Қазақстанның әлемдік саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның әлемдік саясаты

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралык байланыс жасауға, өзінің сыртқы саясатына айрықша коңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу құқы болмағанды.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одакқа кіргеп республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялык байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байлаиысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарыпа қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстан көптегеп игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатыпас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да байланысты. Сондыктан калай дегенде де, солтүстігімізді жайлаған Ұлы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан ұш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақтас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып катар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Оларды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай құру жөнінде қазақтың ғүламалары, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кеткеп. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестср Одағы құрамында өз тәуелсіздігін қойып, өз мүдделеріп ұмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылық, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бұл екі елдің арасында тең кұқық негізінде саяси және экономикалық қатыпастар орнады.

Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық құқык принциптері негізінде бір-бірімен стратегиялық байланыс, достық, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарды дамытуға айрықша коңіл бөліп келеді. Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бұлжытпай орындап отыратындығы жөнінде мәлімдеді.

Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші соуірде Ресей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқап демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Мемлекеттің басшылары бұдан былай да екі ел арасыпдағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.

Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ- тастықтың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен ыптымақтастық туралы Декларацияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің құкықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.

2000 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н. Назарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жеке мән берілді.

Ал 2002 жылы желтоқсап айында Қазақстан ПрезидентІ Н. Ә. Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасыпда қалыптасқан достық байланыстарды барынша терендетуге күш салынатыны баса айтылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешеніп одаи әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралык кокейкесті проблемалар тоңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты денгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ыптымактастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануыиың басты кепілі болып табылатыны атап көрестілді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазакстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-деп астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени шаралар мен отандық өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатыпастардың шартты құқықтық негізі 350-деп астам келісімдер мен шарттардап тұрады. Солар-дың ішінде екі ел, әсіресе Еаразия кеңістігіндегі тұрақтылықты нығайтуға, ұлттық, аймақтық және халықаралық кауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.

2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар

Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші -Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екепін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы саясатында темірқазыкка негізделген бағдарлама - Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы бағытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достык байлапысты орнатуда едәуір табыстарға кол жетті. Алғашқы кездегі басты міндет - жан-жакты экономикалық байланыстарды дамытып, шекарадағы шиеленістерді тоқтату еді. Оның үстіне, Қазақстанның стратегиялық мақсаты - Қытай арқылы дүнис жүзіне шығудың және бір жаңа жолын ашу. Өйткені Қазакстап өзінің тәуелеіздігін алғанға дейін, шет елдермен экопомикалық және саяси байланыстарды тек Орталық, яғни Ресей арқылы жасап келген болатын. Енді Қытаймен карым-қатынасты қалыпты жағдайға келтірумен байланысты елімізге сыртқы рынокқа шығудың баламалы косымша жолдарына түсу мүмкіндігі туды.

Атап айтқапда, 1990 ж. Қазақстан мен Қытай темір жол аркылы өзара байланысы іске асты, сойтіп біздің республика Тынык мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатыпасының дамуы өте жоғары қаркып ала бастады. Қазакстан Республикасы Президеитінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғаш сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Сөйтіп, екі елдің арасында сауда-саттық соңғы жылдары ондаған есе өсті. Темір жолдың жүктасу қабілеті артты. 1997 ж. қыркүйектін 25 күні Алматыда откен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысынла Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратып мүнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9. 5 миллиард доллар жұмсау жоніпдегі шартқа кол койылды. Мұнын өзі саяси-экономикалық байлапысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік береді. Сондай-ак, бұл Азия-Тынық мұхит аймағындағы турақтылықты, қауіпсіздікті және дамуды қамтамасыз ету ісіне екі елдің бірлесе қосқан маңызды үлесі болып табылады.

1998-1999 жылдары белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағыда жаңа маңызды уағадаластықтарға қол жегкізілді. Ең алдымен шекараны нақтылау нсгізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берлгенін білдіреді. Бұл осы қуатты мемлекетпен достық және өзара тиімді ынтымақтастық саясатын жалғастырудың негізі болып саналады.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасын мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсанынан мемлекеттер арасында дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Осылайша, ұлы мемлекеттердің ішінде Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныған АҚШ оның тәуслсіз мемлекет ретінде қалыптасуына өзінің мүдделі екенін көрсетті. Екі мемлекет арасында қарым-қатынастық байланыстар орнатылған алғашқы күндерден бастап, ол жоғары деңгейлерде үнемі қолдау тауып келеді. 1991 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н. Ә. Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 жылдын көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комнссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: "Сауда қатынастары жөніндегі келісім", ""Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт", "Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум , "Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенңия келісімі туралы» бірлесксн мәлімдемелерге қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.

Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан АҚШ-тың өзара демократиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Оның толық дәлелі ретінде 1997 жылы қол қойылған экономикалык әріптестік бағдарламасын, сондай-ақ, Қарашығанақ кеніші жөніндегі және Каспий қайраңын бөлісу жөніндегі келісімдерді айтуға болады. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылык пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды.

1999 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н. Назарбасв АҚШ-қа тағыда бес күндік сапар жасап, Қазақстан мен Америка арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында XXI ғасырдың басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды. Олар: жаңа ғасыр табалдырығында екі ел арасындағы серіктестікке жаңа серпін беру; АҚШ мемлекеті Қазақстанның әлеуетін қорғай отырып, оған демократиялық, экономикалық өркендеу барысында өзінің қолдауын көресту; Қазақстан мен АҚШ жаңа ғасырда аймақтық, сондай-ақ, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады.

2001 жылғы 11 қыркүйекте Вашиигтон мен Нью-Йоркте орын алған қайғылы оқиғалардан кейін Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің ресми мәлімдемесінде лаңкестердің (терроршылардың) адамшылыққа жат әрекеттерін айыптап, Қазақстан лаңкестерді ұстауға және жазалауға барынша жәрдем етуге әзір екендігін білдірді. Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның әрдайым лаңкестікке қарсы шығатынын және АҚШ-тың қолдау көрсетуіне, егер американдық тараптан тиісті өтініш болған жағдайда, соның ішінде әскери қолдауына, осы залалға қарсы күрес жүргізу жөнінде нақты халықаралық коалиция құруға әзір екенін атап өтті.

"Мызғымас азаттық" операциясының шеңберінде халықаралық коалиция ұшақтарының ұшып өтуі үшін Қазақстан өзінің дәлізін ұсынды. Американдық ұшақтардың төтенше жағдайларда Қазақстанға қонуы туралы Меморандум әзірленді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Халықаралық сауданың теориялары
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Қазақстан Республикасының халықаралық сауда саясаты
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауданың ролі
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz