ХХ ғасыр – ғылым ғасыры



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН
КӨТЕРУ

Жагипарова Н.М.
№ 9 жалпы орта білім беру гимназия – мектебі, қазақ тілі

ХХ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша
білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни
дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге
асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық
тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш,
жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та,
дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз.
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң,
келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа
көрсеткен.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы
білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың
шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе
мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру
қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние
жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр.
Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиылық міндеттерінің
бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім
беру. Осыған орай, білім сапасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып “Сапа”
ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі – стандартқа сәйкестігі,
екіншісі – оқушының сұранысын қанағаттандыру.
Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама
бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту.
Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып
табылады.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі
кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-
тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай
негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным
әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара
жұмыстар жүргізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар (
Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Мысалы,
бастауыш сынып оқушыларынң қабілеттерін дамыту (Б. Тұрғымбаева) эстетикалық
тәрбие беру мәселесі (С.А. Ұзақбаева, Б.А. Әлмұхамбетов, А. Қомақов)
зерделенген еңбектерінде балалардың көркем мәдениеттік тәрбиесін жетілдіру
жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып, көрсетілген.
Дамыта оқыту технологиясының авторының (Л.В. Занков, В.В. Давыдов,
Д.Б. Эльконин т.б.) пікірінше бұл технология жеке тұлғаның барлық сапаларын
тұтас сәйкесте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін-
өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты
жағдайлар жасалады. Осыған орай балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың
маңызы өте зор. Өйткені сол арқылы балалардың іс-әрекетінің дербестігі
артады, бала білімді болады. Балалардың өзіндік жұмысына мұғалімнің
тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап істің тәсілін анықтап, оның
нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар балалардың
өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер
қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы
өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру
баланың таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті
мәселеге айналып отыр.
Балалардың логикалық ойлауын дамытуға, оқу белсенділігін арттыруға
деңгейлеп оқыту ерекше әсер береді.
Деңгейлеп оқытуда көзделетін мақсат – балаға білімді даяр түрде
берілмей, мұғалім баяндап бермей, олардын алдына белгілі проблеманы
міндетті қойып, соны өздері шештіруге бағыттау. Деңгейлік оқытудың негізгі
ерекшелігі баланың білетіні мен білмейтінің және проблемалы міндетті
шешуге дайын тұрған тәсіл болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады,
осыған орай, баланың ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ.
Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға
әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың
бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты
пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала сапасын сол тақырыпқа байланысты ояту,
ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Сын
тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл
жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Жұмыстың мақсаты: Балаларға сапалы білім берудің жан-жақты амал-
әдістерінің ғылыми негіздерін ашу. Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне,
ұстаз еңбегіне, бала денсаулығы қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау
жүргізу. Білім сапасын жетілдірудегі жаңа технология негіздеріне тоқтала
отырып, пайдасын, әсерін нақты мысалдармен дәлелдеу.
Жұмыстың міндеттері:
балалардың шығармашылық тілін дамыту әдістемесі
балаларды сөйлету әрекеті арқылы тілін дамыту;
балалардың тілдерін түрлі әдіс -тәсілдер арқылы жетілдіру;

- көркем сөз, көркем ой арқылы байланыстырып
сөйлеуге үйрету;
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру
жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог – ғалымдар
қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
Қазіргі заманғы діни сектандықтар
Археология ғылымы
АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ғылыми-техникалық революцияны сипаттайық
«Классика ғасыры» деп аталатын ХІХ ғ. мәдениеті
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
Пәндер