Жамбастың ауытқуы. Жамбас ауытқулары кезінде босанудың ағымы және босандыру



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1. Тақырыбы: Жамбастың ауытқуы. Жамбас ауытқулары кезінде босанудың ағымы
және босандыру
7. Әдебиеттер:
Негізгі.
1.Акушерство оқулық Г.М. Савельева, В.И. Кулаков, А.Н. Стрижаков және
т.б.
Г.М. Савельева ред-мен М.Медецина 2000ж.
2.Акушерство В.И. Бодяжина, К.Н. Жмакин, А.П. Кирющенков. Курск,1995
ж.
Қосымша:
3. Акушерство(оқулық). Э.К. Айламазян, Санкт-Петербург 1997 ж.
4. Активные ведение родов В.В. Абрамченко, Минск-1998 ж.
5.Неотложная помощь при экстремальных состояниях акушерской практике
руководства под редакцией Э. К. Айламазян
8.Ұйымдастыру кезеңі 16 мин
. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру(тест тапсыру арқылы
білімін тексеру) 40 мин
Анатомиялық тар жамбас жалпы босанушылардың арасында ... құрайды.
3 % +
10 %
1 %
8 %
4 %
Анатомиялық тар жамбастың сирек кездесетiн түрi - ... жамбас.
остеомаляциялық
жай жайпақ тар
рахитты жайпақ
жалпы тарылған
жалпы бiрқалыпты тарылған
Рахитты жайпақ жамбаста ... қысқарады.
кiреберiсiнiң тiк өлшемi
жамбас өлшемдерi 1,5-2 және одан көп см-ге
барлық өлшемдерi, әсiресе көлденең өлшемдерi
көлденең өлшемдерi
шығаберiсiнiң тiк өлшемi
Жалпы бiрқалыпты тарылған жамбаста ... өлшемдерi қысқарады.
1,5-2 және одан да көп см-ге жамбастың барлық
кiшi жамбас кiреберiсiнiң тiк
жамбастың барлық өлшемдерi,әсiресе барлық тiк
кiшi жамбас қуысының барлық
кiшi жамбас кiре берiсiнiң көлденең
Жәй жайпақ жамбас ... өлшемдерiнiң қысқаруы.
барлық тiк
1,5-2 см барлық
оң қиғаш
барлық көлденең
сол қиғаш
Жалпы бiрқалыпты тарылған жамбаста босану биомеханизмiне ... тән емес.
нәресте басының шалқаюы
кiшi жамбас қуысының кiреберiсiнде нәресте басының ұзақ уақыт
қондырылмауы
нәресте басының қатты иiлуi
нәресте басының төбе жiгi жамбас қуысының қиғаш
өлшемдерiнiң бiрiне сәйкес келуi
жамбас түбiнде бастың бұрылыс жасауы
Жәй жайпақ жамбаста босану биомеханизмiне нәресте басының ... тән емес.
кiреберiсте қатты иiлуi
кiреберiс жазықтықта ұзақ уақыт қондырыла алмауы
төбе жiгi жамбас қуысының тек көлденең өлшемдерiнде тұруы
асинклитикалық қондырылуы
жамбастың кiреберiсiнде шамалы шалқаюы
Рахитты жайпақ жамбаста босану биомеханизмiне нәресте басының ... тән
емес.
кiшi жамбастың шығаберiсiнде төмен көлденең орналасуы
кiреберiс жазықтықта ұзақ уақыт қондырылмауы
шамалы шалқаюы
асинклитикалық қондырылуы
жамбас қуысынан, жамбастың шығаберiсiнен тез өтуi
Тар жамбасқа ... тән.
қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi
нәрестенiң тахикардиясы
қағанақ суының мерзiмiнен кеш кетуi
нәрестенiң жатыр iшiлiк гипоксиясы
қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын ажырауы
Клиникалық тар жамбасқа ... тән емес.
Вастен мен Цангемейстер белгiсiнiң терiстiгi
Вастен белгiсiнiң оң болуы
Цангемейстер белгiсiнiң оң болуы
нәресте басының алдына және артқа қарай келуi
жатыр мойны толық ашылғанда нәресте басының қозғалысының жоқтығы
Клиникалық тар жамбастың диагностикасындағы негiзгi симптом:
жақсы толғақта жамбастың кiреберiсiнде тұрған нәресте басының
жылжымауы
Вастен белгiсi терiс болуы
несеп шығарудың өзгермеуi
жатыр мойны мен сыртқы жыныс мүшелерiнiң iсiгi
босану механизмiнiң қалпынан ауытқуы
10. Жаңа сабақты түсіндіру. 80 мин
Тар жамбас.
Тар жамбас – дегеніміз ең негізгі жамбас өлшемдерінің бәрінің немесе бір
өлшемінің кем не кіші болуы мүмкін.
Түрлері : 1. Анатомиялық тар жамбас.
2. Клиникалық тар жамбас.
Анатомиялық тар жамбас дегеніміз – жамбас өлшемдерінің бәрінің не бір
өлшемінің кем не кіші болуы.Клиникалық тар жамбас - бұл кезде жамбас
өлшемдері әдеттегідей қалыпты жағдайдағыдай, тек босану процессі кезінде
жамбас өлгемдері мен бала басы өлшемдерінің арасындағы сәйкеспеушілігінен
туады.
Себептері :
1. Бүкіл организмнің жетіспеушілігі (инфантилизм)
2. Бала кездегі әр түрлі жұқпалы аурулар.
3. Рахит (мешел) ауруы.
4. Суйек туберкулезі.
5. Сүйек сынықтары және басқа жарақаттар.
6. Сүйектің қатерлі ісіктері.
Тар жамбастың түрлері:
a) Тұріне қарай
б)Тарлығына қарай
Түріне қарай бөлінеді:
а) Барлық жағынан не бірдей өлшемге тарылған тар жамбас
Жиі кездесетін түрлері:
б) жалпақ тар жамбас. 1. жалпақ жамбастың жай
түрі
2. жалпақ
рахит түрі.
в) барлық жағынан тарылған жалпақ жамбас.
Сирек кездесетін түрлері:
a) Қисық ығысқан жамбас
b) Қисық тарылған жамбас
c) Көлденең тарылған жамбас
d) 5-ші бел омыртқасының 1-ші сегізкөз омыртқасына ығысуынан пайда
болатын жамбас, жабысып қалған тар жамбас сияқты түрлері бар.
Тарлығына қарай 4 түрлі дәрежесі болады:
1-ші дәрежелі тарлық дәл коньюгата өлшемі 11-9 см аралығында.
2-ші дәрежелі тарлық дәл коньюгата өлшемі 9-7 см аралығында
3-ші дәрежелі тарлық дәл коньюгата өлшемі 7,5-6 см аралығы
Тар жамбасты анықтау тәсілдері:
Анамнез (сүйек рахиті, жарақаты, туберкулезі, әртүрлі жұқпалы аурулары,
организмнің жетілмеуі) (Инфантилизм)
Дене құрылысын қарап анықтау.
Сыртқы жамбас өлшемдерін өлшеу.
Акушер қолымен қарау.
Сегізкөз ромбсының түрін, пішінін қарау, ромбның жоғарғы және төменгі үш
бұрыштары бір-біріне сәйкес келуі. Жүкті әйел ішінің сыртқы пішінін қарау.
(Алғашқы босанатын әйелдерде ішінің пішінін алға қарай сүйірлеу келеді,
көп босанған әйелдерде іші салбыраңқы келеді.)
Соловьев индексін өлшеу (білезік буынының көлемі қалыпты жағдайда 14-16 см
аралығында).
Тар жамбас кезінде жүктіліктің өтуі.
жүктіліктің 1-ші жартысы қалыптағыдай өтеді.Жүктіліктің 2-ші жартысында кеш
таксикоз жиі кездеседі. Жүктіліктің 2-ші жартысында жамбас өлшемдерінің
тарлығына байланысты бала басының жоғары жатуы байқалады, ол көк етті
жоғары көтеріп қысады, сондықтан жүкті әйелдің дем алысы тарылып, жүрек
соғысы жиілейді және тез шаршағыш келеді.
Бала тұрақсыздығы байқалады, жиі көлденең, қисық, баланың жамбасымен келуі
мүмкін.
Бала басының қозғалғыштығы оның артқа шалқая келу түріне әкеліп
соқтырады(бала басының алға қарап келуі, маңдаймен, бетімен келуі).
Бала басының дұрыс келмеуі мүмкін.
Мезгілінен бұрын бала суының кетуі.
Сондықтан мұндай патологиясы бар жүкті әйелдерді 2-3 апта бұрын босану
үйіне жіберіледі.
Тар жамбас кезінде босану процессінің өтуі.
3-ші және 4-ші дәрежедегі тарлықта мезгіліне жетіп дамыған бвлвны босану
жолдары арқылы әйелдің босануы мүмкін емес.
1-ші және 2-ші дәрежелі тарлықта босану процесі бала басының орналасуына,
дұрыс келуіне, босану күштерінің даму ерекшеліктеріне байланысты.
2-ші дәрежедегі тарлықта 1-ші дәрежеге қарағанда қиыншылықтар көп
кездеседі.Босану процесі кезінде бала суының ерте кетуі мүмкін.
1. Баланың қолы мен кіндігінің қынапқа түсіп кетуі мүмкін.
2. Баланың тұншығып өлуі мүмкін. Кіндіктің жамбас сүйектері мен бала басы
?
3. Құрғақ толғақ. Босанудың 1-ші кезеңі ұзаққа созылады.
4. босану процесі кезінде бала суының ерте кетуіне байланысты жатырдың
қабынуы мүмкін.
5. Босану күштерінің ауытқушылығы байқалады.
6. Бала басының пішіні өзгеріп, бала жарақат алады.
7. Бала басымен жамбас өлшемдерінің сәйкеспеушіліктеріне байланысты
босану күштерінің тез дамуы байқалады, ол жатырдың жыртылуына әкеліп
соқтырады.
8. Бала басының ұзақ тұруына байланысты қынаппен қуық, несеп ағар түтігі
алдыңғы жағынан, ал артқы жағынан тік ішек аралықтарында жарық
тесіктер пайда болуы мүмкін.
9. Баланың басынада қан ұйығы пайда болуы мүмкін.
10. Қалыпты жағдайдағы босану процесіне қарағанда баланың іште өлуі.
Балалар өлімі жағары болады.
Тар жамбас кезіндегі босану механизмінің ерекшіліктері.
Тар жамбас кезіндегі босану механизмі қалыпты жағдайдағы босану
механизмінен айырмашылығы бар. Тар жамбастың әр түрлі түріндегі босанудың
өзіне сәйкес ерекше механизмі болады.
Барлық жағынан бірдей өлшемге тарылған тар жамбас механизмінің
ерекшеліктері:
1. Бала басының өте қатты иілуі, бұл кезде кіші еңбек жамбастың
геометриялық ортасына жақындайды.
2. Найзалы жік жамбасқа қисық өлшеммен кіреді. Қатты иілген бала басы
жайлап жамбас қуысына түсіп, қалыпты жағдайдағыдай ішкі бұрылу, бастың
артқа қарай шалқая, сыртқы бұрылу сияқты қозғалыстар жасайды, тек
айырмашылығы барлық бұрылыстар өте жай, көп күш жұмсаумен өтеді. Шат
бұрышының тарлығына сәйкес жамбас қуысынан шығар жерде бала басы желке
тұсы дәл келуіне байланысты, бала басы шат аралық жерге қарай
ығысанһды. Бұл әр түрлі дәрежедегі шат аралық жердің жыртылуына әкеліп
соқтырады. Бала басы желке тұсына қарай созылған, кіші еңбек тұсында
босану ісігі пайда болады.
Тар жамбас кезіндегі босану процесін өткізу.
Үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені анатомиялық тар жамбас кезіндегі
босануы.
А) дұрыс яғни әдеттегідей, б) қиындау, дұрыс көмек көрсетілсе, жақсы
аяқталатын, в) өте ауыр, анаға, балаға қауіпті асқынулар бар жағдайда өтуі
мүмкін. Мұндай жағдайларда оперативтік әдіспен аяқтауға тура келеді.
Жамбастың өте жағарғы тарлығында сонымен қатар қосымша асқынуларда ( кеш
босану, бала орналасуының ?
Сондықтан босану ппоцесін өткізу босанатын әйел мен құрсақтағы бала
жағдайына, барлық қосымша және объективтік тексерулерге байланысты
шешіледі. Босану процесін жақсы өткізудің бірден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Босану әрекетінің ауытқулары. Нәрестенің жамбасымен келуі
Фармакология бойынша
Нәресте басының шалқая орнығуы, оның ауытқулары
Егіз жүктілік
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Медициналық көмектің сапасы
Босанудың кезеңдері
Жамбастың өлшемін анықтау
Сыртқы жыныс ағзаларын карау
Босану кезеңдері
Пәндер