ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Ф.М. Шайзадина, Н.О. Алышева, М.М. Бейсекова, А.Б.Кошмаганбетова
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Оқу-әдістемелік құрал
Қарағанды 2010
ӘОЖ 614.4-054.65
КБЖ 51.9я7
Ә 76
ПІКІР БЕРУШІЛЕР:
С.Ә. Әміреев – ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, медицина
ғылымының докторы, профессор.
А.М. Мұхаметжанов – ҚММУ әскери кафедрасының бастығы, медицина қызметінің
подполковнигі, медицина ғылымының кандидаты.
Ж.Ж. Жарылқасын – ғылыми зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы-ның аға
ғылыми қызметкері, медицина ғылымының кандидаты, доцент.
Ә76 Шайзадина Ф.М., Алышева Н.О., Бейсекова М.М., Кошмаганбетова А.Б.
Әскери эпидемиология. - Оқу-әдістемелік құрал.- Қарағанды.- 2010.- б.83
КБЖ 51.9я7
Оқу-әдістемелік құрал медицина университеттерінің барлық мамандықтары
бойынша білім алатын студенттеріне арналған.
Бұл оқу-әдістемелік құралда әскери эпидемиологияның міндеттері, соғыс
уақытындағы және әскери жеке құрамның арасындағы эпидемиялық процестің
ерекшеліктері, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің (бөлімшелердің)
қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру ерекшеліктері
берілген. Сонымен қатар, медициналық тасымалдау кезеңіндегі эпидемияға
қарсы шаралардың мазмұны, биологиялық қару, әскерді биологиялық қарудан
қорғау негіздері берілген.
ҚММУ әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және келісілді
Хаттама № __7__ __10___ ___03____ 2010 ж
ҚММУ Ғылыми кеңесінің отырысында талқыланды және келісілді
Хаттама № __8__ ___25__ __03____ 2010 ж
© Ф.М.Шайзадина, Н.О. Алышева, М.М. Бейсекова,А.Б.Кошмаганбетова
Мазмұны
Қысқартулар тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
Кіріспе

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
І тарау. Әскери эпидемиология. Міндеттері. Соғыс уақытындағы жеке әскери
құрамның арасындағы эпидемиялық процестің ерекшеліктері.
1.1. Әскери эпидемиологияның анықтамасы және міндеттері, оның құры-луы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Әскерге инфекцияның ену жолдары және соғыс кезіндегі эпидемиялық
процестің білінуіне, дамуына әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..10
ІІ тарау. Соғыс уақытындағы санитарлық-эпидемиологиялық
мекемелердің (бөлімшелердің) жұмысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІІ тарау. Әскерде санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру.

... ... ... ... ... ... ..20
3.1. Әскердің әрекет ету ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын
бағалау
критерилері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 20
3.2. Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын талаптар. Санитарлық-
эпидемиологиялық бақылаудың ерекшеліктері. Бөлімшенің санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайын бағалау критерийлері. ... ... ... ... .24
3.3. Әскери бөлімнің және әрекет ету ауданның санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайының бағалауына байланысты оңашалау (обсервация, карантин) шараларын
енгізу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...28
ІV тарау. Соғыс уақытында әскерге эпидемияға қарсы (алдын алу) санитарлық
шараларды ұйымдастыру және оның мазмұны. ... ... ... ... ..31
4.1. Жеке құрамды эпидемиядан қорғауда жүргізілетін шаралар, жұқпалы
ауруларды анықтау, оңашалау және тасымалдау ерекшеліктері.
... ... ... ... ... 31
4.2. Әскердің санын қосымша жауынгерлермен толықтыру кезінде жұқпалы
аурудың енуін алдын алу бойынша шаралар.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
4.3. Соғыс уақытында әскери қызметкерлердің орналасуындағы тағаммен, сумен,
монша қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда медициналық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..33
4.4. Санитарлық өңдеу. Техникалық заттар, көрсеткіштер, жұмысты ұйым-
дастыру, табельдік заттар және дезинфекция, дезисекция, дератизация жүргі-
зуге арналған медициналық қызметтің әскери звеносының техникасы ... ... 37
4.5. Егу жұмысын ұйымдастыру және оны бөлімде жүзеге асыру үшін
қолданылатын техникалық
заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.41
V тарау. Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау
кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы. ... ... ... 42
5.1. Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың
жалпы мақсаты мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..43
5.2. Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте, бригаданың медициналық ротасының
(ПМП) жұмысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .44
5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық
батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
5.4. Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық
жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
VІ тарау. Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және
медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..50
6.1. Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау
қасиеттері ... ... 50
6.2. Биологиялық қарудың қолданатын заттары, тактикасы, әдістері.
Биологиялық зақымдалу ауданы (ошағы) туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... 51
6.3. Биологиялық шабуылдардың зардаптарын жоюға және қарсылас биологиялық
қаруды қолдану қаупі туғанда әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі
оперативті тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны ... ...54
6.4. Биологиялық барлау және биологиялық заттардың
индикациясы ... ... ... 60
6.5. Обсервация және карантин кезіндегі шаралардың мазмұны мен
ұйымдастырылуы.

... ... ... ... ... 65
6.6. Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы медициналық ротаның,
жеке медициналық батальонның, ӘДЖАГ-нің және ӘДАҚЖАГ-нің жұмыстарының
ұйымдастырылу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...69
6.7. Биологиялық зақымдалу ошағындағы жедел және арнайы
профилактика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
Тест сұрақтары

... ... ... ... ... ... ..78
Әдебиеттер

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
Қысқартылған сөздердің тізімі.
ӘМЗ - әскери медициналық зертхана
ӘДМЗ - әскери далалық медициналық зертхана
ӘДЖАГ - әскери далалық жұқпалы аурулар госпиталі
ӘДАҚЖАГ - әскери далалық аса қауіпті жұқпалы аурулар госпиталі
ӘМ- ХБА - әскери медициналық химиялық барлауға арналған аспап
БҚ - бактериялық қару
ДДА - дезинфекциялық душты автокөлік
ДДТ - дезинфекциялық душты тіркеме
ЖХП - жеке химиялық пакет
ЖАСС - жетілдірілген автомобильді сүзгіш станциясы
Мед.бр.ЖСЭЖ - медициналық бригаданың жеке санитарлық-эпидемиоло-
гиялық жасағы
МКФ-200 - маталы-көмірлі сүзгіш
ОКБ - оңашалау-карантинді бөлім
ПМП - полктың медициналық пункті
СЭЖ - санитарлық-эпидемиологиялық жасақ
СЭВ - санитарлық-эпидемиологиялық взвод
СЭЗ - санитарлық-эпидемиологиялық зертхана
СБП - санитарлық бақылау пункті
КІРІСПЕ
Әскери эпидемиология-эпидемиологияның және әскери медицинаның бір
саласы, соғыс немесе бейбітшілік жағдайда әскерді тәжірибелік және
әдістемелік түрде эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге оқытып үйретеді.
Пән ретінде әскери эпидемиология, әскерге жұқпалы аурулардың енуін, ал
егер де жұқпалы ауру пайда болса, эпидемиялық ошақты жоюды, жұқпалы
аурулардың таралуын алдын алуды ғылыми тұрғыдан негіздейді.
Әскери эпидемиология бейбітшілік және соғыс уақытында әскер арасында
эпидемиялық процестің пайда болу және даму ерекшеліктерін оқытады. Қазіргі
жағдайда әскери эпидемиология бактериялық қарудан сақтану және әскерді
бактериядан қорғау үшін жаңа ілімдер жүйесін қолданады.
Соғыстан кейін, әскери медициналық қызмет әскерде эпидемияға қарсы
шараларды қамтамасыз ету тәжірибелерін жинақтап, әрі қарай дамытып отырады.
Әскери эпидемиология аймағында жұқпалы сырқаттанушылықтың өзгеруіне және
бактериялық қарудың агрессивті империалистік шеңберінің қиындығына
байланысты маңызды мәселелер шешілуде.
Әскери эпидемиологтар басқа мамандармен бірлесе отырып, әскерде жүрген
жасақтардың денсаулығын бақылауды және соғысқа дайындығын жақсарту үшін
жаңа әдістер ойлап табуда. Осы мақсатта әскери эпидемиологтар эпидемиялық
процестің ағымын әскери жағдайда айқындайды.
І ТАРАУ
Әскери эпидемиология. Міндеттері. Соғыс уақытындағы жеке әскери құрамның
арасындағы эпидемиялық процестің ерекшеліктері
1. Әскери эпидемиологияның анықтамасы және міндеттері,
оның құрылуы мен дамуы
Әскери эпидемиология - әскери медицинаның және эпидемиологияның
саласы. Әскери құрамның арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуын және
таралуын алдын алады және де әскерде жұқпалы аурулардың шоғырлануын
болдырмау шараларын ұйымдастырады, ошақтарды жояды, әскерден жұқпалы
аурулардың шығуын алдын алады. Әскери эпидемиология - эпидемиология мен
әскери медицинаның ұштасуы негізінде қалыптасады да әскерді эпидемиядан
қорғау теориясы мен тәжірибесін негіздейді. Бұл білім мен тәжірибелік іс-
әрекеттің теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы принциптердің жиынтығын
көрсетеді, олар әскерде алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды
ұйымдастырып жүзеге асыруға бағытталған.
Эпидемиологияда әскер үшін өзекті әскери эпидемиологияның жалпы
бөлімдері, жұқпалы аурулардың жеке нозологиялық түрлері нақтылы
көрсетіледі. Қазіргі уақытта әскери эпидемиология - биологиялық қарудың
зақымдаушы қасиеттері және әскерді одан қорғаудың білім жүйесін құрайды.
Әскери эпидемиология пәнін оқып үйренудің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Оқытып үйретудің нысанасы әскери ұжым болғандықтан, бейбіт уақытта әскери
құрамның тұрмысы мен өмір сүру жағдайы, соғысқа дайындығы эпидемиялық
қолайлығы жағынан қарастырылады.
Әскери эпидемиологияның тарихы да басқа медицина салалары тәрізді
өткен ғасырлардан басталса да, оның өз бетінше ғылым ретінде соңғы
уақыттарда ғана қарастырылуда. Орта ғасырдың медицинасында көптеген
эпидемияларға қарсы, әсіресе обаға қарсы шаралар орын алған. Жұқпалы
аурулар, олардың эпидемиологиясы, күресу шаралар туралы ғылым ол кезде
болмаған. Жұқпалы аурулардың кеңінен таралуы соғыс уақытында әскердің және
тұрғындардың арасында көп тіркелген. Әскери эпидемиология негіздері әскер
арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын біле отырып, оларды
ескертуге мүмкіншілік береді, ал егер де пайда болған жағдайда бұл ауруды
жою бойынша тиімді шаралар жүргізеді.
Қазіргі әскери эпидемиологияның негізгі міндеттері:
- әскери құрамның арасында жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда
болуы және таралуын алдын алу;
- әскердің денсаулығын нығайту мақсатымен олардың тұрмыс жағдайын,
әскери әрекеттерді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау;
- әскери жеке құрамды қорғауды қамтамасыз ететін, сонымен қатар,
биологиялық қарудан жаралылар мен науқастарды, медициналық қызмет
мекемелерін қорғау шараларын жүзеге асыру;
- соғыс кезіндегі әскери құрамның арасындағы эпидемиялық процестің
ерекшеліктерін, сонымен қатар, әскерді әр түрлі жағдайда эпидемияға
қарсы шаралар жүргізуге үйрету.
Әскери эпидемиологияның негізгі міндеттерінің бірі әскери құрамның
арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу болып
табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ның қарулы күштерінің арасында
жұқпалы аурулардың үлкен өршулері болған емес, ол әскерді эпидемияға қарсы
шаралар жүргізуге үйретудің жоғарғы деңгейде жүргізілгенінің нәтижесі болып
табылады.
Әскердегі эпидемиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз етудің басты
шаралары болып табылады:
- нақты жағдайды эпидемиологиялық болжау, жұқпалы аурулармен ауырған
науқастарды дер кезінде анықтап, жедел түрде оңашалап, ауруханаға
жатқызу;
- әскери коммуникацияларда эпидемияға қарсы тосқауылдар (санитар-лық -
бақылау және оңашалап өткізу пункттері жүйесін) құру;
- әскери жеке құрамның арасындағы жұқпалы аурулардың арнайы алдын алуы;
- әскерді моншамен, кір жуумен, дер кезінде дезинфекциялық шаралармен
қамтамасыз ету.
Әскердің орналасу орнының тез арада ауысуы, жұқпалы аурулар тіркелген
қолайсыз аудандарда тұруға мәжбүр болуы, физикалық жүктеме, тағаммен дұрыс
қамтамасыз етілмеуі және басқа да факторлар жұқпалы аурулардың пайда
болуына әкеп соғады. Бұл жағдайларда ең басты міндет, әскерді эпидемияға
қарсы шараларды іске асыруға үйретудің дұрыс ұйымдастырылуы.
Әскерді эпидемияға қарсы шараларды іске асыруға үйрету – бұл әскер
арасында жұқпалы аурулардың пайда болуын, жойылуын ескерту және жеке
құрамның әскери дайындық мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын нығайтуға
бағытталған эпидемияға қарсы медициналық-ұйымдастырушылық шаралар жүйесі.
Оның негізгі міндеттері:
- бөлімшелерге жаңадан келіп түскендермен бірге жұқпалы аурулардың енуін
ескерту шаралары, сонымен қатар тұрғындардан, әскери тұтқындардан және
табиғи ошақтағы жұқпалы аурулардан әскери құрамның зақымдалуының алдын
алу;
- жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды дер кезінде анықтау, оңашалау,
қажетті шараларды орындай отырып, жұқпалы аурулар госпиталіне жеткізу;
- жұқпалы аурулардың созылмалы түрімен ауырған адамдарды және бактерия
тасымалдаушыларды анықтап, тіркеу және емдеу;
- медициналық тасымалдау сатыларында қатаң түрдегі эпидемияға қарсы
тәртіпті сақтау;
- зақымдалу қаупі бар адамдарды анықтау, оларға медициналық бақылауды
ұйымдастыру;
- бөлімшелерде оңашалау-шектеу шараларын жүргізу;
- дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу;
- жедел және арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Медицина тәжірибе көрсеткендей соғыс кезінде әскерде де, тұрғындар
арасында да гигиеналық және эпидемиялық жағдайлардың нашарлайтыны
дәлелденді.
Ұрыс кезінде қалалардың және тұрғындар пункттерінің коммуналдық
тұрмыс жағдайы бұзылады да, ол тұрғындар мен әскерлерді санитарлық өңдеудің
төмендеуіне, ең соңында жұқпалы аурулардың өршуінің пайда болуына әкеліп
соғады.
Әскер арасында жұқпалы аурулардың өршуіне сол ауданның жергілікті
тұрғындарының сырқаттанушылығы көп әсер етеді.
1.2. Әскерге жұқпалы аурулардың ену жолдары және соғыс кезіндегі
эпидемиялық процестің білінуіне, дамуына әсер ететін факторлар
Әскери құрамның жұқпалы аурулармен сырқаттанушылығы әскери ұжымға тән
ішкі факторлармен және әскердің орналасу ауданының эпидемиологиялық,
эпизоотиялық жағдайына байланысты сипатталатын сыртқы факторларымен
анықталады.
Ішкі және сыртқы факторлардың бірлесіп әсер етуі әскери жеке құрамдағы
жұқпалы аурулардың құрылысын анықтайды, әскерде эпидемияның дамуына әсер
ететін әлеуметтік фактор болып табылады.
Әскер мен тұрғындар арасында эпидемияның дамуына әсер ететін маңызды
факторларының бірі қашқындар болып табылады. Соғыс кезінде көптеген адамдар
контингентінің араласуы эпидемияның дамуына және оның барлық елдерде
таралуына әсер етеді.
Ұлы Отан соғысының тәжірибесінің көрсетуі бойынша әскерде, майданда
антропонозды жұқпалы аурулардың негізгі ену көзі әскердің толықтырылуы,
тұрғындар және басқа да контингенттер (тұтқыннан босатылған әскери
тұтқындар) болып табылады. Әскерге зоонозды жұқпалы аурулар қоздырғышының
ену жолдары жабайы кеміргіштер арқылы да болады, әскер далалық жерге
орналасқанда олар жертөлелер мен басқа да нысаналарды жайлап алады. Әскери
құрамның зақымдалуы көбінесе әртүрлі факторлар: тағам, су, шаң,
буынаяқтылар арқылы болады. Бұл оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар,
иерсиниоздар, лептоспироздар, безгек және т.б. қатысты. Әскери құрамның
зақымдалуында топырақ аса маңызды роль атқарады, ол анаэробты зақымдалудың
факторы (сіреспе, газды гангрена) және споралық (сібір түйнемесі) жұқпалы
ауруларды таратады.
Әскери бөлімшелерге сырттан жұқпалы аурулардың енуін ескерту шаралары:
жұқпалы аурулармен сырқаттанушылықтың деңгейін талдау, санитарлық-
эпидемиологиялық барлау және әскердің орналасқан жерін санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау, әскери құрамды толықтырып қабылдаған кезде,
тасымалдау кезінде эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары, қарсылас
биологиялық қаруды қолданған кездегі шаралар.
Әскерге жұқпалы аурулардың ену жолдарын анықтау мақсатында және соғыс
уақытында эпидемиялық процестің дамуына әсер ететін факторларды анықтау
үшін қауырт (оперативті) эпидемиологиялық талдауды және әскердегі
эпидемиялық ошақтарды зерттеуді жүргізу керек.
Қауырт эпидемиологиялық талдау – бұл әскери құрамның арасында
жоспарланған эпидемияға қарсы шаралардың сапалы түрде орындалғаны жөніндегі
ағымды есеп беру негізінде, зертханалық зерттеулердің қорытындысы,
әскердің қызмет, тұрмыс жағдайларының өзгеруі, сырқаттанушылықтың талдауына
есеп беру және ошақтарды эпидемиологиялық тексерудің қорытындысы кезінде
эпидемиялық процестің даму тенденциясына динамикалық баға беру.
Сонымен қатар жұқпалы сырқаттанушылықты талдау жеке құрамның жұқпалы
сырқаттанушылығының динамикасын, құрылымын, деңгейін, жұқпалы аурулардың
пайда болуы мен таралуын анықтайды және эпидемиологиялық болжау жасайды.
Бірен-саран сырқат тіркелетін ошақтарда эпидемиологиялық тексеруді
бөлімшенің дәрігері жүргізеді. Егер өте сирек кездесетін жұқпалы ауру
немесе аса қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туса тексеруге санитарлық-
эпидемиологиялық мекеменің маманы қатысады.
Бірен-саран сырқат тіркелетін ошақтарда тексерудің мақсаты бөлімшеге
аурудың сырттан әкелінгенін анықтау болып табылады. Бұл кезде келесі
жұмыстар жүргізіледі:
- бөлімшенің орналасу аймағының (ауданның) эпидемиологиялық жағдайын
анықтау;
- ошақтағы әскери құрамды, науқастарды сұрастыру және тексеру;
- сыртқы ортаны байқау және тексеру;
- жиналған мәліметті талдап, ошақтың шекарасын анықтау және оны жою
шараларын жүргізу.
Көптеген науқастары бар ошақтарды эпидемиологиялық тексеруді
санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің маманы жүргізеді. Ошаққа маман
келгенге дейін тексеруді бөлімше дәрігері жүргізеді.
Ошақтарды тексергенде қойылатын міндеттер:
- нақты жағдайларда ошақтың орналасуы мен оны жоюға арналған шаралар
кешенін таңдау үшін сырқаттанушылықтың таралуы мен пайда болу
жағдайының себебін анықтау;
- эпидемиялық өршудің түрін анықтау.
Алынған мәліметтерді талдау мен жүйелеу, бірқатар жалпылай белгілері
бар эпидемияның 3 тобын бөлуді қажет етеді:
- 1-ші топтағы эпидемияда әскери құрамның зақымдалуы бір жұқпа көзінен
немесе берілу факторымен жүреді. Эпидемияның бұл түрі көбінесе
зооноздарда (мысалы: бруцеллез) болады.
- 2-ші топтағы эпидемияда жұқпаның зақымдалған адамдардан
зақымдалмаған адамдарға берілуімен сипатталады. Бұл топтағы эпидемия
тез арада өршуімен және ұзақтылығымен сипатталады. Эпидемияның бұл
тобы ауа-тамшы жолымен берілетін антропоноздарға тән.
- 3-ші топтағы эпидемияда науқас адамдардан берілу факторы арқылы
зақымдалуымен (тағам, су, лас қол, буынаяқтылар және т.б.)
сипатталады, бұл кезде тікелей қарым-қатынастың қажеті жоқ. Бұл
топтағы эпидемияға көбінесе ішек антропоноздары және трансмиссивті
сырқаттану жатады. Мысалы, дизентерия эпидемиясы тағам немесе су жолы
арқылы берілуі мүмкін. Су жолы эпидемиясының ұзақтылығы бойынша жедел
және созылмалы болуы мүмкін. Бұл эпидемияларда ең маңыздысы ошақты
эпидемиологиялық тексеру болып саналады. Бұл кезде мына пункттер
енгізілуі керек:
- эпидемиялық көрсеткіштер бойынша сырқаттанушылықтың құрылымын талдау;
- науқастар мен дені сау адамдарды тексеру және сұрастыру;
- ішкі ортаны көзбен шолып және зертханалық тексеру;
- нақты жұқпалы аурудың нозологиясы бойынша жиналған мәліметтердің
байланыстылығын логикалық өңдеу;
Жоғарыда аталып өтілген шаралардың жиынтығы әскерде әскери құрамның
ұрысқа дайындығын жоғарылату үшін эпидемияға қарсы жұмыстарға қатаң
бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.
ІІ ТАРАУ
Соғыс уақытындағы санитарлық-эпидемиологиялық
мекемелердің (бөлімшелердің) жұмысын ұйымдастыру
Әскерде эпидемияға қарсы шараларды жүргізу және ұйымдастыру, әскери
дәрігерлерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету үшін, сонымен қатар
санитарлық қадағалауды жүзеге асыру үшін медициналық қызмет санитарлық-
эпидемиологиялық бөлімшелер мен мекемелерді тағайындайды. Санитарлық
қадағалауды және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін медициналық
қызметтің барлық бөлімшелері мен мекемелері қатысады.
Медициналық қызметтің барлық звеноларындағы шаралардың көлемі мен
мазмұны бірдей емес, олар мақсаттарымен, іске асырылуымен, медициналық
құрамның дәрежесімен және жабдықталуымен ерекшеленеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшелер мен мекемелердің қатарына:
бригадада медицина ротасының санитарлық-эпидемиологиялық взводы (СЭВ);
құрамаларда – санитарлық-эпидемиологиялық зертхана (СЭЗ); қосымшаларда
әскердің медициналық бригадасының жеке санитарлық-эпидемиологиялық жасағы
(мед.бр ЖСЭЖ); майданда – майданның санитарлық-эпидемиологиялық жасағы
(СЭЖ); сонымен қатар санитарлық-бақылау пункті (СБП) жатады. Санитарлық-
эпидемиологиялық бөлімшелер мен мекемелер көптеген нақты міндеттерді,
диагностикалық, әдістемелік бақылауды атқарады. Атқарылатын қызметтеріне
сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшелер мен мекемелердің ұйымдастыру
штаттық құрылымы қарастырылған.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшелер мен мекемелердің өзара
бір-бірімен байланысты жұмыс істеуі аса маңызды болып саналады. Медициналық
ротаның санитарлы-эпидемиологиялық взводы және құрамалардың санитарлы-
эпидемиологиялық зертханасы жұқпалы аурулар ошағын анықтауға міндетті,
медициналық бригаданың жеке санитарлық-эпидемиологиялық жасағы (аса қауіпті
жұқпалардан басқасы) бұл ошақты шоғырландырады, ал майданның СЭЖ-ның
күштері жұқпалы аурулардың эпидемиялық ошақтарын жоюға және аса қауіпті
жұқпаларды шоғырландыруға арналған.
Медициналық ротаның мотоатқыштар (танктік) бригадасының санитарлық-
эпидемиологиялық взводы санитарлық қадағалауды жүзеге асыру және бригада
бөлімшелерінде эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге, сонымен қатар
медициналық ротаның арнайы санитарлық өңдеу бөлімшесін құруға арналған.
Медициналық ротаның санитарлық-эпидемиологиялық взводына санитарлық
қадағалауды жүзеге асырғанда және эпидемияға қарсы шараларды бригада
бөлімшелерінде жүргізгендегі міндеттер:
- бригада бөлімшелері мен олардың орналасу аудандарында санитарлы-
эпидемиологиялық жағдайды бақылау және санитарлы-эпидемиологиялық
барлау;
- әскери құрамның жұқпалы аурулармен сырқаттанушылығын жалпы талдау,
шараларды жүргізуде ұсыныстар негізінде санитарлық өңдеу жүргізу,
бригада бөлімшелерінде сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған
шараларды жүргізу;
- бригаданың жеке құрамында еңбек жағдайына, орналасудағы санитарлы-
гигиеналық ережелердің орындалуына, монша, жуындыру қызметіне
санитарлық қадағалау жүргізу;
- бригада бөлімшелерінде жұқпалы аурулардың болмауының алдын алу және
жою шараларын ұйымдастыру;
- бекітілген көлемдегі токсикологиялық, радиологиялық және
бактериологиялық зерттеулерді жүргізу;
- ауыз су мен азық-түлікке сараптама жүргізу;
- бригада бөлімшелерінің медициналық қызметіне әдістемелік және
тәжірибелік көмек көрсету;
- зертхана саласы бойынша бригада бөлімшелерінде тәжірибелік сабақтарды
ұйымдастырып, оқу-әдістемелік материалдарды өңдеу;
Медициналық ротаның санитарлы-эпидемиологиялық взводының штаты: взвод
командирі – бригада эпидемиологы, 3 дәрігер маман (бактериолог, токсиколог,
радиолог), лаборант, санитар-дезинфектор – дозиметрист және 2 жүргізуші.
Барлығы 8 адам.
Медициналық ротаның санитарлы-эпидемиологиялық взводының техникасы:
әскери медициналық зертхана (ӘМЗ) немесе әскери далалық медициналық
зертхана (Ә-ДМЗ), ДДА-66 және тіркеме 1-П-1,5.
Әскери медициналық зертхана (ӘМЗ) бактериологиялық, санитарлық-
гигиеналық, радиологиялық зерттеулер жүргізуге және далалық жағдайларда
зақымдаушы заттарды индикациялауға арналған.
Қосымшалардағы санитарлық-эпидемиологиялық зертханалардың міндеттер:
- қосымшалар бөлімшелерінде орналасу ауданына, санитарлы-
эпидемиологиялық жағдайына бақылау жүргізу;

шаралары жүргізуде ұсыныстар беру негізінде өңдеу жасау, бригада
бөлімшелерінде сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған шараларды
жүргізу;
- зертхананың саласы бойынша бригада бөлімшелерінде тәжірибелік
сабақтарды ұйымдастырып және оқу-әдістемелік материалдарды өңдеу.
Қосымшалардың санитарлық-эпидемиологиялық зертхана штатында: зертхана
бастығы, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы сұрақтар бойынша
қосымшалардың медициналық қызметі бастығының орынбасары, 3 аға дәрігер
мамандары (гигиенист, бактериолог, токсиколог, радиолог), лаборант, 2
нұсқаушы санитарлар (дезинфектор және дозиметрист) және 2 жүргізуші санитар
болады.
Қосымшаның СЭЗ техникасына жатады: әскери медициналық зертхана (ӘМЗ)
немесе әскери далалық медициналық зертхана (Ә-ДМЗ), УАЗ-452 А және ДДТ-2.
Әскердің медициналық бригадасының жеке санитарлы-эпидемиологиялық
жасағы-әскерді қорғаудағы эпидемияға қарсы сұрақтар бойынша,
мамандандырылған сараптаманы жүргізуге және зертханалық зерттеулерді
жүргізуді қамтамасыз ететін негізгі кеңес алушы орталық болып табылады.
Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда әскери
медициналық бригаданың жеке СЭЖ-ның күштері эпидемияға қарсы шараларды
жүргізу үшін биологиялық шабуыл жасаған аудандарға жылжиды.
Әскердің медициналық бригадасының жеке СЭЖ-ның бөлімшелері биологиялық
зақымдалуға ұшыраған бөлімшелерді анықтауға қатысады, ықтимал қарсылас
қолданған биологиялық зерттеудің түрін анықтайды, болып жатқан жағдайларға
сәйкес эпидемияға қарсы шаралардың, арнайы (обсервация, карантин)
шаралардың жүргізілуіне қатынасады.
Әскердің медициналық бригадасының жеке СЭЖ-ның құрамына кіреді:
басқарушы мекеме, санитарлы-эпидемиологиялық бөлімше (зертханасымен), 2
жылжымалы зертхана, санитарлық өңдеу взводы, оңашалау-карантинді бөлімше,
қызмет ету бөлімшелері. Барлығы 86 адам, оның ішінде 23 дәрігер бар.
Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімше
Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшенің құрамында: 12 дәрігер маман
(эпидемиолог, 3 бактериолог және вирусолог, аса қауіпті жұқпалар бойынша
маман, 2 гигиенист, 2 токсиколог, 2 радиолог), зоолог, химик-аналитик,
лаборанттар, жүргізушілер мен санитарлар болады.
Зертхананың бастығы (эпидемиолог) жасақ бастығының орынбасары болып
саналады.
Жылжымалы зертханалар (екі) мамандандырылған санитарлық-
эпидемиологиялық барлауды жүргізуге, әскери құрамда санитарлы-гигиеналық
және эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыруға, эпидемиялық ошақтардың
шоғырланған орнын анықтауға қолданылады. Әрбір зертханалардың құрамына
кіреді: бастығы (эпидемиолог), бактериолог, радиолог, вирусолог, гигиенист,
лаборанттар, санитарлық инструктор-дозиметрист, жүргізуші-радиотелефоншы.
Жабдықталуы: әрқайсысында 1 далалық медициналық зертхана бар (ДМЗ).
ДМЗ К 131 кузов-фургонында ЗИЛ-131 және тіркеме 2-ПН-2М бар.
Санитарлық өңдеу взводы 2 санитарлық өңдеу бөлімшесінен,
(жабдықталуында ДДТ-2 бар) және дезинфекциялық-дератизациялық бөлімшелерден
тұрады.
Оңашалау-карантинді бөлім (ОКБ) медициналық бригаданың ЖСЭЖ-ның бір
бөлімшесі болып табылады, ол режимді-карантинді оңашалау шараларын
жүргізеді, сонымен қатар аса қауіпті жұқпалар ошағы пайда болған жағдайда
осы шараларды медициналық тасымалдау кезеңдерінде орындайды.
Оңашалау карантинді бөлімшенің штаты құрайды: бөлімше бастығы, дәрігер-
эпидемиолог, дәрігер-инфекционист, фельдшер және басқа да орта және кіші
медициналық қызметкерлер жатады.
Карантинде оңашалау-карантинді бөлімшеге 2 дезинфекциялық-душты
қондырғылар (ДДА-66, ДДТ-3, ДДТ-2), біріншісі зақымдалғандарды санитарлық
өңдеуге, екіншісі оңашалау-карантинді бөлімшенің жеке құрамын санитарлық
өңдеуден өткізуге қолданылады.
Оңашалау-карантинді бөлімше орналасқан аймақ 2 аумаққа (зонаға)
бөлінеді. Біріншісі–карантиннің негізгі аумағы, бұл жерде карантинге
алынған әскери бөлім орналасады, осы жерде оңашалау бөлмелері мен
зертханалық зерттеулер (ӘМЗ) жүргізіледі. Екіншісі–шартты қауіпті аумақ,
бұл жерде оңашалау-карантинді бөлімшесінің жеке құрамы орналасады.
Аумақтың шекараларында зақымдалғандарды және қызметкерлерді санитарлық
өңдеуден өткізу үшін 2 санитарлық өңдеу бөлімшесі, сыртқы периметр бойынша
сыртқы тасымалдау пункті, аумақтың шекарасында–ішкі тасымалдау пункті
орналасады. Дәрігер-эпидемиолог пен дәрігер-инфекционист күн сайын әскери
құрамды тексеріп отырады. Жұқпалы ауруларға күдіктілерді немесе
анықталғандарды оңашалау бөлмелеріне жібереді және зертханалық тексереді,
ошақта қорытынды дезинфекцияны ұйымдастырып, науқасты ауруханаға жатқызуға
шаралар қолданады.
Майданның санитарлық-эпидемиологиялық жасағы.
Майдан масштабында санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
шаралардың жүйесін жүргізуге тағайындалған микробиологиялық, гигиеналық
және санитарлық-химиялық зерттеулерді, оңашалау-карантинді, дезинфекциялық,
дератизациялық шараларды және медициналық қызметтің эпидемияға қарсы
шараларын күшейтуді жүзеге асыруға арналған жұмыстар жүргізіледі. Қарсылас
бактериялық қаруды қолданғанда майданның санитарлы-эпидемиологиялық жасағы
бұл шабуылдың зардаптарын жоюға бағытталған шараларды ұйымдастырады.
Майданның СЭЖ-ы майдандық ауданда барлық санитарлық-алдын алу және әскери,
эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін қадағалайды. Майданның СЭЖ-ы
эпидемияға қарсы қорғауда негізгі кеңес орталығы, сонымен қатар санитарлық
инструкторлар-дезинфекторларды және дератизаторларды дайындауда оқу
орталығы болып табылады. Ол мамандандырылған сараптаманы және зертханалық
зерттеулерді және әскер орналасқан аймақта мамандандырылған медициналық
барлауды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Майданның СЭЖ-ы эпидемиологиялық, микробиологиялық, гигиеналық
зертханалық бөлімшелерден, жуындырғыш-дезинфекциялық ротадан, медициналық
қамтамасыз ету бөлімінен тұрады.
Санитарлы-эпидемиологиялық мекемелердің жиынтығына санитарлық-бақылау
пункттері кіреді, олардың негізгі міндеттері-әскери эшелондар және темір
жолдармен, су жолымен, әскери автокөлік жолдарымен, сонымен қатар
авиациялық көлікпен жылжып келе жатқан әскери командаларында санитарлы-
эпидемиологиялық жағдайын бақылауды жүзеге асыру. Санитарлық–бақылау
пункттері әскердің жылжу жолдарында әскерге жұқпалы аурулардың енуіне
кедергі болып, аурудың ел аумағына таралмауы үшін эпидемияға қарсы
тосқауылдардың қызметін орындайды.
Санитарлық-бақылау пункті санитарлық байқаудың жүргізілуін, қажет
болған жағдайда-әскери құрамның санитарлық өңделуін, жұқпалы аурулардың
оңашалануын және олармен қатынаста болғандарды обсервацияға алуды
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар СБП медициналық құрамға әскери эшелондарды
тасымалдау бойынша нұсқаулар жүргізеді және жылжымалы құрамның санитарлық
жағдайына, шаруашылық-тұрмыстық қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді,
жұқпалы аурулармен ауырғандарды жақын жерде орналасқан емдеу мекемелеріне
жеткізуді жүзеге асырады, әскери эшелондарды толықтырып отырады және
жетіспеген медикаменттер, дезинфекциялық заттар және бактериялық
препараттармен қамтамасыз етеді. СБП-ның құрамына: бастығы (дәрігер-
эпидемиолог), дәрігер инфекционист және ортаңғы қызметкерлер кіреді.
ІІІ ТАРАУ
Әскерде санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру
3.1 Әскери әрекет жасалатын ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын
бағалау белгілері
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау–медициналық барлаудың бір бөлігі.
Бұл медициналық қызметпен әскердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын,
олардың орналасу ауданын және алдағы болатын соғыс әрекетін, әскердің жылжу
бағытын, ықтимал қарсылас әскерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын,
олардың орналасу ауданын және медициналық қызметтің жағдайын, жергілікті
тұрғындар мен басқа да контингенттерден, табиғи ошақтардан немесе
қарсыластың әскерінен әскерге жұқпалы аурулардың ену мүмкіндігін
анықтайтын, олар туралы мәліметтер жинайтын шаралар жиынтығы.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау әскердің санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайына қолайсыз әсер ететін факторын анықтап және дер
кезінде эпидемияға қарсы нәтижелі шараларды ұйымдастыру мақсатында
жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық барлау әскердің орналасу ауданында
немесе қайда да бір орын ауыстырғанда, әскери ұрысқа дайындық кезеңінде,
ұрыс кезінде және оның аяқталған кезінде жүргізіледі. Санитарлық-
эпидемиологиялық барлау санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
шараларды ұйымдастыруда аса маңызды орын алады және барлық медициналық
қызметтің бөлімшелерінен оны жүргізе білуді талап етеді.
Қазіргі кезде биологиялық барлауды жүргізу қажеттілігі тууы мүмкін,
бұлар: қарсыластың биологиялық қаруды қолдану туралы дайындығын анықтау
мақсатында, егер қолдана қалса биологиялық қарудың заттарын жою мақсатында
жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізілу және дайындық
кезеңдері:
- дайындық кезеңі, бұл кезде барлау жүргізілетін ауданмен алдын ала
танысу жүргізіледі, міндеттер қойылады;
- барлауды жоспарлау, қажетті күш пен қару бөлінуін, барлау нысаналарын
анықтауды, мерзімін бекіту, байланыс түрін, сонымен қатар, барлау
кезіндегі ақпарат тарату кезеңділігін пысықтау;
- әскерге жұқпалы аурулардың енуіне кедергі жасауға ұсыныстар мен шешім
дайындап, тұрғылықты жерге барлау жүргізу;
- барлаудың қорытындысын дайындау және эпид. барлаушының есеп картасын
дайындау.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудің жоспары:
- санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың нысаналары мен міндеттері;
- барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жүру бағыттары;
- барлаудың басталу және аяқталу уақыты;
- санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың қорытындысы бойынша (ауызша
баяндама) мәліметтерді дайындау тәртібі, орны және мерзімі.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау туралы мәліметтер медициналық
қызметтің аға бастығына баяндалады және сызбаға немесе сызба-картаға
түсіріледі. Картаға түсірілген бұл сызба эпид. барлаушының есеп картасы
болып табылады және жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың есеп
беру құжаты болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізілген санитарлық-
эпидемиологиялық барлау әскери бөлімшелерді эпидемиологиялық ошақтармен
жанасудан сақтайды және әскердің арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуын
және енуін ескертеді, әскердің эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз
етеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды әскери, армиялық және майдандық
деп бөледі.
Әскери санитарлық-эпидемиологиялық барлау (бірінші эшелон) барлық
аймақта алдынғы шеп пен қосымшалардың тылына дейін медициналық құраммен
жүргізіледі, оларға ротаның саниатарлық нұсқаушысы, батальон фельдшері,
полктың медициналық пункттерінің санитарлық-эпидемиологиялық взводының
мамандары және санитарлық-эпидемиологиялық зертхана жатады.
Олар медициналық барлаудың барлық элементтерін орындайды. Бұл кездегі
жұмыстың негізгі әдісі сұрастыру және көзбен шолып тексеру, зертханаларға
жіберуге сынамалар алу болып табылады. Бұл үшін санитарлық-эпидемиологиялық
барлауға бөлінген медициналық қызметкерлер сыртқы орта нысаналарынан
алынатын сынамалар (су,топырақ, буынаяқтылар) үшін қажетті құрал-
жабдықтармен және науқастардан алынатын бөліністер үшін (құсық, қақырық,
нәжіс, қан және т.б.) қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудегі медициналық қызметтің
әскери бөлімшелерінің міндеті болып табылады:
- жұқпалы аурулардың ошақтарын анықтау;
- әскерді жұқпалы аурулар ошақтарымен қатынаста болмауын ескерту;
- әскерді сапалы тағам және сумен қамтамасыз етуді медициналық бақылау;
- санитарлы-эпидемиологиялық барлаудың жоғарғы эшелонын (армиялық,
майдандық) ақпараттау;
- индикация үшін сынамалар алу және оларды зерттеу үшін бригаданың
медициналық ротасының зертханасына, қосымшалар СЭЗ-на, майданның
санитарлы-эпидемиологиялық жасағының зертханасына материалдарды
жіберу.
Қосымшалар эпидемиологы барлаудың мәліметтерін жинақтайды және қажетті
эпидемияға қарсы шараларды дайындайды.
Армиялық санитарлық-эпидемиологиялық барлау (екінші эшелон) әскери
медициналық бригаданың санитарлы-эпидемиологиялық жасағының мамандарымен,
бірлестіктің медицина қызметінің күштерімен және құралдарымен
жүргізіледі.Оны армияның эпидемиологы арқылы бірлестіктің медицина
қызметінің бастығы ұйымдастырады. Бұл барлаудың нысаналары әскердің жылжу
бригадасындағы үлкен тұрғындар пункттері, жылжымалы базалар мен басқарма
пункттерінің орналасу аудандары, тағам қоймалары, ықтимал қарсыластың
аймағындағы жұқпалы аурулар ауруханалары болып табылады. Жергілікті
тұрғындардың, әскери тұрғындардың, қашқындардың, жер ауыстырып келгендердің
санитарлы-эпидемиологиялық жағдайына үлкен көңіл бөледі. Бірінші эшелонның
жеке медициналық бригадасының санитарлы-эпидемиологиялық жасағы биологиялық
қарудың қолдану факторын, эпидемиялық ошақтардың шоғырлануы мен жойылуын,
кең таралған сызба бойынша индикациялауды анықтайды, басқа да қызметтерден
алынған эпидемияға қарсы сұрақтары бойынша мәліметтерді өңдеуді жүзеге
асырады.
Майданның санитарлы-эпидемиологиялық барлау (үшінші эшелон) майданның
медициналық қызметінің күштері және заттарымен жүзеге асырылады. Негізгі
тексеру нысаналары мен бақылау нысаналары госпитальді базалардың орналасу
аудандары, тұрғындар пункттері, майдандық коммуникациялар және жол
тораптары, қамтамасыз ету базаларының орналасу аудандары және басқарма
пункттері болып табылады.
Майдандық санитарлық-эпидемиологиялық барлау майданның медициналық
қызметінің бастығымен бірге майданның бас эпидемиологы арқылы
ұйымдастырылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негізгі міндеттеріне сай бұл
барлаудың негізгі нысаналары: нақты тұрғындар пункті, үйлер, пәтерлер,
аймақтық учаскелер және басқа да әскерге жұқпалы аурулардың енуіне немесе
оның таралуына қауіп тудыратын нысаналар. Бұл барлауда келесі негізгі
сұрақтар анықталады:
- тұрғындар арасындағы жұқпалы аурулар сырқаттанушылығы;
- үй жануарлары мен синантропты кеміргіштер арасындағы эпизоотия-ның
болуы;
- жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарының болуы және олардың белсенділігі;
- тұрғындар пунктінің санитарлық жағдайы (қоқыстарды жинау жүйесі, тағам
және ауыз сумен қамтамасыз етілуі және т.б.);
- жұқпалы ауруларды тасымалдаушылардың болуы;
- тұрғындарды эпидемияға қарсы қамтамасыз ету жүйесі;
- жергілікті ресурстардың болуы (санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
орталықтары, моншалар, санитарлық өткізгіштер, ауруханалар, дәрі-
дәрмек қоймалары, дезинфекциялық станциялар).
Бұл мәліметтерді толығымен медициналық мекемелерден және ветеринарлық
қызмет мекемелерінен алуға болады. Сонымен қатар нақты мәліметтерді
басқарушы органдар мен тұрғындардан алуға болады. Сұрастырудан басқа
тұрғындар пунктін, аймақты және оның жерлерін көзбен шолып тексеру
жүргізіледі. Аурулар анықталады, аймақ пен тұрғындар пункттерінің
санитарлық жағдайы анықталады. Қажет болған жағдайда науқастардан жұғындар
алынады (диагнозды дәлелдеу үшін) және қоршаған орта нысаналарынан
зертханалық зерттеуге сынамалар алынады.
Барлық мәліметтер тіркеледі де, барлауды ұйымдастырған басшыға ауызша
баяндама түрінде немесе эпидемиологиялық барлаудың есеп картасы түрінде
жеткізіледі.
3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын талаптар. Санитарлық-

эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын негізгі талаптар-
ға:үзіліссіз дер кезінде жүргізу, нақты мәліметтер жинау, бір бағытта
жүргізу, эшелонмен тасу жатады.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негізгі әдістері:айналаны
тексеру, байқау, сұрастыру болып табылады. Әскердің орналасу ауданының
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының өзгертілуі туралы үзілмейтін
мәліметтер алып отыру үшін медицина қызметінің бастығы санитарлық-
эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастырады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тұрғындар пункттерін және
нысаналарды үзбей үнемі тексеру мақсатында жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау әскери бөлім мен ауданға
(аймаққа) жеке беріледі және әскери құрамның жұқпалы сырқаттанушылығы
туралы мәліметтер негізінде, аймақтың санитарлы-гигиеналық жағдайына,
санитарлық-эпидемиологиялық және биологиялық барлаудың қорытындысы бойынша,
сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау негізінде беріледі.
Әскери бөлімнің және әскердің орналасу ауданының санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайы: қолайлы, тұрақсыз, қолайсыз және төтенше болады
деп қабылданған.
Әскери бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы болып
саналады, егер:
- жедел жұғатын ауру мүлдем болмаса;
- әскери бөлімнің қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдайына (бұрын-
соңды бұл жерде кездеспеген) бірен-саран жұқпалы аурулар кездессе;
- әскер орналасқан ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы сәтті
болса;
- ықтимал қарсылас әскер арасында биологиялық қаруды қолданбаса;
Бөлімнің әрекет ету ауданы қолайлы болып саналады, егер:
- жергілікті тұрғындар арасында жедел жұқтырылған ауру болмаса;
- жергілікті тұрғындар арасында бірен-саран жұқпалы аурулар бар және
олардың әрі қарай таралуына жағдай жоқ;
- әрекеттегі орналасу ауданының санитарлы-гигиеналық жағдайы
қанағаттанарлық;
- эпизоотиялық жағдай әскерге қауіп төндірмейді;
- қарсылас әскердің әрекеттегі орналасу ауданында биологиялық қаруды
қолданбаса.
Әскери бөлімнің және оның орналасу ауданының санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайы қолайлы болғанда бөлімнің медициналық қызметінің
күштерімен жоспарлы эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.
Бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз деп саналады,
егер:
- бұрын байқалмаған аурулардың бірен-саран кезедесуі;
- жұқпалы аурулардың өршуі болса;
- бөлімшенің санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық болғанда әрі
қарай таралу тенденциясы жоқ топтық жұқпалы аурулар кездессе;
- бөлімнің әрекет ету ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы
тұрақсыз немесе қолайсыз болса;
- бөлімнің санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз.
Бөлімнің әрекет ету ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы
тұрақсыз деп саналады, егер:
- жергілікті тұрғындар арасында бұрын соңды кездеспеген топтық жұқпалы
аурулар пайда болса;
- зоонозды жұқпалардың әскерге ену қаупі бар эпизоотиялық ошақтары
болса;
- әскердің әрекет ету ауданының санитарлы-гигиеналық жағдайы
қанағаттанарлықсыз;
- әскер ірі эпидемиялық ошақтардың немесе биологиялық зақымдалу
ошақтарының маңайына орналасса.
Бөлімнің және орналасу ауданының тұрақсыз санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайы туралы бөлімнің медициналық қызметінің бастығы медициналық
қызметтің командиріне және бастығына баяндайды, қажетті қосымша шараларды
ұсынады, олардың орындалуына қатысады және бақылау жүргізеді.
Бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп саналады,
егер:
- жеке бөлімнің арасында топтық жұқпалы аурулар пайда болса және олардың
әрі қарай таралуына жағдай болса;
- аса қауіпті жұқпалы аурулар сирек те болса кездессе;
- ықтимал қарсылас аса қауіпті жұқпалы аурулары жоқ биологиялық қаруды
қолданса.
Бөлімнің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы
қолайсыз деп саналады, егер:
- жергілікті тұрғындар арасында жұқпалы аурулар санының эпидемиялық
өршуі болса және олардың әрі қарай таралуына жағдай болса;
- аса қауіпті жұқпалы аурулар сирек те болса кездессе.
Бөлімнің немесе ауданның қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы
командирдің бұйрығымен жарияланады. Бөлімде обсервация тәртібі орнатылады.
Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін қосымшалар мен бірлестіктердің
эпидемияға қарсы күштері мен құралдары жұмылдырылады.
Бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы төтенше деп саналады,
егер:
- әскери жеке құрамның арасында жұқпалы аурулардың саны көбейіп,
бөлімнің ұрысқа дайындығын әлсіретсе;
- аса қауіпті жұқпалы аурулардың қайталанған жағдайы тіркелсе;
- аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының рецептуралары бар
биологиялық қаруды қарсылас қолданғаны туралы фактілер анықталса.

төтенше деп саналады, егер:
- жергілікті тұрғындар арасында аса қауіпті топтық жұқпалы аурулар
кездессе немесе әскерге қауіпті басқа да жұқпалы аурулар кең таралған
болса;
- бөлімнің орналасу ауданында биологиялық қару ретінде аса қауіпті
жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қолданса;
- обаның табиғи ошақтары көбейсе және жергілікті тұрғындар арасында бұл
аурумен ауырған сырқаттанушылық болса.
Бөлімнің төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы майдан бастығының
бұйрығымен жарияланады. Бөлемде карантин орнатылады. Эпидемияға қарсы
шараларды жүргізу үшін бірлестіктердің медициналық қызметінің бастығымен
бөлімге қажетті эпидемияға қарсы күштер мен құралдар жіберіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы төтенше деп бағаланған аудандар
әскерді орналастыру үшін қолданылмайды. Егер қажет болған жағдайда келесі
шараларды ұсынылады:
- әскер тұрғындар пунктінен шалғай жерде орналасады және жергілікті
тұрғындармен жеке құрамның қатынасы болмайды, майданның медициналық
қызметімен анықталған эпидемиялық ошақтарды жоюға барлық шаралар
жиынтығы жүргізіледі.
Әскердің барлық көрсетілген ауданға орналасатын жеке құрамы төтенше
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың себебі болған жұқпалы ауруларға қарсы
алдын ала егіледі, жеке әскери құрам мен жергілікті тұрғындар арасында
санитарлық ағарту жұмыстары ұйымдастырылады. Медициналық қызметтің бастығы
әскерге жұқпалы аурулардың енуін ескертуге шаралар қолдануға міндетті.
Әскердің орналасқан ауданында эпидемияға қарсы шаралар жергілікті денсаулық
сақтау органдарының қатысуымен жүргізіледі.
3.3 Әскери бөлімнің және әрекеттегі ауданның санитарлық-эпидемиологиялық

енгізу ерекшеліктері
Оңашалау шаралары (обсервация, карантин) – жеке құрамның ерекше
тәртібін қарастырады, әскерге жылжу кезінде жұқпалы аурудың енуін
ескертеді, пайда болған эпидемиялық ошақтардың жойылуын және әскерден
жұқпалы аурудың шығуын ескертеді.
Тәртіпті шектеу шаралары шартты түрде 3 категорияға бөлінеді: қатаң
түрдегі медициналық бақылау, обсервация және карантин.
Медициналық қатаң бақылау – бөлімнің жеке құрамының арасында жұқпалы
ауруларды белсенді түрде анықтап, анықталған науқастарды оңашалау және
ауруханаға жатқызуға бағытталған шектеулі шаралар. Медициналық тасымалдау
кезеңдерінде жараланғандарды және науқастарды сұрастырып, тексеру
(термометрия, зертханалық сараптама және байқау) түрінде жүргізіледі. Қатаң
түрдегі медициналық бақылау медициналық қызметтің бастығының шешімімен
бөлімнің және орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын
бағалағанда енгізіледі.
Обсервация – бұл жұқпалы аурулардың таралуын ескертуге бағытталған
оңашалау-шектеулі, емдеу-алдын алу және арнайы санитарлық-эпидемияға қарсы
шаралар жүйесі. Обсервация қатаң медициналық бақылаудан басқа жеке құрамның
жылжуын және орналасуын шектеулі түрде қарастырады. Бұл тәртіпті бөлімнің
әрекеттегі ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қолайсыз деп
бағалаған жағдайда медициналық қызметтің бастығымен және командирімен
енгізіледі. Шектеулі тәртіптің дәрежесі мен сипаты жұқпалы аурудың
эпидемиологиялық ерекшеліктерімен және нақты жағдайымен анықталады.
Бөлімнің әрекет ету ауданының эпидемиялық қолайсыз жағдайында жеке
құрамның эпидемиялық ошақтармен қатынасы тоқтатылады және медициналық
қызметтің бақылауынсыз ауыз су мен тағамдарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Обсервациядағы бөлімшелер мен жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасын
шектеу бойынша шаралар қолданылады, обсервациядағы бөлімшелерден
көліктердің шығуы мен келуіне шектеу қойылады.
Бөлімшеде арнайы емдеу-профилактикалық және эпидемияға қарсы
санитарлық шаралар жүргізіледі.
Обсервацияның мерзімі дәлелденген жұқпалы аурудың максимальды
инкубациялық кезеңінің ұзақтылығымен анықталады. Оны соңғы науқасты
оңашалаған уақыттан бастап, зақымдалған ошақта дезинфекцияның аяқталу
мерзімімен есептейді.
Егер ықтимал қарсылас биологиялық қару қолданды деп танылса немесе
жоғары контагиозды жұқпалы аурудың тез таралу мүмкіншілігі туындаса, онда
обсервацияның орнына карантин қойылады.
Карантин – бұл өте қатаң тәртіптегі шектеулі және эпидемияға қарсы,
жеке құрамның толық оңашалануына, эпидемиялық ошақта жұқпалы аурулардың
тоқтатылуына, қарулы күзетпен қамтамасыз етілуге бағытталған шаралар
жүйесі. Карантин медициналық қызмет бастығының әскердің орналасу және
әрекет ету ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы төтенше деп
бағаланғаны туралы хабарланғанда, армияның (майданның) әскери бастығының
бұйрығымен енгізіледі.
Карантин кезінде нақты жұқпалы аурулардың және эпидемиялық ошақтың
өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты шаралар жүргізіледі. Карантиндегі
бөлімнің айналасына қарулы күзет қойылады. Шектеулі тәртіп шаралармен
қамтамасыз етуге коменданттық қызмет ұйымдастырылады. Жұқпалы аурудың әрі
қарай таралуын шектеу үшін карантин жағдайында жеке құрамды жекелеп
топтастырып бөлімшелерге орналастырады. Карантиннің ұзақтығы обсервациядағы
сияқты қойылады.
Карантин қойылған кезде келесі шаралар жүргізіледі:
- бөлімнен шығу және бөлімге кіруге, іс сапарға, демалысқа шығуға,
әскердің құрамын толықтыруға және әскерді басқа бөлімдерге ауыстыруға
тыйым салынады;
- жеке құрамға медициналық бақылауды (сұрастыру, термометрия) күшейтеді;
- науқастарды немесе ауруға күдік тудырғандарды анықтау, оларды оңашалап
және зертханалық әдістермен әскери-медициналық зертханаларда тексеру,
әрі қарай ӘДЖАГ-на және ӘДАҚЖАГ-на арнайы көлікпен тасымалдау;
- арнайы емдеу-алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;
Карантинді режимге енгізілген бөлімшелер медикаменттермен, тағаммен
және құралдармен қамтамасыз етіледі. Карантиндегі эпидемияға қарсы
шараларды жүргізуге санитарлық-эпидемиологиялық және емдеу мекемелерінің
мамандары бөлінеді. Жағдайға байланысты оңашалау-емдеу, дезинфекциялық және
зертханалық сонымен қатар жедел профилактиканы жүргізуге егулер жүргізетін
мамандар тобы құрастырылады.
IV тарау
Соғыс уақытында әскерге эпидемияға қарсы (алдын алу) санитарлық шараларды
ұйымдастыру және оның мазмұны
Әскердегі эпидемияға қарсы шаралар 3 бағытқа бөлінеді:
1. Әскери құрамның бөлімшелері мен қосымшалары арасында жұқпалы
аурулардың пайда болуын ескерту және әскер арасындағы эпидемиялық
ошақтарды дер кезінде жою шаралары.
2. Әскерге жұқпалы аурулардың енуін ескерту бойынша шаралар.
3. Әскерден жұқпалы аурулардың шығуын ескерту шаралары.
4.1 Жеке құрамды эпидемияға қарсы қорғау бойынша жүргізілетін шаралар,
жұқпалы ауруларды анықтау, оңашалау және тасымалдау ерекшеліктері
Эпидемияға қарсы шаралар жұқпалы аурумен ауырған науқастарды ерте
анықтаудан басталады. Егер науқас ерте анықталса, ертерек оңашаланады, яғни
өзін қоршаған адамдарды зақымдау мүмкіншілігі аз болады.
Егер әскери бөлімде жоғары сырқаттанушылықтың немесе эпидемиялық өршу
болса, онда науқастар мен тасымалдаушыларды анықтау ерте жүргізілуі керек.
Бұл кезде науқас өзі дәрігерге келгенін күтпей, бөлімдегі медициналық
қызметкерлер күнделікті науқаспен қатынаста болғандардың денсаулығын
сұрастырып, дене қызуын өлшеп және зертханалық тексеру жүргізіп отыру
керек.
Анықталған жұқпалы науқастар тез арада оңашалау бөлмесіне
орналастырылады. Оңашалауға тек аурудың клиникалық көріністері бар
науқастар ғана емес, жұқпалы ауруға күдік туғызатын науқастар да,
тасымалдаушылар да орналастырылады. Клиникалық диагнозы анықталған
науқастарды тез арада бөлімшеден жұқпалы аурулар госпиталіне тасымалдау
керек. Бір госпитальден екінші госпитальге жұқпалы аурулармен ауырған
науқастарды тасымалдау тек аға медициналық бастықтың рұқсатымен
жүргізіледі. Бұл жағдайда анықталған жұқпалы ауруларға күдік туған
науқастар тез арада оңашалау бөлмесіне жіберіледі. Бұл шара міндетті түрде
орындалу керек және ол әскери ұжымның ішінде жұқпа көзін анықтаумен
байланысты. Жұқпалы ауруларды госпитальге тасымалдау арнайы санитарлық
көлікпен жүргізіледі. Науқасты тасымалдаған кезде фельдшер бірге бару
керек, оның тез арада жедел көмек көрсетуге арналған медикаменттері, дәрет
ыдысы, науқастың бөліністерін жинап және залалсыздандыратын шелек,
дезинфекциялық заттары болуы керек.
Науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін эпидемиялық ошақта қорытынды
дезинфекция, қажет болса дезинсекция және дератизация міндетті түрде
жүргізілуі керек.
Сонымен бірге, науқаспен ауруханаға жатқызғанға дейінгі уақытта
қатынаста болған барлық адамдарды анықтап, оларды есепке алу керек.
Науқаспен қатынаста болғандар және аса қауіпті науқастарға күдік тудырған
адамдар сол жұқпалы аурудың максимальді инкубациялық мерзімі кезінде тез
арада оңашаланады. Жұқпалы аурумен ауырған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz