Жамбыл нағыз өлең шебері болған ақын
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846-1945)
...Бүйтіп көрген күн құрсын,
Жапырақтай қалтырап,
Таусылғалнан тынысын
Күнде жүрек қансырап. (Жамбыл. )
Өлеңі не күлдірмесе, не жылатпаса - өлең емес. Нәрсіз сөз - зілсіз оқ
есепті дейтін еді Жамбыл. Сол сипаттың бәрі де Жамбылдың өзінде бар еді
деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Жамбыл нағыз өлең шебері болған ақын.
Жамбыл 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты
Хантау тауы баурайында дүниеге келеді. Жамбыл бала кезінен-ақ өлең-жырға
үйір болады.
Домбырамды қолға алам.
Өлең кірген түсіне,
Жөргегінде мен болам, -
деп жас Жамбыл ақындық жолға түсуді армандайды. Әкеме деп аталатын
алғашқы өлеңінде өзінің өмір мақсаты туралы ашық айтады.
Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын...
Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке,
Жаңаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті, - дер, әке.
Жамбылдың балаң өлеңдері бүкіл Жетісу өңіріне даңқы жайылған Сүйінбай
ақынға ұнайды. Сүйінбай жасөспірім Жамбылға мынадай кеңес береді: Сенің
өлеңдерің ақиқат пен әділдікті айтатын болсын, жырларың өзіңнің айналаңда
болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын, жекелеген адамдарға емес, бүкіл
халыққа жағатын болсын. Сүйінбайдан бата алған Жамбыл ұстаз өсиетіне өмір
бойы адал болған. Ақынның: Менің пірім –Сүйінбай - деуі де содан.
Ол өзінің қисса айту өнерімен, өткір, уытты өлеңдерімен, айтыскер
ақындығымен Жетісу өңірінде, көршілес қырғыз елінде атағы жайылып, ақын
деген атқа ие болады.
Жамбыл хат танымаған. Ақынның 1930 жылдарға дейінгі өлеңдері ел аузынан
және есінде қалғандарын өзінің айтуымен жазылып алынған, барлығы - елудей.
Жамбыл бұл өлеңдерінде халықтың тұрмыс-тіршілігін, бай мен кедейдің ара
қатынасын шыншылдықпен суреттейді:
Сары түнде сарылып кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей.
Сақарада салақтап күндіз-түні,
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
(Жылқышы)
немесе.
Малы көп бай ертемен жейді қаймак,
Қой шығарып кедей жүр, қозыны айдап.
Ең болмаса айранға тойғызса деп,
Жатса-тұрса тілейді а құдайлап.
(Сараң бай мен жомарт кедей)
Азулы ақын бай мен молда, болыс пен старшиндардың елге қиянатын,
парақорлығын әшекерлейді. Мысалы, Мәңке дейтін болыстың жылқы ұрлаған
ұрылардан мал алып, параға жығылғанын бетіне басады. Жанғойлық болысы
пысық келеді, мұрындары пұшық келеді деп, оны кескіндеп алады да,
сөздерін ұзарта келеді, өңешін қызарта келеді деп, құлқынқұмар пиғылын
жайып салады.
Ыңыранып отырып алады,
Әр алуан қырға салады.
Ақыры "құдай жарылқап",
Қалталарын толтырып алады.
(Мәңке туралы)
Қалиға өлеңінде патша үкіметінің жергілікті өкілі, офицерлік
дәрежесі бар Қали дегенге: Сойылыңды соғып тұр, ұлығың мен болысың деп
қиянаттың әргі тамырын ашып сөйлейді. Бірақ әр ақын одан ықпайды:
Жүзім қайтып көрген жоқ,
Сенен қорқып қайтейін.
Күле-күле жүрсін ел,
Менменсінген бейліңді
Елге жайып өтейін.
Шалтабайға деген өлеңінде болыстардың екі жүзділігін тап басып,
айыптайды:
Шарға түсер шағында.
Қара тер боп сабылдың.
Аялған жоқ малым да,
Ақжем болып шабылдың.
Елге сөзің жеткенше.
Жамағат деп жалындың.
Қол билікке жеткен соң,
Салғырттыққа салындың.
Әділдік керек халыққа деген толғауында бай-болыстардың қиянатшыл,
екіжүзділік психологиясын, еңбекші қауымның арман-мұңын жырға қосады.
Заманның айғақ ақыны кім айтар Жамбыл болмаса, - деп шындықты айтуды
ақындық парыз санайды.
Шындық пенен аныққа,
Сайрайтын бұлбұл табылар.
Халықтын сүйген ақыны
Бұлбұл болып танылар, -
деп, бет алган әділеттік бағытынан қайтпайды.
Сатиралық өлеңдері. Жамбыл туындыларының мазмұны бай, тақырыбы сан
алуан. Соның ішінде ақын дарынының ерекше бір қырын танытқан қомақты да
көркем саласы – сатиралық өлеңдері.
Ондай өлеңдері адам мінез-құлқындағы, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз
әрекеттерді мінеген ащы сын, өткір мысқылға толы. Ақынның бізге жеткен
алғашқы өлеңінен (Шағым) бастап өмірінің соңында шығарған әзіл-сықақ,
ажуаларына (Әке әзілі) дейінгі аралықтағы шығармашылығында сатиралық күш
бәсеңсіп көрген емес. Ақын назарына іліккен ұнамсыздықтар күлкілі өлеңге
айналмай қалмаған.
Жамбылдың үлкен сатирашы ақын екені оның Кәдірбайдың төбеті,
Көкімге, Сәт сайланарда, Өстепкеде, Есенәлі мешкейге сияқты
өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі.
Кәдірбайдың төбеті - сюжетке құрылған, композициялық құрылымы бар
өлең. Ақын жолаушылап келе жатып, бір жігітке жолығып қалады. Жөн сұраса
келе, әлгі жігіт: Ақын болсаңыз, мына төбенің арғы жағындағы Кәдірбай
байдың аулына барып, байдың итін мақтаған өлең жарысына қатыспайсыз ба?"
дейді. Мұндай естіп-көрмеген қызыққа сол маңайдағы ақын біткен тегіс
жиналған екен.
Жамбыл олардың өлеңдерін тыңдап қараса, байдың бір жақсы иті қарақұрт
шағып өліп, ақындар ит иесі байды жер-көкке сыйғызбай мақтап, жұбата алмай
әуреге түсіп жатыр екен. Ақыры кезек Жамбылға жетеді.
Жамбыл алдымен байдың және оның итінің мақтауын жеткізе алмай
шұрылдаған ақындарды мінеп, өлеңін сатқан ақын - ақын емес, ол да бір - су
жүрек қоян, қоқыс пен тәттіге үймелеген арам шыбын да бір дейді. Содан соң
Кәдірбайдың өзіне шүйлігіп састырады:
Ал Кәдірбай, құлақ сал,
Жамбыл сөзін тыңдап қал,
Итіңді жаман демеймін,
Күзетіп жүр малыңды.
Көпшілікті бүлдіріп,
Ұрлап алғандарыңды...
Өлеңдегі күлкінің шарықтаған жері тіптен қызық әдіспен берілген. Иттің
қадірі ел үшін Кәдірбайдан артық екенін, ит өлгенше, байдың өзі өлуі дұрыс
еді деген ақындық шешім итті мақтау арқылы оның иесі Кәдірбайды келемеж
етіп, жанама сықақтау әдісінің нағыз үлгісі болып шыққан.
Ауылды торып аңдыған,
Қасқырды талап қан қылған,
Сенен жұртқа ит жақсы –
Күзеткен қотан ауылды.
Қайнатып құдай сорынды,
Ит өлмей-ақ, сен өлсең,
Болар ед тым-ақ орынды, -
деп, дәулетіне мастанып, асып-тасыған байды масқара етеді.
Кәдірбайдың төбеті өлеңі - сатираның түрлі әдістері шебер
қолданылған, ақынның да, қазақ сатирасының да биік деңгейін көрсете алатын
үздік туынды.
Жамбыл ащы тілін біреуге қадағанда, көбінесе оларды қайырымсыздығы,
халқына пайдасының жоқтығы, адамгершіліктен ада болған азғындығы үшін
мінейді.
Жаралғалы жегенін қазы, жамбас,
Қарның ашты дегенге адам нанбас.
Ет пен майды ішіңе сықап тығып,
Адамдыққа инедей орын қалмас...
Сен тойғанмен, біреулер аш қалып жүр,
Деп ойлама түбінде теріңді алмас, -
деп, Есенәлі мешкейге деген өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті
нақты шенейді.
Жамбыл кейде айтайын дегенін астарлап, тұспалдап, шендестіріп,
жанамалай білдіреді. Бұл – ақын сатирасының әсерлі, ұтымды тәсілі.
Мәселен, Сәт сайланарда өлеңінде Сәттің болыс болғандағы ылаңын былай
астарлайды:
Лашын құстай таранып,
Сыртын сұлу көрінген.
Неңді медеу саналық...
Қайымады түйелер,
Қыста қарсыз жұт болдың...
Шығынмен де шаршаттың
Енді қайтіп күй енер.
Сен болыс болғанда, биелер мен түйелер де қысыр қалып, қыс жұтқа
айналды деп күлкі қуатын күшейте түседі. М.Әуезов: ...ызалы сайқымазаққа,
әжуаға, мысқыл-қалжыңға Жамбыл тапқырлығы елден ерек деп, ақын шеберлігін
жоғары бағалағандай, оның ақындығының күшті бір қыры осы сатирасының
қуатынан танылады.
1913 жылы Верный қаласында (Алматы) патша әулетінің таққа отырғанына
300 жыл толуына байланысты көрме ұйымдастырылып, оған бүкіл Жетісу ақындары
шақырылады. Олар патша мен оның өкімдерін мадақтауға тиіс болды. Өзінің
алдында кезегімен жырлап, біраз ақындар солай етеді де. Соған ызасы келген
Жамбыл осы жиынға арнап өзінің әйгілі Өстепкеде деген өлеңін шығарады.
Үйсін, Найман саңлағы,
Өстепкеде жиылдың...
Ұлық керсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай
Жапырылып иілдің...
Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім...
Шұлғымаймын сендерше.
Керегі жоқ сыйыңның.
Қор болмаймын, өлгенше
Өлеңіме-ақ сиындым.
Міне, нағыз азамат ақын деп, айтқыштық пен батылдық, батырлық деп
осыны айтса керек. Бұл деңгейге Жамбыл өзінің өткір сатирасы арқылы
көтерілді.
Айтыс ақыны. Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Жамбыл -
айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің көптеген атақты ақындарымен айтысып,
бірде бірінде жеңілмеген. Олардың ішінде Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет
сияқты атақты айтыскер ақындар бар. Жамбыл мен Құлмамбет айтысы - күрделі,
мазмұны кең айтыс. Жамбыл да, Құлмамбет те бір-бірінен асып тұрған
дарабоздар екені сөз кестелеулерінен көрінеді.
Өлеңші толып отыр көбелектей,
Тоғыз ақын толғанып төңіректектей,
Тоғыз тұрмақ ақының он бір болса,
Немене бәріңді де басып өтпей, -
деп Құлмамбет айтысқа жиналған тоғыз ақынды менсінбей, Жамбылды алдырт
дейді. Осыдан-ақ Жамбылдың ақындығын Құлмамбет, шынында да, жоғары
бағалағанын, өзінен кемдігі жоқтығын білгенін байкаймыз.
Құлмамбет осы жолы өмірінде бірінші рет тосылады. Бұл айтыста да
Құлмамбет өзінің шыққан елін мақтап, сол күшті елдің толық өкілі сияқтанып
сөйлеген. Ол Ұлы жүздің саны көп рулары Дулаттың, Албанның бұрын-
соңғы дәулеттерін дәріптейді. Болғанда мен - аңсұңкар, сен - бір тауық,
- деп, Жамбылды бұқтырып тастауға әрекет етеді. Айтыста өзін мақтап,
қарсыласын кеміту - бұрыннан бар дәстүр. Алайда Жамбыл алғашқы сөз
кезегінде-ақ мақтап отырғаның шын мақтанарлық нәрсе емес деп, Құлманбеттің
екпінін, темірдей тегеурінін қайтарып тастайды.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт.
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай жөніне қайт.
Жамбыл Сұраншы, Саурық сияқты ел қамқоры ерлерді, елін
жаудан қорғаған әйгілі батырларды ардақтап, Құлмамбеттен биік парасат
танытады:
Батыр Саурық, Сұраншы жаудан өлген,
Халық үшін шейіт боп, жанын берген...
Қалып қазақ құрметпен соңына ерген...
Мақтаған байларыңның оңғаны жоқ,
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz