Психология ғылымының жалпы мәселелері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 166 бет
Таңдаулыға:   
БӨЛІМ 1. Жалпы психологияға кіріспе

Тарау 1. Психология ғылымының жалпы мєселелері.
Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Қысқаша мазмұны
Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде.
Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің
мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым
ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер,
психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық
процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың
жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары:
ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның
психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.
Адам және адамзат туралы ғылымдар. Адамды биологиялық түр ретінде
зерттеу, К.Линней еңбектері. Антропология жөніндегі жалпы түсінік. Адамды
биологиялық түр ретінде зерттеудің психологиялық аспектілері: салыстырмалы
психология, зоопсихология, жалпы психология. Адамның жануарлар әлемінен
әлеуметтік ортаға өтуін зерттеудің жалпы мәселелері. Адамның
социогенезін зерттейтін ғылымдар. Адамның табиғатпен қарым-қатынасын
зерттейтін ғылымдар. Адамды индивид және оның онтогенезі ретінде
зерттеудің жалпы мәселелері.
Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Ғылыми зерттеудің
әдістері жайлы жалпы түсінік. Психологиялық әдістердің негізгі топтары:
объективті және субъективті. Психологияның негізгі субъективті әдістері:
бақылау, қосылған бақылау, өз бетінше бақылау, сауал (жазбаша, ауызша,
еркін) қою. Психологиялық тесттердің негізгі түрлері. Тесттерді жасаудың
тарихы. Жобалық тесттер мен эксперимент (зертханалық, табиғи). Моделдеу
әдістері жайлы жалпы түсінік.

Психологияның даму тарихы.

Психология ғылымының негізгі салалары.

Психология ғылым ретінде

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі
қабілетке ие болуының себебі неде? ңЖанң дегеніміз не және оның табиғаты
қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен
бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық
артып отырған.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу
әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің
қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан
материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам
психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.
Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьғв адам танымының
жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға
және жеке даралық.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи
жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның
биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының
жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде
қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп
көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін
(белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай
болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде
конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың
нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды
геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін
анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және
органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла
келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы
ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады.
Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.

ТЕМПЕРАМЕНТ
НЫШАНДАР МЕН ҚАБІЛЕТТЕР

МОТИВАЦИЯ
(БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)

МІНЕЗ

ЕРІК

СЕЗІМ

Тұлғаң ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет
субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң
ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және
әлеуметтілігін біріктіреді.
Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі
– сана (1.3 сурет).
Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол
адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру,
сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы
түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі.
Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.
Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект,
екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік
иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті
биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның
интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы
көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің
жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы
алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-
физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен
мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп
қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты
мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді. Сол үшін де адам және оның
іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.
Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір
санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі
мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен
түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында
ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді.
Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.
Ғылымда пәндердің негізігі ќұрылымына байланысты үшке бөлінеді:
жаратылыстану, гуманитарлыќ, техникалыќ. Адам- әлеуметтік тірі организм,
оның барлыќ психикалыќ ќұбылысы ќоғамдыќ ортада ќалыптасады, сондыќтан
психология гуманитарлыќ пєндерге жатады.
“Психология” ұғымы ғылыми жєне тұрмыстыќ мағынаға ие.
Әрбір адам практикада ќарым-ќатынасќа түсе отырып психологиялыќ
заңдылыќтарды үйренеді. Осылайша біз келесі адамның пікірін оның сыртќы
келбетінен - мимикасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдыќ көңіл
күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Сондықтан әрбір адам өзінше психолог,
себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы білмей өмір сүру мүмкін емес.
Алайда, тұрмыстық психологиялық білімдер айқын емес және де ғылыми білімнен
ерекшеленеді.

Бұл ұғымдарды мынандай екі бағытта көрсетуге болады:

Тұрмыстыќ технологиялыќ білім Ғылыми психологиялыќ білім
Наќты білім Талдап ќорытылған білім

Интуициялыќ мінез білімі Аќыл- парасаттылыќ білім
Білім беруде бөгеттер болуы Білім жинаќталады жєне беріледі.
Білімнің көзі- баќылау Білімнің көзі- эксперимент
Берілетін білім- шектеулі Білім єрќашан кеңейіп отырады.

Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен
оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға
бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады.
Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл
себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті
талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке
негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті.
Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық
психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды
да. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы да
осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және
қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.
Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы
ғылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді.
Алғашќыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір
адам өзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX
ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым
болды.
Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді;
1. Психикалыќ процестер дегеніміз - сыртќы дүние заттары мен ќұбылыстарының
мидағы түрлі бейнелері.
2. Психикалыќ ерекшеліктер дегеніміз- бір адамды екінші адамнан ажырытуға
нгегіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.
3. Психикалыќ күй дегеніміз- адамның түрлі көңіл күйінің тұраќты
компоненттері.

1.6 Психикалыќ ќұбылыстардың ќұрылымы былай аныќталады.

Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып
шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен
психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер
кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің
арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық
процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және
эмоционалды стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық
қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның
мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн.
Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық
жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің
даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның
қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.

Адам және адамзат туралы ғылымдар
Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден, биологиялық түрдің өкілі
ретінде, екішіден, қоғам мүшесі, үшіншіден, адамның пәндік қызметі
зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.
Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің
еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens
жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі
табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін
болмады деген сөз емес. Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан,
тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің
аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта, мұнда адам
көбенсе тірі табиғатқа қарсы қойылған. К.Линней адамды тірі табиғаттың
элементі ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс
болды.
Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология
деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам
морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – шала
кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің
өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді),
антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның жақын аталары мен адам
табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анатомиясы
және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және
нәсілтанудан тұрады.
Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты
ғылымдар да зерттейді. Мысалы, адамның физикалық типін оның жалпы
соматикалық ұйымы ретінде адам анатомиясы және физиологиясы, биофизика
және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар
зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар
енеді.
Адамның пайда болуы және дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі
биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты, өйткені адам
табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және тізбекті даму процессінен тыс
түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-
ақ салыстырмалы физиология және салыстырмалы биохимия жатады.
Антропогенез жайлы ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап
кеткен жөн. Бұған алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын
жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық
проблемаларына аса қызыға қараған И.П.Павловтың арқасында салыстырмалы
физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке
бөлім болып қалыптасты.
Биологиялық түр ретінде адам дамуын түсінуде зоопсихология мен
адамның жалпы психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология
маңызды рөл атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде
зерттеу бойынша В.Келер және Н.Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар.
Зоопсихология саласындағы жетістіктер арқасында адамның көптеген мінез-
құлық механизмдері мен оның психикалық даму заңдылықтары белгілі болды.
Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар
оның дамуында маңызды рөл атқарады. Оларға генетика және археология
жатады. Тілдің пайда болуын, оның дыбыстық құралдарын және басқару
механизмдерін зерттейтін палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда
болуы социогенездің орталық кездеріне, ал сөйлеудің пайда болуы
-антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу адамды
жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.
Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез
проблемаларымен тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет. Оларға
адам қоғамының дамуын және алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттейтін
палеосоциологияны жатқызуға болады.
Осылайша биологиялық түрдің өкілі ретінде адам көптеген ғылымдардың
зерттеу объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1.7
суретте Б.Г.Ананьевтің Homo sapiens жайлы ғылымның негізігі проблемалары
классификациясы көрсетілген. Дербес биологиялық түр ретінде адамның пайда
болуы мен дамуын зерттейтін ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология
ие болады. Адам дамуына орай қазіргі заман антропологиясы туралы жасаған
қортындыны былайша келтіруге болады: биологиялық дамудың белгісіз бір
кезеңінде адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты (ңантропогенез бен
социогенездіңң шекаралас кезеңі) және адам эволюциясында биологиялық
дағдылы және табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне
негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.
Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік әлемге өтуіне
байланысты, оның биоәлеуметтік тіршілік иесіне айналуына қарай табиғи
таңдау заңдары дамудың басқа сападағы заңдарымен ауысты.
Адамның жануарлар әлемінен неге және қалай бөлініп шықты деген сұрақтар
антропогенез ғылымын зерттейтін ғылымдардың арасында орталық орынға ие
болып, осы күнге дейін бұл сұрақтарға біркелкі жауап табылмай тұр. Осы
проблемаға орай бірнеше көзқарас бар. Олардың бірі мынадай болжамда:
мутация салдарынан адам миы супермиға айналып, жануарлар әлемінен бөлініп
шығып, қоғам құруға жеткізді. Бұл П.Шошардың көзқарасы. Ол бойынша тарихи
кезеңде мутациялықтың әсерінен ми органикалық түрде дами алмайды.
Тағы да мынадай көзқарас бар. Ол мидың органикалық дамуы мен түр
ретінде адамның дамуына байланысты мидың сапалы құрылымды өзгерісіне әкелді
де, содан соң даму табиғи таңдаудан өзгеше заңдармен жүре бастады. Алайда,
дене мен ми өзгеріссіз қалғанмен, даму тоқтап қалмайды. И.А.Станкевичтің
зерттеулеріне қарағанда, адам миында құрылымдық өзгерістер болады,
жартышарлардың әртүрлі бөлімдерінде прогрессивті даму, жаңа иірімдердің
бөлінуі, жаңа жолдардың қалыптасуы байқалады. Сондықтан адам өзгеріп отыра
ма деген сауалға ңиәң деп толық жауап беруге болады. Дегенмен мұндай
эволюциялық өзгерістер адам және оның тұлғалық дамуының әлеуметтік өмір
сүру жағдайына әсер етеді, ал Homo sapiens түрінің биологиялық өзгеруі
қосымша мәнге ие болады.
Осылайша, адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі ретінде
ғылымға қызықты, себебі Homo sapiens түріндегі қазіргі заман адамы
биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір сүреді.
Социогенез проблемасын қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін емес.
Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын бірнеше
топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық прогресспен
байланысты ғылымдар.
Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі
топқа бөлінеді: қоғам дамуын барлық элементтердің өзара қатынасында
бүтіндей қарастыратын ғылымдар, адамзат қоғамы дамуының жеке аспектілерін
зерттейтін ғылымдар. Ғылымдарды осылайша бөлу адамзат өзіндік заңдарымен
дамитын бүтіндей, сонымен бірге, көптеген жекелеген адамдар боп танылады.
Сондықтан барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не
социум элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға жатады. Бірақ бұл жіктемеде
әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы анықталмаған, өйткені көптеген
қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке адамды зерттеумен
байланысты бола алады.
Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне
қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы,
өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет, өнер жайлы ғылымдар
және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде, қоғамның әртүрлі даму
кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі қажет.
Мұнда адамның табиғатпен және адамзаттың табиғи ортамен қарым-қатынасын
зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек. Осыған байланысты
биогеохимиялық ілімді жасаушы В.И.Вернадскийдің пікірі қызықты – онда ғалым
өзара қатынастағы және еркін оттегі О2 молекуласының тарихымен байланысты
қарама-қарсы екі биогеохимиялық қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу және
қайта қалпына келу қызметтері. Бір жағынан олар тыныс алу мен көбеюге және
екінші жағынан өлген организмдерді бұзумен байланысты. В.И. Вернадскийдің
пайымдауынша адам және адамзат өздері өмір сүретін планетаның белгілі
бөлігі биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-энергетикалық
құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.
Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның
өмір сүру мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай табиғи
ортаны өзгертуге бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның пайда болуы
жайлы айтылып тұр.
ңНоосфераң ұғымын 1927 ж Ле-Руа және Тейяр де Шарден біріге отырып
енгізді. Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В.И. Вернадскийдің ұсынған
биогеохимиялық теориясын негізге алды. В.И. Вернадскийдің анықтамасы
бойынша ноосфера немесе ңойлаушы қабатң - біздің планетамыздағы жаңа
геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам планетаны өзгерте алатын ірі
геологиялық күш ретінде көрсетіледі.
Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдар да бар. Бұған жеке
организмнің даму процессі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады. Осы
бағытта адамның жас, жыныстық, конституционалды және нейродинамикалық
ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның өмір жолы жайлы
психология ғылымы да бар, олардың аясында адам іс-әрекетінің мотиві,
дүниеге көзқарасы және құндылық бағдары, қоршаған ортамен байланысы
зерттеледі.
Адамды зерттейтін ғылымдар немесе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз
байланысты, олар біріге отырып, адам және адамзат қоғамы жйлы бүтіндей
көрініс береді. Алайда қай бағытты алып қарасақта, оларда психологияның әр
түрлі тараулары келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның
зертейтін құбылыстары бисоциалды тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-
әрекетін анықтайды.
Осылайша адам – көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі
әдіснамалық сипатқа ие болуы керек.Сондықтан да адамды зертеудегі ең
негізгі әдіснамалық тұжырым- жүйелі көзқарас тұжырымы. Ол әлем құрылымының
жүйелігін көрсетеді. Осы тұжырымға сай кез-келген жүйе жүйежасайтын фактор
болғандықтан өмір сүреді. Адамды зерттейтін ғылымдар жүйесінде мұндай
фактор адам, оны көпқырлы көріністе және сыртқы өмірмен байланысты зерттеу
қажет, өйткені сонда ғана адам және оның әлеуметтік - биологиялық даму
заңдылықтары жайлы толық көрініс алуға болады.

Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми
зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория
құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның
дамуы көбнесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың
қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да
қатысты.
Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми
танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы
әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ
ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология,
медицина, биология және тарих сияқты ңескің ғылымдардың әдістеріне
сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас
ғылымдардың әдістерін пайдаланады.
Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау
керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі
топқа бөлінеді: субъективті және объективті

Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.

СУБЪЕКТИВТІ ОБЪЕКТИВТІ

Бақылау Тесттер
өзін бақылау, сыртқы, Объективті
еркін, стандартты Жобалы
қосылған

Сауал Экперимент
Ауызша, жазбаша, еркін Табиғи
стандартты Зертханалық

Тест
Саулнама-тест
Тапсырма-тест
Моделдеу
техникалық
математикалық
кибернетикалық
логикалық

Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың
өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан
пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым
саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады
және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама
психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді.
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым
әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне
бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған
психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен
бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық
бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың
психологиялық мазмұнын ашу.
Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым
адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми
бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір
жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде
арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективтілі ашылатын арнайы
дайындықты талап етеді.
Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын
әдіс қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі.
Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен
нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну
үшін шеттен бақылаған жөн. Қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске
- өз-өзін бақылауға өте ұқсас.
Өз-өзін бақылау яғни, өз қалып-күйлеріңді бақылау тек психологияда
қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар, бірнеше кемшілігі де
бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай олар дұрыс
болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда
субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті
бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру қиын бұл
әдісте.
Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде
басқа адамдардың мінезін көргенде, психолог оның психологиялық мазмұнын
білгісі келеді. Көбінесе ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді.
Сондықтан психолог табысты жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын
объективті түрде бағалауды үйренуі керек.
Бұл әдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл
сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда
зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде дәл есептелінген жағдайда адамға
сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге
жүргізіледі.
Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға
негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының
артықшылығы және кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар:
ауызша, жазбаша және еркін.
Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау
жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам
психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары
зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты,
арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі
зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады.
Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған
сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында
оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын
сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің
тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы
әртүрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, стандартты сауалнама уақытты
аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның
ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп отырады.
Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы
және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама проблемаларына тірелдік.
Бір жағынан бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты
Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: ңБақыланып жүрген
құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен
дәлелдеуге болады.?ң Психологияның қалыптасу және даму барысында
эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталды.
Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені
қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі
жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да
байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай
салыстыру қажет?
Психологиялық құбылыстарды мөлшерлі бағалау ХІХ ғ. екінші жартысынан
басталды, сол кезде ғана психологияны дәл және пайдалы ғылым жасау қажет
болды. Одан ерте 1835 ж., қазіргі статистиканы жасаушы А.Кетленің (1796-
1874) ңСоцильная физикаң кітабы жарық көрді. А. Кетленің бұл еңбегінде
мүмкіндік теориясына сүйене отырып, ол теория бойынша адамдардың мінезі
белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын анықтады. Статикалық
материалдарды талдай келе, ол адамдардың семья құруы, өз-өзіне қол жұмсауы
және т.б. сияқты актлеріне мөлшерлік сипаттама беретін тұрақты мән алды.
Бұл актілер алдында еркін болып саналатын. А.Кетленің қалыптастырған
тұжырымы қоғамдық құбылыстарға метафизикалық қөзқарастан туындаса да, ол
көптеген жаңалық әкелді. Мысалы, А.Кетле егер орташа мән тұрақты болса,
онда оның артында физикамен салыстыруға болатын шындық тұруы қажет, соған
орай статистикалық заңдар негізінде әр түрлі (сонымен бірге психикалық та)
құбылыстарды болжауға болады. Бұл заңды түсіну үшін әрбір адамды жекелеп
зерттеу керек. Зерттеу объектісі ретінде көптеген адамдарың мінез – құлқы
арқылы, негізгі әдіс – вариациялық статистика болуы қажет.
Психологияда сандық өлшемдер проблемасын алғашқы шешуге
деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен
байланыса отырып адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және
қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын
атауға болады. Онда физикалық стимулмен адамның сезінулерінің арасындағы
байланыс анықталатын математикалық формула, сонымен бірге сезінудің
салыстырмалы және абсолютті шектері анықталды.Соңынан психологиялық
зерттеулерде математика енгендіктен зерттеулер объективтілін арттырып,
психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырды. Математика
психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын
әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталуы
проблемасын шешуді қажет етті.
Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың
психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын
қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей
психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.
Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады.
Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан,
сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді
салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер
мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге
болатындығымен ажыратылады.
Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-
тесттер, жобалаушы тесттер.
Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я
айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің
жауабына талдау ретінде қалыптасты. Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай
келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест белгілі бір
тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі
жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау
қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белілі бір психологиялық
сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола
алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға
жатады.
Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі Ф.Гальтон (1822-1911).
1884 ж Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана
ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына
ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың
әр түрін, реакция уақыты және басқа да сенсомоторлы қасиеттері өлшеуден
тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық
ұсыныстар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылды.
Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл ңпсихотехникаң
деген атқа ие болды.
Бұл термин Д.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж Mind журналында
Ф.Гальтонның қортынды сөзімен ңMental Tests and Measurmentң (ңАқыл-ой
тесттері және өлшемдерң) мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың
лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада ңПсихология эксперимент пен
өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл
ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы
бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық
процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі
жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады ң.
1905 ж француз психологы А.Бине интеллектті бағалайтын бірінші тестті
жасады. ХХ ғ. басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу
үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдылық қабілет
шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тесттердің сериясын
жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге
бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді.
Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тесттер
жасады. Олар былайша жасалды: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір
топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой
психикалық жұмысшылардың қызметі табысты орындау құрылымдарының тест
кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарымен өзара байланысына
негізделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп
пайдаланды. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ
соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес
бұрын (1917 ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайк
(1874-1949), Р.Йеркс (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны
әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Американ
психологиялық ассоциациясы мен университтер бұл бағытта жұмысты бастап та
кетті. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке
шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін
алғашқы топтық тесттер жасалды. ңАльфаң әскери тестісі сауаттыларға, ал
ңбетаң тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға
арналған вербалды тесттеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес
тапсырмалардан тұрды. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды.
Көрстекіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа
бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті
әскер оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет
көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.
Осы кезде Ресейде де психологиялық әдіс ретінде тесттер жасала бастады.
Бұл бағыттың дамуы А.Ф.Лазурский (1874-1917), Г.И.Россолимо (1860-1928),
В.М.Бехтерев (1857-1927), П.Ф.Лесгафттың (1837-1909) есімдерімен
байланысты.
Тесттерді әзірлеуде Г.И.Россолимоның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек
невролог-дәрігер ғана емес психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық
қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау
әдісін әзірледі. Бұл әдіспен бес: зейін, қабылдаушылық, ерік, есте сақтау,
ассоциациялық процесстер (ойда суреттеу және ойлау) топқа бөлінетін 11
психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процессін орындауға
қарай арнайы шкаламен ңкүшің бағаланды. Оң жауаптар сызбада нүктемен
белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның ңпсихологиялық бағытың анықталды.
Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер үшін,
интеллигенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа
Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикаға айналдыру формуласын
ұсынды.
Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс.
Бірақ тесттер объективті және субъективті әдістердің арасында.
Сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы
тесттерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне әсіресе оның жауабы
қалай түсінілетінін білетін болса саналы немесе санасыз әсер ете алады.
Алайда объективті тесттер де бар. Оларға жобалы тесттерді жатқызуға
болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес.
Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді.
Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның
эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай
салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның
нәтижесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы
тесттер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол
болуын және сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.
Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын
жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы
алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы
жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа
психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі.
Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен
эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды
жағдай жасалады. Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады.
Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Табиғи
экспериментті алғаш рет А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Әрине, табиғи
жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда
зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да
мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай
келеді.
Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол
басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі
белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші
жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке
алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе
субъективті әдістерге жатқызу қиын.
Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б.
болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен
олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен
қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қолданылады
Техникалық моделдеуде зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы
қажет. Кибернетикалық моделдеу информатика және кибернетика саласының
психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық моделдеу
математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негізделген.
Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу
заңдарындағы психикалық құбылыстарды моделдеуге бастады, өйткені адамдардың
ойлауда қолданатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы
компьютерлік бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен. Ол компьютердің
жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көзге елестету және сипаттауға
бастады. Осындай зерттеулерге байланысты Д.Миллер, Ю.Галантер, К.Прибрам
атты америка ғалымдарының және ресей психологы Л.М.Веккердің есімдері
белгілі.
Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да
әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға
қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен
ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар
сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске
құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады.
Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде
қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.

Психологияның даму тарихы
Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен.
Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:
Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу
кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.). Бұл
шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Арестотельден (348-322) басталатын
философиялық ілім тарихы.
Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды
атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит,
Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б.
ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы
пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан
тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция,
секілді процесстерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғылымы
Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі
қозғалыста болатын қасиет де п түсіндіреді.
Сонымен қатар, ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндіру
амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі
бойынша барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады,
мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық
жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді.
Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның
әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы
Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ
т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін
айтқан.
Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір
әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-
Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.
Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-
шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан
басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг
қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы
құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның
дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.
XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз
психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология
ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму
процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын
шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан
туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден
–мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың
әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.

Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері

4-кезең

3-кезең

2-кезең

1-кезең

Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан
ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның
өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух”
материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай
және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау
барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа
қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы
барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.
Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп
қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес
жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады;
біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана
процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі
басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция
әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін
интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай
теориялар қатарын ұсынды;
• В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
• Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
• У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;
• В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.
Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі
ретінде қолданылып жүр.
Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп
қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958)
негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің”
көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік,
эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп
есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық”
деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі
көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R)
реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы
тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң
белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен
реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы
адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.
Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың механизмдері мен
заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған
атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері
айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар
Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б.
еңбектерімен байланысты қаралады.

Психология ғылымының негізгі салалары

Ќазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармаќтарға
бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен
тармаќтар дамуы мен ќалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс –
єрекеттерін ќамтитын єр ќилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке
ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз
психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін обьектісін,
екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның
өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға ќатынасын
алып ќарастырамыз.

Адамның наќты іс – әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының
дамуын төмендегіше жіктейміз.
Тәлім – тәєрбие психологиясы.
Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі
психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін,
дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен
ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді
мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен,
олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың
мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың
психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан
ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің
психологиясын зерттейді.
Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармаќтары бар: а) Оќыту
психологиясы – дидактиканың психологиялыќ негіздерін, оќыту мен білім
берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оќыту мен балалардың аќыл
– ойын ќалыптастыру сияќты өзге де мәселелермен шұғылданады. Є) Тәрбие
психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің
психологиясын зерттеп, оќушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының
психологиялыќ негіздеріне ќатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басќа
мұғалімдер психологиясы және кемтар балаларды оќытудың тәрбиелеуi
мәселелерін ќамтиды.
Жас ерекшелiк психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи
негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ
сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар
психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер
психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың
дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту
ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын
нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан
ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы
саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда:
олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының
дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын,
тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын
зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ
патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу,
ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу –
тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын
ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын,
еңбекті ғылыми негізге сүйене ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Қазіргі психологияның міндеттері
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Жан, тән және мән туралы психологиялық түсінік
Басқа ғылымдармен психологиямен бірігу мәселелері
Психология пәні
Пәндер