Жіктелуі және зақымдалу механизмдері Диагностикасы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Анатомо- биохимиялық ерекшеліктері.

Жіктелуі және зақымдалу механизмдері
Диагностикасы

Емі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Жамбас сүйегінің сынығы

 
         Жамбас және жамбас мүшелерінің зақымдалуы өте ауыр жарақаттар
категориясына жатады. Жамбас сүйегінің сыну жилігі жалпы жарақаттар санына
қатысты 5-10%. Жамбас аймағының топографиялық- анатомиялық қатынасының
күрделілігі, сүйек каркасының көп бөлігінің мықты бұлшық ет массаларының
астында терең орналасуы – осы локализациядағы зақымданулардың диагностикасы
мен емі үшін объективті қиындықтар тудырады. Жамбас сүйегінің және
байламдарының топикалық диагностикасы біршама қиындықтар туғызады, осы
негізінде клиникалық және патологоанатомиялық диагноздың әртүрлілігі 43-
54%  жиілікте кездеседі.
         Жамбас сүйектерінің сынығында өлімділік деңгейі жоғары (10%
дейін), жамбас зақымдануларымен коса, біріккен және көптеген
зақымдануларда  летальдық жағдай 60-80%, бұл жағдайда көбінесе 
зақымданғандардың жартысына көбініңөлім себебі – шок. 93% жағдайда жамбас
зақымдануымен  клиникаға түскендер коипенсирленген және декомпенсирленген
шок жағдайда болады. жамбастың жабық зақымдануларында 25-30 % жағдайда 2,5
л асатын көрші мүшелерге массивті қан кетулер болады. 25-45% жағдайда
жамбас сүйегінің сынықтары басқа сүйектер сынығымен және ішкі мүшелердің 
зақымдануларымен бірге жүреді.

Анатомо- биохимиялық ерекшеліктері.
Екі жамбас сүйегі бір – бірімен және сегізкөзбен бірігіп сүйек сақинасы –
жамбасты құрап, денені аяқтермен байланыстырып және жамбас мүшелерін
қорғайтын қуыс түзеді.
         Жамбас сақинасы  ұршықтық ойысына   қатынасты екі жарты сақинаға –
алды және артқа бөлінеді. Артқы жарты сақина ұршықтық ойыстың  буындық
бетінен артқа орналасқан. Оның құрамына сегізкөз, сегізкөз- мықын буына
байламдарымен және мықын сүйектің артқы бөлімі кіреді. Жамбас сақинасының 
бұл жүктемелік бөлімі, жүктемені қаңқа осінен аяққа берілуін қамтамасыз
етеді. Алдыңғы жарты сақина ұршықтық ойыстың буындық бетінен алдыға
орналсқан. Құрамы қасаға және шонданай сүйек, симфизден құралған.
         Жамбас сақинасының тұрақтылығы, дене массасын көтеретін, сегізкөз-
мықын қосылысы және негізгі сегізкөз- мықын, сегізкөз- төмпешікті және
сегізкөз- қылқанды байламдар, сонымен қатар жамбас түбі бұлшық еттері және
фасциясы құрамына кіретін сегізкөз- мықын комплексінен құралған, артқы
жарты сақинаға байланысты. Жамбас сақинасында  сегізкөздің қалыпты
орналасуын мықты дорсалды сегізкөз- мықын байламы қамтамасыз етеді.
Сегізкөз- қылқанды байламы жамбас жарты сақинасының сыртқы ротациясына
қарсы тұрады,ал сегізкөз- төмпешікті байлам сагиталды жазықтықта ротациялық
күшке қарсы тұрады.
         Жамбас зақымдалуында тұрақтылық дәрежесін бағалауда, сүйек
бүтіндігімен бірге, комплексті қалыптастыратын байламдар жағдайын міндетті
түрдеескеру керек.
         Жамбас сақинасына әсер ететін негізгі күштер – сыртқы ротация,
ішкі ротация және вертикалды қозғалтқыш күштер болып табылады. Бұл
күштердің әрқайсысы жамбастың әртүрлі типті сынуына әкеледі.
Жамбас зақымдалуы әртүрлі. Оларға жарақат алу үшін біршама күштің түсуі
тән. Жамбас аймағы өте бай нервтенген және қанмен қамтамасыз етілген,
сондықтан жарақаттар кезінде жедел қан кету және геморрагиялық шок қаупі
жоғары. Алдыңғы және артқы жарты сақинаның үзіліссіз бұзылуымен қатар бір
уақытта кемік сүйектің көп бөлігінің бұзылуы шоктың ауыр өтуіне әкеледі,
себебі ауырсыну компонентіне басқа 2-2,5 л қанның жамбасішілік клетчаткаға
кетуінен рефлексогенді аймақтың тітіркенуімен негізделеді.

Жіктелуі және зақымдалу механизмдері
I. Жамбас сақинасын құруға қатыспайтын бөлігінің шеттік сынығы (1 сурет):
1.     Мықын сүйегінің алдыңғы- жоғары қылқанының сынуы
2.     Мықын сүйегінің алдыңғы- төменгі қылқанының сынуы
3.     Мықын сүйегі қанатының қырлық сынуы
4.     Сегізкөздің сегізкөз – мықын қосылысы және құймышақтан төмен сынуы
5.     Шонданй сүйегінің сынуы
 II.  Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылмай сынуы (2сурет):

1.     Қасаға сүйек бұтағының бір жақты немесе екі жақты сынуы
2.     Шонданай сүйек бұтағының бір жақты немесе екі жақты сынуы
3.     Қасаға сүйегінің бір жағынан, шонданай сүйегінің екінші  жағынан
сынуы
 III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және
қосылыстардың жыртылуы

А. Алдыңғы жарты сақина (3 сурет):
1.     Қасаға және шонданай сүйегінің бір жақты сынуы
2.     Қасаға және шонданай сүйегінің екі жақты сынуы (“көбелек” типі)
3.     Симфиз айырылуы
Б. Артқы жарты сақина (4сурет):
1.     Мықын сүйектің вертикалды сынуы
2.     Сегізкөз – мықын қосылысының жыртылуы
3.     Сегізкөздің вретикалды сынуы
В. Алдыңғы және артқы бөлімінің (5сурет):
1.     Мальгени сынуы – алдыңғы және артқы жарты сақинаның бұзылуына
әкелетін сынуы
2.     Аты жоқ сүйектің шығуы – қасаға симфизі және сегізкөз – мықын
қосылысының бір уақытта айырылуы
 IV. Ұршықтық ойыстың  сынуы (6сурет):

1.     Сан сүйегінің шығуы немесе шығуынсыз ұршықтық ойыстың шетінің сынуы
2.     Жарықшақтардың ығысуынсыз ұршықтық ойыс түбінің сынуы
3.     Сан сүйегінің орталық шығуымен ұршықтық ойыс түбінің сынуы
  
1 сурет. Жамбас сақинасын құруға қатыспайтын бөлігінің шеттік сынығы

2 сурет. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылмай сынуы

 
3 сурет. Алдыңғы жарты сақина  сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы

4 сурет. Артқы жарты сақина сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы

 
 

5 сурет. Алдыңғы және артқы бөлімінің сүйектерінің қосылысының бұзылған
сынуы

    6 сурет. Ұршықтық ойыстың  сынуы:
А) Сан сүйегінің шығуы немесе шығуынсыз ұршықтық ойыстың шетінің сынуы
Б) Жарықшақтардың ығысуынсыз ұршықтық ойыс түбінің сынуы
В) Сан сүйегінің орталық шығуымен ұршықтық ойыс түбінің сынуы
 

Сынудың ең ауыры — сан сүйегінің орталық шығуымен ұршықтық ойыс түбінің
сынуы. Бұл сыну механизмі – жамбас сүйегін үлкен ұршық аймағынан бүйірлік
басу, остік жүктеме сан сүйегіне немесе үлкен ұршыққа түседі. Ұршықтық
ойыстың шетінің сынуы механизмі – сан сүйегі осіне түсетін жүктеме.
Сонымен, ұршықтық ойыстың сынуы жарақаттың тікелей емес механизмінде
кездеседі.
Диагностикасы.

Жарақаттың жедел кезеңінде зардап шеккен адамның жалпы жағдай өте ауыр және
реанимациялық және шокқа қарсы  шараларды жүргізуді қажет ететіндіктен,
толық клиникалық және аспаптық зерттеу жүргізу мүмкін емес. Бұл жағдайда
жамбастың зақымдалуын клиникалық ақпаратқа (негізінен – қарау және
пальпация) сүйеніп шешеді. Жамбас сақиналарының сүйектік шығыңқылырының
ассиметриялылығына, жұмсақ тіндердегі қан құйылуларға (әсіресе жамбас
санның алдыңғы жарты сақинасының сынуы кезіндегі шат аралықтағы гематома
тән), мықын сүегінің қанатын алшақтатқанда немесе оларды басуға тырысқан
кезде ауырсынулардың байқалуына және қасаға симфизіне басқан кезде,
ауырсынудың пайда болуына мән береді.

• мықын сүйектің қанатын басу (қосу жүктемесі симптомы )
• мықын сүйек қанаттарын екі жаққа ажырату(ажыратушы жуктеме симптомы)
• қасаға симфизіне басу
Жамбас сүйегі сынығы кезіндегі бүйрек аймағындағы клетчаткаларға дейін
көтерілген жайылмалы ішастар арты гематомасы іш бұлшық етінің қатаюы және
ішастардың тітіркену симптомдарын суреттейді(псевдоабдоминальды синдром).
Бұндай жағдайларда іштің кейбір жалпақ жерлерінде перкуторлы тұйықталған
дыбыс естіледі, ол дене қалпын өзгерткен кезде басқа орынға ауыспайды
(Джейс симптомы). Кейбір жағдайларда, ішастарішілік апаттарда көрінетіні
соншалық, диагностикалық лапароцентез немесе лапароскопия, кейбір
жағдайларда диагностикалық лапаратомия қолданылады.
Жамбас жарақаттары кезінде клиникалық суреті локализацияға байланысты.
Жалпы клиникалық суреті және диагнозы белгілердің жиынтығы негізінде
анықталады:
1. шеткерлік зақымданулар
2. жамбастың алдыңғы жарты сақинасының зақымдалуы
3. жамбастың артқы жарты сақинасының зақымдалуы
4. жамбастың артқы және алдыңғыжарты сақинасының қосарланған зақымдалуы
Алдыңғы жоғарғы өстің бөлінуі. Зақымдалған аймақтағы ауырсыну, жергілікті
ісіну байқалады. Жамбастың жалпақ фасциясын тартып тұратын тігінші  бұлшық
ет әсерінен сынық төмен және сыртқа жылжып, аяқтың қысқаруы сяқты сезімдер
туындайды. (өлшем алдығы жоғарғы ость арқыл жүргізіледі). Кейбір
жағдайларда Лозинскийдің артқа жүру симптомы айқын көрінеді: алдыға қадам
басқанда, жарақаттанған аймақта қатты ауырсыну пайда болады, ол бұлшық ет
өсіне бекіген күштемеге байланысты. Сонымен қатар дәл сол кезде артқа қадам
басқанда ауырсыну шамалы ғана болады, сондықтан науқасқа артымен жүру
ыңғайлы.
Алдыңғы төменгі өстің бөлінуі. Шап аймағындағы ауырсынуға шағымданады.
Санның тік бұлшық еті көмегімен санды белсенді бүккен кезде, ауырсыну пайда
болады (мысалы: жүру кезінде).
Шондаанй сүйектің төмпешігінің сынуы. Ол ауырсынумен сипатталады, ауырсыну
отырғанда, шонданай төмпегін тері арқылы ректальды пальпациялағанда
күшееді. Сегізкөз – төмпешік байламының аймағын ректальды пальпациялау
кезінде ауырсыну күшееді. Тізенің жазылған қалпында санды бүгу ауырсынуды
шақырады, ал әдетте бүгілген тізе  қалпында қозғалу ауырсынуды тудырмайды.
Ұршықтық ойысқа ауысумен жүретін мықын сүйегінің сынуы кезінде мықын
сүйегінің қанатының аймағының ауырсынуын шақырады, ауырсыну іштің қиғаш
бұлшық етін қатайтқан кезде күшейеді зақымдалған жақта жамбас – сан
буынының қозғалысы шектеледі. Мықын сүйегінің қанатына жүктеме түскен
кезде  ауырсыну шамалы күшейеді. Кейде сүйектің  қозғалыстары  мен 
сықырлаулар анықталады. Бұлшық еттердің тартылуына байланысты мықын
сүйегінің қанаты жоғары ығысады, ол өз кезегінде семсер тәрізді өсінді мен
алдыңғы жоғарғы ость арасының қысқаруымен және Шумахер сызығының
бұзылысымен көрінеді.
Сегізкөз бен құйымшақтың көлденең сынуы.
Сегізкөз аймағындағы ауырсынудан басқа , дефекация кезіндегі ауырсыну мен
отырған кездегі ауырсыну байқалады.  Қарап тексергенде — зақымдалған 
жердің ісінуі, пальпаторлы – локальды ауырсыну. Ректальды тексеру кезінде
сынған жердің дистальды бөлігін басқан кезде қатты ауырсыну байқалады, кей
жағдайларда осы кезде сегізкөз немесе құйымшақтың дистальды бөлігінің 
патологиялық  қозғалысын анықтауға болады. Сегізкөздің дистальды бөлігі
алдыға ығысқанда сегізкөз нервін зақымдайды, ал бұл  кезде зәрді
ұстайалмаушылығы және жамбас бұлшық еті аймағындағы сезімталдық жоғалады.
Қасаға және шонданай сүйектерінің бұтақтарының оқшауланған сынығы. 
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары: қасаға аймағындағы ауырсынуға
(қасаға сүйегінің сынуы кезінде), шап аралығындағы ауырсынуға(шонданай
сүйегінің сынуы кезінде). Ауырсыну аяқты қозғалтқанда күшейеді.  Габая
симптомы тән(зардап шегуші адам арқасынан бүйіріне ауысарда зақымдалған
жамбасты сау аяқтың балтыры немесе табанымен сүйемелдейді, бүйірінен
арқасына ауысарда фиксацияланған екі аяқтың қалпы сақталады). Мықын
сүйегінің қанатына күш түскен кезде, сонымен қатар шонданай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Жамбас сүйегінің сынығы
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Герпес инфекциясы және жүктілік
Жұмыр құрттар класы. Беогельминттер, практикалық маңызы
Жұмыр құрттар типі. Беогельминттер. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Пәндер