Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
Кіріспе: І бөлім. Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
3:
Кіріспе:
  1. Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің педагогикалық негізі
3: 7
Кіріспе: 1. 2. Жаңа педагогикалық технологиялар - оқушылардың білім сапасын арттыру құралы
3: 17
Кіріспе: II бөлім. Жалпы білім беретін мектеп оқу-тәрбие үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру әдістемесі
3:
Кіріспе: 2. 1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың мазмұны
3: 31
Кіріспе: 2. 2. Оқушылардың дара қасиетін дамытудағы деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың жолдары
3: 41
Кіріспе: 2. 3. Оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы модульдік, блок-модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
3: 46
Кіріспе: Қорытынды
3: 58
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 60

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] .

Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, білім беру мекемелерінің, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. [1] .

ХХІ ғасыр - білім ғасыры. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жас тәуелсіз еліміздің болашағы - білімді ұрпақ қолында» деп, жастарға дамыған 50 елдің қатарына ену стратегиялық бағытын ұсынып, өркениетті қоғам құруға бағыттайды. Сондықтан да, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға бастыратын күш тек - білімге ғана тән.

Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымыз үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беру қажеттілігі басты парыздарымыздың бірі [2] .

Сондай-ақ қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар жалпы білім беретін мекемелерде оқу-тәрбие жүйесі, оқытушы - оқушы арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Жалпы білім беретін мекемелердің тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер жоқ емес. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үдерістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады

Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнына жаңа педагогикалық технологиялардың келуі, балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық - бағытталған өзара әрекеті болып табылады .

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген. (В. П. Беспалько [12], В. М. Шепель, И. П. Волков [], М. Чошанов, М. В. Кларин[3], Г. К Селевко[14] . және т. б. ) . Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар, бұл «педагогикалық технологиялар - білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің, күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында студенттің дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Білім беру саласында П. М. Эрдниевтің [15] дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л. В. Занков [16], Д. Б. Эльконин [17] мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы [51], Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы [19], В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы [47], М. Чошановтың проблемалық модульды оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың [49], В. П. Беспальконың [41] және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ш. М. Қаланова, Ж. А. Қараевтың, Ш. Т. Таубаева [5], Қ. Қ. Қабдықайыров, С. Н. Лактионова[25], М. М. Жанпейісованың [21], Ә. Жүнісбектің және Қ. М. Нағымжанованың [2] т. б. ғалымдардың жаңа технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім
парадигмасына сүйене отырып біз оқыту технологияларының тиімді
жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үдерісінде озық
технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек. Өйткені еліміздің
болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы негізгі
мәселе - әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану.

Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған Н. П. Гузиктің, В. В. Давыдовтың [51], Л. В. Занковтың [52], В. М. Монаховтың[55], С. Н. Лысенкованың [44], В. Ф. Шаталовтың [20], Д. Б. Элькониннің [17], П. М. Эрдниевтің [15] және т. б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.

Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В. П. Беспалько, Ж. А. Қараев, Ш. Таубаева, Б. Т. Барсай, Д. М. Жүсібалиева, М. В. Кларин, Қ. Ө. Қариева, С. А. Көшімбетова, Қ. Қабдықайырұлы, А. Саипов, Г. К. Селевко, Б. К. Тульбасова, Л. А. Шкутина, және т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.

Бірақ, бұл еңбектерде оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану ғылыми тұрғыда қарастырылып жеке мәселе ретінде зерттелмеген. Осы мәселе білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін «ескі» мен «жаңаның» арасындағы әлеуметтік педагогикалық қайшылықтарын және педагогикалық қауымның оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-кайшылықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады [16] .

Осы қарама-қайшылықтарды шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектеп оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.

Зерттеудің мақсаты: Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалануды теориялық тұрғыда негіздеу, және оларды қолданудың әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің педагогикалық негіздерін айқындау;
  2. Оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды сипаттау;
  3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың мазмұнын анықтау;
  4. Оқушылардың дара қасиетін дамытудағы деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың жолдарын, модульдік, блок-модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдерін анықтау

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалык әдебиеттердегі таным теориясы, диалектикалық ұстанымдар, жеке тұлғаның шығармашылығы мен жаңашыл іс-әрекеттерін дамытуға негізделген жаңа технологиялық тұжырымдамалары.

Зерттеудің көздері: Қазақстандық және шетел ғалымдарының философтардың, психологтардың, педагогтардың, таным, білім, жеке тұлға және оның шығармашыл әрекеті, жаңа педагогикалық технология туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясындағы «Білім және тәрбие беру қағидалары», «Білім» мемлекеттік бағдарламасы, кәсіби білім беру мазмұнының тұжырымдамасы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.

Зерттеудің әдістері : Педагогикалық тұрғыдан ғылыми теориялық талдау әдісі, озық тәжірибелерді жинақтау және жалпылау әдістері, педагогикалық бақылау әдісі, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелесу әдісі.

Зерттеудің базасы: ОҚО Түркістан қаласы, №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері, зерттеу көздері беріледі.

«Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде оқыту үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің педагогикалық негізі және жаңа педагогикалық технологиялар - оқушылардың білім сапасын арттыру құралы туралы теориялар жан-жақты ашылып, оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың педагогикалық теориялық негіздері айқындалды.

«Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру әдістемелері» атты екінші бөлімде дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту және модульдік, блок-модульдік оқыту технологиялары жан-жақты ашылып, оларды пайдалану, қолдану әдіс-тәсілдері, жолдары көрсетілді.

Қорытындыда әдістемелік ұсыныстар берілді.


І БӨЛІМ. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің педагогикалық негізі

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі білімді жастар. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [7] .

Республикамызда білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа мазмұндағы оқулықтар шығарылып, жаңа типтегі оқу орындары пайда бола бастады. Сонымен қатар білім саласында оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде өмірлік қолданысқа ие болуда. Себебі, білім беру мекемелері білімді азаматты тәрбиелеп қана қоймай еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, білім негіздерін берік меңгерген, жан-жақты дамыған зиялы азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін дамыта оқытуды талап етеді. Әрине, ол үшін оқушылардың білімдерін бір жүйеге негіздемей оқу сабақтарын түрлендіріп өткізу аса қажет.

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаздық қызметтің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мүғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелілікті калыптастырады.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі мұғалімнің бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.

Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті [57, 58, 59] .

Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын білім беретін мекемелер екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан да жастардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың іс-әрекеттері ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде оқушыларға ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу жалпы білім беретін мекемелердің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына, мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық білгірлігіне сүйеніп оқу-тәрбие жүйесін бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ.

«Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізге құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуіне болады. Ал сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп Ұлы педагог М. Жұмабаев айтқан [31] . Сондықтан мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан сұлулығының, интеллектуалды әлеуетінің қамын ойлау - Тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі [61, 62, 63] .

«Білім туралы» Заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық дамуы, психологиялық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол жеткізді; білім берудің зайырлы сипаты, білім ізгілікті және дамытушы сипаты делінген [11. 1-тарау, 3-бап] .

XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде - білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Қазақстан Республикасының жалпы білімді дамыту тұжырымдамасында:

  1. практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
  2. қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру;
  3. еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
  4. жалпы білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т. с. с. міндеттерді көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі.

«Технология» гректің «techne» - өнер, шеберлік, қолөнер және «логос» - ғылым деген сөзінен шыққан. (ХХ ғас. 60ж) 1960-1970 жылдардан бастап, АҚШ және Англияда пайда болды. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.

Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту дегенге саяды. Осы мағынаны негізге ала отырып, С. Сполдинг, В. Беспалько, М. Кларин, Б. Лихачев, В. В. Воронов, В. М. Шепель, М. Чошанов, т. б. ғалымдар оны оқыту үдерісіне қатысты педагогикалық аспект деп қарастырып, мынадай анықтамалар береді:

- Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың үрдісі (С. Сполдинг) ;

- педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана (В. Беспалько) ;

- педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті (М. Кларин) ;

- педагогикалық технология - оқу үрдісіне белгілі бір мақсатты көздей әсер ететін педагогикалық ықпал (Б. Лихачев) ;

-педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш. Таубаева, Б. Барсай) .

- педагогикалық технология - бұл тиімді окыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт, - деп есептейді В. В. Воронов.

В. М. Шепель «Технология бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» десе, М. Чошанов «Технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі», - деп анықтамасын береді.

Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірлерінен оңаша алшақтамайды, олар педагогикалық технологияның біршама әртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Өркениетті қоғамда адам тәрбиесі білім, ғылыми прогрестің, дамудың шешуші факторы болып саналады. Осы жағдайда Қазақстан Республикасыныңда білім беру гуманитарлық бағыт алып отыр.

Жалпы білім беру адамның әлеуметтік мәдени негізін айқындауда көмектеседі. Адамның ішкі интеллектуалдық мүмкіндігінің ашылуына жағдай жасайды.

Қоғамды ізгілендіру XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана түседі. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы заңдылықты қалыптастырушы, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - жалпы білім беру болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні қазіргі мәдениеттің бүгінгі білім мен тәрбие берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатынымыз айқын.

Жалпы білім беруде бүкіл тәрбие, білім беру, оқу-ағарту және барлық мәдениет саласын гуманистік бағытқа жұмылдыру көзделінеді.

Жалпы білім беру төмендегі басты міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz