Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері.

Тарпаң жөніндегі мағлұматтың бір қызғылықты жері сол,ол жануарлар 18-
ғасырдың ортасына дейін көптеген аймақтарда тіршілік еткен,ал жүз жылдан
кейін 19-ғасырдың ортасында,олар тек Еділ мен Жайық аралығындағы жартылай
шөлейт жерлерде сақталып қалған.Ең соңғы тарпанды 1918жылы Молдавияда
аңшылар атып құртқан.Тарпаңды жануарлар дүниесінің бір түрі ретінде қалпына
келтіретін уақыт туса ол туралы айтылған деректерді әбден пайдалануға
болады.
Орынбор топогрфиясы 18ғасырдың ортасында орыс ғылымына белгілі
Қазақстан туралы барлық географиялық және тарихи деректер шоғырланған
сүбелі еңбек ретінде география ғылымында айтарлықтай құбылыс болды.Шалғай
жатқан Орынбор өлкесін бұл еңбек жарыққа шыққанша білетін адам Ресейде
некен саяқ еді.Топографияның кезінде ғылым академиясының қарауына
ұсынылуы тегіннен тегін емес-ті.Сөйтіп М.В.Ломоносовтың қатысуымен Академия
еңбекті талқылап, оны баспаға ұсынды.
М.В.Ломоносовтың инициативасы бойынша құрылған Москва
университетінің сан қырлы қызметі нәтижесінде ғылыми кадрларды даярлау ісі
кең көлемде жүргізілді әрі оқу сапасы жақсартылды.Ғылыми және оқу әдебиеті
шығарылды,жаратылыстану онан сайын дамытылды.
Өндіргіш күштердің өркендеуі ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың
жаңа түрлерін тудырып,оларды дәйектілікпен жүзеге асыруды талап етті.Осы
кезеңге тән құбылыс ретінде кең қанат жайған экспидициялық зерттеулер
елеулі практикалық маңызға ие болумен қатар,Қазақстан территориясын
физикалық географиялық тұрғыдан танып білуді өрістетуде де айтарлықтай роль
атқарды.Академиялық экспидицияларды Ғылым академиясы және Ресейде тұңғыш
құрылған әрі дүние жүзіндегі орталықтандырылған алғашқы картографиялыөқ
мекемелердің бірі Географиялық Департамент ұйымдастырылды.
18-ғасырдың 2-жартысында Қазақстан территориясын физикалық
географиялық тұрғыдан зерттеу тарихында 1768 жылы ұйыьдастырылған екінші
академиялық экспидицияның жұмысы ең ірі оқиға болды. 18 ғасырдың ресми
документтерінде ол Ғылым академиясының физикалық экспидпициясы деп
аталды.Осындай экспедицияларды ұйымдастырудың дем берушісі болған
М.В.Ломоносов Ресейдің жер жеріне астрономиялық геогрфиялық экспедициялар
жіберуді талап етіп,олардың зерттеу жұмыстарының кең көлемді программасын
жасады.Амал нешік, бұл жоспарлар ұлы ғалымның көзі тірісінде жүзеге
асырылып үлгерілмеді.Дегенмен ұлы ойшылдың идеялары Екінші академиялық
экспедиция ұйымдастырылған кезде зор кәдеге асты.Сөйтіп,бұл экспедиция
Қазақстан территориясын физикалық географиялық тұрғыдан сипаттап жазу үшін
тұңғыш ғылыми материал берді.
Табиғатты зерттеуші мамандардың қатысуымен ғылыми экспедицияларды
пайдалану тәсіліне көшу Қазақстан территориясын физикалық географиялық
тұрғыдан танып білу ісіне айрықша сипат берді.Теориялық тұжырымдар жасалып,
табиғат құбылыстарының салдар себептерін табуда, оладың дамуының
заңдылықтарын, географиялық байланыстарын түсінуде батыл болжамдар айтылып
ұсынылды. 18-ғасырдың ортасындағы ғалымдарға тән ең басты қасиет сол,:деп
жазды В.И.Вернадский,:олар өздерінен бұрынғы оқымыстыларға қарағанда
табиғаттың барлық құбылыстарын тек қана жаратылыстағы себептерге сүйену
арқылы түсіндіру керек деген берік қағиданы басшылыққа алды.
Экспедиция мүшелері негізінен Қазақстан территорясының
батыс,солтүстік және солтүстік шығыс аймақтарын зерттеп,өз еңбектерімен
жазба еңбектерінде өлкенің табиғаты туралы қыруар соны деректерді
пайдаланды.
Қазақстан территориясы жөніндегі бірқатар маңызды географиялық
заңдылықтар тұңғыш рет анықталды.Мысалы,П.С.Паллас Ергеней мен Жалпы
сырттан арғы жерлерде табиғат жағдайларының күрт өзгеретінін аңғарды,ол
Каспий теңізіндегі табиғаттың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетіп,оның
себебі ол ара теңіз астында болып,суы бертін келе құрғағандықтан,құрлықтың
жаңадан пайда болуында деп дәлелдеді,Каспий теңізінің мұхит деңгейінен
төмен жатқанын анықтап ерте кезде ерте кезде Каспий мен Қара теңіздердің
тұтасып жатқан бірсу көзі болғаны жөнінде болжам айтқан да сол П.С.Паллас
еді.
П.С.Паллас өзінің Ресей империясының әр алуан провинциялары бойынша
саяхаттар деген атақты еңбегінің бірінші бөлімінде Қазақстан
территориясындағы өзі болған аудандарды толық суреттеп жазған.Ғалым өлкенің
табиғат ерекшеліктерін және құбылыстарының өзара байланыстылығын айта
келіп,өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттЫң белгілі
дәрежеде ықпал ететінін атап көрсеткен.
Оқымысты далалы жерлер мен шөлеит зоналардағы өсімдіктердің топырақ пен
климаттың бір бірінен мүлде өзгеше болатынын мәлімдейді.Осы тұрғыдан алып
қарағанда қара топырақты далалардан сортаң және жартылай шөлейт жерлерге
ауысқанда өсімдіктердің өзгеруін байқаған ғалым тәжірибесі өте мөте
құнды.Егер орта сырт кәдуілгі өсімдіктер өсіп ,егін жақсы шығатын далалы
аймаққа жататын болса ,ол Қазақстан жеріне таянған сайын қара топырақ
сарғыш балшыққа айналады да ,топырақ сортаң тарта бастайды.
Орал қаласы мен Астрахан қаласының екі аралығындағы ауданды сипаттай
келіп,П.С.Паллас топырақтың бірсыдырғы тайыз қабатында жаз бойы ылғал
сақталғандықтан тым қуаңшылығы мен жерінің құмдақ болуына қарамай бұл
өңірде өсімдіктердің біршама көп өсетінін мәлімдеді.Ол Индер тауларында тұз
тұнбасы бар екенін көрсетіп,бұл тау құрайтын тұзды қабаттардың сілтіге
айналуы себепті пайда болған деп дәлелдейді.
Қазақстанды физикалық тұрғыдан зерттеу тарихы үшін Екінші экспедициянын
басқа мүшелері айтқан пікірлердің де маңызы зор.Қазақстаның солтүстік және
шығыс аудандарына саяхат жасаған И.П.Фальк Каспий төңірегіндегі ойпаттың
пайда болуы жөнінде П.С.Палластың пікірін қолдайды.И.П.Фальк өзі Сібірге
барар жолында де соққан Есіл даласы туралы қысқаша географиялық очерк
жазған.Очеркте Есіл даласының жер бедерінің сипаты, Петропавл қаласы
тұсындағы Есіл жағаларының геологиялық құрамы туралы кейбір мағлұматтар
берілген, топырағының құнарлылығы атап көрсетіліп,өсімдіктері
суреттелген,сондай ақ Есіл өзенінің біршама толық гидрографиялық
сипаттамасы келтірілген.
И.П. Фальк Семейге барған сапарында Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь
Шань аймақтарында да болған.Мұны 1825жылы оның жолсерігі Х.Барданес
жарыққа шығарған И.П.Фальктың Қырғыз және Эюнгар даласы туралы хабарлама
деген еңбегі дәлелдейді.Бұл шығармада И.ПФальк Жоңғар Алатауы мен Тянь
Шаньда биік жоталар мен тау араларындағы қыраттардың көп екені туралы ойын
білдіреді.ХабарламадаБалхаш көлі жанындағы құмайт алаңқайлар Кеген мен
Қарқара өзендеріндегі тас тұз Ақсу өзені алқабындағы жер сілкінудің іздері
және басқалары жайында сөз болады.Тарбағатайдың шығыс сілеміндегі Эргеньтау
мен Сауыр шоқыларында вулкан бар деген Б.Сиверстің жорамалы секілді, Мұзарт
шоқысы мен Холак тауларында вулкан қалдығының ізі болған деген И.П.Фальктің
де болжамы қате болып шықты.Вулканизм туралы бұл жаңсақ пайымдаулар
кезіндеА.Гумбольдтің Орта Азия мен Қазақстан таулары вулкандық негізде
пайда болған деп мүлде теріс болжам жасауына себепкер болды.
Екінші академиялық экспедицияның басқа бір отрядінің жетекшісі
И.И.Лепехин де Батыс Қазақстанның сол П.С.Паллас қарастырған аудандарын
зерттеген.Ол Еділ өзенінің атырауы Гурьев Орал Орынбор қалалары
туралы мәлімет қалдырған.Саяхатшы Каспий теңізінің жағалауындағы өсімдіктер
мен жануарлар дүниесі жайында едәуір толық баяндаған.И.И.Лепехин
жануарлардың аз көп болуы өсімдіктердің шығымына байланысты екенін
анықтайды.Ал мұның өзі жануарлар дүниесін зерттеуде экологиялық тәсілді
қолданудың айқын мысалы болып табылады.
И.И.Лепехин жергілікті кәсіпшілікті атап айтқанда Жайық өзенінде бекіре
балығын аулау кәсібін өрістету жөнінде бірқатар құнды кеңестер берген.
И.Г.Георги менП.И.Рычковтың еңбектерінде қазақтар туралы этнографиялық
мағлұматтар басым.
Белгілі Орынбор ғалымы жаратылыс зерттеуші П.И.Рычковтың ұлы Н.П
Рычков П.С.Паллас экспедициясына қатысып 1771жылы Орск қаласы Ұлытау Усть
Уй қамалы маршруты бойынша саяхат жасады.Ол этнографиялық және
археологиялық деректерге баса назар аударды.Алайда оның Күнделікті
жазбаларында кейбір географиялық мағлұматтар келтіріліп Ор өзенінің
салаларының біреуінің алқабынан өте сапалы мәрмәр шыққаны туралы, Ұлытау
жотасындағы гипс кен орны жайында , Торғай өзенінің алқабында өсетін ағаш
түрлері және т.б. деректер келтірген .Саяхатшы сапар шеккен кезде кезіккен
тұщы және тұзды көлдер және басқа су көздері жайында мәлімдеп , өзендердің
алқаптарындағы топырақтың құнарлылығын атап көрсетеді.
Қазақстан бойынша саяхат жасаған академиялық экспедицияның басқа
мүшелерінің арасында Х.Барданес И.П.Фальктің жанына еріп жүрген және оның
тапсыруы бойынша 1771 жылы қазақ жеріне екі дүркін сапар шеккен.Ол Тройцк
Петропавл Омбы Семей қалалары Тарбағатай жотасы маршруты бойынша жүрген
Н.Соколов Өскемен маңында болып,Оңтүстік Алтайдың жер бедері, геологиясы
және өсімдік дүниесі туралы қысқаша деректер хабарлаған.
Екінші академиялық экспедицияның Орынбор отрядтарынан басқа өзге де
отрядтардың жетекшілері мен мүшелері Қазақстан территориясында болған.
Ертіс өзені бассейнінің картасын жасаған И.Е.Исленьев Өскемен
қаласынан бастап Тобольск қаласынадейін Ертіс өзенінің ағысын
зерттеген.Х.Л.Эйлердің экспедициясы Орск және Гурьев қалаларында
гидрометеорологиялық зерттеулер жүргізіп,Жайық өзенінің қолжазба түріндегі
картасын құрастырған.Астрахань экспедициясының жетекшісі С.Г.Гмелин
Маңғыстау түбегіндегі Түпқараған шығанағында болған.
Сайып келгенде,академиялық экспедицияларға қатысушылар Қазақстанның
және өздері болған аймақтардың физикалық географиясы бойынша барлаушылық
сипаттағы көлемді материалдар жинаған.Жүргізілген зерттеулер
Батыс,Солтүстік,біршама Орталық және Шығыс Қазақстанның жер жағдайы,су
жүйесі,жануарлары мен өсімдік дүниесі туралы неғұрлым дұрыс дерек алуға
жәрдемдесті.
Қазақстан географиясының тарихын зерттеуде сол тұста ғылыми
экспедициялармен қатар орыс адамдарының әскери барлау және сауда саттық
мақсаттарымен Қазақстанда қатынауы да бұрынғысынша зор роль атқарды.Орыстар
Шығыс Қазақстанға жиі қатынайтын болды.Патша үкіметі Жоңғар хандығының
құлауын пайдаланып,Шығыс Түркістанмен сауда саттық байланыстарын өалпына
келтіріп,кеңейтуге тырысты.Бұған қоса,18 ғасырдың екінші жартысынан бастап
патша үкіметі оңтүстік Алтайда жиырма бес мыңға жуық ескі дәстүрді берік
ұстанған орыс шаруаларын қоныстандыруға және бірнеше жаңа бекініс салуға
ұйғарды.Осының бәрі республиканың шығыс аудандары туралы географиялық
мағлұматтар жинау үшін бірсыдырғы қолайлы жағдай туғызды.
1771 жылы подпуручик Г.Н.Волошанин Өскеменнен шығып,қырғыз қайсақтар
көшіп қонған дала арқылыБалхаш көліне дейін,бұдан әрі шығысқа қарай Іле
өзенінің бойымен сапар шеккен.Ол жүрген жерлері туралы жазып,өз маршрутын
картаға түсірген,бірақ кейін ол карта жоғалып кеткен.Паручик
В.Незнаев,майорларЗеленов пен Богданов оңтүстік Алтайды аралап саяхат
жасаған.
Қазақстанның табиғат байлықтарын зерттеу үшін басқа да орыс
экспедициясы құрылған.Мәселен,18 ғасырдың 80 жылдары инженерлер
Чулков,Литвинов,Телятников,Стрижков ,Снегирев және басқалар Қазақстанға
1786 жылы қазақ далаларында,Бұхарада,Хиуада,Персияд а,Тибетте және
Үндістнда болған унтер офицер Ф.С.Ефремовтың сапарнамасы жарыққа шықты.Ол
1774 жылы қазақтардың қолына түсіп,Бұхар хандығына тапсырылады.Хан оны өз
елшісі етіп,Хиуаға,Персияға жұмсаған. Кейін Ефремов Бұхардан қашып
шығып,Қоқанд,Қашғар, Жаркент , Тибет арқылы Үндістанға барған.Одан Англияға
өтіп, сол арқылы 1784 жылы Россияға оралған.Оның жазбаларында Бұхардың ,
Хиуаның және Қызылқұмның табиғаты туралы қызғылықты бірен-саран деректер
келтіріледі.
18 ғасырдың соңғы ширегінде қазақ далаларына келіп қайтқан орыс
елшілері Қазақстан табиғаты туралы құнды деректер жинады.Солардың бірі-
1781-1781 жылдарда Бұхарға сапар шеккен Меңдияр Бекчурин (1740-
1821жылдар).Ол 1750 жылы Орынборда қызметін аудармашылықтан бастап патша
үкіметінің әр түрлі дипломатиялық тапсырмаларын орындап, Қазақстанға жиі-
жиі келіп тұрған.
М.Бечурин Бұхарға Орынбор-Ырғыз бен Сырдария өзендері –
Қызылқұм,Қуаңдария арнасы – Жаңадария – Бұхар маршруты бойынша сапар
шеккен.Саяхатшы өз есебінде жүрген жолын толық сипаттап жазып,көптеген
географиялық мағлұматтар келтірген.Атап айтқанда, автор Қызылқұмның құм
алқаптарын суреттеп,оларды бірнеше түрге құм төбелер, құм жалдары және
т.б бөледі.Бұл күндерде арналары құрғап қалған Қуаңдария мен Жаңадария
өзендері жайында бірқатар құнды деректер айтқан.Осы күні Қызылқұмда жойылып
кеткен тағы жылқы – тарпаң мен тағы ешкілер туралы М.Бекчуриннің әңгімесі
ден қоярлық.
Семей қаласын топографиялық съемкаға түсіру (1787жыл) Қазақстан
қалаларын зерттеу тарихына қосылған елеулі үлес болды. Бір азаматтың
өзінің сенімді досына хаты деп аталған бұл еңбектің авторы капитан
И.Г.Андреев еді.Шығармада Сібірді басып алу және Ертіс өзенінің бойында
орыс қамалдарының пайда болу тарихы баяндалған.Содан автор Семей қаласының
тарихын,жергілікті табиғат жағдайларын қарастырып,қаланың әскери –саяси
және экономикалық маңызы туралы тұжырым жасайды .Автордың қала төңірегінде
егіншілік ісінің қолға алынуы туралы ескерпелері де көңіл аударарлық.
1793 жылы Бланкеннагель мен Холмогоров Хиуада болған ,олар Орынбордан
шығып ,Арал даласының шығыс жағасымен жүрген.Бір жылдан соң Маңғыстау
арқылы қайтқан.Бланкеннагельдің 19 ғасырда ғана (1858жыл) жарық көрген
сапарнамасында құнды пікірлер бар.Саяхатшы өзі көрген көне арнаға ерекше
назар аударып, оны бұрын Арал теңізі мен Каспийді қосқан арна болуы (шамасы
Узбойға ұқсайды) деп жорамалдайды.Автордың өзі болған аудандардың
климатыңөзендері және топырағы туралы мағлұматтары да маңызды. 1794 жылы
құрамында А.С.Безносиков , Т.С.Бурнашев ,Д.Телятников ,Я.Быков кірген орыс
елшілігі Омбы-Троицк –Торғай өзені –Арал маңы-Бұхар маршрутымен Ташкентке
бет алған .Көп қиыншылықтан соң ғана 1796 жылы Ташкент қаласына жеткен.Бұл
саяхатшылардың қолжазбалары өздері болған оңтүстік Қазақстан территориясы
жөніндегі деректерді бірсыдырғы толықтырды.Геогрфиялық тұрғыдан алып
қарағанда Т.Бурнашев пен А.Безносиковтың карталары назар аударарлық.Кейін
ол карталарды Р.Л.Югай тауып алып,бастырып шығарған.
Сол кезде туған картографиялық еңбектердің арасында 18 ғасырдың
аяғында жасалған Орта Азия мен Қазақстан картсаының авторы Я.Б.Боувер
елеулі орын алады.Бірақ бұл картаны тауып түсініктеме жазған Р.Л.Югай
негізінен Қазақстан шекараларынан тысқары жатқан территорияны
қарастырған.Сондықтан біз Я.Б.Боувер картасынан өз өлкемізге тікелей
қатысты бөлігіне талдау жасауды мақұл көрдік.
Я.Б.Боувердің картасында осы күнгі Қазақстан территориясы өзінше
Әкімшілік аймақтарға бөлінген: батыста – Каспий төңірегіндегі ойпаттың
солтүстік жағалауы Саратов наместнигінің бөлігі , сондай- ақ Уфа
наместнигінің бөлігі ретінде берілген.Қазіргі Солтүстік , Орталық және
Оңтүстік Қазақстанның жерлері Кіші және Орта ордалардағы көшпенді қырғыз-
қайсақтардың даласы деп аталған.Ертіс өзенінен шығысқа қарай Колыван
наместнигінің бөлігі.Шығыс Қазақстанның Қытай мемлекетінің шекараларына
дейінгі өзге территориясында Қырғыз- қайсақтың үлкен ордасы деген атау
берілген.Демек,Қазақстанды тарихи қалыптасқан үш ордаға –Кіші,Орта және
Үлкен ордаларға бөлу Я.Боувер картасында өз көрінісін тапқан.
Табиғи объектілерді бейнелеу жөнінен,бұрынғы карталарға қарағанда
,бұл карта анағұрлым толық.Кіші және орта ордалардың батыс бөлігінде Орал
тауы көрсетілген , ал оның оңтүстік сілемнің (картада олай деп жазылмаса
да) Мұғалжар екенінде сөз жоқ.
Я.Боувер картасының тағы бір басты ерекшелігі –онда су жүйелері
толық бейнеленіп , негізгі өзендер мен көлдердің бәрі
аталған.Еділ,Жайық,Ембі,Ертіс және Обь өзендері тармақтарымен қоса
берілген.Ырғыз,Нұра,Торғай,Сарысу,Ш у,Селеті,Өлеңті,Шідерті және т.б секілді
шағын өзендер де бейнеленген.
Картаға сол сияқты толып жатқан көлдер де түсірілген, ол Каспий
теңізінен бастап аумғаы кішігірім көлдерге дейін қамтиды.Орталық Қазақстан
жерінде бірнеше көл көрсетілген ,олардың қатарында Тенгись(бәлкім
Ырғыз,Торғай өзендері құятын осы күнгі Теңіз) және Телікөл ( бұған Сарысу
өзені құяды, бірақ ол Сырдария өзеніне жетпей үзіледі) бар.
Балхаш көлі мен Жетісудың өзге көлдерінің картада қалай
көрсетілгеніне ерекшк тоқталған жөн.Картада Балғаш ендік бойынша емес,
бойлық бойынша көлбей түсіріліп , Иля өзені құятын Тенгись көлі деп
аталған.Іле өзенінің жоғары сағасында екі арал көрсетілген.Солтүстігінде
көлді жағалай құм қоршаған,Балқаш көлі мен оның жағалауындағы Сарыесік
Отырау шөлі туралы деректер,сірә,сұрастырып білу арқылы алынса керек.Сол
себепті көл солтүстіктен оңтүстікке қарай көлбей салынып,дұрыс
көрсетілмеген,сол сияқты құм да оңтүстігінде емес,солтүстік беткейде қате
бейнеленген.
Қазіргі уақытта Сасықкөл және Алакөл деп аталатын көлдердің
картаға түсірілуі өте-мөте қызғылықты.Біріншісі Алатуль, ал екіншісі –
Алакуль деп аталып бір-бірімен қосылған.Алакөлге Имиль өзені Емел өзені
құяды.Егер бұл көлдер нақты деректер негізінде бейнеленген болса, онда
Я.Боувер тұсында аталмыш көлдердің суы әлдеқайда мол болған деп
шамалауымызға тура келеді.Расында да ол екі көлдің аралығында қазірде
батпақты қопалар мен шағын көлшіктер бар.
Ертіс өзенінің бойында және Алтайда Ямышев, Семей,Өскемен және
басқада қамалдар көрсетілген.18-ғасырдың аяғында бұл қамалдардан Орта Азия
хандықтарына экспидициялар аттанған.
19-ғасырда патша өкіметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Пәндер