Әлемдік шаруашылыктың жаһандық жүйесі


«ҚАЗАҚСТАН - 2030» СТРАТЕГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ
ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
САЯСАТЫМЫЗДЫҢ АСА
МАҢЫЗДЫ СЕРПІНДІ БАҒЫТЫ
Бірінші бағыт - Экономиканын бәсекеге қабілеттілігінің түрлаулы сипатын камтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия жасау және оны іске асыру .
Әлемдік шаруашылыктың жаһандық жүйесі - өзінің ережелері бойынша жұмыс істеп тұрған жете жасалған жетік механизм. Біз де осы ережелерге сай жұмыс істеуіміз керек. Әлемдік нарықта бізді ешкім күтіп тұрмыс жоқ, бірақ біз онда кірпіш боп қалануымыз және мықтап орнығуымыз қажет. Ол үшін бізге керегі:
Біріншіден, Қазақстан экономикасының сыртқы нарыққа шығатын негізгі салаларына олардың экспорттық пайдалылығының деңгейі мен соны айқындайтын факторлар тұрғысынан жүйелі талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. Мұның озі, ең алдымен, жоғары өнімділік, жұмсалатын шығындардың төмендігі, баска елдердің колы жетпейтін ресурстар мен материалдардың болуы, біліктілігі жоғары жұмыс күші, өзіңдік дара технологиялар және т. т. Өзірге мұндай жұмыс толық көлемінде орындалмай отыр.
Екіншіден, басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын ұлтаралық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізу; қазақстаңдық экспорттаушылардың кейіңдеп қалуына әкеліп соғатын немесе, қайта, оларға салыстырмалы артықшылықтар беретін факторларға баға беру.
Үшіншіден, нақты экспорттық салалардың оң және теріс тұстарына баға беру, керек кезінде қолдағы артықшьшықтарды қолдау, ал керек жерінде орын алған проблемаларды жоюды қажетсінетін бағыттарды анықтау.
Бұл ретте біздің келешегі бар өндірістерді, соның ішінде ішкі нарықты дамыту жәнінде жасалған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыруымыз қажет.
Төртіншіден, осындай жүйелі талдаудың негізінде біз өнеркәсіптің құрылымын өзгертуге қабілетті, әрі едәуір қосымша құны, еселенген тиімділігі, экспорттық және ресурстар үнемдеуші әлеуеті бар «ұшқыр» ауқымды жобалар әзірлеуіміз керек.
Бесіншіден, Қазақстан бизнесінің шетел нарығына шығуы үшін нысаналы жүйелі қолдау ұйымдастырудың маңызы зор.
Үкіметке экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің толымды Стратегиясын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын.
Осы негізде тиісті іс-қимыл бағдарламасын, оның аралық нәтижелерін бағалау және оны толығымен іске асыру жүйесін әзірлеу қажет. Онда Кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық одағымен бірлесіп әзірленген ірі, орта және шағын бизнеске арналған ұсыныстар, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және нақты салаларға мемлекеттік жәрдем жасаудың пәрменді шаралары туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Осының нәтижелеріне сүйеніп, біз экономикамызды кемелді қайта құрудың осы заманғы тұғырларын әзірлей аламыз.
Бұл істің үйлестіруші әрі жұмыс органы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес болуға тиіс, оны құруды мен Үкіметке тапсырамын.
Екінші бағыт - Әлемдік шаруашылык жүйесінде қазақстандық «тауашалар» іздестіру, оларды қолға қарату және жасақтау.
Біріншіден, біз жетістіктеріміз бен табыстарымызды қазірдің өзінде пайдалана алатын бағыттарды кеңейте беруге тиіспіз. Бұл ретте басты назарды Ресейдің, Қытайдың, Орталык Азияның, Каспий мен Қара теңіз өнірдерінің нарықтарына аударған жөн.
Екіншіден, әлбетте, бір қарағанда, онша тартымды емес арі дәстурлі деуге де келмейтін экспорттык «тауа-шаларды» да назардан тыс қалдырмай, сонын жаналарын жеделдете іздестіру кажет. Бұл жұмысқа өзара тиімді негізде өзіміздің сыртқы әріптестерімізді де тартуға болады.
Үшіншіден, Қазақстаңда халықаралық бәсекеге қәбілеттілік денгейіне жете алатын, жана экспортшк «тауашаларды» игеруге жәрдемдесетін жаңа, соның ішіңде жоғары технологиялық өңдірістерді дамыту.
Мәселен, өткен жылы Солтүстік Қазақстанда біздің ТМД-дағы көршілеріміздің ешқайсысында жоқ биоэтанол өндіретін бірегей кәсіпорын ашқанымыз өздеріңізге мәлім.
Биылғы жылы Атырау облысында тұнғыш шоғырлану негізінде мұнай-химия кешенінін құрылысы қолға алынады, ол бізге алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешенін дамытуға мүмкіндік береді. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты қазірдің өзінде еуропалық стандарттарға сай келетін бензин мен дизель отынын шығара анады.
Төртіншіден, біз шекаралас аудандарда жаңа өнеркәсіл өндірістерін құру мен дамыту мүмкіндіктерін саралап алуымыз керек, өзімізге көршілес мемлекеттер онда бүгінгі танда-ақ сауда-өнеркәсіп, қаржы мен қызмет көрсету құрылымдарын жасақтап үлгерді. Мұндай үшқыр жобалар, айталық, Қытай мен Онтүстік Шығыс Азия елдері экономикасынын, өркендеуіне байланысты болуы мүмкін. Қытаймен шекарада қазақстандық шикізатты өңдеп, осы өніммен, соңдай-ақ энергая көздерімен, отынмен және басқаларымен қытайлық баж алымынсыз сауда аймақтарын жабдықтай алатын кәсіпорындар құру тиімді. Содан кейінгі уақытта біз онда «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының мүмкіндіктерін іске қосу және «Қорғас - Шығыс қақпасы» сауда-экономикалық аймағын құру арқылы тасымал, тауарлар бөлісі, материалдық-техникалық жабдықтау жөнінде түрлі қызметтер көрсету саласын дамыта алар едік.
Үкімет және, бірінші кезекте, Индустрия және сауда министрлігі, сондай-ақ мемлекеттік холдингтер біздің экономикамызға қатысушыларға байсалды ұсыныстар жасау арқылы экспорттық «тауашаларды» қазақстандық тауарлармен және қызметпен молынан толтырып, кеңейту бағдарламасын әзірлеп, іске қосуға міндетті.
Үшінші бағыт - Өңдіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымын едәуір арттыру
Біз алдағы уақытта да жауапты әрі өзара тиімді энергетикалық саясат жүргізу ниетіндеміз.
Көмірсутеті секторын одан әрі дамытуды, шетелдік және жергілікті инвесторлар тартуды экономиканы әр тараптандырумен тікелей байланыста қарап, жана, келешегі зор өндірістер құру жөніндегі аса маңызды міндеттерді осыған орай шешу керек.
Үкімет біздің табиғи ресурстарымызбен жұмыс істейтін ірі инвесторлардың алдына олардың Қазақстанды индустрияландыруға үлкен әрі нақтылы үлес қосуы жайында мәселе қоюы керек, қажет болған жағ-дайда тиісті Заң жобасын енгізуімізге болады.
Біз, ең алдымен, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын негізге аламыз. Бұл ретте біз өзіміздің көршілеріміз бен халықаралық әріптестеріміздің тұрақтылығын, болжамдылығын және ұзақ мерзімді мүдделестігін қамтамасыз етеміз.
Қазақстанның өнірлік энергетикалық кеңістіктегі тұғырын одан әрі нығайтудың тыңғылықты стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті.
Біріншіден, Үкімет мемхолдингтермен бірлесіп, қазақстандық энергияны экспортқа шығарушылардьщ халықаралық нарыққа баруын көтермелеу мен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы шаралар қолдануға тиіс.
Екіншіден, Үкімет газ өндіру саласының жаңа стратегиясын тұжырымдауы және оны іске асырудың заңнамалық негізін жасауы керек.
Үшіншіден, энергетиканы іркіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін өз көршілерімізбен тығыз келіс сөздер жүргізіп, оларды Орталық Азияда өнірдегі мемлекеттердің энергетикалық желілерінің кешенді жүйесін жасақтау тиімді болатынына, сондай-ақ өңірлік және халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нарықтық жүйе жасауға жәрдемдесетін Энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрудың да маңызды екеніне иландыруымыз керек. Бұл өнірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді.
Төртіншіден, өзіміздің табиғи ресурстарымызды парасатты пайдалану және қоршаған ортаны ластау, ескірген әрі «кіршең» технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды ұқыпсыз жұмсау секілді және т. б. проблемаларды шешу үшін өтімді заңнамалық негіз қалыптастыру қажет.
Каспий айлағыңца мұнай кен орындарын игеру барысында табиғат қорғауға бағытталған заннаманың сақталуына бақылауды күшейту міндет. Үкімет көмірсутегін өндіру кезінде катаң экологиялық стаңдарттарды сақтауға міндеттейтін «Жасыл мұнай» қағидаты бойынша халықаралық сертификаттар енгізу мәселесін қарауы керек.
Біздің энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың түсімділігін арттыру. Әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия арналары секілді басымдықты секторларды басқару барынша пәрменді болғаны шарт.
Біріншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өндеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін жасақтау жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы керек. Біз мұнай мен газ секторында қосылған құны жоғары, сондай-ақ ілеспе және іргелес өндірістерді дамытуға тиіспіз.
Үкіметтің осы министрлікті еліміз экономикасының қазіргі кезендегі негізгі саласы - энергетиканың небір күрделі мәселелерін шешуге қабілетті заманалық тұрпаттағы кадрлармен толықтыруы керек.
Екіншіден, Энергетика министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, энергия үнемдейтін технологияларға көшу жөніндегі практикалық шаралар бағдарламасын әзірлеуге міндетті. Табиғи ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың мұндай технологиялары мен бағдарламаларын енгізуді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды оңтайлы үштастыру қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырған абзал. Мұндай бағдарламада, айталық, энергетика өндірісі мен тұтыну қалдықтарын тегу мен кәдеге жаратуға қатаң мемлекеттік бақылау енгізу, кәсіпкерлердің экологиялық нормаларды сақтау жөніндегі контрактілік міндеттемелерін орындауы, қалдығы аз технологиялар енгізу мен т. б. мәселелер кезделуі мүмкін.
Үшіншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы жылдың соңына дейін мұнай мен газ саласында тендестіре өндіру меіт экспортқа шығаруға сонымен бір мезгілде көмірсутеті жаңа кек орындары; барлау мезт іздестіруге және мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың жаңа әдістерін пайдалануға бағытталған жада даму стратегиясын әзірлеуге міндетті.
Төртіншіден, занңамалық базаны жетілдіріп, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануы мен міндеттемелерін орындауының кешенді мониторингін жүзеге асыру қажет. Үкімет бюрократиялық келеңсіздіктерге жол бермеуге, рұқсат беруші құжаттар тізбесін қысқартып, жер қойнауын пайдаланушыларға құқық беру тәртібін оңайлатуға тиіс.
Бесіншіден, Үкіметтің ірі кәсіпорындардың әлеуметтік міндеттемелерін орындау және білікті шетелдік жұмыс күшін қазақстандық мамандармен алмастыру жөніндегі контрактілік міндеттемелеріне бақылау жүйесін жетілдіруі керек.
Төртінші бағыт - Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі
Біріншіден, біздің банктеріміз жергілікті нарықтағы, соңдай-ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік күреске әзір болуы керек. Біздің қаржы жүйемізге резидент еместердің келуіке байланысты бірқатар шектеулерді біз Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссездердің барысында алып тастадық.
Екіншіден, Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі бар секторларына нарықтық тұрғыдан тиімді қолдау көрсетуі үшін жағдай жасау және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік - жеке меншік серіктестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.
Үшіншіден, екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе, энергетикалық, инфрақұрылымдық және «ұшқыр» жобалардың іске асырылуына тарту туралы маңызды мәселені шешу керек.
Төртіншіден, капиталдың жылжуы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да қайта оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін ескере отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шамадан тыс үміт артады, мүның өзі еліміздің жиынтық сыртқы берешегінің бақылаусыз өсіп кетуіне әкеліп соқтыруы ықтимал.
Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақтауларын құнды қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізу де қажет.
Алтыншыдан, электрондық банк қызметінің инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру электрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналады.
Үкімет Қаржы қадағалау агенттігімен бірлесіп, осындай жұмысты жүргізудің стратегиясы мен қажетті заңнамалық іргесін сомдауға міндетті.
Бешінші бағыт - Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ - ға кіру
Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекелестік тұғырларын көп ретте оның Бүкіл дүние жүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты айқындалатын болады. Бұл міндетті біз бірнеше жыл бойы дәйекті түрде шешудеміз, әрі тиянақтауға да тақаумыз.
Біріншіден, еліміздің ұлттық мүдделерін ескере кел-Гвнде, биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанньщ іапцамасын БСҰ-ның міндетті келісімдерінің нормаларына сәйкес келтіру қажет.
Екіншіден, Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің барысында Үкімет аграрлық секторды колдаудын. кажетті деңгейін сақтап қалуы және өнеркәсіп орындарын БСҰ жағдайында тиімді жұмыс істеуге дайындау жөніндегі тиісті бейімдеу шараларын іске асыруы керек.
Үшіншіден, кедендік әкімгерлікті жетілдіру мен кеден қызметі мамандарының осы заманғы талаптарға кәсіби сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде нақтылы, пәрменді және жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Біз экономиканың ашықтығы, өңір елдерінің арасындағы кедендік кедергілерді азайту және өңірдегі сыртқы тарифтердің бірыңғай деңгейін белгілеу саясатын жүргізуге тиіспіз. Осы және басқа да мақсаттарға арнап, мемлекет сонғы жылдары өзіміздің кеден жүйесіне едәуір қаржы бөліп келеді.
Төртіншіден, барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі үдерісін жеделдету керек.
Бесіншіден, Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесіп, таяудағы уақытта экономиканың барлық секторларындағы өзіміздің өндірісшілер мен кәсіпкерлеріміз үшін тиісті ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Алтыншы бағыт - Медициналык қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту
Біріншіден, денсаулық сақтау саласындағы басқару, қаржыландыру, үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелілігі мен сапасын арттыруға жету керек деп санаймын. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесін де, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесін де енгізген жөн.
Сайып келгенде, медициналық қызметтің мемлекет көрсететін бөлігін анықтап беретін уақыт жетті әрі оны жеке қызмет көрсетумен шатастырмаған жөн. Екінші жағынан, жеке медицинаның дамуына да мүмкіндік беру керек.
Екіншіден, орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету, туберкулезбен сырқаттану және АҚТҚ/ЖҚТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керек.
Үшіншіден, бастапқы медициналық даярлық барлық мектептер мен университеттер оку жоспарының міндетті бөлігіне айналуға тиіс. Осыған байланысты халықтың саламатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек.
Төртіншіден, таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік жекеменшік серіктестік тетігін пайдалану арқылы Қазақстан өңірлерінде 100 аурухана салынатын болады.
Бесіншіден, Қазақстанның санитарлық инфрақұрылымына байыпты назар салып, барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндет.
Алтыншыдан, халықтың қолы жетерлік медициналық және медициналық сақтандыру қызметтерінің бәсекелестік нарығын дамыту үшін көтермелеу шаралары әзірленуі шарт.
Жетіншіден, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін оқыту, аттестациялау мен даярлаудың халықаралық стандарттарына жедел қарқынмен көшу қажет. Сонымен қатар біліктілік санатының деңгейіне, мамандығының түріне және жүктелетін міндетінің ауқымына қарай медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің ынталандырушы жүйесін енгізуді де дәйекті ойластырған дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz