Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі


Кіріспе
Тіл - адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы, болмысты тануы, игеруі тілде бейнеледі, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі- адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады.
Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші - тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені « Өнер алды - тіл» (М. Қашқари) . Демек, дүниенің кілті - тілде. Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Яғни, ата-баба білігі балаға тіл арқылы дамып, болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі. Тілде ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Тіл - «дыбыс таңба» жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным-түсінігі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ. Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» дейді. Тіл - ойдың ең басты қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба - жазу.
Жазу - адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған.
Жазба тіл мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы
Мәдениеттің ең озық үлгісінің бірі жазу - сызу. Жазу мәдениеті - адамның рухани байлығының баға жетпес үлкен жетістігі. Жазудың мақсаты - ақпарат берушінің өз ойын басқаға жеткізу, болмысты таныту, іс-әрекетін мойындату. Сондықтан да жазу мәдениеті, мәдениет арқылы жалғастырушы (трансляция), коммуникация құралы. Адамзаттың алғашқы рухани талпынысы сол дәуірде тұлғаның өз болмысын басқаға жеткізудің, таратудың қызметін сызба суреттер, таңбалар, нышандар, киетек (символ) бейнелері атқарса, кейін дыбыстық әліпбиге қол жеткізді. Ал, ішкі форма ретінде жазу тұтынушы қауымның дүниетанымын, ділінің, тілінің, дінінің, ой-санасының, әдет-ғұрыпының, көрінісіне айналды. Жазу арқылы болмыстың сан түрлі құбылысын уақыт пен кеңістік аясында екінші, үшінші жаққа жеткізетін, және алыс келешекке жалғастыратын негізгі құрал болады. Нәтижесінде ақпарат берушінің мәліметі ондаған ғасырларға жалғасатын мүмкіндікке қол жеткізді. Сөйтіп, адамзат қоғамының дамуын жеделдетуге, рухани мәдениеттің байлығын арттыруға қызмет ететін дыбыстық тілдің мүмкіндігі шексіз кеңейді. Осылайша, дыбыстық тілдің ажырамас бөлігі ретінде «тіл-ойлау-жазу» жүйесі қалыптасты. Бұл үдерісті түркі этнос өзінің даму тарихында кешіп өтті.
Адамзаттың «екінші тілі» деп аталған жазу әліпбиінің бастау басы болған жазу-сызу мәдениетін түркі этносы да басқалардан қалыспай даму барысында өздігінен жасап үлгерді. Түркілердің алғашқы жазуы - тас бетіндегі петроглифтер. Түріктер б. з. б. 20-15 мың жыл осылайша жазу өнеріне қол жеткізді. Оған Алтай тау жотасының солтүстігіндегі Хойт-Цэнхэр (Солтүстік Зеңгір) үңгірінен табылған сызба суреттер [1, 22-25 б. ; 2, 306-310 б. ] толық дәлел. Бұл ежелгі түркі қауымның рухани деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын көрсетеді. Мұндай пиктографиялық сызбалар шығыста Сарыөзеннен (Хуанхэ) басталып, Алтай, Сібір, Тәңір тау, Сарыарқа, Үстірт Орал өңірін көктей өтіп, батыстағы Дон, Дунай бойларына дейін таралған. Фразограммалық осы құндылықтар адамзат қоғамының дамуының алғашқы кезеңдеріндегі ақпараттық коммуникацияның бірі де, бірегей құралы болды.
Өркениеттің даму сатысына сәйкес фразограммалық таңбадан соң логограммалық сызбаға көшті. Оның негізгі құралы - кодтық таңбалар, рәміздер, белгілер (елтаңбалар - герб) болып табылады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша логограммалық жазудың түп деректеріне Арасантас (б. з. б. 14-16 мың жыл бұрынғы), Тэвш-ула (б. з. б. ІІІ-І мың жыл бұрынғы), моңғол жеріндегі Алтай, Ханғай тау жоталарындағы таңбалар мен нышандар, елтаңбалар (б. з. б. ІХ-ІІІ ғғ. ) жатады.
Логограммадан соң жазу дамысының үшінші кезеңі буындық жазуға (силобограмма) ауысты. Түркі буындық жазуының 33 таңбасы бүгінгі күнге дейін жетті. Буындық жазудан соң дыбыс белгілейтін фонограммаға ауысты. Осылайша Түркі этносы өздерінің еңбегімен байырғы түрік бітіг (руника) жазуын өмірге әкеліп, әлем өркениетіне түркілік ойлаудың, түркілік қолтаңбасын қосты. Түркілердің бітіг жазуының жүйесі шығыстағы қытай, оңтүстіктегі парсылар мен батыстағы гректердің жазу үлгісінен мүлдем басқаша. Өйткені дүниені тану, білу түркілік ойлау қабілетінің нәтижесінде өмірге әкелді. Профессор, ғалым В. А. Истрин «Жазбаның пайда болуы және дамуы» деген еңбегінде жазу мәдениетінің шығу тарихын зерттеп, жазба тілдің туып, қалыптасуын, даму кезеңдерін, хронологиясын мен классификациясын анықтап, ғылыми-теориялық концепциялар жасады. Яғни жазба тілдің даму кезеңдерін заман тарихымен салыстыра отырып 5 кезеңге бөліп қарастырды. Олар: 1) Фразограммалық жазулар; 2) Логограммалық жазулар; 3) Морфемограммалық жазулар; 4) Силлабограммалық жазулар; 5) Фонограммалық жазулар [3, 31-56б. ] . Солардың ішінде жазба тілдің даму кезеңінің бастауы - фразограммалық және логограммалық жазулар.
Фразограммалық жазу немесе пиктографиялық бейне-суреттер
Фразограммалық жазу - бұл тарихтағы адамзаттың жасаған алғашқы жазуы. Ол бейне суреттен және таңбалардан тұрады. Дәстүрлі пиктографиялық жазу деген атаудың орнына "фразография" деген атауды алғаш рет америкалық тарихшы, жазу тегін зерттеуші ғалым И. Гельба қолданды. Бұл атау ары қарай француз ғалымы Ж. Феврие, орыс ғалымдары И. М. Дьяконов, В. А. Истрин, неміс ғалымы Х. Иенсендердің қолдауын тапты. Фразограмма орнына алғашқы "синтаксикалық жазу" деп те атап келді. Кейін бұл атаудан бас тартып фразограмманы өзгертпей қолданып кетті. Кеңес ғалымы В. А. Истрин «Жазбаның пайда болуы және дамуы» деген еңбегінде жазба тілдің алғаш өмірге келуін, оның мәңгілік маңызын зерттеп пайымдаған. В. А. Истрин Н. А. Дмитриевтің зерттеуіне сүйене отырып « . . . Первые следы первобытного искусства относятся к эпохе верхнего (позднего) палеолита», кориньяко - солютрейской (примерно 40 - 2тыс. лет до н. э. ) культуре, и, видимо, возникают всвязи с формированием современного кроманьонского человека. Памятники изобразительного искусства этого времени, как правило, представляют собой контурные, линейные изображения животных (лев, носорог, лошадь, олень и т. д. ), высеченные на камне, вырезанные на кости или нанесенные черной и красной краской на скалы и стены пещер», -деп, ежелгі қауымдағы адамзаттың жазу-сызу өнерінің бастау ала бастағанын көрсетеді [3, 46б. ] Ол өзінің еңбегінде жазба мәдениетінің бір сатысы болып табылатын фразограмманы өз ішінен екі топқа бөліп қарастырады. Онда пиктограмма және шартты белгілер - таңбалар деп бөліп, пиктограммалық жазудың үш түрлі ерекшелігін атап көрсетеді. Олар:
- жазуда коммуникация (ақпарат) жеткізуші тіл емес, ойдың, сананың мәнін, мазмұнын жеткізуді мақсат етеді;
- мұндағы бейнелеу тілі сурет және таңбалар;
- мұнда тілдік норманы бермейді, басты құралы - тіл емес сурет.
Пиктографиялық жазу дегеніміз - ойды, болған оқиғаны, іс-қимылды сызумен бейнелеп жеткізетін ақпараттық құрал. Яғни "ой - тіл - жазу" (мышление - язык - письмо) деген жүйе бұл жазудың негізгі ерекшелігі болмақ. Сонау ежелгі дәуірде адамзат өзінің ой-пікірін, жеткізейін деген ақпаратын суретпен, ыммен, бимен беріп келсе, бүгінгі күнгі пиктографиялық бейнелеу классикалық биіктікке көтеріліп отыр. Қазіргі живопись өнері, қазіргі музыка, би өнері адамзаттың сәби шағында іргетасы қойылып бүгінгі күні адамзаттың рухани қажеттілігін өтейтін өнердің биік шыңына айналған. Алтай тілді қауымның жазу-сызу мәдениеті жалпы адамзаттың рухани құндылықтарының пайда болу, жасалу жолдарынан алыс кетпеген. Ежелгі баба түркілердің тарихи балаң дәуірінде жасалған сондай мәдени-рухани құндылықтар түркі этносының автохтонды (тұрғылықты) мекені болған Орталық және Орта Азияда мыңдап саналады. Ол сонау Сарөзеннен бастап Иньшань таулары, Ұлы Гобидің айналасы, Хаңғай жотасы, Ұлы Сібір, Алтай, Монғол Алтайы, Саян жоталары (Тува), Минусин ойпаты (Хакасия), Алатау, Қаратау, Кавказ, Үстірт, Сарыарқа т. т. с. с. Еуразия далалық ойкуменінде сақталған тас бетіндегі суреттер. Бұл суреттердің алғашқысы - ең ежелгісі жоғарғы палеолит дәуірінен қалған мұралар. Бұдан 30-20 мың жыл бұрын сызылған суреттер Батыс Моңғолияның (Монғол Алтайы) Хойт-Цэнхэр үңгірі. Чанман Хар Үзүр, Ишгэн-Толгой (Кіші-Ойғыр) [1, 55-63б. ] т. т. с. с. жерлерден табылып отыр. Мезолит (14-6 мың жыл), неолит (б. з. б. VI-IV мың жыл), энолит (б. з. б. V-IV мың жыл) дәуірінің, соңғы қола дәуірінен немесе 3000 жыл бұрын жасалған құндылықтар бүгінге дейін табылуда.
Суретте: Хойт-Цэнхэр үңгірінен табылған қызыл түсті бояумен салынған піл бейнесі.
Пиктографиялық сызулардың ерекшелігі - оны сызған бояуында. Монғол Алтай тау жотасынан табылып отырған Хойт-Цэнхэр үңгірінің сызба суреттері қара (баран), қызыл, ашық қызыл, күлгін қоңыр бояуларымен сызылған. Табиғатта жосаның (табиғи бояудың) қара, қызыл, көк, ақ түсті төрт өңі кездеседі. Осы төрт өңнен басқадай барлық түсті бояуды адамдар өзі жасап алатыны бәрімізге белгілі. Өйтсе сонау адамзаттың балаң шағында б. з. б. 30-20 мың жыл бұрын Алтай тауын мекендеген Алтай тілді қауым бояудың бүгінгі қолданып отырған түрінің барлығын шығарып алған. Бояу не үшін қажет? Өңдеу, сырлау, зерлеу, әсем, көркем болдыру үшін, әрі сызып, жазу үшін қажет. Міне, осы қажеттіліктің іргетасы Еуразия аймағында тым ежелден пайда болған. Сол Хойт-Цэнхэр үңгірінде суретшілердің шебер сызған суреттерімен қатар 8 түрлі таңба сызылған екен. Өйтсе таңбалардың пайда болуы б. з. б. 30-20 000 жылдан басталды деп айта аламыз. Ал бұл Хойт-Цэнхэр үңгірінен табылған сызба суреттердің «Әлем көркем суретінің атасы - Еуропа» - деп еуропалықтардың мақтан тұтатын Испан, Франция жерінен табылған атақты Фон де Гом, Ляско, Кастоло, Ағайынды үшеу (Трех Братьев), Альтамир, Ле Бют дю Монд, Пеш-Мерль суреттерімен, құрылымдық жағымен де, тақырыптық жағымен де, бейнелеу шеберлігімен де ұқсас екендігін зерттеулер бойынша айта аламыз. Бұл жетістік көркем суретшілер мен өнер зерттеушілерді әліге дейін таңқалдырып отыр. Мұндағы сызба суреттердің сызу манері, яғни әдісі Дорданадағы (Франция) палеолит дәуірінің Лю Бют дю Монд, Альтамир, Лю-Мут, Пеш-Мерльдегі суреттермен айна қатесіз ұқсастығы. Хойт-Цэнхэр үңгірінде бұдан 30-20 мың жыл бұрын сызылған бұқа, түйе, піл, елік, еліктер үйірі, түйеқұс, садақ ұстаған аңшы, жылқы және т. т с. с. 13 топ сызба суреттер сақталған. Суреттер бізге қандай ақпарат беріп тұр деген сауал туындайды. Мұнда бүгінгі біздің заманымызда Алтай тау жотасында өмір сүрмейтін піл, түйеқұс б. з. б. 30-20 мың жыл бұрын болғанын хабардар етеді. Оның сыртында, біздің заманымызға жеткен елік, жылқы, екі өркешті түйелер осы аймақтың тұрақты шаруашылығы, жануары болғанынан ақпарат аламыз. Ең ғажабы б. з. б. 30-20 мың жыл бұрын Алтай тау жотасының аңшылары садақ қолданғанынан мәлімет алып отырмыз. Зерттеуші ғалым Т. Еңсегенұлы «Көне түркі руна жазба поэзиясы. Алтай, Талас жазбалары: Уақыт пен кеңістіктегі көне түркі іздері» атты еңбегінде Таулы Алтайдағы Хойт-Цэнхэр үңгірінен табылған пиктографиялық сызба-суреттерге талдау жасап, көне түркілер қалдырған құнды мұраларды игеруде зор үлес қосқандығын атап өтуіміз керек [4] . Міне, палеолит дәуірінен жеткен пиктографиялық белгілеу (жазу) бүгінгі заманға осындай ақпараттар беріп отыр. Бүгінгі ғылым үшін де, халықтар тарихы үшін де баға жетпес ақпараттар. Олай болса, палеолит дәуірінің жазуы өзінің коммуникациялық ролін атқарғанын көрсетіп отыр. Жазба тілдің маңызы, міндеті қаншалықты құнды екенін осыдан көруге болады.
Логограммалық жазудың даму ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz