кезең психологиялық даму жағынан ең бір қиын кезең болып саналады. Өзіндік мінез пайда болып, ата-анасына, құрбы-құрдастарына басқа көзқараспен қарай бастайды, мұндай кезде жиі шамданып, қақтығыстар конфликт, тіпті өзін-өзі өлтіретін жағдайлар да суицид кездеседі. Пубертаттық кезеңде эндокринді жүйелері қайта құрылып жыныстық дамуын одан әрі жетілдіріп, жасөспірімдердің кәмелденуіне әкеледі. Сонымен қатар ақылы толып, әр нәрсеге өз дәрежесінде баға беретін сана-сезімдігі, имандылығы, ерігі қалыптасады. Жоғарғы класс оқушыларында вегетативті-эндокриндік реттелуінің тұрақсыздығы, жүрек-қантамыр, нерв жүйелерінің қызметінің уақытша бұзылуы, психоневроз, жыныстық органдары жағынан ауытқулар жиі кездеседі.

  • Әдебиет:
  1. Детские болезни. Под ред. Баранова В. Н. - М. : Медицина, 2006. - 1234 с.
  2. Шабалов Н. П. Детские болезни: Учебник для студентов педиатрических факультетов медицинских вузов. - СПб: Питер, 2007. - 1088 с. (серия «Национальная медицинская библиотека»)

3. Бадалян, Левон Оганесович. Невропатология: Учебник/Л. О. Бада-лян. -3-е изд., перераб. и доп. -М. : Академия, 2006. -398с. :ил. - (Высшее образование) . - (Классическая учебная книга)

4. Под ред. Ю. Ю. Елисеева. - Справочник семейного доктора/ М. : Эксмо, 2006. -1040с.

5. Хабижанов Б. Х. Хамзин С. Х. Педиатрия. Алматы, Білім, 2005. - 318 с.

6. Ю. И. Борашнев. Перинатальная неврология -М. : 2006, стр. 638.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі жастағы балалардың орталық және шеткі жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелктері
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Дефектология негіздері
Жас ерекшелік физиологиясы
Туғаннан кейінгі кезеңдер
Түйсік пен қабылдау
«Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері»
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулары
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz