Қазақ әдебиетінде проза жанры


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінде проза жанры, соның ішінде әңгіме жанры жан-жақты зерттеліп келгені мәлім. Әңгіме жанры шеберлерінің еңбектері жайында ғылыми жұмыстар көптеп жазылуда. Бұл жұмыстың негізігі нысаны - жазушы Нұрғали Ораздың шығармашылығы мен әңгіме жазудағы шеберлігі. Әдебиеттің басты міндеті өмір шындығын көркем бейнелеу десек, сол өмірдегі шындықты көбіне қаламгерлер әңгіме арқылы мезетінде әрі жедел суреттеп жататыны белгілі. Ең бастысы әңгіме қысқа шағын жанр әрі өмірдегі нақты көріністерді қиындықсыз бейнелеуге бейім келеді. Оның үстіне қазақ әдебиетіндегі қаламгерлердің көбісі, әсіресе, проза жанрында қалам тербеген жазушылар шығармашылықтарын әңгіме жазудан бастағанын білеміз. Біз зерттеу нысанасына алып отырған Н. Ораз өзін көпшілік оқырман ықыласымен бірге көрнекті қаламгерлер тарапынан да жақсы, жоғары бағалатып үлгерген жазушы. Тағы бір ерекшелігі Н. Ораз әңгімелерінде өмір шындығы, әсіресе, қазіргі заманның қыр-сыры, өіндік ерекшеліктері ол бейнелеген кесек тұлғалар арқылы шынайы көрініс тапқан. Осындай құрмет пен беделге ие болған Н. Ораз зерттеуші, қаламгерлер тарапынан ыстық ықыласқа бөленіп жүрсе де, шығармашылығы арнайы зерттеу нысанасына айналмаған. Оның шығармашылығын өмір шындығын бейнелеп, шынайы образдар жасау тұрғысынан қарастыруды өзекті әрі бүгінгі күннің қажеттілігі деп білеміз.

Н. Ораз біршама көлемді жанр повестер мен бірге көбіне әңгіме жазумен айналысып жүрген қаламгер. Қазақ әдебиеттану ғылымында әңгіме жанрының болмысы мен өзіндік ерекшеліктері біршама зерттелеген зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, З. Қабдолов, С. Антонов, Қ. Жұмалиев, Ж. Дәдебаев, З. Серікқалиұлы, Қ. Әбдезұлы, Р. Рүстембекова, Г. Балтабаева, Г. Сәрсеке, Г. Пірәлиева, Қ. Хамзина, Н. Қ. Смағұлова, Ж. Ж. Сыдыкова сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды. Ал нақты Н. Ораз шығармашылығ төңірегінде А. Аханбайқызы, А. А. Сүлеймен, Д. Рамазан, Н. Қ. Смағұловалар өз тұжырым, ой-пікірлерін білдіріп, жазып келеді.

Зерттеу жүмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - әңгіме жанрының болмысы туралы айта келіп, осы жанрда қалам тербеген Н. Ораздың өмір шындығы мен ондағы адамдар бейнесін бейнелеп жасаудағы қаламгерлік шеберлігін талдап, таныту. Мақсатымызға жету барысында алдымызға мынадай міндеттер қойдық:

  • Жазушы өмірі туралы деректерді жүйелеу;
  • Жазушының қызметі мен шығармашылық жолын баяндау;

Ф-ОБ-001/033

  • Жазушы рухани болмысы мен оның руханият туралы ой-пікірлерін қарастыру;
  • Жазушы шығармашылығы және жариялануы;
  • «Түнгі жалғыздық» кітабындағы әңгімелерін тақырыптық, идеялық, характер, образ жасау, көркемдік қыры мен тілі тұрғысынан талдап таныту;
  • Жазушының әңгіме жазудағы өзіндік қолтаңбасын тану;

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Нұрғали Ораз алғашқы әңгімелерін он сегіз жасында жаза бастаған екен. Әңгімелері жетпісінші жылдардың екінші жартысында жариялана бастады. Бүгінде жеті («Соқпақ жол», «Бақыршаның балалары», «Қазығұрт оқиғалары», «Аяқталмаған ертегі», «Даладан қалаға келгендер», «Түнгі жалғыздық», «Биіктегі сұлулық») жинақтың, отыздай әңгіме мен он шақты повестің авторы. Осы арада, суреткердің кітаптары мен әңгімелерінің сирек жарық көруі жазушы талантының төмендігі емес, талғампаздығынан десек артық айтқандық болмас. Орыс ғалымы Н. Островскийдің: «Жаман кітаптың көп болғанынан жақсы кітаптың аз болғаны абзал» деген пікірін осы жазушының шығармашылығына қарап отырып айтсақ болады.

Жұмыстың теориялық таянышы ретінде Қабдолов З. "Жебе". Алматы. 1977 ж., Антонов С. Я читаю рассказ. Москва. 1973., Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ әңгімесі. Алматы. 1988., сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдар негіз етіп алынды.

Жұмыс барысында саралау, салыстыру, талдау, жүйелеу, баяндау сияқты әдіс-тәсілдерге сүйендік.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспе мен қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау «Нұрғали Ораздың өмірі мен шығармашылығы» деп аталып, онда жазушының өмір жолы, атқарған қызметтері, қаламгер ретіндегі болмыс-бітімі мен мінезі, шығармаларының жазылуы мен жариялануы, әңгімеші ретіндегі қарым-қабілеті, таланты туралы ой-пікірлер айтылады. Екінші тарауда талдау нысанамызға «Түнгі жалғыздық» кітабын алдық. Жазушы әңгімелеріндегі өмір шындығы, кезең көрінісі тақырыптық, идеялық, көркемдік жетістігі тұрғысынан талданды. Әңгімелерді талдау барысында жазушының тақырыпты таңдау ерекшелігі, характер жасау жолдары, диалогтар мен авторлық баяндаулар, тілінің құнары мен көркемдігі төңірегінде пайымдаулар жасалынды.

Ф-ОБ-001/033

I ТАРАУ

Жазушы Нұрғали Ораздың өмірі мен шығармашылығы

Қазіргі қазақ әдебиеті мен жазушыларымыз жайлы Дулат Исабеков ағамыз былай дейді: "Қазақстан жазушылар одағында жеті жүздей мүше бар деген ақпарат ел ішіне кең тарап кетті. Біреулер оған қуанады, баз біреулер "қаптап кеткен қайдан шыққан жазушылар" деп тыжырынады. Кітап шығарғанның бәрі жазушы емес. Бірақ, олардың санына сан соқпай-ақ, өз керегімізді өзіміз таңдап ала білсек болғаны емес пе? Бірақ, санды қуамыз деп кейде сапаны ұмытып кететін әдетіміз бар.

Әр аймақтан Әуезовтер туа бермес, бірақ, жазушыларымыздың қатары жыл сайын селдіреп келе жатқанын көріп, енді он бес, жиырма жылдан соң аға ұрпақтың орнын басатын жастар болмай қалар ма екен деген алаңдаушылығымыз да жоқ емес. Бір кездері Қазақстан Жазушылар одағының жиырма пайызға жуығы оңтүстіктен шыққан айтулы қаламгерлер еді. Қазірдің өзінде олардың қатары сиреп, саусақпен санайтын халге түсіп қалды.

Біздің заманымызда әдебиетпен басыбайлы біржола айналысу мүмкін емес, тіпті, қазақ әдебиеті үшін алтын ғасыр боп бағаланған өткен жүзжылдықта да онымен түп-түгел айналысқан ешкім жоқ. Бірақ ол кезде көркем әдебиет мемлекеттік қажеттілік деңгейіне көтерілген кез еді. Қазір ондай қажеттілік болмай қалды. Нарықтық қарым-қатынас бұрынғы құндылықтарға басқаша қарап, көркем әдебиет туындыларына кірпіш зауыттың өнімдері сияқты жаппай "тауар" тұрғысынан бағалайтын көзқарас қалыптастыра бастады. Мұндай көзқарас қалыптасқан жерде әдебиеттің өсіп, өркендеуі жайлы сөз қозғау қиын. Мемлекет пен ұлттың болашағын көркейтеміз десек, алдымен әдебиетті қайта жандандырудың қамын ойлауымыз керек. [1]

Иа, әдебиеті дамымаған ұлттың болашағы бұлдыр болатыны анық. Ұлттық рухтың жоқтаушысы, қозғаушы күші « көркем әдебиет» жайында қаламгер Д. Әшімханұлы мынадай пікір білдіреді: «Ұзақ жылдар бойы ағылшындардың отарлауында болған үнді халқы тәуелсіздік алған кезде Джавахар Нерудің «Бәрін қалпына келтіреміз. Кедейшіліктен де құтыламыз, байлыққа да жетеміз, қираған мүлік-мүкәмәлдың да орны толады. Ең жаманы орталық езгінің әсерінен халқымыз рухын жоғалтып алды. Орны толмас өкінішіміз де осы» деп мұңаятыны бар. Осыған ұқсас, көп жылғы орталық пен бодандық қазақ халқының да рухын жасытып, сағын сындырып кетті. Ал енді халқымыздың жасыған рухын кім көтереді. Меніңше мұны әдебиет көтереді. » [2. 38]

Сөз өнерінің негізгі танымы адам да, эстетикалық мұраты адамзаттың рухани әлемі екендігі айқын. Сондықтан да қазақ прозасы өз

Ф-ОБ-001/033 кезегінде адам руханилығы мәселесіне түрлі философиялық көзқарастартұрғысынан келуге тырысты. Адамдардың рухани мәдениетінің қалыптасыуы - қашанда аумалы-төкпелі заманымыздың ең маңызды мәселесі. Өйткені қоғамның рухани жадаулығы - қауіпті дерт. Ол адамдардың саяси моральдық азып-тозуына елдің әлеуметтік-экономикалық құлдырауына әкеледі. »

Руханият дегенміз кең әрі терең ұғым. Ол, әрине, бір жылдың ғана жемісі емес, көптеген жылдардың мұрасы. Халық санасы бұл мұраны біртіндеп игеріп оны өзіне азық етеді. Рухани жағынан байып молыға түседі. Сананың өсуі қоғамның мәдени-азаматтық парасатын биіктете түсіп, адамгершілік үрдістерінің құлаш жаюына қолайлы жағдай жасайды.

Құндылықтарды бағалаудағы қателіктер көбіне өтпелі кезеңдерге тап келеді. Бір қоғамдық жүйе екіншісімен ауысқанда мұндай асыра сілтеушіліктер жиі кездеседі. Қазіргі уақытта етек жайып, белең алып бара жатқан тағылыққа, жан жадаулығына қарсы қоятын бірден-бір әлеуметтік күш - руханилық болып табылады. [2. 32]

Тәуелсіздік алған жылдары, «қилы-қилы саясат пен өркениет технологиясы арқылы қазақ секілді ақ көңіл, адал халықтың мойнына ақыры отаршылдық қамытын салып үлгерген» социалистік кезеңнен «сананы тұрмыс билейтін» капиталистік кезеңге өткен кез өнер иелерін, соның ішінде жазушыларды дағдартып, ойландырып қойған уақыт болды. Тіпті көп жазушыларымыздың бірі бизнесмен, енді бірі кәсіпкер болып кетіп жатты. Кейбір жазушыларымыз өз даусын жоғалтып, үні де үздігіп барып үзілді. Көбі күнкөріс қамымен кетіп, жүректегі оттары да, көңілдегі шоқтары да сөне бастады. Бірақ, уақыт өте келе әдебиетте жаңа рухани кеңістік ашылды. Аздаған жылдар тоқырау көрген әдебиетіміз қайта дами бастады. Әдебитетімізге бір-біріне ұқсамайтын тамаша қаламгерлер келді. Қаламгерлерімізге қанат бітіретін еркіндік те, самғап ұшуға мүмкіндік беретін кеңістік те ашылды.

Әр заманның өз қиындығы мен ұтымды жақтары да болады. Соның бірі, кеңестік кезеңде жастар шығармашылығын жариялау бүгінгіден әлдеқайда қиын болатын. Олардың шығармаларынан гөрі еңбегін ертерек көрсеткен, сол арқылы көзге түсіп қалған аға буын «коммунист» жазушылардың шығармасын көп жариялайтын. Сонын салдарынан жас жазушылар аға буын жазушылардың тасасында көрінбей қалып кететін. Тәуелсіздік әдебиетте ішкі ойы мен арман мақсатын ашып айтатын, жазатын, кейбір «коммунист» жазушыларымыздың шығармаларына шекесінен қарап, тарпаң мінез танытатын жаңа толқынды дүниеге алып келді.

«Олар - тәуелсіздік туының астында көзін ашқан тәкәппар толқын. Сондықтан да олар отаршылдыққа мойнын ғана емес, қойнын да ұсынып, жан дүниесін, сана-сезімін ақыл-ойын, ұрпағын сатқан жарамсақтыққа, жанаярлыққа қас. Себебі олардың бойында отаршылдық вирусынан қатты тітіркенетін тәуелсіздік иммунитеті қалыптасып келеді.

Ф-ОБ-001/033

Мұндай иммунитет біздің баяғы ел мұңын жырлаған ата-бабаларымыздың бойында күшті болған. » [3. 5]

Тәуелсіздік оларды «еркін ойлауға, басқаларға қарап жалтақтамай еркін жазуға үйретті. Уақыт әрбір толқынды әр қилы кезеңде, әрқалай шыңдайтын сияқты. Айталық, бүгінгі аға буын сон-ау бала күнінде соғыстан кейінгі қиындықтарды көріп шыңдалса, ал келесі буын тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарды көріп ысылды. » [4. 5]

Біздің аға буын деп отырғанымыз қазақ прозасына, соның ішінде әңгіме жанрында өз өрнектерін қалдырған - Мұхтар Мағауин, Сайын Мұратбеков, Тәкен Әлімқұлов, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Төлен Әбдіков, Тынымбай Нұрмағамбетұлы, Мархабат Байғұтов сынды тағы да басқа қаламгерлеріміз қаламгерлеріміз. Ал, келесі буын деп отырған жазушыларымыз бүгінгі таңда әдебиет майданының бел ортасында жүрген - Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Роза Мұқанова, Талаптан Ахметжан, Айгүл Кемелбаева сияқты тағыда басқа аға-әпкелеріміз.

Әдебиеттің салмақты жанры прозаға жаңа толқын өз үнін қосты. Араларында бір-біріне ұқсамайтын, түрлі тақырыптағы әңгімелерді дүниеге алып келген, талғампаз талантпен, үлкен дайындықпен, оқырман назарын бірден аударарлықтай жаңалықпен келген әңгіме жазу шеберлері де кездеседі.

Әңгіме, шындығынды, үлкен шеберлікті қажет ететін жанр. Оның қиын да күрделі жанр екендігі жөнінде қазақ әдебиетінде көптеген әдебиеттанушы, сыншы ғалымдарымыз А. Байтұрсынұлы [5], М. Қаратаев [6], Н. Ғабдуллин [7], З. Қабдоллов [8], А. Исмақова [9], Б. Сарбалаев [10], Р. Рүстембекова [11], Г. Пірәлиева[12, 13], Г. Балтабаева [14], Н. Смағұлова [2] т. б. айтқан болатын.

"Әңгіме жанры тарихына, әсіресе, оның XIX ғасырдың соңынан бастап дүние әдебиетінде кең өріс алуына қатысты екіұшты пікірлер жиі ұшырасады. Аталмыш жанрдың "өзіндік ерекше маңызы мен құндылығы", ның кең көлемді әрі көкейкесті мәселені күн тәртібіне қоя білетін өткірлігі лайықты бағаланбай да келеді. Бұл ретте кіші жанрды "қатарға қосуға" мықтап тырысқан ұлы қаламгер А. П. Чехов туралы айтылған пікір таластар жиі ойға оралады.

Заманның зәйілі өзінің алдыңғы қатарлы мұраттары, концепциясы, дүние мен адамға деген жеке көзқарасымен қатар, көркемдік бейнелеудің үстем формаларын, әдістері мен принциптерін ұстанатыны көпке мәлім. "Чеховтың роман жазбауының себептерін іздеп, бас қатырудың түкке керегі жоқ деп ойлаймыз. Чехов қашан да өз заманындағы қоғамдық-әдеби өмірдің бел ортасында жүріп, бірқатар жағдайда орыс және әлем әдебиеттерінің ілгері даму жолында басқаларынан қара үздіріп кетті. Өзінің әңгімелері мен хикаяларында "көкейкесті мәселелерді" дұрыс

Ф-ОБ-001/033

көтере білгені соншалық, бұл ретте оны даңғайыр жазушы - романистер Тургенен, Достоевский, Толстойлармен қатар қоюға да болады" [15. 62]

Әңгіме жайын сөз еткенде, бірінші ойға келетін сұрақ: "Әңгіме не үшін жазылады?"

Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, копозициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. [16. 127-128] Әңгіме белгілі бір шындықты таныту үшін жазылады. Шындықты ұнамды кейіпкер арқылы танытады. Көркем әдебиетте ұнамды кейіпкер өзі өмір сүрген дәуірдің ең үлкен шындығын бойына жиған, өзі тіршілік еткен әлеуметтік ортаның ең жақсы қасиеттерін бойына сіңірген күрделі де кесек образ. [8]

"Әңгіме - ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана оқиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу керек"- дейді Сомерсет Моэм. Бұл арада Моэм әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылу керектігін, екіншіден, шебер жазылуы қажеттігін ескертеді.

Орыс әдебиеттанушысы, әңгіме жанры жөнінде үлкен еңбек авторы Сергей Антонов болса, бұл жанрдың үздік үлгісі нақты әрі тиянақты жазылған жеті-сегіз беттік әңгіме дейді. [17]

С. Сәдуақасов «Әңгіме түзелмей, әдебиет түзелмейді» десе, қазақ әдебиетінде әңгіме жанрында өз қолтаңбасын қалдырған біртума талант иесі Тәкен Әлімқұлов «Әңгіме жазу роман жазудан жеңіл емес» дейді.

Академик Зейнолла Қабдолов бұл жанрдың сипатын былайша ашып көрсетеді: «Әңгіме - бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Оны оқып шығу үшін бір жеті керек емес, бір-ақ сағат жетуі мүмкін . . . жақсы әңгіме шебер жазушыдан туады. Өмірдің бірғана бөлегін жарқ еткізіп, жайып тастап, оқушының көз алдына қилы-қилы мінездің адамын алып келіп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру қандай шеберлік. » [8. 13]

Әңгіме - қиын жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Оқушыны бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодынының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ақ оқушының көз алдына іші-сыртын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта аңғарылуы шарт. Әлгі адам соның өкілі, типтік характер болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, сөз байлығын, байқағыштықты, аса талғампаздықты, тілдегі суреттілікті, бір

Ф-ОБ-001/033 сөзбен айтқанда, шеберлікті, соған қоса биік идеялық тұрғыға негіз боларлық зор білімді, мейілінше тереңдікті талап етеді. Мұның бәрі күрделі, қиын жұмыс екені рас. Бірақ қиындықтан қашқан қаламгер бола ма? Әр жазушы өз ісінің шеберлігіне талпынбай ма? М. Әуезов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов - бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек. [8. 14]

Әңгімеге қойылатын талаптар-

- Әңгіменің бір әсемдігі- жинақылығы. "Нағыз күшті, нағыз құдіретті проза - жинақы проза";

-Әңгіме келелі тақырыпқа жазылуы тиіс;

-Әңгіме биік идеялы болуы шарт;

-Әңгімеге қызық сюжет қажет;

-Әңгіменің композициясы шебер қиыстырылуы керек;

-Әңгіменің тілі сұлу, таза дәл, өткір, икемді және бай болуы шарт. " [8]

Әңгіме шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы "мектептен" ұстартып шықты. [8. 33] "Қазақ әдебиетінде қысқа әңгіме жазу шеберлері көп емес. «Әдебиет табалдырығын аттағандардың бәрі алдымен әңгіме жазады да, қаламдарын қайрап, шеберліктерін шыңдап алғаннан кейін күрделі дүниеге қол артып, повестен роман, романнан трилогия, одан эпопея тудырып, бар күшін тек кереқарыс шығармалардың жолына сарп етеді. Тіпті он бес беттік әңгімесін «повесть», пышақтың қырындай повесін «роман» деп күмпитіп, жанр талабына жауап бере алмайтын жазбаларына қоқитып айдар тағуға құмар-ақ. Ал бүкіл бір романға жүк болатын тақырыпты, романға сыятын сюжеттерді, роман толғайтын шежіре-суреттерді хас шебер жып-жылы жылға бойымен қуалата отырып, аядай алты бет әңгімесінде айтып шығады.

«Қысқасы, көркем әңгіменің құны да, қасиеті де оқушыны қызықтыра тартар күш-қуаты да ондағы адамда, адам тағдырында жатады. Адам образын жасау - көркем шығарманың бұлжымас заңы, міндеті. Образ жоқ шығармада адам жоқ. Адам жоқ шығармада өмір жоқ. Өмір жоқ шығармада шындық жоқ. Шындық жоқ жерде өтірік бар. өтірікке оқушы сенбейді. Ал оқушы сенбеген нәрседе не тәрбиелік, не өмір танытарлық, не эстетикалық мән-мағына болмайтынын айтып жату артық. » [8. 69]

Артық сөзді қажет етпейтін әңгіме жанрының басты ерекшелігі де осы - нысанаға дәл тигізу. Ондыққа дәл тигізіп ату шеберлерінің бірі- жазушы Нұрғали Ораз. Ол қаламгерлік жолын әңгіме жазуға арнаған» [18] Нұрғали Ораз 1960 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Монтайтас ауылында дүниеге келген. Балалық шағында ауыл өмірінің қуанышы мен қайғысын, қызығы мен мұңын көріп, сезініп өсті. Соның әсері болар жазушының алғашқы әңгімелерінде ауыл өмірі бейнеленген.

Ф-ОБ-001/033

Бала кезінен әжесінің тәрбиесімен сусындап өскен жазушы, зерек, кітапқұмар болып өседі. Жан дүниесіне әсер еткен кітаптардың бірі - Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін жастығының астына жастап жатып оқығандығын «Қазақ әдебиеті» газетінде Әмірхан Балқыбекке берген сұхбатында тамсана айтып береді.

Алғашқы "Долана" әңгімесі 1979 жылы "Лениншіл жас"(қазіргі "Жас Алаш") газетінде, "Арман қанатында" атты жинақта жарық көрген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттегі эпос, лирика, драма
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Тарихи роман поэтикасы
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әңгімелер: жалпы сипаты мен тақырыптық идеялық ерекшеліктері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Роман жанры туралы түсінік
Лирикалық проза жайлы
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz