Әртүрлі психологиялық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 Медицина факультеті

Емханалық терапия және арнайы клиникалық пәндер кафедрасы

«Коммуникативті дағдылар- 1 » - пәні

Сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 11

Тақырыбы: Әртүрлі психологиялық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу,

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

5В130200 «Стоматология»

Курс: І

Құрастырғандар: оқытушы Джуманова Г. А.

Оқытушы Меирбекова А. А.

Түркістан 2011-2012ж.

№11 Таќырыбы: Әртүрлі психологиялық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу.

Маќсаты

• студенттерге науқастың психологиясы туралы түсінігін қалыптастыру;

• Науқастың психикалық ерекшелігін қалыптастырып оның маңыздылығын түсіндіру;

• дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптарды қалыптастыру;

• пациенттермен медициналық интервьюдің жүргізілуі және оны қалыптастыру;

Оќыту маќсаты:

Студент білуге тиіс

* Студенттердің науқастың психологиясын және оның мінез-құлықтары туралы тусініқтерді меңгеру.

* Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптарды қалыптастыруды үйрену.

* Әртүрлі психологиялық мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастардың ауруын анықтау үйрену.

* Мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен дәрігерлердің қарым қатынасын қалыптастыр

Студент істей алуға тиіс

• студенттерге науқастың психологиясы туралы түсінігін қалыптастыру;

• Науқастың психикалық ерекшелігін қалыптастырып оның маңыздылығын түсіндіру;

• дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптарды қалыптастыру;

• пациенттермен медициналық интервьюдің жүргізілуі және оны қалыптастыру;

Таќырыптың негізгі сұраќтары:

1. Науқастың психологиясы, аурудың ішкі беинесі, оның психологиялық ерекшелігінің маңыздылығы.

2. Жекеше конституционалдық жане индивидуалдық психологиялық факторлар, олардың әсері

3 Пациенттің ќандай психологиялыќ типтерін білесіздер?

4 Студенттердің науқастың психологиясын және оның мінез-құлықтары бар науқастарды анықтау тәсілдері.

5 Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптарды қалыптастыру

6 Әртүрлі психологиялық мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастардың ауруларын анықтау тәсілдері

7 Мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен дәрігерлердің қарым қатынасы.

Білім беру және оқытудың әдістері:

Оқытушымен бірге теориялық материальды талдау, оқу әдебиетімен жұмыс, тапсырмаларды орындау, тест жургізу, ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс, ситуацианы моделдеу, ситуациялық тапсырмаларды орындау, презентация.

Тақырыптың мазмұны

ӘРТҮРЛІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР НАУҚАСТАРМЕН ҚАТЫРАСУ

Психологиялық өзгерістеріне байланысты науқастардың келесі түрлері белгіленеді:

1Үрейленген пациенттер.

2. Күдіктенген науқастар.

3. Жабырқаулы аурулар.

4. Демонстративті, қыр көрсететін, наразылықты аурулар.

5. Ипохондриялық, дел салдық жағдайдағы аурулар.

Үрейленген аурулар өте үрейшіл, қорқақ болады. Олар именшек, жасқаншақ, барлығына көнгіштік мінез көрсетеді, өз-өзіне сенімсіз болады. Бүндай адамдарда диагноз анықтау кезінде және емдеу процедураларында қан тамырларыньң түрлі вегетативтік реакциялары болуы мүмкін (естен тану, лоқсу, қүсу, т. б. ) - Сондықтан, оларды процедураларға ерекше дайындау қажет, кейбір жағдайларда, дәрігер психологты шақыруға, психологиялық ем жүргізуге мәжбүр болады.

Күдіктенген науқастар дәрігердің шараларына үнемі күдік, кумәндік білдіріп, сенбейді. Кейбір жағдайда мүндай адам қоғамдағы өмірінде, жанүясында да осындай көзқарас білдіреді. Әрқашан олармен қарым-қатынас құра отырып, олардың күмәндануының себептерін анықтап, кейде сенімін арттыру мақсатында психологпен бірге сүхбат жүргізіледі.

Жабырқаулы науңастар үнемі оңашалануға бейім болып, көңілсіз, ешкіммен араласпауға, ішкі ойын «ашпауга» тырысады. Олар пессимист болып, емдеуге және сауығуына, дәрігерге деген сенімін жоғалтқан адамдар. Көбінесе бүл - курделі және емдеуге келмейтін дертке шалдыққан науқастар. Сонымен қатар, аурудың бүндай көңіл-күйі сырқаттануына байланысты емес, жеке өз басына немесе жанұялық себептерге байланысты болуы да мүмкін. Бүлар-мен қарым-қатынас жасай келе, дәрігер олардың сенімін тудыратын, көңіл-күйін көтеретін шараларды ойластыруы керек. Кейбір жағдайларда науқастың белсенділігін арттыру үшін, дәрігер оларды басқа науқастарға бақылау-күтім шараларын жүргізуге шақыру арқылы нәтижеге жетеді, психолошен бірге жұмыс істейді.

Демонстративтік, сыр көрсеткіш науқастар қоршаған адам-дарға әсер етуге, өзін-өзі көрсетуге тырысады. Олар өте қатты қасіретте екенін, қатты қиналғанын басқаларға көрсетуге, олардың назарын аударуға барлық күшін салады. Бүндай адамдармен қарым-қатынас жасауда, дәрігер олардың аталған қасиетін жоққа шығарғысы келсе де, мүдделерін қорғап, ерекше төзімділікке (батырлық-қа) шақыру нәтижесінде жетістікке жетеді. Яғни дәрігер, оларға сенімін, түсінгенін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС
Қызметкерлермен қақтығыстар
Мейірбикенің коммуникативтік қарым - қатынас дағдылары
АИВ жұқтырған науқастармен қатынасу ерекшеліктері
Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі
Сана түсінігі
Асоциальды науқастардың, жыныстық бұзылыстары бар науқастармен қатынасудың ерекшеліктері. АИВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) - жұқтырған науқастармен қатынасу ерекшеліктері
Коммуникативтік дағдылар
Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарының ерекшеліктері
Науқас психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz