Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі



Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандық отбасылардың тұрмыс ақуалына көз жүгіртер болсақ, олардың өмір
сүруінің сапалық көрсеткіштерінің әр деңгейлігін байқаймыз. Дегенмен,
қазақстандық отбасылардың тұрмыс жағдайлары мен өмір сүруі деңгейлерінің
орташа көрсеткішін есептеп шығару өте қиын. Оны есептеп шығару үшін
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің жыл сайын
жариялайтын ел жағдайы туралы мәліметтеріндегі Қазақстан халқының өмір сүру
сапасын сипаттайтын индикаторлық көрсеткіштердің барлығына дерлік талдау
жасалуы тиіс. Осыларға қосымша БҰҰ Даму Бағдарламасының зерттеулері тобының
ел үкіметімен бірлесіп әзірлейтін Адам дамуы концепциясындағы Қазақстан
халқының өмір сүру және кедейшілік деңгейін анықтау бөліміндегі
мәліметтерді де саралаған жөн. Сонда ғана қазақстандық отбасылардың әртүрлі
әлеуметтік топтарына тән өмір сүру деңгейлерінің ортақ көрсеткіштерін
есептеп шығаруға болады.
Адам дамуы (ағылш. Human development - кейбір жағдайларда адам
потенциасының дамуы деп те түсіндіріледі) - адамдарды, бастысы ұзақ және
сау өмір сүруге, білім алып және өмірдің лайықты деңгейіне қажетті қорларға
қол жеткізе алуға мүмкіндіктер болып табылатын адам өмірінің барлық
аспектілерінде, кеңірек талғаумен қамтамасыз ету процесі ретінде анықталады
[1].
Кедейлік ол тек қана тамақтану, киім, тұрмыс, үй, денсаулық сақтау және
білім беру сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті
жеткілікті табыс немесе мүмкіндіктердің болмауы ғана емес, сонымен қатар
сау және ұзақ өмір сүруге, білім берудің жеткілікті дәрежесіне, қоғамдық
өмірге қатысу мүмкіндіктеріне және өзге де әлеуметтік-мәдени
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті табыс деңгейінің болмауы
ретінде анықталады[2].Қазіргі уақытта БҰҰ өткізетін өмір сапасының
халықаралық салыстыру тәжірибесінде өмір сүру сапасын өлшеу үшін адамның
өмір сүру ортасының барлық параметрлерін айқындайтын: экологиялық,
демографиялық, экономикалық, құқықтық, денсаулық сақтау, білім беру,
мәдениет т.б. даму аспектілері, барлығы 150-ге жуық көрсеткіштер
пайданылады. Осыған сай әртүрлі әлеуметтік топтарға жататын отбасылардың
тұрмыс ақуалдарының әркелкілігін анықтау үшін осы адам дамуы
концепциясындағы өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің барлығын
дерлік пайдалануға болады. БҰҰ зерттеулерінің мәліметтеріне қарағанда
Қазақстан адам дамуы потенциялының деңгейі бойынша орташа топтағы елдер
қатарына кіреді. Бірақ сәби өлімі, 5 жасқа дейінгі балалардың өлімі,
аналардың өлімі, халықтың өмір сүру ұзақтығы сияқты индикаторлар өзіне өмір
деңгейі бойынша сарапшылардың айрықша назарын аударды және терең
алаңдаушылық сезімін тудырады. Бұл индикаторлар (көрсеткіштер) 1990-2003
жылдар аралығында жоғары болды. Дегенмен де бұл индикаторлар соңғы жылдары
да экологиялық жағдайдың нашарлауы және коммуналдық сектор қызметтерінің
қысқартылуы, ең сорақылығы сол, бұл сектордың шын мәнінде ауылдық жерлерде
жойылуы халықтың жан басына шаққандағы шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына таза
ауыз суды пайдалануды 1989 жылмен салыстырғанда екі есе азайтып жіберді.
Нәтижесінде халықтың ауыршаңдығы, соның ішінде, әсіресе, эндокринді
аурулар, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы, ас қорыту органдарының, несеп-
жыныс жүйесінің ауруларының пайыздық көрсеткіштері өсті. Республикалық
деңгейде халықтың 30%-ға жуығы 60 жастан аспай өмірмен қош айтысады. Жалпы
1998 жылы республика халқының орта жасы 64,5 болса, бұл көрсеткіш 2003 жылы
65,9 жасты көрсетті. Ал, 2009 жылғы халық санағында республика халқының
орта жасы 67 жас болды. Республика халқының денсаулығының нашарлауы көп
жағдайда (анемия, туберкулез, йод тапшылығы т.т.) тамақтанудың
калориялығының қалыпты қажеттіліктен төмен болып келуімен де сипатталады
[3].
Отбасының тұрмыс ақуалы, әл-ауқатын көтеріп отыру мәселелері елбасымыз
бен үкіметтің үнемі басты назарда ұстайтын өткір проблемалар санатында
саналады. Сөз жоқ соңғы жылдары ел басшылығы тарапынан қазақстандық
отбасыларының тұрмысы мен әл-ауқатын көтеруде көптеген игі істер
атқарылуда. Айталық, бүгінгі таңда дүниежүзілік қаржы дағдарысынан
туындаған қиыншылықтарға байланысты көптеген ірі-ірі өндіріс орындарында
жұмысшылар саны көптеп қысқартылуда. Тіпті, халықаралық еңбек ұйымы жыл
соңына карай әлемде жүмыссыздар саны 200 млн. адамнан асады деген болжамда
айтып та үлгерді. Осыған байланысты барлық елдерде халықты жұмыспен қамтуды
оң шешу ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы статистика ғылымы
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері
Халықаралық статистика ұйымы
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Ұлттық Статистика агенттігі
Жедел есеп және ұлттық статистика
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Қазақстандағы кедейшіліктің жағдайы
Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Пәндер