Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
2 Дәрістер
1-2 Тақырып: Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен
объектісі
Сұрақтары:
1. Психология пәні және оның міндеттері.
2. Қазіргі заман психологиясының міндеттері.
3. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны.
4. Психология салалары.
1. Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетiнiң зерттеу
объектiсі болып келдi. Адам болмысыньщ табиғатыньң, оньщ саналы қоғам
шеңберiнде еркендеуiмен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен
қ,арым қаатынасыньң ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде
жатқ,ан қызьқсыну уақыт озуымен бiрге ерiстей тускен. Адам әртурлi ғылым
тұрғысынан жанжақтты зетрттелетiн объект, ал ғылымдардьң әрбiрi өзiне тән
ерекше меселелермен айналысады. Психология ерекшелiктерiн танудьң қиындығы
олардьң адам ақылына сиып болмайтын, қаалыптан тыс, тылсым құбылыс
болуында. Себебi әр қандай нақты заттың өзi мен қабылданған кейiпi бiр
бiрiнен ажыралып туратыны даусыз.
Пән атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология-жан туралы ғылым
дегендi аңғартады. Дәл осы меселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей
қарсы философия бағыттары-идеализм мен материализм- пайда болды. Жан
женiнде танымдар Кқандай құбылыс-өзгерiстерге eнгенімен өмiрлiк ic-
әpeкeттік, қозғаушы кушi жан деген тұжырымға ешбiр шубе келтiре алмады. Тек
18ғ психология бiлiмнiц дамуында Рене Декарт жаца дәуiр ecігін ашты. Ал
адамньң iшкi мушелерi ғанa емес, тiптi де не әрекетінің, де жанға ешқандей
әрекетінің, қаатысы болмайтыны жөнiнеде пiкiр айтып дәлелдедi.
Декарт ғылымға екі түсінікті енгiзген - рефлекс және сана -бiрдей
енгiздi. Декарт тағылымы дуализм атауын алды. Дуалистер көзқарасында,
психикальқ табиғат ми қызметiнiң өнімі емес,мидан тыс, оған тәуелсiз, өз
бетiнше жасайтын құбылыс екені тусiндiрiлдi.
Интероспектiк психология аймағындағы теориялардьң бiр-бiрiнен
айырмашылығы сананы құрылымы, мазмуны жене белсендiлiк дережесiне қарай
әрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы
турғыдан идеалистiк сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды:
1.санальқ элементтер теориясы.
2.санальқ әрекеттер психологиясы.
З.санальқ aғым теориясы.
4.дербес құрылым психологиясы.
5.Дильтей суреттеме психологиясы.
Бул теориялардың бәрiне ортақ тусiнiм: қоршаған дуниемен белсендi
қатынастағы адам орнына сана қойылып, оньң бар ic әpeкeтi сана белсендiлiгi
деп танылды. Осыдан ХХF.екiншi он жылдығында психологияньң және бiр бағыты
пайда болып,оньң өкiлдерi психологияньң жаңа пәнiн жариалады:ол психика да
емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнiң адам қозғалысыньң
жиынтығы- әрекет қыльқ едi. Бул бағыт бихервиоризм аталып, психология
пәнi жөнiндегi түсініктep дамуыньң үшiншi кезецiн қалады.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми білімдердің
құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл ең алдымен психикалықө өмір
деректері. әрқандай ғылым мақсаты – зғрттелетін процестер мен құбылыстар
бағытынан обьектив заңдарды белгілеу. Теориялық және эксперименталды
зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзі
құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанып жүретін байланыс,
қатынастарды білуден келіп шығады.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие
байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап – обьектив
заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану
жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психологиялық зерттеулердің обьекті –
психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен
заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан
психологияның міндеті – психологиялық деректер мен заңдылықтардыа аша
отырып, психологиялық іс - әрекетті қозғаушы механизмдерді деанықтап білу.
Қорытындыласақ, жантану ғылымы – психология психика деректерін,
заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы.
2. Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және
практикалық міндеттердің сан қилығында орай үлкен қарқынмен дамуда.
Психологияның негізгі міндеті – психикалық әрекетті оның даму барысымен
байланыстыра зерттеу. Жантану ғылымы үшін ең маңыздысы – зерттелуші
құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық
мәселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда диалектикалық материализм үлкен
роль ойнайды. Б.Ломов өзінің аталған еңбпгінде психология ғылымының тірек
категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге
бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым
психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-
әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл қатынас категориясы, сондай-
ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер
әлеуметтік және биолгиялық.
Алғашқы оң жылдықта психологияның теориялық тарапы басым болды. Ал
қазіргі кезеңде оның қоғамдағы ролі көп өзгеріске ұшырады. Ол енді білім
жүйесіндегі, өзгерістегі, мемлекеттік басқару, медицина, спорт және т.б
кәсіби практикалық қызметтің ерекше саласына айналып барады. Психолгия
ғылымының практикалық міндеттерді шешуне араласуынан оның теорисының даму
жағдайлары да біршама өзгерді. Шешімі психологиялық біліктілікті қажет
еткен міндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмірінен барша
тарапында әр қилы формада болуда. Адамдық факторлар дегеніміз әрбір
адамзат тұлғаға тән болып, олардың нақты іс-әрекетінде көрініс беретін
әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық
қасеттердің кең ауқымы.
Психолгия ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдануынан
халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарынг іске
қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып даиуда,
ол келешекте ғылыммен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе
болуы кәміл.
3.Психологиялық басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай
психологиялық деректерді басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және
керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете
түсінуге болады.Психологияны жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі
қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының
жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық
сипаты қандай? Психологиның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекет заңдарын
даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объекті дүниенің адам
миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,
психикалық қызметтің дамуымен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай
қалыптасқаны айқындалады.
Психологияны педагогикамен байланыса аса назар аударған жөн.Әлбетте,
бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі,кезінде К.Д.Ушинский Адамды жан-жақты
тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет, - деген еді. Бұл арада
психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр.Педагогиканың барша
салаларының даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін
проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім,
ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның
психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын
анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б сияқты
өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағынаға ие.
4. Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа
ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда қоғамдық
практиканың өрістеп жатқан қажеттерден белгіленеді. Осы заман психологиясы
білімдер жүйесі ретінде көп тармаққа бөлініп, әртүрлі еңбек тәжірибесімен
байланысуда. әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – іс-
әрекеттер даму принципі.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған психологиялық
ерекшеліктері. Еңбектің ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарына
зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге
жіктеледі.
Педагогикалық психологияның қызметі – адамды оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие
психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды
оқыту, тәрбиелеу психологиясы.
Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық
мәселелерді қарастырады.Ол да бірнеше сатыларға жіктеледі: қылмыскер
пчихологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принципі мен
маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері
сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар
төңірегінде: психикалық процесстер, психикалық қалыптар мен психикалық
қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.
3 тақырып: Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі.
Мектептің психологиялық қызметінің мазмұны.
Жоспары:
1. Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер.
2. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері.
4. Мектеп психологы іс-қағаздары тізімі.
3. Балаға психологиялық қызмет көрсету міндеттері, салалары.
Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасы білім мекемесінде өткен
ғасырдың соңғы он жылдығында ғана өз дәрежесінде екекнін дәлелдеді. Қазіргі
кезеңде мектеп басшыларының практикалық психологтардың назарын аударатын
келесі мәселелер:
❖ Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек;
❖ Психолог пен мектеп әкімшілігінің әрекеттерін бір-біріне қалай
сәйкестендіру керек;
❖ Жұмыс жоспарын құру;
❖ Оқушылармен диагностикалық зерттеулерді, түзету жұмыстарын қашан
немесе қай уақытта жүргізуге болады, егер оларда күніне 6-7 сағат
болатын болса;
❖ Тұлғаны, сынып ұжымдарын зерттеуде әдістемелердің деңгейі қандай
болуы керек.
Бұл мәселені талқылаудың қажетілігі, біздің ойымызша, практикалық
психологтың жұмысы тек адамдармен байланыстылығында.
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан
астам тарихы және мол тәжірибесі бар.Көптеген елдерде бұл қызмет өткен
ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр.Білім беру
саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын
Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген.
Өткен ғасырдың басында Францияды Бине жекелік қасиеттерді зерттеу
жөнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана
ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалды қабілетін зерттеу жұмысын жолға
қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып,
психологиялық қызметті ұйымдастыруғы ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон
қаласында Френк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро
қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты
таңдап алу үшін әр адам уш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті:
1. Өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу
2.Таңдаған мамандық бойынша жұмыс жағдайымен танысып, өз қызметін
орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу
жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу;
3. Әр баланың арманы мен мүкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін
бағалау.
Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау
нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз
кеңестерін береді.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз шараларын бірнеше бағытта
ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:
Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға
көшуіне көмек көрсету;
Мектепке оқу параллельдерін анықтап алуға жәрдем беру;
Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.
Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп
қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет
көрсету дәстүрлі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте
құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте
терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың
мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық
қызметтіұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты
мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі
мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін ,
теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау
үстіндеміз.
Психологиядық қызметтің мақсаты – бала дамуының әр кезеңдегі жан
дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне , қоршаған ортаға
деген көзқарасының , қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік
жасау.Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғылан қиындық көріп
жүрген балалардың мәселелерін анықтап, оларға дер кезінде көмек
көрсету;
- оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенше
жетелеп, сүйеніш болып жүру;
- мәселесі бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау
және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
- дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін
психологиялық тренингтер жүргізу;
- оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап, әр оқытушының, ата-
аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және
біліктілігін арттыру жұмысын арттыру.
Қазақстанда мектеп психологы енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға
жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі аз жас мамандар кірісті. Дегенмен
олар жұмыс мазмұнын анықтау үшін ізденіс үстінде.
Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай
емес.Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық
қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан
ұсынған үлгілерді қолдануға немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені
үлгі ретінде қолдануға болады.
Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет
көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат толық мағлұат алу
керек.Бұл мағлұмат психодиагностикалық херттеу барысында психологиялық
зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процесстерінің даму
деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар
арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем
керек екендігі нақты анықталады.Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін
бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда
келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп,
жұмыс жоспарында көрсету керек.Жоспарларды жасау үлгісі курстың келесі
тарауларында беріледі.
Мектеп психологының іс-қағаздарын жүргізу қажеттігі.
Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі
дәлелдеуді талап етпейді.Психологиялық қызмет арқылы мектепте қабылданған
баланың оқытуға даярлығы анықталады.Барлық сынынп оқушыларының
психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері
анықталып, қысқа мінездемелер жасалады.Балалардың дамуында орын алатын
түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шаралары
ұйымдастырылады.
Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық мәселелерді өтініш түсуіне
байланысты психологиялық кеңес беріп, шешу жолдарын анықтауға өз үлесін
қосады.
Асихолог өз жұмысын ұйымдастырғанда баланың жан-жақты дәне үйлесімді
дамуына жағдай жасауды көздейді.Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық
жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет
түрлерімен тығыз байланыста ұйымдастырады.
Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибелік психолог
квалификасы болуы керек.Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының
дипломы немесе даярлық курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет.
Психологиялық қызметті жүргізу барсы, әр іс шараларды өткізу уақыты
алдын-ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай
ұйымдастыруға мүмкіндік туады.Сондықтан мектеп психологы көптеген іс-
қағаздарды уақытында, талапқа сай жүргізуі тиіс.Олардың үлгілерін
Н.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шығарған. Сол үлгіге сүйене
отырып, әр мектеп және басқа мекемелер психологы өзінің жұмысына негіз
болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алу керек.
Мектеп психологы іс-қағаздарының тізімі:
- мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс
жоспары;
- психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар;
- мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар;
- психологиялық қызмет көрсету кабинет жоспары;
- айлық немесе апталық жұмыс жоспары
- диагносткалық материалдар картотекасы;
- бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық
альбомдар;
- психодиагностикалық әдістемелер жинақтары;
- психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстыр журналы;
- кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу
журналы;
- өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы;
- түзету жұмыста қолданылатын аудио материалдар;
- кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі;
- жылдық есеп.
4 тақырып: Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері.
1. Мектеп алды жасындағы балаларға психологиялық сипаттама.
2. Мектеп психологының балалармен жүргізетін психологиялық
қызметтері.
Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі
басталады. Мектеп балаға едәуір қиындығы бар міндеттер артады. Кішкентай
мектеп оқушысы барлық сабақтарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауға,
сол сәтте, қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға
міндетті болып саналады.Осы міндеттердің барлығын толық орындау балаға лңай
емес.
Мектеп психологы балалармен жүргізетін психологиялық қызмет көрсету
жұмысын мектеп алды тобына қабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастағы бала
мектепке келер алдында оқуға , мектеп режимі бойынша жұмыс жасауға ,
бағдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және
мектепішілік қарым-қатынас жасауға дайын болуға тиіс.Тек сонда ғана
мектепке келген бала бағдарлама ұсынып отырған білім мен іскерлікті
меңгеруге шамасы келеді.Мектеп психологы балабақшадағы әріптестерімен бірге
осы мәселені зерттеуі оның мектепке даярлық тобындағылармен жүргізетін
жұмыстарының ең басты міндеті болып табылады.Сонымен қатар баланың нәзік
қимыл әрекеттерінің үйлесімділігін, таным процесстерінің даму деңгейін
нақты бағалау мақсатының орны ерекше.
Баланың мектепке оқуға даярлығын анықтайтын әдістер немесе
психологиялық ортақ пікірлер осы уақытқа қалыптаспаған.Дегенмен көптеген
зерттеушілер баланың таным процестерін , нәзік қимыл-әрекеттерін, қарым-
қатынас мәдениеттеін знрттеу әдістемелерін жасап шығарды.Осы еңбектерге
сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлық тобындағы
балалардың оқуға, мектеп талаптарын орындауға икемділігін анықтауы қажет.
5 тақырып: Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету.
1. Бастауыш сынып жасындағыларға психологиялық сипаттама.
2. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін психологиялық қиындықтар.
Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы
статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі
бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай.Оларды дер
кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелей психикалық
қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады.Сондықтан мектеп
психологы баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-
ойы дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік
сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан
мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады.Оның
өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады. Дегенмен бастауыш сынып оқушысының
өмірінде танымдық әрекеті жетекші бола бастайды.Осы әрекеті мінез-құлық
мотивтерін өзгертіп, бар күшін, интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік
қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді.Әсіресе, баланың мектеп өміріне
енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы
психологиялық даярлықтан өтеді.Мектепке бала үлкен қуанышпен барады.
Өйткені, мектепті бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір саласы
ретінде қабылдайды.Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы,
сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым-
қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны
қиналмастан орындауға негіз болады.Бұл талаптарды бала орындауға болмайтын
қағида деп қабылдайды.
Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде
балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршуына алып келуі
мүмкін.Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға
мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.
Мектеп қойып отырған талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша
өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің
сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген
тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыруы керек. Баланың бұл
міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол
әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберуі , үй тапсырмасын орындамауы сияқты
режимді бұзу орын алады. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа
қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.
Бірінші сынып оқушыларының басым көпшілігі бастан кешіретін
қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастарымен
қарым-қатынас жасауы болып табылады.Психологиялық қызмет көрсету барысында
баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психолгтың келесі
міндеті болып анықталады.
Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй
тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз
тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады.Сондықтан, бірінші
сынып оқушыларының ата-аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй
тапсырмасын орындату тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ауыстыру т.с.с.
мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осы жас кезеңдегі балалармен
жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.
Қазіргі кезде көптеген мектептер, гимназия, лицей мектептері статусын
алуымен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа
жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып
табылады.
6 тақырып: Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету.
1. Жеткіншектік кезең психологиясы.
2. Жеткіншектік шақта болатын өзгерістер.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас
аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жаскезеңіндегілер деп атайды.
Бұл жас кезеңі өтпелі кезең, қиын жас, проблемалы т.б көптеген
қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін
психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы
дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша
олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда бұндай кезең даму
дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге
жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы
психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-
бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екіжақтылық орын
алады. Сондықтан, бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім
болатыны, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін
анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас
барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды
талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып,
нәтижесінде үлкендер менбаланың арасында текетірестік орын алуы мүмккін.
Жеткіншектердің дене мүшесінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын
алады. Мысалы, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің
өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі
дамымауы салдарынан жеткіншекте өзін жарымжан сезіну деп аталатын
комплекс пайда болады. Ол денсін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп,
немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезінде балалардың эндокриндік жүйесі де өзгеріске
ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп,
күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды.
7 тақырып: Жасөспірім жас кезеңіндегілерге психологиялық қызмет көрсету.
1. Жасөспірімдік кезеңге психологиялық сипаттама.
2. Психологтың жасөспірімдермен атқаратын қызметі.
Жасөспірімдік шақ баланың жыныстық толысуынан басталып, ерерсектік
орыналғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және әлеуметтік
жағдайларға байланысты шектері анықталатын жас кезеңі. Бұл кезең 15-18 жас
аралығында өтеді және көптеген өзіне тән ерекшелерімен сипатталады.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста пубераттық
кезеңде болады. Осы физиологиялық процеске байланысты ұл-қыздардың бір-
біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы да орын ала бастайды. Жасөспірімдік
кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар
материалдық жағынан әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде
сен ерерсексің, үлкенсің десе, екінші жағынан одан да үнемі үлкендердің
айтқанын сынамастан орындауды талап ететді. Бұлжағдай мектептен басқа жерде
де анық байқалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары болашақта
некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену кезеңінде. Сондықтан психолог
алдында тұрған міндеттердің бірі жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне
ддаярлау, қарым-қатынасмәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Жасөспірімдік
шақтың аса маңызды міндеттері – мамндық таңдау, еңьек пен қоғамдық саяси
қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бұл
міндеттерді жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты даярлықты талап етсе,
үлкендер жағынан баланың мұқтаждығын жақсы түсініп, оған кеңес беріп, қол
ұшын беруді қажет етеді. Мамандық таңдау қоғамдық жалпы дүниетанымдық
ізденістерімен өмірлік жоспарларында нақтыланады.
Жасөспірімдік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды
қабілеті бар екенін барынша толығырақ түсініп, білгісі келеді. өзін-өзі
бағалаудың екі тәсілі бар:
1. өз талаптары деңгейін жеткен нәтижелерімен салыстырып бағалау;
2. әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін
салыстыру. Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз Менінің бейнелері
күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.
Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болцуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар, жасөспірімдік рефлексияныңтөменделегі мен қаықтылығына
байланысты көптеген әлеуметтік, жеке типологиялық және өмірбаяндық
факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін
анықтап, әрқайсына қажетті көмек көрсету керек.
Жасөспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте
тұрақөты да терең бола бастайды. Достық туралы жасөспірімдік ұғым мен оның
нақты дәрежесі әр балада әртүрлі болады. Қыз балаларды олардың ертерек
толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балаларда ерте
басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық
мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым
жоғары талаптар қоятыны көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтаржоғалады.
Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да үлкен. Біреулер жұп
достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болуы керек деп санайды. Ал
екіншілерінде 2, 3 және одан да көп дос болады. Бұл мәселе тәлім-тәрбие
барысында көңіл аударатын мәселелердің бірі болғандықтан психологиялық
қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән-мағынасын баларға
көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.
Жасөспірімдердің біреуі оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздақтан
қорқады. Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуымүмкін. Психолог
осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның
нормадан ауытқулардың ереркше көңіл бөліп, әрқайсына жеке дара қажетті
көмек көрсету керек. Бұл жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің
келесі міндеті.
Қазіргі кездегі жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып
оқушыларны мамандық таңдауға даярлануы қажеттігін ескере отырып, олардың
шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға
саса маңыз қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердің қалыптасуы оқытудың
сипатымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz