Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеументтік даму жоспарлары
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Кәсіпорын өз өндірістің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін
өзінің материалдық-базасын жасайды,яғни өндіріске қажет қорларын құрайды.
Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеументтік даму жоспарларына
сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін
өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа
отырады.
Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін
Жабдықтаушылар және мердігерлер есеп айырысу шотын пайаланады, онда есеп
айырысулар сомасының деңгейінде және нысандарына (алдын ала төлем-ақы,
инкасса, аккредитивтер, чектер)қарамастан, жабдықтаушылардан алынған
материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызыметтер үшін есеп
айырысу жүргізіледі. 671- шоттың кредиті бойынша –есеп айырысу,валюталық
және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру.Құжаттау және есептік
регистрлер
Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және
қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге
асырады:бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді;
шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.
Субьектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын
орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып
келеді.
Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас
бухгалтерге субьектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп
береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп
мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субьекті мына жайларды қамтамасыз
етуі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен
кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп
саясатының өзгермейтіндігі, 1БЕС белгіленген ережесімен сәйкес
келетіндігі;
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және
есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының
есепте толығымен көрініс табуы;
- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;
Қаржылық инвестициялардың есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 Қаржылық инвестициялар бөлімшесінің
шоттарында жүргізіледі. Оған 401 Акциялар , 402 Облигациялар және 403
Басқа қаржылық инвестициялар шоттары кіреді.
401-403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады.Осы шоттардың
дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары,
инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық
инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен
бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар,
яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін
пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы
құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен
есептелінеді.
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің
маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың
қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін
511-ші Төленбеген капитал шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке
тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері
бойынша қарыздардың сомасы туралы ақпарат жинақталады.
Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің
жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден
кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде
шешім қабылдауына құқылы.
Инвестициялардың есебі
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты –
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және
нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-
өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субьектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі).
Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған
бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
№ 13 БЕС сәйкес Консолидацияланған есеп беру және еншілес
серіктестіктегі инвестицияның есебі негізгі заңды тұлға жергілікті және
шетелдегі еншілес заң тұлғалардың консолидалынған (консолидацияланған)
қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес
серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта
болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекететіп
тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген сетіктестіктердің мәліметі
консолидалынған қаржылық есеп беруге қосылмайды.
Тауардың, дайын өнімнің есебі және оларды сатумен байланысты шығыстар
Дайын өнімнің есебі
Дайын өнім- негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын
өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе
техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен
өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен
куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны
және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 221 Дайын өнім деп аталатын активті
инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым
қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны
бойынша көрініс табады.
Аяқталмаған өндірістің есебі
Бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару
деп бөлуді және соған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын екі
бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.
Басқару бухгалтериясының 90-шы Негізгі өндіріс , 91-ші Меншікті
өндірістің шала фабрикаттары, 92 Көмекші өндіріс, 93 Қосымша шығындар
, 94 Әлеуметтік сала, 95 Өндірістегі ақаулар бөлімшелерінің шоттарында
жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.
Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы
бухгалтериясына беру 211,212,213,214-шоттарының дебеті бойынша 900 Негізгі
өндіріс, 910 Меншікті өндірістің шала фабрикаттары, 920 Көмекші
өндірістер, 950 Өндірістегі ақаулар шоттарының кредиті бойынша (егер
де, ақауды өндірісте жөндеу немесе түпкілікті ақауды талдау аяқталмаған
жағдайда) бейнеленеді.
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар
Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 632 Кейінге қалдырылған табыс
салығы шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік есеп және салық есебінің
талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары
көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп
стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы
бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы
айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Бюджетпен есеп-айырысудың есебі
Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі 63-Бюджетпен есеп
айырысулар бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. ҚР Президентінің Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 24.04.95 ж.
Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістері мен толықтыруларын ескергенде)
жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:
1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2. ҚҚС; (қосымша құнға салық).
3. Акциздер
4. Эмиссияны тіркегені үшін Орталық банктің алымы. Жергілікті салықтар
мен алымдарға жататындар
1. Жер салығы;
2. Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
3. Көлік құралдарына салынатын салық;
4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың
тіркегені үшін алым;
5. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым;
6. Аукциондық сатудан алынатын алым;
Салықтық кіріс – салық заңдарына сәйкес анықталған, есептік кезеңдегі
кіріс немесе шығыс сомасы.
Салық заңдарының талаптары бухгалтерлік есептің талаптарынан ерекшеленеді
де, нәтижесінде бухгалтерлік кіріс пен салықтық кірістерді анықтаудағы
айырмашылықтар туындайды.
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысуды есепке алудың мәні мен міндеттері
Жалақы- бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге
асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал (тұтқа).
Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы
дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық
еңбегі үшін алатын ақша сомасы.
Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен
қызметтердің жиыны.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс
уақыты мен жалақы қорының пайдаланылуына бақылау жасау;
2. Субьектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы
есептеу;
3. Жалақыдан дер кезінеде және дұрыс ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп
айырысуды жүргізу;
Жұмыс уақытының есебі
Жұмыс уақытының есебін табельдерде жүргізеді. Табельді есептік деректері
еңбек тәртібін сақтауға, жұмысқа келу мен кетудің уақтылығына бақылау
жасауға, жұмыспен өтелген уақыт туралы және жұмысқа себепті және себепсіз
келмеу туралы еркін деректермен қамтамасыз етуге, жалақы есебін жүргізуге
қажет. Кәсіпорындарда табельдердің мынадай түрлері қолданылады:
№ Т -12 нысаны, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алуға және есептік
деректерді өңдеудің механикалық әдісі негізінде жалақыны есептеп шығаруға
арналған;
№ Т -13 нысаны, жалақыны есептеусіз жұмыс уақытын пайдалану есептерін
есепке алуға арналған;
№ Т -12 нысаны, тұрақты айлық кесімді жалақысы немесе ставкасы бар
қызметкердің жұмыс уақытын есепке алуға арналған.
Бақылау әдістері:
1. Карточкалық, бақылау сағаттарының көмегімен
2. жетондық, табельдік жетондар мен маркілерді пайдалану арқылы
3. Өткізу, мұндай кезде кіріп-шығуға рұқсат қағаз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz