Жанартау туралы түсінік



Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жанартаулардың жаратылысы

Сабақтың жоспары:
• Жанартау туралы түсінік
• Жанартау өнімдері
• Жанартаулардың құрлымдары
• Жанартаулардың түрлері
• Сөнген және актив жанртаулар

Сабақтың мақсаты: Эффузивтік магматизім немесе вулканизм ұғымын
түсіндіру. Жанартаулардың өнімдері, құрылымы, түрлері және олардың пайда
болуын түсіндіру,сөнген және сөнбеген жанартаулар тугалы түсінік беру.

Қысқаша теориялық мәліметтер:
Эффузивтік (латын тілінде эффузио — тасып төгілу деген мағынада)
магматизм немесе вулканкзм (латын тілінде вулканус — от құдайы деген
мағынада) магманың жер бетіне тасып төгілуімен байланысты процестерді түгел
қамтиды.
Магманың алғашқы құрамындағы ұшпалы компоненттер жердің терең
қабаттарында (өте жоғары қысым күштеріне байланысты) ерітінді түрінде
кездеседі. Олар магманың жоғары қабаттарға көтерілу барысында (тектоникалық
жарықтарды бойлап) біртіндеп газға айналып ауа қабатына ұшып кетеді.
Сондықтан да жер бетіне тасып төгілген магманың құрамындғы (алғашқы
магмамен салыстырғанда) ұшпалы компоненттер өте аз мөлшерде ғана кездеседі.
Мұндай магма лава (грек тілінде лава — су басу деген мағынада) деп, ал
вулкан атқылау процессі эруптивтік (латын тілінде эруптус— лақтырып
тастау деген мағынада) әрекетте деп аталады.

Лавалар жер бетіне орталық ірі жарықтар немесе тектоникалық жарықшақтар
арқылы ақтарылады Бұл процестердің нәтижесінде жанартаулар пайда болады,
туффиттер түзіледі. Вулкандық қумдар мен күлдер өте құнарлы топырақ қабағын
құрайды.

Вулкандық құмдар жай көзбен керінетін ірілі-ұсақты қиыршықтар д( 0.5—2
мм) түрінде кездеседі.

Лапиллилер (италья тілінде лапилли — ұсақ тастар деген мағынада)
вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаваның ірілі-
ұсақты бөлшектері құралады Вулкандық бомбалар көлденең қимасы 5—10 см-ден
бірнеше метрге дейін жететін ірі кесектер құрайды. Вулкандық кесек
бөлшектерінің орын ауыстыру қашықтығы олардың мөлшеріне тығыз байланысты.
Егер вулкандық бомбалар мен лапиллилер вулкандық кратерлер және вулкандық
конустар құрайтын болса, ал вулкандық күлдер қашықтыққа желмен ұшып-қонады.
Мысалы, қазіргі кезде сөнгек Кавказ вулкандарының күл-топырақтары
Воронеж облысының территориясында шөгінді жыныстар арасынан табылғандығы
белгілі. Әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық заттар бірігіп,
цементтеліп вулкандық брекчия (женттастар) құралады.

Газ күйіндегі заттар вулкан атқылау барысында орталық кратер, бүйірлік
кратерлер және т. б. жарықтар мен жарықшақтар арқылы бөлініп шығады.
Олардын негізгі құрамы (60—90%) су буынан тұрады. Атмосфера қабатында су
буы конденсациялық процестерге байланысты суға айналып, нөсер жаңбыр
жауады. Бұл жағдай вулкан атқылау процестерімен қабаттаса жүреді.
Газ күйіндегі вулкандық заттардың құрамында су буынан басқа Н25, 5О2, СО,
СО2, НСІ, НҒ, ЫН4С1, МН3, Н2, Н2ВО3 және басқа газдар қоса кездеседі.
Олардың құрамы температураның шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 180оС-
тан жоғары температурада фумаролды газдар (латын тілінде фума — түтін
деген мағынада) бөлінеді. Олардың құрамы күрделі (хлорлы-күкіртті-
көмірқышқылды) болып келеді. Әсіресе хлорлы қосындылар басымырақ кездеседі.
Фумаролды газдар температураға қарай құрғақ, қышқыл және сілтілі болып
ажыратылады.

Құрғақ фумаролдар жоғары температурада 500°С бөлініп натрий, калий, темір
және басқа элементтердің хлорлы қосындыларының көптігімен сипатталады.
Әдетте, олардың құрамында су болмайды.

Қыщқыл Фимаролдардың кұрамында (құрғак фумаролдармен салыстырғанда) су
буы болады, сонымен хлорлы сутек және күкіртті әрекеттеседі. Олар— 400°С
шамасында амонийден бөлініп шығып бұзыла келе бос шығарады. Кейінірек
фумаролды газдар" шамасында) сульфатарды газдармен (италья тілінде
сульфатары — күкіртті деген мағынада) алмасады. Олардың негізгі құрамы су
буынан және күкіртті сутектен (күкіртті фумаролдар) тұрады.

Төменгі температурада (100°С) көмір қышқыл газдары және су буы бөлініп
шығады. Мұндай газдар мофеттер немесе мофетті газдар (көмір қышкылды
фумаролдар) деп аталады.

Температурасы жоғары (хлорлы-күкіртті-көмірқышқылды) фумаралды газдар
вулкандық атқылау әрекеттерінің өте қарқындылығын, сульфаторлы газдар —
орташа қарқындылығын, ал мофетті газдар вулкандық әрекеттердің әлсіздігін
сипаттайды.
Магманың құрамында газдардың көптігі оның қатаю жылдамдығын азайтады, ал
олардың азаюы (ауа қабатына ұшып кетуіне байланысты) сүйық күйдегі атқылау
заттарының (лавалардың) қатаюын тездетеді.
Вулкандардың түрлері. Вулкан өмірінде лава атқылау кезеңдері, белгілі бір
уақыт аралығында үзіліс кезеңдерімен алмасып отырады. Бірақ бұл жағдайларды
түсіндіретін белгілі бір заңдылық жоқ. Вулкан атқылау процестерінің
қарқынды кезеңдерінің арасындағы үзіліс үш-төрт жылға, немесе ондаған,
кейде тіпті жүздеген-мыңдаған жылдарға созылады.

Тарихи ұзақ уақыт бойы қарқынды әрекеттерімен байқалмаған вулкандар
сөнген жанартаулар — (мысалы, кавказдық вулкандар — Қазбек және Эльбрус)
деп аталады. Бірақ оларды сөнген (көне) және сөнбеген (қазіргі кездері
мезгіл-мезгіл атқылап тұратын) деп ажырату шартты түрде ғана айтылады.
Өйткені сөнген деп саналған жанартаулар күтпеген жағдайда кенеттен
жанданып, қайтадан атқылауы мүмкін. Вулкан атқылау құбылысы табиғаттың ең
қауіпті құбылыстарының бірі болып саналады. Адамзат тарихында оны
дәлелдейтін мысалдар өте көп. Тарихта белгілі Везувий жанартауы біздің
эрамыздың 79 жылына дейін тыныштық күйде болған еді. Бұзыла бастаған бір
кездегі вулкандық конус беткеплері орманға айналып, ол жерлерде адамдар
тұрып жатты..
Вулкандық лава орталық өзек арқылы атқылайтын жағдайда конус пішінді
жанартаулар (күмбездер, тасқыялар), ал тектоникалық жарықшақтар арқылы
тасып төгілгенде лава жамылғылары (жабын) түрінде түзіледі. Вулканның
құрылымдық элементтері мына төмендегідей 1) әрбір вулканның өзіндік каналы
(өзегі) болады; 2) вулкандық өзектің жер бетіне шығып қатқан аузын
(сағасын) кратер деп атайды; 3)кейбір ірі вулкандардың орталық өзегіне
қосымша кейде бүйірлік каналдар кездесіп отырады, олар паразиттік вулкандар
деп аталды 4) вулкандық қопарлыс кезінде вулкан кратерінің опырылып
құлауына байланысты оның орныныда кең көлемді дөңгелек пішінді апан-
ұңқырлар пайда болады бұл италиян тілінде кальдера деп ататлады.

Вулкандардың жарықшақтық турлері жер қыртысының тектоникалық ірі
жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жер бетіне лава түрінде тасып төгіледі.
Құрамы негіздік лава қатая келе базальтты жамылғылар құрайды. Исландия
жерінде кездесетін вулкандардың жарықшақтық түрлері ұзындығы ондаған
километрлік жарылыстар бойында базальттық лавалар түрінде (орасан зор
мөлшерде) тасып төгіледі. Мысалы, 1783 жылы Лакки атты вулкан 12,5 км5
мөлшерде лава ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Сөнбеген жанартаулар
Тау жыныстары туралы
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Жердің өткен физикалық-географиялық жағдайы. Геология геоморфология негіздерімен
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте туралы
Антропогендік факторлардың климатқа әсері
Литосфера - жер қабығы
Цунами туралы жалпы мәліметтер
Пәндер