Жалпы фармакология


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс 1

1. Тақырыбы: Жалпы фармакология. Пән және оқыту міңдеттері. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары. Дәрілік заттардың токсикокинетикасы және токсикодинамикасы.

2. Мақсаты. Студенттерді фармакология пәнімен, фармакологияның қысқаша тарихымен, жаңа дәрілік құралдардың іздестіру бағыттарымен, фармакокинетика және фармакодинамика ұғымдарымен, фармакологиялық терминологиямен таныстыру.

3. Дәріс тезистері.

Фармакология - химиялық құрылымдардың тірі ағзалармен әсерлесуін зерттейтін ғылым. Негізінен фармакология әртүрлі ауруларды алдын-алу және емдеу үшін қолданатын дәрілік құралдарды игереді.

Фармакологияның негізгі міндеті - жаңа, тиімділігі жоғары дәрілік құралдарды іздестіру болып табылады.

Фармакология медико-биологиялық ғылым болғандықтан, зерттеу және практикалық медицинаның әртүрлі аймақтарымен байланыстығы өте зор.

Фармакологияны жалпы және жеке фармакологияға бөледі. Жалпы фармакология - дәрілік заттардың тірі ағзалармен байланыстығының жалпы заңдарын зерттейді. Жеке фармакологияда - фармакологиялық топтар мен жеке препараттар талқыланады. Екі бөлімде де негізгі назар фармакокинетика мен фармакодинамикаға аударылады. Фармакокинетика - заттардың сіңірілуін, ағзада таралуын, метаболизмін және шығарылуын зерттейтін фармакологияның бір бөлімі (Сурет 1) . Фармакодинамика - заттардың биологиялық эффектілерін, оладың жинақталуын, әсер ету механизмін, рецепторлермен байланысуын зерттейтін бөлім.

Дәрілердің емдеу немесе алдын-алу мақсатымен қолдануы оларды ағзаға енгізуден басталады. Енгізу жолына эффектінің даму жылдамдығы, оның ұзақтығы байланысты болады.

Енгізу жолдарын екі түрге бөледі: 1) энтеральды жол (ас қорыту трактысы арқылы) 2) парентеральды жол (ас қорыту трактісінен тыс) .

Энтеральды жолдарға: ауыз қуысы арқылы, тіл астына, он екі елі ішекке және тік ішекке (ректальды) енгізу жолдары жатады.

Кейбір заттардың сіңірілуі (абсорбциясы) ас қазанда өтеді, бірақ көбінесе дәрілік заттар аш ішектен сіңіріледі.

Сіңірілу механизмдері (Сурет 2) : 1) Пассивті диффузия - жасуша мембранасы арқылы өтуі. Ол концентрация градиентіне байланысты болады. Бұл жолмен липофильді заттар өтеді; 2) Фильтрация - мембрана түтікшілері арқылы өтуі. Ол гидростатикалық және осмостық қысымға байланысты болады. Бұл жолмен су, иондар және ұзақ гидрофильді молекулалар өтеді; 3) Активті транспорт - заттарды таңдаумен, екі заттың бір тасымалдаушы механизмге бәсекелесуімен, концентрация градиентіне қарсы тасуымен және энергияның шығындауымен сипатталынады. Бұл жолмен гидрофильді молекулалар, бейорганикалық иондар, қанттар, аминқышқылдары өтеді; 4) Пиноцитоз - жасуша мембранасының инвагинациясы болып, көпіршік немесе вакуоль түзіледі. Ол көпіршіктің ішінде сұйықтықта араласқан дәрілік заттар болады. Көпіршік цитоплазмадан өтіп, жасуша ішіне экзоцитоз арқылы заттарды босатады.

Биотиімділік - препараттың алғашқы дозасына байланысты өзгермеген заттың мөлшерін көрсетеді. Энтеральды енгізу кезіндегі биотиімділік - заттың ас қорыту трактысынен сіңірілуімен, бауыр бөгеті арқылы өкенде жоғалуымен байланысты болады. Күре тамырға енгізгенде биотиімділік 100 % деп алынады.

Парентеральды жолдарға: тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия ішіне, интерстирнальды (төске), құрсақ ішіне, ингаляциялық, ми қабаттарына жатады.

Заттар сіңірілгеннен кейін олар қанға сіңіріліп, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларға таралады. Заттардың таралуына биологиялық бөгеттер әсерлерін тигізеді. Оларға жасушалар қабырғасы, жасуша мембраналары, гематоэнцефалды және плацентарлы бөгеттер жатады.

Дәрілік құралдар ағзада жасушаішілік және жасушадан тыс деполарда сақталынуы мүмкін. Экстрацелюларлы депоға плазма белогын жатқызуымызға болады. Кейбір заттар дәнекер ұлпаларда, сүйек ұлпаларында жинақталынады. Майлы депода липофильді заттар сақталынады (мысалы, наркозға арналған дәрілер) .

Дәрілік құралдар ағзада биотрансформацияға ұшырайды (дәрілердің химиялық өзгерістерге ұшырауы) . Өзгерілмеген күйде көбінесе жоғары гидрофильді иондалған молекулалар шығарылады. Биотрансформацияның екі түрі бар : 1) метаболитті трансформация 2) конъюгация

Метаболитті трансформация - тотығу, тотықсыздану және гидролиз арқылы өтетін заттардың өзгеруі. Мысалы : тотығу арқылы - имизин, эфедрин, гистамин, фенацетин, кодеин, тотықсыздану арқылы - хлоралгидрат, левомицетин, нитразепам, гидролиз арқылы - новокаин, атропин, дитилин, ацетилсалицил қышқылы жүреді.

Конъюгация - биосинтетикалық процесс, яғни дәрілік затқа немесе оның метаболиттеріне химиялық топшалардың қосылуы. Мысалы, метилдену (гистамин), ацетилдену (сульфаниламидтер), глюкорон қышқылымен қосылуы (морфин, оксазепам), сульфатану (левомицетин, фенол), глутатионмен қосылуы (парацетамол) . Метаболиттік трансформация және конъюгация кезінде заттар суда жақсы еритін метаболиттер мен конъюгаттарға айналады. Бұл ары қарай заттардың ағзадан шығу процестерін жеңілдетеді және дәрілер өзінің биологиялық активтілігін жоғалтады. Дәрілер, олардың метаболиттерімен конъюгаттары негізінен несеппен және өтпен шығарылады. Бүйректе шумақ капиллярлар мембраналарында фильтрация процессі өтеді. Бұл жолмен органикалық қышқылдар мен негіздер, пенициллиндер т. б. өтеді. Заттардың шығарылуы бүйрек түтікшелерінде өтетін реабсорбция процессіне байланысты болады. Бүйрек клиренсі - біршама уақытта қанның белгілі көлемінің тазартылу жылдамдығының көрсеткішін айтамыз. Кейбір препараттар және олардың өзгерілген өнімдері көп мөлшерде өтпен ішекке, одан экскременттермен шығарылады. Олар жартылай ішек-бауыр циркуляциясына түсуі мүмкін. Газ тәрізді және ұшқыш заттар өкпемен шығарылады. Кейбір препараттар сілекей бездерімен (йодидтер), тері бездерімен (лепраға қарсы дәрі - дитофал), асқазан бездерімен (хини, никотин), ішек бездерімен (органикалық қышқылдар), жас бездерімен (рифампицин) шығарылады. Кейбір заттар (ұйықтататын дәрілер, анальгетиктер, этил спирті, никотин) лактация кезінде сүт бездерімен шығарылады. Жартылай өмір периоды (t 1/2 ) - заттың қан плазмасындағы мөлшерінің 50%-ға төмендеу уақытын көрсетеді. Оны білу заттардың дұрыс дозалануына қажетті.

Заттың қолданған жерде пайда болған әсерін - жергілікті әсер деп атаймыз. Мысалы, бүркеуші заттар шырышты қабықты жауып, афферентті жүйкелердің қозуын азайтады. Заттың сіңіріліп, жалпы қан айналымына, одан кейін ұлпаларға түскеннен кейінгі басталған әсерін резорбтивті әсер деп атаймыз.

Жергілікті және резорбтивті дәрілердің әсері тікелей немесе рефлекторлы болуы мүмкін. Тікелей заттардың ұлпалармен қосылған жерінде пайда болады. Рефлекторлы әсерде заттар экстеро - немесе интерорецепторларға әсер етіп, солар арқылы атқарушы мүшелердің жағдайын өзгертеді. Мысалы, күре тамырға енгізілетін лобелин препараты каротидті шумақта орналасқан хеморецепторлерді қоздыру нәтижесінде рефлекторлы түрде тыныс алу орталығын қуаттандырады да, тыныстың көлемін және жиілігін жоғарылатады.

4. Иллюстрациялы материалдар: эл. слайдтар

5. Әдебиет: Харкевич Д. А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. - Алматы, 2004. - 608 бет.

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Дәрілік құралдарды алудың қандай қайнар көзін білесіз?
  2. Фармакокинетика не игереді?
  3. Фармакодинамика не игереді?

Дәріс 2

1. Тақырыбы: Антисептиктер және заласыздандырушы заттар

2. Мақсаты: Студенттерді антисептиктермен дезинфекциялық заттармен таныстыру.

3. Дәріс тезистері. Микробқа қарсы қасиеттерге ие дәрілік құралдарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа таңдамалы микробқа қарсы әсерге ие емес препараттар жатады. Оларға антисептиктермен дезинфекциялық заттар жатады.

Антисептиктерді негізінен беттік ұлпаларға сыртқа жағады. Концентрациясына байланысты олар бактериостатикалық әсер етеді. Дезинфекциялық құралдар медициналық құралдарды, аппаратураларды, бөлмелерді, ыдыстарды, науқастардың бөлінулерін залалсыздандыру қолданады. Олар бактерицидті концентрацияда қолданады.

Антисептиктермен дезинфекциялық құралдар микроорганизмдер, қарапайымдылар және саңырауқұлақтар қатынасында кең спектрлі әсерге, жоғары белсенділікке ие болуы керек.

Антисептиктерге қойылатын негізгі талап: ұлпаларға жергілікті теріс әсерінің жоқтығы, енгізген жерден сіңірілудің аздығы, аллергиялық әсерінің жоқтығы және уыттылықтың төмен болуы болып табылады.

Дезинфекциялық заттар өңделетін заттарды зақымдамау керек. Антисептиктер белсенділігін бағалаудың критериі фенолды коэффициент болып табылады.

Әртүрлі антисептиктермен дезинфекциялық заттардың әсер ету механизмі бірдей емес және ақзаттардың денатурациясымен, плазматикалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылысымен, микроорганизмдердің өмір сүруіне маңызды ферменттердің тежелуімен байланысты.

Химиялық түрде препараттар келесі топтарға жатады: 1) детергенттер: церигель 2) бигуанидтер: хлоргексидин 3) нитрофуран туындылары: фурацилин 4) фенолмен оның туындыларының топтары: таза фенол, резорцин, қайын қара майы 5) бояғыштар: бриллиант жасылы, метилен көгі, этакридин лактаты 6) галлогенқұрамды қосылыстар: Б хлорамині, йодтың спиртті ерітіндісі 7) метал қосылыстары: сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш тотығы, сары сынап тотығы, мыс сульфаты, мырыш сульфаты 8) тотықтырғыштар: сутек асқын тотығының ерітіндісі, калий перманганаты 9) Альдегидтермен спирттер: формальдегид ерітіндісі, этил спирті 10) қышқылдармен негіздер: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі.

4. Иллюстрациялы материалдар: эл. слайдтар

5. Әдебиет: Харкевич Д. А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. - Алматы, 2004. - 608 бет.

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Асептика дегеніміз не?
  2. Дезинфекциялық дәрілік құралдар қандай әсер көрсетеді?
  3. Антисептиктер қалай әсер етеді?

Дәріс 3

1. Тақырыбы: Химиотерапиялық заттар. Антибактериалды заттар

2. Мақсаты: Студенттерді антибактериалды антибиотиктерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері. Инфекциялық және паразиттік ауруларды химиотерапевтикалық дәрілермен емдеуі “ химиотерапия ” терминімен белгіленеді.

Антибактериалды химиотерапевтикалық дәрілерге келесі топтар жатады: 1) антибиотиктер 2) сульфаниламидті препараттар 3) химиялық құрылысы әртүрлі синтетикалық антибактериалды дәрілер 4) мерезге қарсы дәрілер 5) туберкулезге және лепраға қарсы дәрілер

Антибиотиктер деп - микроорганизмдерге таңдамалы зақым келтіретін немесе жоятын биологиялық текті химиялық құралдарды айтады. Медициналық практикада қолданатын антибиотиктер микроорганизмдерден және саңырауқұлақтардан алынады. Кейбір препараттар синтетикалық және жартылай синтетикалық жолмен алынады.

Антибиотиктердің жіктелуінде әртүрлі принциптер қолданылады. Біріншіден антибиотиктерді химиялық құрылысына және қасиеттеріне байланысты жіктейді: 1) пенициллиндер 2) цефалоспориндер 3) макролидтер 4) тетрациклиндер 5) аминогликозидтер 6) хлорамфеникол тобы 7) полимиксиндер 8) линкозаминдер.

Микробтарға қарсы спектрі бойынша келесі топтарға бөлінуі мүмкін: 1) грам оң микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (бензилпенициллиндер, эритромицин тобының препараттары) 2) әсер ету спектрі кең антибиотиктер (цефалоспориндер, тетрациклиндер, левомицетин препараттары, аминогликозидтер) 3) грам теріс микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (полимиксиндер) .

Антибиотиктер әсеріне байланысты бактериостатикалық (микроорганизмдердің өсіп дамуын тежейтін) немесе бактерицидті (микроорганизмдердің өлімін пайда ететін) эффект көрсетеді.

Антибиотиктер әсер ету механизмдеріне байланысты да бөлінеді: 1) бактериялардың клетка қабырғасының синтезін бұзады (пенициллиндер, цефалоспориндер) 2) цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады (полимиксиндер) 3) клеткаішілік белок синтезін тежейді (тетрациклиндер, левомицетин тобы, аминогликозидтер, макролидтер) 4) РНК синтезін бұзады (рифампицин) .

Пенициллиндер. Олар бөлінеді: 1) табиғи пенициллиндер 2) 3) аминопенициллиндер 4) карбоксипенициллиндер 5) уреидопенициллиндер. Барлық пенициллиндердің фармакодинамикасы бірдей. Олар микробтардың қабырғасының түзілуін митоз кезінде бұзады. Бактерицидті әсер көрсетеді.

4. Иллюстрациялы материалдар: эл. слайдтар

5. Әдебиет: Харкевич Д. А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. - Алматы, 2004. - 608 бет.

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Табиғи пенициллиндердің қандай ерекшеліктері бар?
  2. Антибиотиктерді қолданған кезде неге химиотерапияның ережелерін сақтау керек?
  3. Антибиотиктердің қандай ерекше жанама әсерлері бар. Атаңыз.

Дәріс 4

1. Тақырыбы: Химиотерапиялық заттар. Паразиттерге қарсы заттар

2. Мақсаты: Студенттерді қарапайымдыларға және құрттарға қарсы дәрілермен таныстыру.

3. Дәріс тезистері. Безгекті алдын-алатын және емдейтін дәрілер. Безгектің қоздырғышы плазмодий болып табылады. Безек плазмодийдің дамуының екі циклі бар: жыныссыз (шизогония) адам ағзасында, жынысты (спорогония) масса денесінде өтеді. Масса шаққан кезде адам ағзасына спорозоидтар түсіп, бауыр клеткаларына енеді. Бауырда (плазмодийдің преэритроцитарлы түрлері пайда болады) . Олар бөлініп, ұлпалы мерозоидтар пайда болады. Мерозоидтар қанға түсіп, эритроциттерге еніп, эритроцитарлы түрлеріне айналады. Эритроциттердің бұзылып, олардан мерозоидтардың қанға шығуы қызба ұстамасымен сипатталынады.

Эритроцитарлы мерозоидтардың жартысынан әйел және еркек жыныс клеткалары (гамонттар) түзіледі.

Жіктелуі

  1. Плазмодийлердің преэритроцитарлы түрлеріне әсер ететін дәрілер (өзіндік химиопрофилактикасы үшін қолданатын) : хлорохин (хингамин), мефлохин
  2. Плазмодийлердің эритроцитарлы түрлеріне әсер ететін дәрілер (емдік мақсатында қолданатын) : хлорохин (хингамин), пириметамин (хлоридин), гидроксихлорохин, сульфален, дапсон, сульфадиметоксин
  3. Гамонтотропты дәрілер (қоғамдық химиопрофилактикасы үшін қолданатын) : пириметамин (хлоридин), примахин дисфосфаты
  4. Плазмодийлердің параэритроцитарлы түрлеріне әсер ететін дәрілер (безгектің алыс рецидивтерін алдын-алу үшін қолданатын) : примахин дифосфаты

Хингамин негізінен плазмодийлердің эритроцитралы түрлеріне әсер етеді. Басқа препараттарға қарағанда бұл әсері өте жоғары. Плазмодийлердің хингаминге тұрақтылығы жай дамиды. Амебаларға қарсы, иммунодепрессивті және аритмияға қарсы әсерлер көрсетеді. ІҚТ - нан тез және толық сіңіріледі. Максимальды концентрациялары 1-2 сағаттан кейін жиналады. Заттың жартысы қан белоктарымен байланысады. Ағзадан баяу шығарылады. Концентрациясының 50%-ға азаюы 3 тәуліктен байқалады. Бүйрекпен шығарылады. Препараттың 70% ағзадан өзгерілмеген түрде шығарылады. Хингаминді безгектің барлық түрлерінде, ішектен тыс амебиазда, коллагеноздарда (ревматизм, ревматоидты артрит), жүрек ритмінің бұзылысын алдын-алу үшін қолданады. Көбінесе ішке, сирек - парентеральды енгізеді. Жанама әсерлері - көбінесе препаратты ұзақ уақыт қабылдаған кезде дерматиттер, диспепсия, бас айналу, ауыр асқынулар - көз көруінің бұзылуы, сирек - лейкопения, бауыр функциясының бұзылуы. Аналогтары: галохин, гидроксихлорохин. Хлоридин - дигидрофоль қышқылының алмасуын бұзатын заттарға жататын препарат. Ұлпаларда сақталынып, ұзақ уақыт әсер көрсетеді. Әсерінің жай басталуына байланысты хлоринді өзіндік профилактикада қолданады. Безгек плазмодийлердің тұрақтылығы тез дамиды. Сульфаниламидтермен бірге безгекті және токсоплазмозды емдеуге қолданады. Ішке 0, 01 г. 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет қабылдайды. Гематошизотропты активтілікке сульфаниламидтер мен сульфондар ие. Олардың тиімділігі парааминобензой қышқылын плазмодийлермен сіңірілуін тежеуге байланысты. Сульфаниламидтерден - сульфазин, сульфапиридазин, сульфален қолданады. Сульфондардан - дапсон қолданылады. Примахин - плазмодийлердің параэритроциарлы түрлеріне тежеуші әсер көрсетеді және жыныс түрлеріне де әсері бар. ІҚТ жақсы сіңіріледі. Қанда максимальды концентрациясы 2 сағаттан кейін байқалады. Ағзада тез химиялық бұзылыстарға ұшырайды. Бүйрекпен шығарылады. Жанама әсерлері: диспепсия, метгемоглобинурия, лейкопения, сирек агранулоцитоз. Энзимопатиясы бар адамдарда (глюкозо 6 -фосфатдегилрогеназа жетімсіздігінде) гемолиз және гемоглобинурия болуы мүмкін.

Амебиазды емдейтін дәрілер. Амебиаздың қоздырғышы - амебалар болып табылады. Амебиаз кезінде көбінесе тоқ ішек зақымданады (амебалық дизентерия) . Бірақ жүйелі амебиаз да болуы мүмкін. Олар гепатиттің, бауыр, өкпе және басқа мүшелердің абцестерінің себебі болуы мүмкін.

Жіктелуі

  1. Амебалардың барлық жерде орналасқан кездегі тиімді дәрілер: метронидазол (трихопол), тинидазол (фазижин)
  2. Бауырдағы және ішек қабырғасында орналасқан амебаларға әсер ететін дәрілер: эметин гидрохлориді
  3. Бауырда орналасқан амебаларға әсер ететін дәрілер: хлорохин (хингамин)
  4. Ішек қабырғасында және қуысында орналасқан амебаларға тікелей емес әсер ететін дәрілер: тетрациклин гидрохлориді

Ішек және ішектен тыс амебиаз кезінде тиімді метронидазол болып табылады.

Эметин - ипекакуана өсімдігінің тамырының алкалоиды. Дәрілік препарат ретінде эметин гидрохлориді қолданады. Бұлшық етке енгізіледі, себебі ішке қабылданса, ІҚТ -на күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Негізінен бауырда және ішек қабырғасында орналасқан амебаларға әсер етеді. Ішек қуысында орналасқан амебаларға әсер етеді. Ішек қуысында орналасқан амебаларға әсері жоқ. Препарат өте ұзақ (бір айдан астам) бүйрекпен шығарылады. Жнама әсерлері : тахикардия, аритмиялар, гипотония, жүрек аймағының ауырсынуы, жүрек айну, іштің өтуі, құму, бұлшық еттердің әлсіздігі, тремор, невралгия, бауыр, бүйрек функциясының бұзылыстары. Амебалардың өмір сүруін қамтамасыз ететін бактерияларға тежегіш әсер көрсету нәтижесінде тетрациклиндер де амебалардың өсуін және дамуын тежейді.

Лямблиозды емдейтін дәрілер. Лямблиоздың қоздырғышы лямблийлер болып табылады. Олар көбінесе ішектің дисфункциясын (дуоденит, энтерит) пайда етеді. Лямблиозды емдеу үшін метронидазол, аминохинол, тинидазол, нифурател қолданады.

Амнохинол - хинолин туындысы болып табылады. Лямблиозда, токсоплазмазда және кейбір коллагеноздарда тиімді. Жақсы қабылданады. Жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар, бас ауру, аллергиялық реакциялар.

Трихомонадозды емдейтін дәрілер. Трихомонадоз - Trichomonas vaginalis қоздырғышымен шақырылады. Оның әсерінен әйелдерде - кольпит және вульвовагинит, еркектерде - уретрит пайда болады.

Метронидазол (флагил, клион, трихопол, вагимид) - нитроимидазол туындысы болып табылады. Ол трихомонадаларға, амебаларға, лямблийлерге әсер етеді. Одан басқа анаэробты микроорганизмдерге де әсері бар. ІҚТ -нан жақсы сіңіріледі. Химиялық өзгерістерге ұшырайды. Негізінен бүйрекпен шығарылады. Аз мөлшерде сілекей бездерімен, ішекпен, сүт бездерімен де шығарылады. Метронидазолды ішке және жергілікті белгілейді. Жақсы қабылданады. Жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар (тәбеттің бұзылуы, ауыздағы металлдың дәмінің пайда болуы, жүрек айну, диарея), ОЖЖ - нің бұзылуы (тремор, координацияның бұзылуы), сирек терінің зақымдануы. Нитроимидазолдар тобына тинидазол (фазижин) препаратын жатқызамыз. Ол трихомонадаларға, амебаларға және лямблийлерге әсер етеді. Анаэробтарға бактерицидті әсер көрсетеді. ІҚТ -нан жақсы сіңіріледі. Метронидазолға қарағанда ұзақ уақыт әсер көрсетеді. 0, 5 г -нан 4 таблеткасын 1 рет қабылдайды.

Токсоплазмозды емдейтін дәрілер. Токсоплазмоздың қоздырғышы Toxoplasma gondii болып табылады. Токсоплазмоз - жүйке және лимфа жүйесінің, бауырдың, жүректің, ас қорыту трактысының, көз көру мүшелерінің зақымдануымен өтетін созылмалы ауру. Негізгі препараттар: хлоридин, хингамин, сульфадимезин.

Лейшманиозды емдейтін дәрілер. Лейшманиоздың екі түрі бар: 1) тері лейшманиозы 2) висцеральды лейшманиозы. Тері лейшманиозы кезінде пентамидин, метронидазол, мономицин қолданылады. Висцеральды лейшманиозы кезінде пентамидин, солюсурьмин қолданылады.

Мономицин - аминогликозид тобындағы антибиотик. Әсер ету спектрі кең. Бұлшық етке енгізіледі. Жанама әсері - бүйрекке әсер етеді және есту жүйкесінің невритін пайда ету мүмкін. Пентамидин - бұлшық етке 4-5 мл натрий хлоридінің ерітіндісімен күн ара. Солюсурьмин - күре тамырға тәулігіне 2 рет енгізіледі. Жанама әсері - жүрек айну, бас ауру, тері бөртпелері, сирек - агранулоцитоз.

Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер деп адам ағзасынан құрттардың шығаруына қолданатын дәрілік препраттарды айтамыз. Құрттар үш класқа бөлінеді: 1) нематодтар (домалақ құрттар) . Оларға: аскаридалар (аскаридоз), үшкір құрттар (энтеробиоз), анкилостомидалар (анкилостомидоз), ішек құрттары (стронгилоидоз), филярилер (филяриатоз) жатады 2) цестодалар (жалпақ құрттар) . Оларға: жалпақ құрт (дифилоботриоз), қаруланған тізбекті құрт (тениоз), қаруланбаған тізбекті құрт (тениаринхоз), кіші тізбек (гименолепидоз), эхинококк (эхинококкоз) жатады 3) трематодалар (сорғыштар) . Оларға: метагонимдер (метагонимоз), шистосомалар (шистосомоз), екі ауыздылар (фасциолез, описторхоз, клонорхоз) жатады.

Адамда әртүрлі кластағы гельминттер ішекте немесе одан тыс (бауырда, өт қабында, тері атында, қан мен лимфа тамырларында және т. б. ) орналасады. Сондықтан гельминтоздар ішекті және ішектен тыс болып бөлінеді.

Препаратардың жіктелуі

  1. Ішек гельминтоздарында қолданатын дәрілер
  1. Ішек нематодоздарын емдейтін дәрілер: левамизол (декарис), мебендазол (вермокс), пирантел (комбантрин), пиперазин адипинаты, нафтамон (бефения гидроксинафтоат),
  2. Ішек цестодоздарында қолданатын дәрілер: празиквантель (азинокс), никлозамид (фенасал), аминоакрихин, асқабақ дәндері
  1. Ішектен тыс гельминтоздарда қолданатын дәрілер
  1. Ішектен тыс нематодоздарды емдейтін дәрілер: дитразин цитраты (диэтилкарбамазепин цитраты)
  2. Ішектен тыс трематодоздарды емдейтін дәрілер: празиквантель (азинокс), хлоксил

4. Иллюстрациялы материалдар: эл. слайдтар

5. Әдебиет: Харкевич Д. А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. - Алматы, 2004. - 608 бет.

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Хлорахинның қандай қолдану көрсеткіштері бар?
  2. Науқас адамға безгекке қарсы препарат берілген. Біршама уақыт өткеннен кейін ол дәрігерге көру қабілетінің нашарлағанына шағымданды. Осындай жанама әсер қандай препарат көрсетуі мүмкін?
  3. Амебиаздың барлық түрлерінде қандай препарат қолданылады?
  4. Келесі қасиетке байланысты препаратты анықтаңыз:
  • Құрттарға қарсы кең спектрге ие
  • Құрттардың бұлшық еттерінің жиырылуын шақыртады
  • Цистодоз және дифиллоботриозды емдеу кезінде қолданылады.
  • Жақсы қабылданатын препарат

Дәріс 5

1. Тақырыбы: Дәрiлік заттармен және улармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері. Медициналық мекемелр және фармацевтикалық өндірістер қызметкерлері ағзаларына дәрілік шикізаттардың және препараттардың уытты әсерлері

2. Мақсаты: Студенттерді дәрілермен жедел уланудың терапиясының негізгі ұстанымдарымен таныстыру.

3. Дәріс тезистері. Ауыр жедел уланулар жиi өмiрге қауiп көрсететiн функциялардың бұзылысына әкеледi, сондықтан элементарлы көмектiң шараларын қолдануға тура келедi. Ұзақ уақыт бойы ессiз жағдайдың болуы және тыныстың тежеленуi бар ауыр улануларда ерте профилактикалық химиотерапияны есепке алу қажет. Көптеген жағдайларда сұйықтық және электролиттердiң мөлшерiн бақылауға алу қажет.

I. Сiңiрiлудi төмендету шаралары

Бұл шаралардың мақсаты-уландырғыш заттың экспозициясын тоқтату.

Келесi жолдармен улағыш заттар ағзаға түскенде, келесi жағдайларды ұстау қажет:

1/ удың парентеральды түсуi. Удың ингаляциясы кезiнде таза ауаны беру қажет . Терiге түскен және сiңiрiлудi жалғастырып жатқан уды сумен шайып тастау.

2/ удың пероральды түсуi . Көп жағдайда улану пероральды жүредi: емдегенде алдыңғы кезекте IҚТ-ғы удың концентрациясын төмендету шаралары жатыр: А) уландырғыш затты асқазаннан аластату; Б) құсықты шақыру

Құсықты уланған адам ес түсiнде жатқанда ғана шақыру керек, бiрақ органикалық ерiткiштермен, жуғыш заттармен немесе тырысуларды шақыратын және сiлтiлi заттармен уланғанда шақыруға болмайды.

Құсықты әртүрлi әдiстермен шақыруға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Ішті айдайтын дәрілер
Фармакологияның мазмұны, мақсаттары, тарихи даму жолдары
Гипофиз гормондары
Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы барысында емдеуге қолданылатын заттар
Препараттың токсикалық әсері
Сульфаниламидтік препараттар
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Улы заттардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz