Жақсы сөз – жан азығы
Жақсы сөз – жан азығы
Ел бастау қиын емес –
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиыны жоқ, -
деп Бұқар жырау айтқандай, қазақ және қарақалпақ халықтарында
Өнер алды – қызыл тіл, Тіл тас жарады, тас жармаса, - бас жарады,
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады дегн мақалдар бар. Бұл -
халықтарымыздың тіл құдіретін танып әрі өте ардақтағанын көрсетеді.
Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне,
сөйлеудің нарқына және қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән берген.
Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді, Жанды жаралайтын да сөз,
емдейтін де сөз, Жақсы сөз – жан азығы, Жақсы лебіз – жарым ырыс,
Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес, Тау мен тасты жел бұзар,
адамзатты сөз бұзар, деген сияқты мақалдар сөздің бұзушы (Қаһарлы
сөз қамал бұзады) және түзеуші (Шешеннің сөзі ортақ) зор күш
екенін, сөйлей білудің орасан зор маңызын танытады.
Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде
сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз. жылқы кісінескенше, адам
сөйлескенше дегендей адамдар бір – бірімен сөз арқылы ұғысып,
танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз
арқылы танытады. Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім – білік,
мәдениет, өнер бастауы, түп – тұқияннан бері жасалып, қорланып келе
жатқан ақыл – ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы.
Әйгілі түркі білімпазы және ақыны Жүсіп Хас – Хаджіп Баласағұни
өзінің Құдатқу білік аталатын (1168) кітабында.
Адам көзінің нұры –
Жүзінің шырай –түрі.
Тіл дегенің – ақыл гүлі,
Тілде жатар сөздің сыры, -
депті.
Қалай да сөздің адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор
екені даусыз. Біздің халықтарымыздың Жылы –жылы сөйлесең, жылан
інінен шығады деген тамаша мақалы жылы жағымды сөйлкеудің қаншалық
керемет күшке ие екендігін аңғартады. Халық жырларымызда азуын айға
білеген айтқыш ділмарларымызды тілінен тәтті айтқанда – бал тамған,
ащы айтқанда, - қан тамған деп сипаттаған да, тіл бас жарады, бас
жармаса тас жарады деген мақалда да кәрі тарих мақұлдайтын шындық
бар. Қарақалпақтардың: Бидай наның болмаса, бидай сөзің доқ па еді!
деген нақылы да тілдің көңіл демейтін, шипалы қасиетін меңзеп тұр
ғой.
Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен
сеніміне ие болуында, кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті
сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені
ақылы кемел, кісілігі зор, , білімі мол адам ғана солай сөйлей алады.
Ондай дәмді, қисынды, қысқа қайыратынқызықты айшықты да әділ сөзді
халық ұйып тыңдап: тура сөз құдайы сөз деп, уәжіне тоқтаған.
Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу – ол да бір дара бақыт. Сондықтан
әр елден шыққан арғы – бергі заман даналарының, ақылгөйлерінің сөздің,
сөйлеудің маңызын аса жоғары бағалап, ой толғамағаны жоқ десек де
болады. Ұлы ақын Абай тіл құдіретін:
Өткірдің жүзі.
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас, -
деп тамсана бағаласа, түрікменнің ұлы ақыны Мақтұмқұл тауып сөйлеген
сөзді тілден шұғыла шашқанға балайды.
Дегенмен адамның мейірін қандырып, мерейін өсіретін – құр жағын
жанып, тілін безеп сөйлей беру емес. ХІ ғасырда өмір сүрген тәжік
шайыры Кайкавус: Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы – ұқыпты
сөйлеу , - дейді. Бұл жерде әңгіме сөздің тұжырымды, айқын, бейнелі
болуы жайында екені түсінікті. Сөйлеудің тағы бір аса маңызды
қасиетін аша отырып, өзбектің ұлы ойшыл ақыны Ә. Науаи: Ас тұзбен
дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы сапалы сөзбен мәнді , -
деп көрсетеді.
Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын
көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді. Сондықтан тіл қуатына барлық
ғұалама тәлімгер, ұстаздар үлкен мән берегн. БҰл жөнінде Құранда да
айтылған: Менің пенделеріме айт : жақсы сөздер сөйлейтін болсын.
Әлбетте, шайтан олардың арасына дұспандық отын жағумен болады, -деп
(Исро сүресі, 53-аят) үмбеттерін сақтандырады. Адамдар арасындағы
жақсы қарым – қатынас бақыт пен тыныштық, береке – бірлік пен
татулық аңсаған күллі қоғамға, жамиғатқа керек.
Әрине, сөйлей білу – үлкен өнер. Ол арымай - талмай шешндік
сырын зерттеуді, жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял
кеңісітігін қажет етеді. Абай; тіл өнері - дертпен тең , - деп
өткеннің сабағы, өз басынан кешкеннен шығарып айтып отыр.
Әсем чөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін,
әсіресе айтқыштық пен терең ойдың інжу – маржандары – мақал мәтелдерді
жетік біліп, сырына үңілу арқылы кітапты көп оқу арқылы жаттығып
төселеді. Халықтағы Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды. Бір
айтпаса нақылды – ақылсыз айтпайды деген тұжырым содан шыққан.
Жүздің көркі – сақал, сөздің көркі – мақал деген де соған меңзейді.
Сондықтан балалардың жас кездерінен бастап өлең – жырлар
жаттап, шешендік үлгілерді, неше түрлі тәмсіл сөздерді жаттап өсуі,
өзінің де тақпақ, өлең жазуға талпынып, үй ішінде, класта, мектеп
жиындарында тартынбай сөйлеп, ойын түсінікті, бейнелі етіп айтып
жеткізуге машықтанулары, ата – ана, тәрбиеші – ұстаздар оларды соған
тәрбиелеуі қажет. Бұл ретте бүлдіршіндерге еретгі айтып беру,
өздеріне айтқызу, жұмбақтар шешкізу, сөз ойындарын ойнату аса пайдалы
болмақ.
Сөйлеудегі ең жақсы қасиет – ой –пікірін қысқа әрі дәл айтып
жеткізушілік. Алтын, күміс, гауһардың қымбат саналуы -* олардың аздығы,
тазалығы десек, қысқа, қоспасыз ұғыды сөз де қадірлі. Орыстың аса
шебер жазушысы А.П. Чеховтың: Қысқалық - таланттың сыңары -- деуі де
сондықтан. Ғламалар көп нәрсенің қадірі болмайды дегенді айтады.
Мұның сөйлеуге де тікелей қатысы бар. Бұрынғының даналарынан қанша
көп сөйлесең, сонша аз айтасың деген нақыл қалған. Көп сөйлеген езбе
болады, көп қыдырған кезбе болады, Көп сөз көмір, аз сөз алтын,
Көп сөйлеген я жолдасынан, я құрдасынан айырылады, Жақсы байқап
сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді, Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі,
Сөз қуған бәлеге жолығады, Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,
жаман сөйлесе аузынан жын төгіледі, Бір жақсы сөз мың сөгістен
артық, Жақсы сөйлеген ас жер, жаман сөйлеген тас жер, Жақсының
сөзі назалы, жаманның сөзі ызалы т.б. халық мақалдарында сөйлеудің
алуан түрлі сипаттары тамаша бейнеленген.
әйтеуір сөйлей екем деп тапсыраңдамай абаайла сөйлеу -
ақылдылық, көшелілік, инабаттылық белгісі, өзің опық жеп, өкініп
жүрмеу үшін өзгенің жанына жазықсыздан жара түсірмеу үшін байқап,
бағамдап сөйлеудің мәні ерекше зор. Қазақтардың Атылған сөз атылған
оқ, орыстардың Сөз шымшық құс емес, ұшса, қайтып қонатын деген
мақалдары мен ежелгі скиф елінің шешені Анахаристің: тіліңді,
тәбетіңді, нәпсіңді тиып ұста - дегендерінің түп төркіні бір жерден
шығып жатуы тілге абай болудың жүрдім – барды қарайтын мәселе емес
екенін көрсетеді. Тілімнен жаздым деп кейіп, пұшайма болып жүрмес
үшін, алдын ала ойланып алуды әдетке айналдыру жақсы қасиет
саналады. Бұл өзі – ғылымда да дәлелденген шындық. Атақты академик –
ғалым И.П. Павлов адамдардың денсаулығын сақтауда, әсіресе жүрек –
қантамырларының сырқатына шалдықпауға айналадағы адамдар сөзінің
әсері зор екенін анықтаған. Сондықтан шәкірттерге айналасындағы
адамдарға ей, сен деп дөрекі тіл қатпай, сіз деп сыпайы
сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттіліктік қана емес, қарым – қатынасқа
жұмсақтық, жайдарылық дарытатын күш екенін ұғындырып отырған жөн.
Жылы шырай - тек сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда,
сөйлескенде де керек нәрсе. Сөйлесуге ғафу етіңіз, құлағым сізде,
ләббай, деген сияқты сөздерді орнымен кірістіріп отыру жағдайды
жайландырып отыратыны есте болуға тиіс. Ондай жұмсақ, жайдары
жүзділік сәлем беру, тіл қату, сөйлеуде қандай қажет болса, тыңдау
үшін де сондай қажет сипат. Халықтың аса жоғары бағалап, иман
жүзді дейтіні де содан шығады. Жүзінде күлкі шырай жоқ адам
дүкен ұстауға тиіс емес деп тектен текке айтылмаса керек.
Отбасы мен қоғамда бұрқ ете түсетін үлкен кіші ұрыс керістер
мен кикілжіңдердідің түпкі себебі дөрекі, қопал айтылған түрпі сөз
екеніне зер салып тексерген кісінің көзі айқын жетеді. Және
дөрекі де анайы ауыр сөз, дүт мінез бен тұрпайы қылық тәрбие
көремеген, тас бауыр пәс адамдардан шығатыны әмбеге аян. Бұлттан
шыққан күн ащы, жаман адамның тілі ащы , Қорқақтың көзі үлкен,
ақымақтың сөзі үлкен, Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады
сияқты мақалдар халық тәжірибесінен қорытылған шындық екені даусыз.
Ондай сөздер қоғам ісіне ауыр зардап тигізіп, жеке адамның мкөңілін
қалдырып, жанын күйзелтеді. Ә. Науаидың:
Аузына келгенін айту – наданның ісі,
Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі , -
деуі де сондықтан. Тәрбиесі аз адамдар мәнсіз, орынсыз, дөрекі
сөздердің ауыр зардаптары келтіретінінде шаруасы болмайды. Жас
ұрпақты ондайлардан бойын аулақ ұстап, қандай жағдайда да сұрқия
сөздерді (Абай) қолдануға үйреткені абзал.
Ашық – шашық, есік – тесіктен ит те, мысық та, мал да кіріп
шыға береді. Сол сияқты қақпақ қойылмаған ауыздан да, ақ ит
кіріп, қара ит шыға беруі мүмкін.
Хайуаннан артық сөзімен адам,
Былапыт сөйлесе, одан да жаман, -
деген ақын (Сағди Шерази) тұжырымына қосылмасқа бола ма. қолдан
келсе ауыздан біреудің көңілін қалдыратын суық, жаман сөз емес,
адамның мерейін өсіріп, жанына жылы тиетін әдепті сөз шыққанына не
жетсін.
Әдепсіз сөйлемеу, әсіресе балалар мен әйелдер отырған жерде дөрекі
сөз айтпау, үлкендерге кішілік ізетпен тіл қату әдептіліктің негізгі
шарттарына жатады. Тіпті үлкен кісілер отырған жерде ділмарсып
орынды сөз айтудың өзі де оғаш, ерсі көрінетін кездері болады.
Сөйлеудің қасиеті әдептілігі мен әдеміліген қоса, сайып
келгенде, шындығында. Жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке жатпайды.
Халық өтірікшіні жексұрын ретінде жеккөре отырып айыптайды.
Жеткіншек ұрпақты: Өтірік сөз өрге баспайды, Өтірікшінің шын сөзі
зая кетеді деп жалған сөйлеуден жирендіріп шыншылдыққа үндейді.
Тегінде шын сөйлеу - әдептіліктің ең негізгі белгісі. Суайт -
адамгершілігі жоқ, жан дүниесі сұрқай, кеміс, кеселді адам. Данышпан
Абай адамның бес дұшпаны бар, олар; өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншектік, еңбексіз мал табу деп көрсетеді. Ұлы Бердақ нағыз ер
азаматтың белгісі ретінде алдымен шыншылдығын алады:
Өтірік сөздер айтпаған,
Өзін -өзі ұялтпаған
Дос баласын жылатпаған
Әділ ерлер маған керек, -
дейді. Дана ақынның қашар болсаң ғайбат сөзден қаш оның күнәсі
ауыр деген де өсиеті бар.
Сөйлесу кем дегенде екі адамның тілдесуінен тұрады. Кейде
мұндай сөйлесуде әркім өзі көбірек айтып қалуға тырысады, екінші
адамның да айтқысы келіп отырған сөздері барын ескере бермейді. Ал
сөйлеу әдебі сол екінші әріптесіне үнемі назар аударып, оның да
қалаған кезінде өз ой - сезімін білдіруіне мүмкіндік беріп,
сезімталдық көрсетуде. Бұл - сөйлесудің мәнін арттырып, екі жақтың
да қанағат сезімін тудырады. Көпшілік жағдайда сөйлеуге қатысқан
адамдар өздері өте мәнді санаған ой – пікірлерін ортаға салып, бір –
біріне жаңалықтарды, тың деректерді жеткізгісі келеді, өзін
толғандырған мәселелер жөнінде басқалардың салиқалы, дәлелді пікірін
білуге талпынады. Сондықтан онда сөйлесуге жеңіл желпі қарамай, өз
тарапынан лайықты ілтипат көрсетіп, ұстамды, ойлы жауап беру
парасаттылық болып табылады. Өтіп жатқан әңгімеге қашан, қай
мезгілде қатысуды бажалай білу де әдептілік белгісі.
Іші пысқандықтан, зеріккендіктен басқа әңгімеге тартып, көр
–жерді сөзетіп, ғайбат - өсек айтып құмарынан шығатындар да
кезігеді. Ол – уақытты босқа өткізетін әрі адамдар арасында жік
салатын, әділдік
Туралық жолынан тайдырып, азғыратын зиянды әдет.
Жалпы алғанда, сөз орынды іске бағытталған, адамды рухани
байытуға септігін тигізетін және сындарлы сипат та болу тиіс.
Сөйлесетін адамның мінез – құлқын, мәдени деңгейін өзіндік
ерекшеліктерін білген, ескерген жөн. Мәселен орынсыз әзіл айту, немесе
оған қызықсыз әңгімені су ыртпақтап тұрып алу, көңіліне дық
түсіретін жөнсіз мақтау не кінәлау, әйелдердің, айталық жеке басына
қатысты жайларды тәптіштеп сұрау, т.б. әдептілікке жатпайды.
Сөйлесіп тұрған екі адамға үшінші адам қосылғанда, ол осыған
дейінгі әңгіменің қысқаша мазмұынын хабардар етілуі керек. Ал оны
әңгімеге тартудың, араластырудың қажеті болмағанда, сөзді бірден
шорт тоқтатпай әншейін, өткен – кеткенді айтысып тұр едік , жұмыс
жайында сөйлесіп тұр едік десе де жөн болады. Әңгіме үстіне үшінші
адам келіп қалағнад асатарлап, жұмбақтап сөйлеу жараспайды. Әрі ол
кісіге жайсыз, ыңғайсыз соғады, әрі күдік – күмән тудырады. Көптің
ішінде сыбырласып жату да ерсі. Бұл басқаларға қолайсыз тиеді.
Сөз арқылы өз ой пікіріңді, сезіміңді, қуаныш қайғыңды айтып
жеткізу арқылы басқаның да жан дүнисіне еніп, сыр –сипатын танып,
өзара түсінісу жүзеге асады. Сөз арқылы біреуді риза етуге, көңілін
жайландыруға, қиын – қыстау жағдайда дем беріп, жігерлендіруге,
инабаттылық жолына бағыттауға болады.
Бұл айтылғандардан әмсе мүләйім сөйлеп, басқаның дөрекі,
нақақ, инаят сөзіне тік, өткір, өр жауап қайтармау керек деген
ұғым тумайды. Алашағың кетсе де, айтар шағың кетпесін, Айтар
сөзді айтпаса, әкесі өледі, Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ,
деген хылық мақалдары соны білдіреді. Әділ, тура, шын болғанда
қажетті сөз де, ащы сөз де, өткір сөз де орынды, тіпті қажетті
саналып, әдептілікке қайшы келмейді. Сондықтан да ұлы Бердақ.
Жамандарға сырыңды айтпа,
Мәрті келген сөзден қайтпа.
Досыңды тегі қатты мұңайтпа,
Дұшпаныңды тұқырт балам! –
деген ғой. Қазақтардың Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ
деген мақалы да адамгершіліктің, мұсылманшылықтың, соның қатырында
сөйлеу әдебінің де басты өлшемі әділдік екенін айқын аңғартады.
Осы арада өзін туған елінің перзентімін деп санайтын әрбір
азаматтың ана тіліне қатысы, солтілде сөйлеуі туралы аса маңызды
әрі көкейкесті мәселе келіп шығады. Кеңес өкіметі тұсындағы
империялық қыңыр саясат мұны жеке адамның ғана емес, оның туған
халқының қадір – қасиетіне ол – ол ма, тағдырына қатысты мәселеге
айналдырады. Бұрынғы КСРо – да коммунизмге басты бір тілді, атап
айтқанда орыстілін, меңгеру арқылы жетуге болатындығы жөніндегі,
теориядан бастау алған саясат пен дәйекті іс – қимыл басқа
тілдердің қолданыс аясын отбасы, оақ қасына дейін тарылтып, ең
сұмдығы, болашағы жоқ нәрсе ретінде беделін түсірді. Бүгінде жұрт
аузына көп ілігетін Расул Ғамзатовтың: Егер тілім етең болса
құрымақ, бүгін –ақ кетуге қайылмын! - деген қантты сөзі сол кезде
айтылған. өйткені түркі елдеріне түгел ардақты ағартушы һәм ғұалама
ғалым А. Байтұрсыновтың. Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады
деген сөзінің кебі келген болатын. Яғни тілдерімізге ілесе
халықтарымздың ұлттық рух, дәстүр – салтымыздың да өңі қагып, өзегі
талып, өлімсіреп бара жатты. Ең жаманы еліміздің ертеңі - төл
ұрпағымыз орыс тілінде сөйлеп, ана тілін жатырқауды, менсінбеуді
шығарды. Олар біздің ұлы жырауларымыз бен айыр көрмей шешендеріміз,
асқан ақын – эстет халықтарымыз (Ш. Уәлиханов; Қарақалпақ – ақын
халық, даланың бұлбұл жыршысы) жұлындай жұтындырып жетілдірген
әлемдегі ең бай оралымды, сұлу да сиқырлы,м әуезді де салтанатты
тіліміздің қасиетін сезіну бақытынна құр қалды. Соның салдарынан
ана тілін менсінбейтін мәңгүрттік кеселге шалдықты. Сөйтіп, Ана
тілін құрметтемеу, - ештеңені сыйламау деген сөз (Ғ. Мүсірепов) екенін
– Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілді ұмыту – бүкіл ата –
бабаларымызды, тарихымызды ұмыту (Б. Момышұлы) екенін түсінбейтін
өгей ұлдары (Ғ. Мүсірепов) көбейіп кетті.
Елдеріміздің егемендік алуына байланысты бүгінгі таңда бұл
сорақылықтың жолы кесілді. Әйтсе де ана тілдеріміздің қоғамдық
өмірдің барлық саласында өз мәртебесіне сай орнын алу барысы
күрделі жағдайда жүріп жатыр, батпаңдап кірген кесел мысқылдап
шығуда.
Сондықтан ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас еі зор
адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі болып
табылады. Оның мәні әр азаматтың ана тілін Отанындай, туған
халқындай, ата – бабасындай сүйіп, ардақтап, ол тілде сөйлеуді
тәңірінің ұлы сиындай көрінуде. Сондықтан білім беру мекемелерінің,
оқу – тәрбие орындарының, ата – аналар мен қоғамдық жұртшылықтың, барша
ұлтжанды азаматтарымыздың күлі күш – жігері төл ұрпақты жөргегінен
ана тілінің уызына жарытып өсіруге, кешегі күннің кесірлерінен өз
тілдерін үйрене алмай қалған ұрпақтың ана тілін көзтүрткі көрмей
тезірек меңгеруіне жұмылдырылуға тиіс.
Ұлағатты сөздер
Тіл - ұлттың жан дүниесі. Тіл – иеяның, сезімінің, ойдың
жанды көрінісі.
Л.Н. Толстой
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген, адам
толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық
мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат
болады.
М.Әуезов
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашығанан
да қол үзеді.
Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасып келе жатқан
халықтың мәңгілігік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ған
менсіенбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.
Ғ. Мүсірепов
Ана тілі - халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек
ұрпағын тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас құрал. Ана
тіліміз арқылы ған біз халықтарымызды Отанымызды танып – білеміз,
халық рухының сарқылмасс бастауы да сонда жатыр. Ел – жұртымызды,
туған жерімізді, оның өзен – көлдерін, бораны мен найзағайын ана
тіліміз арқылы ған қабылдап, соларға деген перзеттік махаббатымызды
ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
К.Д. Ушинский
Әдемі сөз астың дәмін келтіретін тұз іспетті.
Құтып
Жүректен шыққан сөз
Жүрекке жол табады
Ә. Науаи
Тіріні көрге салатын да сөз,
Өліні де тірілтіп алатын да сөз
Низами
Сөзіне қарап кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма
Абай
Қажет сөздің бәрін айту, бірақ артық сөз айтпау, - нағыз
шешендік деген әне, сол.
Ф. Ларошфуко
Айтқан сөзің қандай болса,
Еститұғын жауабың да сондай
Гомер
Жақсы сұлбашы болудың бір ғана тәсілі бар, ол – тыңдай
білу.
К. Сорлий
Өзара сұхбатты әрқайсысы одан көп пайда көріп, білім
алатындай етіп құру керек.
Гераклид
Әдептіліктің алды – абайлап сөйлеу
А. Юганики
Көп сөзді ұғып болмас,
Жартасты жағып болмас,
М. Қашқари
Көп ойлап жақсы сөйле - нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын
Ж. Баласағұни
Басқа – амандық, табыс күтсең - ісіңнен,
Жарамсыз бір сөз шығарма тісіңнен
Ж. Баласағұни
Жалған сөз жаныңа өлшеусіз азап әкеледі.
Ш. Руставели
Тілін білмеген – түбін білмейді.
Ғ. Мүсірепов
Ақымақты екі белгісінен білуге болады: ол не өзіне пайдасы
жоқ сөзді айтады, не біреудің ісіене жөнсіз араласады.
Платон
Өзінің тіліне күші жетпеген адамның сөзінде шынайы шындық
болмайды.
М.Ганди
Егерде белгілі ойды өз ана тілімізде дәл айтып жеткізе
алмасақ, оны тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің
дәрменсіздігімізден көруіміз тиіс.
М.В. Ломоносов
Сөзді сеніммен сөйле, сонда тыңдаушыларға әсері жайында қам
қылудың қажеті болмайды.
И.В. Гете
Ақылы түсініктілік – сөйлеудің басты қасиеті.
Аристотель
Ақылы келте адамның әдетте тілі тым ұзын болады.
Аристотель
Анық та айқын етіп бере алмайтын ешқандай пікір болмайды.
А.И. Герцен
Көп сөйлейтін адам сәтсіздікке ұшырайды.
Лао Цзи
Үлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі - аз сөзбен көп нәрсені
айта алуы, ал ақылға , керісінше, көп сөйлеп, бірақ ешнәрсе айта
алмаушылық тән.
Ф. Ларошфуко
Жаман істі сұлу сөздермен бүркеуге болмайтындай, жақсы істі де
жаман сөздермен былғау бәрібір мүмкін емес.
Демокрит
Кісіні жаман сөздермен көп алдында жер қылғаннан гөрі таспен,
яки басқа бірдеңіемен ұрған артық.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың,
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!
М. Жұмабаев
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Бидайдың сабағында дән жоқ,
Жаманның сөзінде мән жоқ.
Ата алмайтын адамға
Қойша жайылған аң жоқ.
Төле би
Асан қайға, Жиренше,
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек, Қойлыбай,
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата - анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл атауы –
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен
Баба тілін асыл – дүр.
Қожаберген жырау
Кенің бай, келімің мол туған тілім,
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алсам, қусам білім.
А. Байтұрсынұлы

Сүйемін туған тілім – ана тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным , жаным деген.
С. Торайғыров
Ана тілін ұмытса,
Анасына қарар ма?
Ел дәстүрін жоғалтса,
Еліне жақын болар ма?
С. Дөнентаев
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ
Ғ. Мүсірепов
Әркімге туған тілі – туған шеше
Оған бала міндетті сан мың есе.
С. Мұқанов
Туған тілім – тіршілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ, киелі тілім менің,
Қасиетті шақтардан түңілгенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім
М. Мақатаев
Ақын көзі жұмылмас,
Жырдың көзі жұмылмай,
Елдің туы жығылмас,
Тілдің туы жығылмай!
Қ. Мырзалиев
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам
толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі ол қандайлық
мамандық білім болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат
болады.
М. Әуезов
Қазақ тілі – аса бай, икемді тіл. Орамын бұрамай тауып, қисынын
орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш
текемет оюға болады –ау. Бұл тілмен май таамды десе де сияр.
Халықтың тіліне, қырына құлақ салсаң не бір алуан – шекер балдай
татитын нәріне, әрине әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне!
Осындай майса сұлу тілді қалай өгейсінуге болады.
Н. Оңдасынов
Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де,
кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында
жатқан сияқты.
М. Әуезов
Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан – дүниенің айнасы,
өсіп - өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Ж. Аймауытов
Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады.
А. Байтұрсынұлы.
Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз
Ғ. Мүсірепов
Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.
Ғ. Мұстафин
Осы күнде ана тілімізді білмейтін оқымыстыларымыз аз емес. Бұл
біз үшін жетістік деп айта алмаймын себебі, анасын сыйламағандардан
қандай мейірім күтуге болады?
Б. Момышұлы
Анамыздың ақ сүітмен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл
ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту
Б. Момышұлы
Тіл байлығы - елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін,
өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт – санасын,
жауынгерлік дәстүрінің қай дәрежеде екенін көрсеткен сөзсіз дәлелді
мөлшері.
Б. Момышұлы
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана
тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
А. Жұбанов.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ
тіл. Оған қысылып - қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп – былдырлау
мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі
қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ
тілінің биязы мақамы - домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ
әуенділігі – шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің
өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз
бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатыр.
Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ
құлақ түбінде хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы
етіп көрсетеді. Кейбе қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең
бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
Қ. Жұмаділов
Жырау сені – бәйгі атындай баптаған,
Шешен сені - топта шыңдап сақтаған.
Алпамыстар ұран қылып ұрыста
Бердақ сені айбалтадай саптаған.
Ана тілім сен басқадан ерексің,
Сен болған соң – шайыр болып мен өстім
Сонша қатал сүргіндерді жоғалмай,
Қандай ғажап, бұл күндерге кеп жетті,
И. Юсупов
Кабуснамадан
Біліп қой: өнер атаулының артығы - сөз өнері, себебі, адам
басқа мақұлықтан жақсы жаратылған әрі басқа жанды заттардан адам он
есе артық. Және бұл артықшылық адамның бойында бар: бесеуі адам
денсінің сыртында болады, бесеуі ішінде жасырылған. Бұл жасырылғна
бес нәрсе: бір нәрсені еске алу, барлық уақытта жадында сақтау,
қиялдау, парықтай білу һәм абайлап сөйлеу. Адам денесінің сыртында
болатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz