Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең
сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл
тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді
мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша
биікке көтерілген. М.әуезовтың қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері
ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік
өлкелерінде шоғырлана бастайды деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден,
Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі
қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше
қағаберісте еді. Екншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған
өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге
көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі,
Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі,
Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен Майлықожаның
келуі, ту-у Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың
алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты
еді. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас
кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән
мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.
Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл
ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын
алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі
Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет
сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен
Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық,
Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-
жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан
тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық
суырыпсалмалық өнеріне қоса Көрғұлы, Шаһмардан сияқты жыр-дастандарды
апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары –
бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар-
үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны
сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің Шағым, Жылқышы, Шәбденге, Сәт
сайланарда, Өстепкеде, Патша әмәрә тарылды, Зілді бұйрық сияқты
өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық
жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-
әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның
Туған елім атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне
аударылған нұсқасы Правда газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл
әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына
қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945
жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел
өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен
жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен Өтеген
батыр, Сұраншы батыр сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып
ақтарылады. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер
жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси
поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен
ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі
болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы
көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі
халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін,
қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға
бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл
азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып
халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз - деген
еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі,
тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге
жасай береді. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің
ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да
даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық
түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы
Жамбыл Жабаев
(1846-1945)
Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып
жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны
туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау,
айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы
мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің
пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры
– "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз
өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр
өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі
қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей
күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың
төбеті", "Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык
мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас,
Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ
дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған
қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын
жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік
даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық
сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен
дарын иесі екенін танимыз.
Өмірбаяны
Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл
тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" –
деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, –
дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел
ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі
Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз
жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың
аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал
оның руы – Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:
Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы,
домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, – деген әзіл сөзде
мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен
шыққан. Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: "Екейде
елу бақсы, сексен ақын" деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ
қой. Акынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып
ел кезгенше, мал бақ!" – дейтіні де Екей елінің өнер дарыған жұрт екенін
көрсетеді.
Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның
туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан хандырына бағынышты болатын. Ал
Қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып жеткізгісіз ауыр еді.
Ақынның өзі ауылдары солардан қашып бара жатқанда, қақаған аязды қыс айында
көш-жөнекей туыпты.
1864 жылға дейін Қоқан хандығы, онан соң Ресей империясы билеген замандағы
халықтың мүшкіл тірлігі, өз отбасының жұтаң тұрмысы, мықтының әлсізге
зорлық-зомбылығы тумысынан талантты, намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып
байланады. Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті,
батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы
шенеуі сол күйік-наладан бастау алып жатқан-ды. "Менің бақытым" деген бір
сөзінде өзі де: "Мен өзімнің барлық өмірімде қыр қожайындарының бетіне
шындықты қорықпай айтып, шайқасумен өттім", – дейді.
Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13
жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша,
"домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды.
Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын
алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы
Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің
сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып,
ұзақ жырлайды.
Ардақты үйдің иесі,
Бата бер менің жырыма.
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп, –
деп өтінеді жасөспірім ақын. Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге
шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның
болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: "Осы шабысыңнан тайма! Өлең-
жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт,
әділдікті жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға
түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын!
Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!" – деп бата
береді. Жамбыл да:
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай, –
деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін
ардақтаумен өтеді.
Жамбыл ақындық айтысқа 17-18 жасында араласып, "Көрұғлы", "Өтеген" сияқты
дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.
Ақын "Менің өмірім" шығармасында:
Топ десе он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалқындадым, –
дейді.
Ел таныған ақын болу үшін, әрине, сол өңірдің ақындарымен түгел танысып,
өнер сынасу керек. Жамбыл да бұл жолды өтіп, ақындық сайыстарда үлкен
табыстарға жетеді.
Байдың қойын бағып жүргенде он үштегі кезінде ұйықтап қалып, түсінен ақын
болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты, Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп
қоныпты. Ол туралы Жамбылдың өзі: "Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып
жүріп, түс көріппін. Түсімде ақсақалды қария келіп: "Өлең аласың ба, көген
аласың ба?" – деген. Мен: "Өлең!" – деппін. Оянып кетсем, түсім екен,
көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп,
домбыраны ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем
ашылып, орта түскендей болды", – деп еске алады.
Жамбыл жиырма жасында сол кездің атақты ақыны – Жаныспен айтысып, оны
жеңеді. Әлгі "Менің пірім – Сүйінбай" деген өлеңін Жамбыл осы Жаныспен
айтысқанда айтады. Жамбылдың "Жылқышы", "Пұшықтың ұрыға айтқаны" сияқты
белгілі өлеңдері сол шамада шығарылады. Атақты "Айкүміспен айтысы" да осы
тұста болады.
Одан кейін "Сәт сайланарда", "Жалғызбын деп жүрмесін", Алматыда Абайдың
баласы Әбдірахманның қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы, "Өсиет",
"Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті" тәрізді белгілі өлең,
толғаулары туады.
Жамбыл 35 жасында, яғни 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен бір үлкен
жәрмеңкеде сол кезде орта жастардағы атақты ақын Құлмамбетпен айтысып,
жеңіске жетеді. Сөйтіп, Жамбыл осыдан былай Жетісу өңірінін нөмірі бірінші
ақынына айналады. Бірақ, айтыстан кейін де екі ақын бірін-бірі құрметтеп,
ардақтап өткен. Атақты Бақтыбай ақынмен кездескенде де:
Қаздай қалқып, ерінбей,
Өлең тердім жасымнан.
Майкөт ақын, Құлмамбет
Орын берді қасынан, –
деп, Жамбыл аға ақынның есімін құрметтеп, ардақтай ауызға алады.
“Батаңды маған бер, әке!”
Табиғатынан ақындық дарыған жас талаптың көкірегін өлең кернеп, он төрт-он
бес жасында біржолата ақындық жолына түседі. Әрине, жас ақынның алғашқы
қадамы өзі қалаған өнердің оң-солын бағамдау, үйрену кезеңінен басталады.
Жамбылдың туа бітті алғырлығы, тапқырлығы, өжет-өткірлігі, тілге шеберлігі
мен әзіл-оспаққа бейімділігі, сондай-ақ бір естіген өлең-жыр, ұзақ
толғауларды есінде сақтағыш зерделілігі ел өмірінің кез келген тақырыбына
еркін баруына жол ашады. Сондықтан арынды талант бұрқыратып өлең де
шығарып, құйқылжытып күй де тартып, киіп-жарып айтысқа да түседі.
Алғашқы "Шағым", "Әкеме", "Сарыбайға" деген өлеңдері қайсар да батыл
Жамбылдың ақындыққа барар жолдағы кедергілерді жеңуге деген жігерлі
талпынысын да, ақындық айтқыштығын да танытады. "Шағым" деген өлеңінде
"бала келсе сабаққа, жем аңдыған дорбадан", "айтқаны ішке қонбаған", не
оқытарын өзі де білмейтін молдадан құтқаруды әкесінен қиыла өтінеді, енді
зорлаудан ештеңе шықпайтынын да ескертеді.
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым,
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды, –
деп шағынады "молдадан" күдер үзген жасөспірім. "Әкеме" деген өлеңде бала
Жамбыл әкесіне: "Батаңды бер, ақын боламын", – дей отырып, әкесінің
әлденендей іс-әрекетін астарлап сынап та өтеді.
Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке.
"Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті" дер, әке.
Домбыра алып сөйлейін,
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң
Елде болар береке.
"Ұрлық түбі – қорлық" деп,
Болармыз құр келеке.
Екі өлеңдегі де он бес жасар баланың тауып айтқан шеберлігі, сөзінің
суреттілігі, өлең құрылысының жатық, әуенділігі сүйсіндіреді. "Торсылдатып
танадай" деген теңеу, "Ұрлық түбі – қорлық" – деген нақыл, соғылған дүренің
сипаттамасы, "күн ұзаққа боздаған" – деген эпитет, "мереке", "береке",
"келеке" – деген ұйқастардың тілге жеңіл әдемілігі болашағы үлкен
ақындықтың нышаны іспетті. Ал, он тоғыз жасында шығарған "Сарыбайға" –
деген өлеңі ойлы сарынын, жиырма жасында айтқан "Жаныс ақынға" дейтін өлеңі
төпеп айтатын арынын танытады.
Сарыбай – Сүйінбай мен Жамбыл шыққан Екей елінің атақты болысы. Кезінде
қоқандықтарды жеңген ұрыстарға қатысып, ерлік көрсеткен, кейін ел басқарған
абыройлы кісі. Жас жігіттің осындай кісіге тілегін әдемі ойлы өлеңмен
білдіріп, кішілік пен кісілікті қатар танытуы "осал ақын" еместігін
көрсетеді.
Біреулер малмен бәрін бөктіріп жүр,
Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр.
Көтеріп дүниенің кең-қоқырын,
Апарып қай шұқырға төккелі жүр?
Көңілі кейбіреудің бұлтта жүр,
Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.
Біреулер қара сөзді қамшы қылып,
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.
Қайсысын маған соның еп көресіз?
Әкетсем өзім таңдап, өкпелерсіз.
Сүйекемнің сүйгенін ойласаңыз,
Өлең болсын серігің деп берерсіз.
Өлеңнен айналадағы өмір мен адамдар туралы түсінігі айтарлықтай терең,
ойының өресі биік, ақындыққа төселген, тілі кестелі өнерпазды тану қиын
емес. "Көңілі көкте, басы жердегі – жаман; өзі кішік, ойы биік – жақсы;
Ұстауға күн мен айды жуықтау; қара сөзді қамшы қылып, қуды мініп, құланды
құрықтау" сияқты нәрлі оралымдар анау-мынау өлеңшінің аузына түспесе керек.
"Дүниенің кең-қоқырын апарып қай шұқырға төккелі жүр?" – деген риторикалық
сұрақтың философиялық жауабы тіпті тереңде жатыр.
Кемелденген кездегі өлеңдері
Жамбыл өлеңдері мен айтыстары әуелден халықтық арнадан бастау алады.
Сондықтан оның туындыларынан әлеуметтік сарын молынан байқалады. Оның өмір
қайшылықтарын ерте танып, олардың сырына ой жүгіртіп өсуі шығармаларын
мәнді, салмақты етеді. Жамбыл – ұстазы Сүйінбайдың үлгісімен кім болса да:
мейлі болыс-би, мейлі бай, манап болсын, мінін бетіне айтып, кедей-
кемтардың, әлсіздің жоқшысы болуды ақындық мұраты еткен ақын. Жамбыл
ақындық өнер жайында:
Ақын деген ат болмас, Қытығын таппай сұратпай.
Қандырмай мейір суаттай, Досың болса, күлдіріп,
Жыры болмай бұлақтай. Сүйсіндіріп жұтатпай.
Тұнығы болмай сынаптай. Жауың болса, бүлдіріп:
Алатаудан арындап, Домбыраң – берен,
Асқан судай құлатпай. Жырың – оқ,
Қыбыршыған көңілден Дәл тигізіп, сұлатпай, –
дейді. Жамбыл өзінің шығармашылық ұзақ ғұмырында осы ұстанымынан танған
емес.
Ақынның көп жырлаған тақырыбы – "Туғалы сөзі өтпеген, қолы есеге жетпеген,
құлшылықтан кетпеген" жарлы мен жалшының азапты өмірі, кедейдің күйі.
Жаман көйлек жыртылып,
От басында итініп,
Әрі дімкәс, тамақ аш,
Әрі тұттай жалаңаш,
Аш бұралып, күн суық –
Жұрт соңынан жоқшылық
Көшке ілескен итше ұлып.
Аш, жалаңаш, ауру, суықта қалтыраған кедейдің аянышты тағдыры бар болғаны
бір-ақ шумақ – жеті жол өлеңге сыйып кеткен. Жоқшылықтың көшке ерген итше
ұлуы туралы образ әрі түсінікті, әрі өте әсерлі. Бұл жерде ұлыған ит емес,
жоқшылық. Демек, сөз көшке ілесіп ұлыған ит сияқты, жұрттың соңынан қалмай
ұлып ілескен жоқшылық жайында. Ақын кедейдің күйін ұлыған аш иттің күйіне
теңестіріп отыр.
"Кедей күйі" – деген өлеңінде жоқшылық тауқыметін тартқан кедей балаларының
аянышты халі, кедей басындағы жоқшылық, шарасыздық шынайы бейнеленген.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас, –
дейді ақын күйзеліп. Жамбыл қысы-жазы тыным көрмей, бай малының соңында
жүрсе де, ауыр азап, жоқшылықта өмірі өтіп жатқан кедей туралы "Жылқышыға"
деген өлеңінде де қабырғасы қайыса, ашына айтады.
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей.
Сахарада салақтап күндіз-түні
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Әрідегі Дулат, Сүйінбай, берідегі ұлы Абай сияқты, Жамбыл да өз кезінің
билік басындағыларының халық қамын ойламайтынын, әділетсіздігін,
парақорлығын, екіжүзділігін әшкерелеп, көптің алдында беттеріне басады.
Мұндай өлеңдерінің тілі уытты, мысқыл, сатираға толы болып келеді. Мұндайда
ақын талантының сыншылдық қыры ерекше күшті сипаттарымен көрінеді.
Жамбылдың "Сәт сайланарда", "Шалтабайға", "Мәңке туралы", "Қалиға" сияқты
өлендері – сондай шығармалар. Сәт болыстың елдің сорын қайнатқанын ел
көзінше бетіне басса, старшина сайланып келген Көкімге:
Әлде бекіп келдің бе,
Арын сатып бетіңнің?
Бір тояйын дедің бе,
Ақысын жеп жетімнің? –
деп, жетім-жесір, жарлының ақысын жегіш, жемір етіп көрсетеді. Жамбыл
дәлел, факт келтіріп жатпайды. Мұнысымен қиянатшылдық билік басына
келгендерге ортақ сипат, даусыз шындық екенін білдіреді. Ал Қали байға:
Сойылыңды соғып тұр,
Болысың мен орысың, –
деуінде көп мағына, үлкен шындық бар. Отаршылдар мен атқа мінерлер ауыз
жаласып, екі жағы пара үшін байдың сөзін сөйлеп, сойылын соғады дегенге
меңзейді.
Ұлық пен төренің, бай-болыстың халыққа көрсетіп отырған зәбірін Жамбыл
"Әділдік керек халыққа" деген өлеңінде кеңінен айтады. Өлеңнің шығу тарихы
былай екен. Ақын Ұзынағаш базарында Қиысбай деген бай бастаған ұлық,
төрелермен кездесіп қалады. Олар Жамбылды жақтырмаған сыңай танытады. Ұлық,
төреге бұрыннан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz