Батик – мата бетіне сурет салу


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

1. 1. °ð ò¾ðëi техникамен мата бетіне композициялық бейнелер орындау жолдары

Батик - мата бетіне сурет салу болып табылады. Батиктің бірнеше түрі бар:

а) суық батик

ә) ыстық батик

б) түйілу арқылы жасалатын батик.

в) қыздыру арқылы жасалатын батик

г) еркін жазба.

Суық батикті жасау әдістемесі келесіден тұрады: матаны жіптердің не болмаса түйіргіштердің көмегімен рамаға кіреді, не болмаса арнайы кергішке тартады. Суреттердің контурлары матаға қаламмен салынады. Жұмысқа қажетті жиектейтін сұйықтықты (резерв) шыны болмаса фарфор ыдысқа құйып алады. Жиектейтін сұйықтықты арнайы түтікшеге сарып құяды. Сұйықты сору үшін резина сорғыз (груша) пайдаланылады. Түтікшенің ұшын матаға тигізіп қаламмен салған іздер бойынша белгілеп шығады. Контур сызығы міндетті түрде тұйық болып белгілену керек. Тұйықталмаған жағдайда бояу матаның бетіне форманы сақтамай жайылып кетеді. Жиектейтін сұйықпен сызып біткеннен кейін матаны ауаға толық кептіру керек (40-50 мин. кеш емес) . Содан соң контур сызығының тұйықтығын тексереміз. Ол үшін сызықтардың түйісетін жерлеріне 1-2 тамшы шампунь қосылған суды қылқаламмен тигіземіз. Егер сызық тұйықталмаған жағдайда 2-3 минуттан кейін су ашық жерлерден жойылып, шекарадан өтіп кетеді.

Бұл жағдайда қылқаламмен ашық жерлерді белгілеп матаны кептіреміз. Матаның астынан да жүргізуге болады. Сызықтардың дұрыстығы тексерілген соң бояу кешуге болады. Бояу үшін арналған сұйықтық өте жоғары қоюлықты болады. Сондықтан оларды сұйылту үшін бір шай қасық соданы бір стакан жылы суға ерітіп дайындаймыз. Ал, қара бояуды сұйылту үшін жарты шай қасық соданы ерітеміз. Жұмысты бастамас бұрын сода ерітіндісімен бояуды бірде-бір етіп араластырамыз. Бояудың түсінің қажеттілігіне байланысты ерітіндімен бояуды қажетті мөлшерде бір-бірімен біріктіріп қолдануға болады. Бірақ, дайын қоспаны екі күннен артық сақтауға болмайды. Дайын бояу ерітіндісін мата бетіне қылқалам көмегімен немесе домаланған мақтаны ағаш таяқшаға орап қодануға болады. Ереже бойынша бірінші ақшыл жерлерінен бастап, кейін өою жерлеріне ауысамыз. Ерітінді мата бетіне оңай жайылады, үлкен аумақтарды бояу кезінде (орамал жиектері, фон) әсіресе, табиғи жібекпен жұмыс жасағанда үлкен аймақтарына дымқыл матамен жағып шыққан дұрыс. Дайын жұмысты кептірген соң матаны рамадан шешіп булау керек. Ол үшін жұмысты матаға не болмаса қағазға (газетке емес) боялған жерлері бір-біріне тимейтіндей қылып ораймыз. Жұмысты еркін орауға болады, бірақ ең сыртындақағаз болуы қажет.

Булауды түбіне су құйылған үлкен ыдыста, шелек немесе бакта орындауға болады (су көлемі ыдыс түбінен 5 см артық болмау керек. ) Бактың екі құлағына синтетикалық типтерді керіп үстіне оралған матаны қояды. Бактың қақпағын жоғары және төменгі жағынан екіге бүктелген түкті сүлгімен жабамыз) Бакты отқа қоямыз. Егер жұмыс 2-3 бүктелген кіші көлемді және бірнеше рет оралған болса булау 60-90 минутқа созылады. Булау біткеннен кейін дайын жұмысты ашып асты-үстінен ыстық үтікпен артық болмайды. Келесі кезеңде жұмысты бірінші салқын сумен, сосын қолмен ыстық сумен сабындап жуамыз. Табиғи жібек матаны жуғаннан соң бөлме температурасында сірке суында ерітіндісінде 10 минут көлемінде әрлейміз. (2 ас қасық 9 % сірке суы 1 лирт суға) .

Мақта, вискозадан жасалған маталарды қолмен жуғаннан кейін 5 минут көлемінде екі қайтара түсті маталарға арналған кір жуатын ұнтақ қосып қайнатамыз.

Жұмысты дымқыл кезінде бірінші ішінен, сосын бет жағынан үтіктейміз.

Ыстық батик әдісінің суық батиктің әдісінен айырмашылығы, жиектейтін сұйықтың орнына ерітілген балауыз (парафин, стеорин не болмаса солардың қосындысы) қолданылады. Ыстық балауызды қылқаламның, мыс суқұйғыштың көмегімен матаның ақ болып қалатын жерлеріне жағамыз. (Жаққан балауыз мөлдір не қоңырқай болуы керек) Сосын матаның үстіне суйық бояу ерітіндісін жағамыз. Матаны кептіргеннен кейін балауызбен ашық болып қалатын жерлері алдыңғыдан қоюлау түспен боялады.

Жиектеу, бояу кептіру кезеңдері бірнеше рет қайталанып қара бояудың жағалауымен аяқталады.

Кептіріліп болғаннан кейін балауыз матаның бетінен қағазды бірнеше рет және ішінен қою арықылы алынады. Газет парақтары сіңген балауыз көлеміндей болып ауыстырылады. Боялған қабат мұндай жұмыста балауыздың қалдығымен дымқыл ауа арқылы сақталады. Сондықтан, мұндай жұмыстарды буламай-ақ қоюға болады және бояуға арналған ерітіндіні сода ерітіндісінде емес жай суда сұйылтуға болады. Егер бұл жұмыс күнделікті қолдануға арналғна болса. (мысалы, киім элементі ретінде) оны суық батик әдісіндегідей булап, жуық, 3-4 рет 10 минут кір жуатын ұнтақ ерітіндісінде қайнату керек. (құрамында ағартқышы жоғымен)

Түйілген батик дегеніміз - түйіндермен байланысқан матаны бояу. Мата немесе трикотаждық бұйымды бүктеп, синтетикалық жіппен байлаймыз, яғни, байланысқан жердегі бояу мата бетіне қиынырақ өтетіндей етіп. Бұл жерлер еркін бөліктерден қатысты араласуы керек, боялатын ерітінділер оңай өтетіндей етіп. Ал содасының ерітіндісімен сұйытылған бояу ерітіндісін бұйымға немесе матаға үлкен қылқаламмен жағамыз.

Бірінші жарық ерітіндіні, сосын оған қарағанда қоюлау ерітіндіні. Дымқыл матаны немесе бұйымды ыстық духовкада немесе арнайы шкафта кептіреміз. Содан кейін синтетикалық жіпті шешіп, түйіндерді түзетеміз. Бұйымды астынан және үстінен үтікпен үтіктейміз. Шкафтағы кептірумен үтіктерді булаумен ауыстырамыз. Осыдан соң бұйымды сумен шайып, сабындап жуамыз.

Қыздыру арқылы жасалатын батик - бұл матаға өрнек салудың ең қарапайым түрі. Алдын-ала матаны сулап, дымқыл матаны жоғары тесператураның үстіне орналастырамыз. Оны майда қабаттармен ораймыз, қылқаламмен бояу ерітіндісін жағамыз. Матаға жұқа қағаз жауып, үстінен ыстық үтікпен матаның бір бөлігінен ақырын, кепкенше жүргізіп отырамыз. Осыдан соң матаны аудармай-ақ үстінен үтіктейміз. Матаны буламай-ақ сумен сабынмен жуамыз.

Еркін жазбаға шетін жиектейтін сұйықтық, яғни, бояудың мата бетінде жайылуынан сақтайтын сұйықтық қажет емес. Бірақ, бұл сұйықтықсыз анық сурет салу қиын, ереже бойынша еркін жазба алдында мата бетіне ас тұзының концентрациялық ерітіндісін қолданамыз. Ерітінділермен эмульсиялар жоғары молекулалық бірлестікте. (крахмал, ПВА, КМИ) . Ұсынылып отырған бояу жинағына бәрінен бұрын шаруашылық дүкендерінде түс қағаз суда тез ериді, қылқаламның көмегімен сұйық желімді мата бетіне жағамыз, матаны кептіреміз. Жұмысты тура қағазға акварель бояуымен жасағандай етіп орындаймыз. Булау жоғарыда айтылған әдіспен жасалады. Бірақ жуу матадағы суға еріген желім болғаны үшін ұзаққа созылады.

Мата өнеркәсіпте киім-кешек тігу, төсек-орын жабдықтарын тігу кезінде кеңінен қолданылады. Бұл тұрмыстық мата жатады. Сонымен қатар тігілетін киім түрлеріне қарай арнайы және тезникалық мата түрлері де қолданылады. Олардан апорт киімдері, үй жиһаздары, қорғаныс киімдері, қолшатыр, ойыншық, парашют дайындалады.

Маталар құрамына, құрылысына, өңделуіне, сырт көрінісіне және тігу, жуу тазалау кезінде өңделу жұмыстарына байланысты түр-түрге бөлінеді.

Мата талшықтан тұрады. Талшықтар шығу тегіне қарай табиғи және қоспалы болып екіге бөлінеді. Табиғи талшықтарға өсімдік (зығыр, мақта т. б. ) талшықтары жатады. Химиялық талшықтар әр түрлі шикізаттың қосылуынан (мұнай, табиғи газ, тас көмір т. б. ) алынады. Маталарды көбінесе мақта мен зығыр талшықтарынан дайындайды. Мақта маталарын өндіру тоқыма өндірісінің ішінде бірінші орын алады. Елімізде мақта өсіретін бірден-бір аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы болып саналады.

Мақта - бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаны мата, тоқыма бұйымдар, тігін жіптер дайындауда кеңінен қолданылады.

Мақта мата мықты, жұмсақ, жеңіл келеді. Мақта мата біркелкі иірілген жіптен тоқылады, оның беті тегіс болады. Бұл маталар негізгі жіп арқылы созылып, жуылған кезде сол арқылы отырады.

Қоспа маталар жылтырлау, тайғақ, тез сетінейді, тез қарыстанады.

Жазбаға ең ыңғайлы маталар жұқалау мақта-мата және жібек мата: шыт, бөз, сәтен, поплин, бәтес, туаль, крепдешин, шифон.

Жазбаны жасанды және синтетикалық талшықта орындауға болады, мұндай жағдайда дисперсті бояғыштар қолданылады.

Жазбаны орындаудың өзіндік ерекшеліктері - тез орындалуы және бояудың ашықтығы мен боялған матаның қатпарлануында. Матаға сурет салу ісіне балалардың сүйіспеншілігін ояту керек. Бұл мата өте жұмсақ, оның бетіне өте ерекше әдемілікпен, әсемдікпен жайылады.

Педагогтың міндеті - балаларға жазба дағдысын қалыптастыруға көмектесу.

Жұмыстың тапсырмаларымен мақсаты - оқушылардың матаны жазбамен көркемдеу, әртүрлі техникасын меңгерту, еркін жазбаны қосқанда, бандан, суық батик, ыстық батик, кракле.

Жұмыстың негізгі тапсырмалары:

  1. Матаны жазбамен көркемде, әдісінің даму тарихымен танысу.
  2. Жазбаға арналған бояулармен және жиектейтін сұйықтықтың дайындалуын үйрену.
  3. Жазбаға арналған матаны рамаға керуге және сурет долбарынан толық жұмысқа көшуде игерту.
  4. Үлгілерді техникада орындау:

а) еркін жазба.

ә) еркін жазба тұз қоюымен.

5. Бандан техникасымен игеру, үлгілерді орындау.

6. Суық батик техникасын игеріп, үлгілерді орындау.

7. Ыстық батик және кракленің теоретикалық жазба әдістерін оқып білу.

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Біз матаны жазба арқылы көркемдеу тарихының дамуымен танысып, сосын жазбаға арналған бояулар туралы оқуға көшеміз. Мата ассортиментімен жұмысқа жарамды бояу түрлерін оқып үйрену бір мезгілде жүреді. Бояуғыштардың ішіндегі елеулілері - қышқылды, негізгі, кубокты, дисперстық және белсенді соңғысы оптимальды жазбаның барлық техникасына жарайды.
  2. Мата жазбасына арнайы ілмегі бар ішінен реттеп тұратын рама болады. Көркемдік графикалық мата факультеттің шеберханасы мұндай кәсекпен жабдықталмаған болса, онда жай кезекті (раманы) қолдануға болады. Матаны кергенде бірінші ортасынан, оған қарама-қарсы жағын, кейін арасын 3-5см. етіп кнопкамен кереміз.
  3. Бояу тек қана көлбеу жазықтықта жайылады, сондықтан рама ылғи да көлбеу тұруы қажет.
  4. Керілген рама суық батикті жиектейтін сұйықтықпен сызық арқылы қоршалады.
  5. Матадағы кескіндеменің ерекшеліктері:

а) бояудың мата бетіне жайылуы.

б) қағаздың өте үлкен болмауы керек.

Акварельді сыр-шырай мөлдір, ақ қағаз жарықты өткізгіш болғандықтан бояу түсіг ағартып жібереді. Жазбадағы анимендерді мата тез сіңіреді. Сондықтан жазбадағы қанық түс пен реңді бояуға су қосу арқылы ғана төмендетуге болады.

  1. Матаға хат жазуда екі палитралық болуы керек. Бояулар бірінші пластмассалық палитрада араласады, сосын бояу матаның әр түрінде әр түрлі түс беретіндіктен бояуды матаға жағып көреміз.
  2. Еркін жазбада қылқалам ретінде әр түске арналған тампондарды қолдануға болады. Егер бояу мата бетінде нашар жайылса, онда спирт қосамыз. Көбінесе, керісінше, жұқа матада бояу тез жайылады, анықталған суретті салу мүмкін емес.

Мұндай жағдайда еркін жазба жұмыстардың техникаларында бірнеше нәсілдер бар.

  1. Тұз қосылғандағы еркін жазба.

Рамаға керілген матаға тұз ерітіндісін жағып, кепкен соң бояулармен жазылады. Тұз түйіршіктері бояудың жайылуына жол бермейді.

Тұз қоюлығында суреттің үлкен бөліктерін тегіс бояуға болмайды, матада қылқалам мен тампонның іздері көрініп тұрады.

Әр түрлі матаға тұз ерітіндісі әр түрлі концентрацияда дайындалады.

Капрон үшін - 20-30%

Мақта үшін - 30%

Жүн үшін - 15%

Еркін жазбаның екінші тәсілі-бірнеше рет жазылған жазба. Мата сумен ерітілген анилинмен жазылады, бірақ бірнеше рет түсті, кепкен соң қылқаламмен сурет бояудың кішкене бөлігімен анық түстер арқылы анықталады. Матадағы бояу бөліктері келесі бояу қабатын кішкене ағынды етіп жасайды. Рас, мұндай жағдайда мазка алу мүмкін емес. Бояудың келесі қабаты кепкен соң, өте қызық сәндік эффект береді. Еркін жазба мен суық батиктің бірігуі өте қызық. Суық батик элементтері ыстық батиктің «дақтан» деген жұмыс әдісінде қатысады.

Бандан әдісінің жазбасы. Бұл әдіс келесілерімен аяқталады: матаның кейбір бөлшектері бояуға әсер ететіндей жіңішке балауызданған жіппен тартылып жиектеледі, содан кейін бояулы мата жиектегішке түсіріледі. Не болмаса, қылқалам және мақтатампонының көмегімен боялады. Техникалық мүмкіндіктердің әдісі үлкен емес, ол арқылы матаның әр түрлі бағыттағы қоршалған және түзу сызықтарын қайта өңдеуде болады. Мата қатпарындағы аққан бояулар өте ғажайып эффект береді. Бұл әдісті оқушылар жақсылап оқып алуы керек. Себебі: ол мектептің үйірмесінде оқушымен жұмыс жасағанда жұмыста көбірек қолданылуы мүмкін. Банданға рама керек емес. Мата бөлігіне сызықтар мен шеңберлерден геометриялық суреттер салынады. Аралары мүлдем ашық және жақын болмауы керек. Сосын мақта оралған жіппен немесе анығырақ балауызды шеңберлер, қоршалған түзуімен сирек қоршалады. Бұл үшін біз шеңберлер, қоршалған түзуімен сирек қоршалады. Бұл үшін біз шеңберлер ортасынан көну биіктігін жасаймыз және топталған шеңбер санына байланысты оны бірнеше жерлерден ораймыз. Оралған сызықтың ені шамамен

1 см. Суреттің әрбір сызығын жіп тігістері арқылы жинап, «алда ине» деген әдіспен өте майда тігістермен жиналған матаны жиырып және үстінен сызық қалыңдығы 1 см. болғанша үстінен бірнеше рет тігеміз. Осындай нұсқамен жіпке таңылған және жиналған матаны 1-2 мин. бояу ерітіндісіне түсіруге болады немесе қылқалам және тампондармен жазуға болады. Жазбадан соң мата кептіріледі, тек сол кезде ғана жіптер қырқылып матадан алынады. Матаны үтікпен үтіктейміз.

Суық батик - бұл матаны жазбамен көркемдеу әдісі. Мұнда матаның түсті бөліктерінің шекаралары жиектейтін сұйықтықпен жіңішке тұйықталған сызықтармен бөлінеді. Суық батиктің өзіндік ерекшелігі осы айқын сызықтардан тұрады, бірақ, соңғысы композициялық ойлауға кедергі жасаса, онда оны тұншықтыру әдісі бар. Техниканың бейнелік мүмкіндігі өте зор - қолданатын түстер саны шексіз, жіңішке детальдармен қайта жасауға болады.

Долбар дайын болғанна кейін, жобаның сызықтығы тұйықталуына байланысты суреттің түсті бөліктері белгілі бір әдіспен матаға көшеді. Соңғысы рамаға дұрыс керілуі, сосын жобаның жиектейтін сұйықтықпен жиектеуге көшеміз. Ол үшін арнайы шынылы труба, оның жиектегіші және жіңішке ұшы болуы керек. Бұрыштың көлденең қалыңдығы 135° құрайды. Жіңішке ұщтың қабырғалары жұқа болуы керек. Оның диаметрі мен қабырғаларының қалыңдығы сызық жиегінің қалыңдығына сай болады.

Енді суық батикке арналған жиектегіш құрамы туралы. Оны дайындау қиын емес. Ол үшін жабылатын металды герметикалық ыдысқа 500гр. Резина желімін құямыз, 100гр ұсақталған балауыз және 4 гр канифолды қосамыз, осы қоспаға 500гр. бензин құямыз және араластырып суға салып, тоқ плитасына қоямыз.

Қоспа, қайналған суда 10-15 мин. тұрады. Қақпағын қатты жаппау керек, будың күшімен бензин өте қатты күшпен ұшып кетуі мүмкін.

Жиектегіш сұйықтықты сабақ кезінде дайындау қажет және ол дайын болған соң бір тәулік тұруы қажет. Егер құрам қоюланып кетсе, бензинмен сұйылтуға болады, бірақ ол да уақытша. Жиектегіш сұйықтықты түрлі-түсті етіп жасауға болады. Ол үшін сәл ғана бензинмен сұйылтылған, дымқыл қағазда майсызданған майлы бояуды қосамыз. Бірақ түсті жиектегіш көпке шыдамайды, тек қана краппак қосылған жиектегіш қана көпке шыдайды, қалғаны майлы бояу құрамымен бір-біріне әсер етеді. Ол қоспа ұйыған сүт қоспасына айналып кетеді.

Құрамды шынылы трубаның жартысына дейін құйып, суретті жиектеуге көшеміз. Қоршауды мата бетіне қойылған қағаз парақтарынан және судан кейін ғана түтікшелі матаға көшіреміз. Бұл жұмыстың жойылуынан сақтайды. Жиектегіш сұйықтық матаға түгелдей жақсы сіңуі керек, сондықтан тұйықталған бөлшекті қоршай отырып тексеру тиімді. Жиек сызықтары бояуды ұстай ма, ұстамай ма? Ол үшін таза суға малынған қылқаламмен тұйықталған бөліктің ішіне жағып шығамыз. Бірнеше минуттан кейін жиектің сыртына су шықпаса, жиек сызығы бояуды жақсы ұстайды. Егер су жиек сызығынан шығып кетсе, онда жиектеуді мата кепкен соң келесі бетінен қайталауға болады. Осыдан кейін ғана бояу жағуға көшеміз.

Суық бөлшекті жиекпен қоршау арқылы күрделендіруге болады. Мұндай жағдайда суретсызығы көрінбейді. Кепкен жұмысты екінші рет қайталап жазуға болады, бұл үшін мөлдір жиектегіш алынады. Сурет композициясына байланысты керек жерлеріне толықтырушы көріністермен байытады. Жұмысты аяқтаған соң жиектеуге арналған түтікшені бензинмен шайып, суы бар стаканды сақтайды. Егер түтікшені ішінде қоспа кеуіп, ластанып қалса, оны жіңішке сыммен тазалайды.

Оқушыларға эстетикалық тәлім-тәрбие беру, олардың бойындағы қабілет-дарынды ұштау қазіргі жаңарған, бетбұрыс заманымызда ерекше жолға қойылып отыр. Ал бейнелеу өнері - оқушыларға эстетикалық тәлім-тәлбие беретін пәндердің бірі. Ендеше, әсіресе қазақ бастауыш мектептерінде бұл пәнге қойылар талап «негізгі» деп аталатын сабақтардан кем болмауға тиіс. Өйткені қазақ бастауыш мектептерінде оқитын балардың көпшілігі балабақшаға бармаған диқандар мен малшылардың балалары болып келеді. Сондықтан да мектеп табалдырығын алғаш аттанған сәбилер үшін мұғалім жарық көзі ғана емес, сонымен қатар жылу көзі де.

Мемлекттік машықтануда 3-сынып оқушыларының бейнелеу өнері пәні бойынша білім-білік деңгейін анықтау мақсатымен Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан аулының М. Әуезов орта мектебінде эксперименттік жұмыстар жүргіздім. Осы мектептің 3-сынып оқушыларымен алдын-ала әңгіме өткізіп, бейнелеу өнері пәнінен баланың оқу жылы бойында алған білімін анықтау жүргізілетінін ескерттім. Бірақ, белгіленген уақытта сынып сабақ өткізуге дайын болмай шықты. Солай бола тұрса да үшінші сыныпта бейнелеу өнері пәнінен сабақ жүргізілді. Қажетті материалдар мен құралдар болмағанына қарамай, бірі қаламмен, бірі қарындашпен сурет салуға кірісіп кетті.

Оқушылардың сурет салуға деген ықыласы мен қызығушылығы тым жоғары. Осындай сәттегі балалардың сурет өнеріне деген ықыласы мен сенімін, күш-қайраты мен сезімін жоғалтып алмай, әрі қарай дамыту, жандарына түсу мұғалімнің ізденушілігі мен ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты.

Сабақ өту барысында мектептің мұғалімі міндетті түрде дайындық өткізуге тиісті. Әсіресе, бейнелеу өнері пәні үшін қажетті материалдар мен құралдар алдын-ала дайындалып қойылуы қажет. Олай болмаған жағдайда бейнелеу өнері пәні өз деңгейінде өткізілмейді.

Осыған орай, қазіргі бейнелеу түрі бағдарламасының басты бұлағының көзін ашушы, 29-қараша, 2003жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасында былай делінген: «Ұлттық мәдениетті көтеру дегеніміз - ұлттық тарихын көтеру арқылы ұлтшылдыққа бет бұру емес. Біз көп ұлтты мемлекетте өмір сүріп отырмыз, сондықтан біз барлық халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімімен қараймыз.

Біздер бойымызға қазақ халқының негізгі рухани-мәдени құндылықтарын, дәстүрлерін дамытқанбыз. Қазақтың басына түскен қиын-қыстау шақтар қазақ мәдениеті мен тілін қорғаған сіздердің үндеріңіз халықтардың ұлттық-мәдени біртектілігін сақтау үшін шешуші мәнге ие болды. »

«Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі арқауы «халық өнері-халық мұрасы» деген қағида болды.

Мектепте жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беруде, оның ішінде өз халқының өнерін жете білуге, тәрбиелеуге қазақ халқының тұңғыш қылқалам шебері, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, 100-нан астам туынды авторы Ә. Қастеевті бейнелеу өнерінің атасы ретінде мектептің оқу бағдарламасында неге кіргізбеске.

Баланы жастан деп бабаларымыз айтқандай, бейнелеу өнеріне жасөспірімдерді 1-сыныптан үйретіп, оқытады екенбіз, демек, көрнекілік принципіне сай, яғни «көрсетіп оқыт» дегім келеді. Құрғақ сөзбен берілген білім бала үшін негізсіз, нақты бір түйіні жоқ, мардымсыз, жалған білім болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыстық батик
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу әдісі
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу
Батиктің негізгі түрлері, орындалу әдістері мен оған қажетті материалдар
Батик өнері
Бейнелеу өнері және батик
Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі
Батик өнерін үйрету әдістемесі
Батик өнері арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру
Аэрографиямен матаны бояу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz