Әскери міндеттілік және әскери қызмет өткерудің ерекшеліктері



Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Әскери міндеттілік және әскери қызмет өткерудің ерекшеліктері.

Әскери қызмет – мемлекет пен халық алдында Қазақстан республикасының
азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өздерінің
қасиетті борышы мен міндеттерін орындауымен байланысты мемлекеттік
қызметінің ерекше түрі.
"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік" делінген 1-бапта Қазақстан
Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеті
және Қазақстанның бүкіл халқының ісі болып табылатыны туралы айтылған.
Қазақстан Республикасын қорғау ұлты мен әлеуметтік тегіне, тұрғылықты
орнына, мүліктік және лауазымдық жағдайына, кәсібінің тегі мен сипатына,
саяси және басқадай сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге
қатыстылығына қарамастан республиканың әрбір азаматының қасиетті борышы мен
міндеті болып табылады. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік Қарулы Күштердің
жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының
Конституциясымен белгіленеді.
Бұл міндеттілікке мыналар қамтылады: азаматтарды әскери қызметке
дайындау; шақыру учаскелеріне тіркелу; әскери қызметке шақырылу; әскери
қызмет өткеру; запастағы қызмет; запаста оқу-жаттығу жиындарды өткеру;
азаматтардың бейбіт және соғыс уақытында жалпыға бірдей міндетті оқуы.
Сонымен қатар Заңда Қазақстан Республикасында тұратын өзге
мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан
Республикасының мүдделері үшін әскери қызмет атқаруы мүмкін деп атап
көрсетілген.
Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысы жөнінен Қазақстан
Республикасының азаматтары мынадай санаттарға бөлінеді: шақыруга дейінгілер
— бұларға шақыру учаскесіне тіркелгенге дейін әскери қызметке дайындықтан
өтуші, 15 жастан бастап жастар; шақырылушылар — шақыру учаскелеріне
тіркелген адамдар; әскери міндеттілер — запаста тұрған адамдар; әскери
міндетті еместер — әскери есепке қабылданбаған не одан шығарылған (жасына,
денсаулық жағдайына және басқадай себептермен) адамдар.
Шақыруға дейінгі жастар мен шақырылушы жастарды әскери қызметке
дайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің, мемлекеттік
комитеттер мен ведомстволардың, жергілікті өкілетті және атқару
органдарының басшылығымен ұйымдастырылып, меншік нысандарына қарамастан оқу
орындарында, ұйымдарда және басқа шаруашылық субъектілерінде жүзеге
асырылады.
Бастауыш әскери дайындық заңмен бекітілген, оның кімдермен және қай
жерде өткізілетіні анықталған.
Заңмен былай деп белгіленген: оқу орындарында бастауыш әскери
дайындықтан өтпеген жастар оны мерзімді әскери қызметке шақыру алдында
жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша құрылатын оқу пункттерінде
өтеді. Заңмен сондай-ақ шақырылушыларды техникалық және әскери-техникалық
мамандықтар бойынша дайындау реті де нақтыланған.
Дайындау министрліктердің, ведомстволардың оқу ұйымдары мен
республиканың мемлекеттік білім жүйесінің оқу мекемелерінде, даярлаудың
жағдайлары мен сипатына байланысты өндірістен қол үзіп, сондай-ақ қол үзбей
жүргізілуте тиіс.
Заңда әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындықтан өтетін
шақырылушылардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуы неғұрлым егжей-тегжейлі
анықталған. Өндірістен қол үзіп шұғылданатындарға оқу кезеңінде жұмыс орны,
атқаратын лауазымы сақталады және негізгі жұмыс орны бойынша орташа
жалақысы төленіп тұрады.
Өндірістен қол үзбей шұғылданатындарға дайындық кезеңінде кешкі
мектептерде оқитын адамдарға арналған заңдарда көзделен ережелерге орайлас
ұзақтығы қысқартылған жұмыс күні белгіленеді.
Емтиханға дайындалу және тапсыру уақытында оларға негізгі жұмыс орны
бойынша орташа жалақысы төленіп, мамандығы мен оқу бағдарламаларының
көлеміне байланысты 10-15 жұмыс күні демалыс беріледі.
Заңда шақыруға дейінгілер мен шақырылушылардың дене күші даярлығын,
олармен емдеу-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру, оларды медициналық куәландыру
мерзімдері мәселелері белгіленген едициналық куәландыру 15 жастан бастап
жүргізіледі!
Жастарға патриоттық тәрбие беруші ұйымдар мен лауазымды адамдардың
міндеттері, сондай-ақ мұндай тәрбиелік шаралар өткізілетін орын
белгіленген. Бұл шараларды тұрғылықты жері, оқу және жұмыс орны бойынша
меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік ұйымдар мен басқа да
шаруашылық субъектілері жүргізуге тиіс.
17 жасқа толатын жылдың 1 сәуіріне дейін уәжді себептерсіз әскери
есепке тұрмаған шақыруға дейінгілер әскери еселке тұрудан жалтарған деп
есептеліп, Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңдарына сәйкес
жауапкершілікте болады.
Жергілікті үкіметтік және атқару органдары бағыныштылығы мен меншік
нысанына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, үй иелері әскери
міндеттілердің, шақырылушылардың, сондай-ақ шақыруға дейінгі жастардың
бастапқы есебін жүргізеді және жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігі белгілеген мерзімдерде тиісті әскери комиссариаттарға шақыру
учаскелеріне тіркелуге тиісті жастардың тізімдерін беріп отырады. Әскерге
шақырушыларды шынықтыру жөніндегі шараларды олардың медициналық байқауға
дайындығы мен дене даярлығы және спорттағы жетістіктері,денсаулығығының жай
– күйі олардың жасы мен тұлға ретінде жағдайлары ескеріледі.

Азаматтарды әскери қызметке шақыру. Әскери
қызметтің турлері (мерзімді әскери қызмет, әскери-оқу
орындары курсанттарының әскери қызметі, келісім-шарт
бойынша әскери қызмет). Әскери қызметті өткерудің
мерзімі мен реті..
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен
әскери қызмет туралы" Заңы әскери қызметті Қазақстан Республикасы
азаматтарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі деп анықтайды.
Әскери қызмет өткерген уақыт жалпы үзіліссіз жұмыс стажына есептеледі.
Әскери қызметтің түрлері мыналар: сарбаздардың, сержанттардың,
матростар мен старшиналардың мерзімді қызметі; сарбаз, матрос, сержант,
старшина лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет; әскери оқу
орындары курсанттарының әскери қызметі; прапорщиктердің, мичмандардың
келісім-шарт бойынша әскери қызметі; офицерлер құрамының әскери қызметі.
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне халықаралық шарттарға
сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер (әскер топтары) құрамында
әскери қызмет өткеруіне рұқсат етілген.
Мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жылына
2 рет жүргізіледі. Шақыруға 18 ден 27 жасқа дейінгі, шақырылудан кейінге
шегерілуге немесе босатылуға құқығы жоқ азаматтар жатады.
Шақырылудан шақыру комиссиясының шешімі бойынша берілуі мүмкін кейінге
шегеру мынадай себептер бойынша болуы мүмкін: отбасылық жағдайлар; оқу
орыңдарында білім алуын жалғастыру үшін; денсаулық жағдайы және басқадай
себептер бойынша.
Қазақстан Республикасының заңымен мерзімді қызмет әскери
қызметшілерінщ, сондай-ақ әскери қызметті келісім-шарт бойынша ұзартқан
әскери қызметшілер мен запастағы офицерлер үшін әскери қызметтің мерзімдері
белгіленген. Мәселен, күнтізбелік есеппен әскери қызмет мерзімдері былайша
белгіленген:
1-Мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін: жоғары білімі барларға — 1
жыл; жоғары білімі жоқтарға — 2 жыл; ӘТФ матростары мен старшиналары үшін —
2 жыл 6 ай.
2. Шақыру бойынша қызмет өткеретін офицерлер үшін
— 3 жыл (1996 жылдың көктемінен).
3. Келісім-шарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін — келісім-
шарттарды белгіленген мерзімдерге ұзарту құқығымен 3 жыл не 5 жыл. Келісім-
шарт әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін жасалуы немесе
ұзартылуы мүмкін.
Әскери қызметте болудың шекті жасы былайша белгіленген:
1. Мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін - 29 жас.
2. Әскери қызметті келісім-шарт бойынша қатардағы, сержант және
старшиналық құрамда өткеретін әскери қызметшілер үшін - 45 жас.
3. Прапорщиктер, мичмандар мен кіші офицерлер үшін - 45 жас.
Мерзімді әскери қызмет атқармаған не ЖОО-ның әскери кафедрасында
дайындықтан өтпеген студенттер мерзімді әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
Олар саласы бойынша әскери мамандыққа тектес алған біліміне сай, Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен ретпен және мамандық бойынша
офицер атағы берілгеннен кейін офицер болып әскери қызметке шақырылуы
мүмкін.
Белгіленген мерзімдерін өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшілері
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша төтенше жағдай
енгізілген кезде 2 айға дейінгі мерзімге әскери қызметте кідіртілуі мүмкін.
Нақты әскери қызмет мерзімі аяқталғанан кейін әскери қызметшілер одан
әріде әскери міндеттіліктен босатылмайды.
Қатардағы және сержанттық құрамдағы адамдар мынадай шекті жасқа дейін
запаста болады: 1 разряд - 35 жасқа дейін; 2 разрад - 45
жасқа дейін және 3 рязряд - 50 жасқа дейін.
Әскери міндеттілер запаста тұрған уақыты бойында оқулық, тексерулік
және арнайы жиындарға шақырылады.
Бірінші разрядтағылар (яғни 35 жасқа дейінгілер) әрқайсысы 2 ай
мерзімге дейін 5 ретке дейін.
Екінші разрядтағылар (яғни 45 жасқа дейінгілер) әрқайсысы 2 айға
дейінгі мерзімге дейін үш ретке дейін.
Үшінші разрядтағылар (яғни 50 жасқа дейінгілер) 1 айға дейінгі
мерзімге бір рет.
Әскери міндеттілер оқулық жиындар аралығындағы кезеңде тексерулік
жиындар мен командирлік дайындықтарға өндірістен қол үздіріп 10 күнге
дейінгі мерзімге шақырылуы мүмкін.
Әскери міндеттілер төтенше жағдай енгізілген кездегі міндеттерді
орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша 4 айға
дейінгі мерзімге арнаулы жиындарға қатыстырылуы мүмкін.
Жиындар кезеңінде ұйымдарда әскери міндеттілердің жұмыс орны,
атқаратын лауазымы мен орташа жалақысы сақталады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік
іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, зандарын, әскери
жарғылардың талаптарын басшылыққа алады және саяси мақсаттарды көздейтін
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауға тиіс.
Ол:— Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға
және әскери жарғ-ылардың талаптарын орындауға;
— Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге,
ерлікпен, алғырлықпен қасық қанын аямай Қазақстан Республикасын қорғауға,
әскери борышын орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен
өткеруге;
— өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің
арасындағы достықты нығайтуға;
— адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде
байыпты бастамашылық жасауға;
— командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста
қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға;
— әскери кәсіптік білім-білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы
мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
— өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды
қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық
құндылықтарды сақтауға;
— әскери бауырластықты бағалауға, қасық қанын аямай жолдастарын
қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де ісімен көмектесуге,
әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери
қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз
іс-қылықтардан тежеуге;
— әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу қағидаларын
сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік
тұтуға, нысанды киіммен, таза және ұқыпты киінуге;
— қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға
міндетті.
Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары
атаққа лайықты болуға, Қарулы Күштердің абыройы мен жауынгерлік даңқын,
өзінің әскери бөлімі мен өзінің әскери атағын қадірлеуге тиіс.
Әскери қызметші Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
құрметтеуге, халықтар достығын бағалай білуге, Қазақстан Республикасында
тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасында өзара қарым-қатынастар мен
сыйластықты нығайтуға септесуге міндетті.
Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастарында олардың ұлттық
сезімдері, ғұрыптары мен дәстүрлері құрметтелуге тиіс.
Мемлекеттің көпұлттылығы және Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштеріндегі әскери қызметтің ерекшелігі ескеріле отырып, ресми ұлтаралық
қатынас тілі ретінде орыс тілі қолдаланылады. Орыс тілін нашар білетін
әскери қызметшілерге оны оқып-үйренуі үшін жағдайлар жасалады.
Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі әскери қызметшілердің арасындағы
қарым-қатынаста пайдаланылады және қолданылады. Қазақ тілін нашар білетін
әскери қызметшілерге оны оқып-үйрену ұйымдастырылады.
Әскери қызметшілер бір-бірінің құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы
мен абыройын сыйлауға, командирлер (бастықтар) мен жасы үлкендерге реттілік
пен тәртіпті ұстауда жәрдемдесуге міндетті.
Әскери қызметші өз міндеттерін атқаруынша әсер ететін басынан өткен
барлық оқиғалар мен өзіне жасалған ескертулер туралы тікелей бастығына
баяндауға міндетті. Әскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас
қағидалары әскери қызметшілердің арасында бұзылған жағдайда, ол дереу өзіне
берілген құқықтар мен міндеттер көлемінде тәртіп орнату үшін шаралар
қолдануға және сол сияқты тікелей бастығына, ал аса қажет болған жағдайда
аға бастыққа баяндауы тиіс.
Әскери қызметші әскери қызметтің қауіпсіздігі талаптарын, ауру-сырқау
мен жара-қаттардың алдын алу шараларын сақтауға, күнделікті дене даярлығы
мен машықтануын арттыруға, ағзасын шындауға, зиянды әдеттерден (темекі
шегу, ішкілік ішу және басқалар) тартынуға тиіс. Әскери қызметшіге
қызметтік міндетін атқару кезінде ішкілік ішуге тыйым салынады.
Әскери қызметші қызмет бабындағы мәселелер бойынша өзінің тікелей
бастығына және оның рұқсатымен команда бойынша келесі жоғары бастыққа
жүгінуге тиіс.
Жеке басының мәселелері бойынша да әскери қызметші тікелей бастығына,
ал оның әрекетсіздігі жағдайында одан жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.
Ұсыныс, арыз және шағым түрінде жүгінген ретте әскери қызметші осы
Жарғының 4-тарау-ындағы ережелерді басшылыққа алады.
Әскери қызметшілер әскери мүліктің ұрлануын немесе бүлінуін, ақша
қаражатының заңсыз жұмсалуын, әскерлерді жабдықтаудағы келеңсіздіктерді,
қару-жарақ пен әскери техниканы ұстаудағы кемшіліктерді немесе Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштеріне залал келтіретін басқа да фактілер
анықталған ретте бұл туралы команда бойынша баяндауға міндетті, сондай-ақ
осы кемшіліктерді жою жөнінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне
дейін қоса алғанда, аға бастыққа жазбаша арыз жібере алады.
Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың,
лауазымды түлғалар мен басқа да органдардың және қоғамдық бірлестіктердің
заңсыз іс-әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау
органдарына арыздана алады.
Әскери қызметші гуманитарлық құқық ережелерін білуге, соның ішінде
әскери іс-қимылдар жүргізудің, ұрыс іс-қимылдары жүргізілген ауданда
қарсыластың қарулы күштерінің құрамынан жараланғандармен, аурулармен, кеме
апатына ұшыраған адамдармен және азаматтық тұрғындармен, сондай-ақ әскери
тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық қағидаларын білуге және
мүлтіксіз сақтауға тиіс.
24. Әскери қызметші ұрыс қимылдарының барысында, тіпті өзінің әскери
бөлімінен (бөлімшесінен) қол үзіп толық қоршауда қалған кезде де тұтқынға
түсуден бас тартып, жауға табанды қарсылық көрсетуге міндетті. Ол ұрыста
өзінің әскери борышын ақырына дейін орындауға міндетті.
Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалып және қарсылық
көрсетудің барлық құралдары мен жолдарын тауысып немесе жарақаттануы не
контузияға үшырауы салдарынан қауқарсыз күйде қалып, қарсыластың тұтқынына
түсетін болса, ол өзін және жолдастарын тұтқыннан босату және өз
әскерлеріне оралу үшін кез келген мүмкіндікті іздеуге және пайдалануға
тиіс. Жау тұтқынына алынған әскери қызметшінің жа-уап алу кезінде өзінің
тегін, атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған күнш және жеке нөмірін
ғана айтуға құқығы бар. Ол жауынгердің абыройын жоғары ұстауға, әскери және
мемлекеттік құпияны қастерлеп сақтауға, табандылық пен ерлік танытуға,
тұтқындағы басқа әскери қызметшілерге көмектесуге, оларды дүшпанға
жәрдемдесуден тежеуге, жаудың әскери қызметшіні Қазақстан Республикасына
нұқсан келтіру үшін пайдалану әрекетін тойтаруға міндетті.
Тұтқынға алынған, сондай-ақ бейтарап елдерге шеттетілген әскери
қызметшілердің әскери қызметші мәртебесі сақталады. Әскери қолбасшылық пен
осыған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік басқару органдары аталған
әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және олардың Отанына оралуы жөнінде
халықаралық құқық нормаларына сәйкес шаралар қолдануға міндетті.
Әрбір әскери қызметшінің лауазымдық міндеттері болады, олар атқаратын
лауазымына сәйкес тапсырылған функциялар мен міндеттердің іс жүзінде
орындалу көлемі мен шегін айқындайды. Лауазымдық міндеттер тек қызмет
мүддесінде ғана пайдаланынады.
Бұл міндеттер әскери жарғылармен, сондай-ақ тиісті басшылықтармен,
тәлімдемелермен, ережелермен, нұсқаулықтармен немесе осы Жарғының
талаптарына қарай тікелей бастықтардың жазбаша бұйрықтарымен айқындалады.
Әскери қызметшілер жауынгерлік кезекшілікте (жауынгерлік қызметте),
тәуліктік және гарнизондық нарядтарда болған кезінде, сондай-ақ дүлей
апаттардың зардаптарын жою үшін тартылатындар және басқа да төтенше
жағдайларда олар арнайы міндеттерді орындайды. Бұл міндеттер мен оларды
орындау тәртібі заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери жарғыларымен және олардың негізінде әзірленетін басқа да құқықтық
актілермен белгіленеді және де, әдетте, уақытша сипатта болады.
Арнайы міндеттерді орындау үшін әскери қызметшілерге заң актілерімен
және Қарулы Күштердің әскери жарғыларымен айқындалатын қосымша құқықтар
берілуі мүмкін.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.
Әскери атақтар және айырым белгілер.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік
іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери
жарғылардың талаптарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағыныштылық тәртібі мен әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық қарым – қатынастар ережелеріне қарсы қылмыстар
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Әскери қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік қызметтің түсінігі
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі
Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және құқықтық негіздері
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және олардың әкімшілік-құқтық мәртебесі
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметі өткеруі
Пәндер