1643—1647 жылдарда жаңа қазақ-жоңғар соғысы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Енді қазақтарға өздері сияқты жай көшпелі қауымдар емес, Жоңғар хан-дығы - Алтай тауының етегін ғана алып жатқанымен, Оралдан Алтайға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті қамтыған неғұрлым ұйымдасқан саяси күш қарсы тұрды. Алайда Қазақ хандығы үш жағынан жоңғар әміршілерінің жекелеген иеліктерінің қоршауыңда қалды. Жоңғарлардың шашыраңқы-лығымен салыстырғанда, Қазақ хаңдығы едәуір жинақы болатын.

Нақ сол 1635 жылы қазақ-жоңғар соғысы басталды. Шабуыл жасаушы жақ Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы еді. Қазақтар жоңғарлар-дың атты жасақтарының тегеуірінен қорғануға мәжбүр болды. Алайда түрлі сұлтандар арасында қалыптасқан жағдай туралы әр түрлі пікірлер мен ұсы-ныстар орын алды. Жоңғарларға қарсы кезекті күресті басқаруға қабілетті, қазақ жасақтарын біріктіріп, оларды бастай алатын тарихи тұлға қажет бол-ды. Оқиғалар Жәңгірді осыңдай қатерлі де батыл қадамға жетеледі. Жәңгір бастаған қазақ жасақтары жоңғар тайшыларына қарсы шайқасқа шықты. Бұл оқиғалар туралы замандастары - сібір татарлары мынадай мағлүмат береді: «Қара қалмақ тайшы, Талай тайшы, Қонтайшы да, Құжы тайшы да, Торғыша тайшы да, барлық қара қалмақтарымен бірге, осы қыста Қазақ ордасына аттанды, ал Қазақ ордасының адамдары қара қалмақтарға қарсы шықты. Сөйтіп қара қалмактар Қазак ордасының адамдарымен кездесті де, оларда жойқын соғыс болды. Ал қара қалмақтар Қазақ ордасының адамда-рын қырып салып, олардан Есімнің ұлы Жәңгір ханзаданы тұтқындады, ал Есім Қазақ ордасыңда, әлгі ханзада қара қалмақтарда патша болған еді» 27 . Сөйтіп Жәңгір жоңғарларға тұткынға түсіп, өз жауларының қорлығын бас-тан кешірген алғашқы қазақ хандарының бірі болды. Алайда нақ сол қүжат-та «және өзге де қара қалмақтар, нақ сол Талай тайшы жолдастарымен бірге тағы да Қазақ ордасына соғысқа аттанды» деген қосымша бар. Демек соғыс қимылдары 1635 жылы басталып, одан кейінгі жылдарда жалғастырылған.

Қазақ жасақтары бір жағдайларда жеңіліс тауып, басқа бір жағдайларда олардың жолы болып отырған. Осыңдай бір сәтті аяқталған жағдайда Жәңгір тұтқыннан босатылған. Жәңгірдің тұтқыннан қайтып келуі оның жағдайын бұрынғысынан да қиыңдатып жіберді. Тұтқыңда болу масқарасы, қорлайтын-дай болып босатылуы, қазақ феодаддарының өзара қырқысқан талас-тартыс-тары, қазақ қоғамыңда ішкі тепе-тендіктің болмауы, жоңғарлар қысымының күшейе түсуі - осының бәрі бірден Жәңгірге таныдды. Алайда әкесінің беделі мен жеке басының касиеттері Жәңгірді құтқарып қадды. Ол батыр-лармен және билермен өз қатынастарын сәтті орнатады, Бұхара және Хиуа хандарымен өзара қатынастарға ерекше назар аударады. Жәңгірдің беделі тез өсті. Уақытының көп бөлігін ол Түркістан қаласында өткізді - қоғам-дық омірдің қақ ортасыңда болып, оз бақталастарының жағдайын және жо-ңғарлардыңқозғалуын бақылап отыру керек еді. Күш-жігерді ғана емес, ақыл-ойды да қоса жүмсауды қажет етті. Жәңгір озін белсенді қайраткер ретінде корсете алды.

Жәңгір Бұхара хаңдығының әйгілі қайраткері, Самарқанд сарайларын са-лғызушы Жалаңтөспен жақсы қатынастар орнатады 28 . Бұл кезенде, қазақтар Бүхарахаңдығыментығыз байланысты болатын, олардыңбір бөлігі оңдатұрақ-ты іргетепкен еді. Бұхарабилеушілері арасында Абдул-Васидіңжағдайы елеулі болды. Жалаңтөс Баһадүр (1576-1656) де Бұхара хаңдығыңда маңызды рөл атқарды. Аңыз бойынша ол Сырдарияныңтоменгі ағысында Кіші жүздің Әлім тайпасының тортқара руының қазақтары арасында туған. Шығай ханның ауылдарымен бірге Жалаңтөстің үй-іші Нүрата тауларына, Бүхара маңайы-на көшіп барған. Бүхара ханы Имамкули 1612 жылы қазақ хандығымен до-стық пен өзара түсіністікті сақтау мақсатымен Жалантөсті Самаркаңд қала-сының әмірі етіп тағайыңдаған. Жалаңтөс жас кезінен-ақ батыр деп таныл-ған еді. 1625 жылы жоңғар қалмақтарымен үрыста көзге түсіп, қүрметті «ата-лық» атағына ие болды. 1640 жылы Жалаңтос Баһадүр 30 мындық жасағы-мен Батыр қонтайшы бастаған қалың жоңғар әскеріне күйрете соққы берді. Жалаңтос корнекті әскербасы болып қана койған жоқ, сонымен қатар ар-хитектура мен онер тарихында да елеулі із қалдырды. Оның тұсыңда Сама-рқаңд қаласыңда Орталық Азия халықтарының мәдени мүрасыңда маңыз-ды орын алатын, «Самарқан сәулетініңтаңғажайыбы» саналатын орасан зор Тилля Қара мешіті мен Шир-Дор медресесі салынды. Жалантостің есімі Шир-Дор қасбетінің ішкі жағына қүрылысшылар жасаған жазбамен мәңгілікке қалдырылған.

Жәңгір Шығыс Түркістанның билеушілерімен де қатынас жасап түрды. Оның үстіне бүған Жалаңтестің үлы Тәуке сүлтан да қатысты. «Шах Махмүд бен Мир Фазыл Шорастың тарихында» Шығыс Түркістанның хан-дарымен оған жоңғарлар басып кірген кезенде Жәңгір хан жүргізген келіссездер туралы былай делінген: «Сол кезде Жаһангер ханнан Шайх Хаванд Тахур үрпақтарынан шыққан Жүніс-Қожа деген елші келді. Бүл жақ-тан Қожа Сеиид Мүхаммед-халифанын үлы Софы-Қожа жіберілді - оларға (Алланың) рахымы жаусын. Жаһангер хан Софы-Қожамен бірге озінің үлы Тәуке сүлтанды жіберді. Хан монархтық ізгілік корсетіп, оған патшаға лай-ықты мейірбандылық корсетті және оған Қошқар бекті ертіп жіберді. Сол кезде Жаһангер хан Ахунд Молла Жақыпты және Қожа Жанқожаның үлы Уап қожаны олтірді - иә, оларға (Алланың) рақымы түсіп, қайырымын берсін. (Жаһангер хан) ханға Қошқар бекпен озінің үлкен үлы Абақ сүлтан-ды беріп жіберді. Жолбарыс ханға озінің қызын үзатты» 29 .

Жәңгір тіпті көршілес елдерге елшіліктер үйымдастырды. 1640 жылдың қыркүйегінде Жәңгірдің елшілері Батыр қонтайшының ордасында болды. Сол кезде онда Ресей елшілері де болған еді. Меньшой-Ремезов озінің ста-тьялық тізімінде былай деп жазған: «Ал озі, Меныпой, патша ағзамның сәлемін тапсырған кезде қонтайшыда Хоурлыкгың үлы Ильден тайшы және Бүхараның, Қазақ Ордасынан Жәңгір ханзаданың төрт елшісі және Да-лай-ламалар болды» 30 .

Бүл деректер Жәңгірдің саяси қызметі озі хан болып жарияланғанға дейін-ақ басталғанын дәлелдейді. Ол былай түрсын, онын аты мен қызметі жоңғар қонтайшылары Қара-Қүлаға, Батырға және басқаларына мәлім болған.

Жонғар хандығы маньчжур дәмеленуіне қарсы ойдағыдай шабуыл жаса-ды, 1640жылғы «Дала ережесі» қабылданды. Жоңғартайшылары Сібір воево-даларына қатер төндірді, оңтүстіктегі кершілеріне ез ықпалын күшейте түсті. Түрлі аймақтардағы қазақтарға да жаңа катер теніп келе жатты.

Жәңгір мұны біліп, мүмкін болғанынша шаралар қолдаңды. Қазақ жасақ-тарын жинап, керші билеушілерден кемек сүрау қажет болатын.

Өз кезегіңде Батыр қонтайшы да Жетісуға шабуыл жасау үшін одақ қүрды. Бүл одаққа халхастық Алтын ханның ұлы Омбо-Эрдени, Батыр қонтайшы-ның күйеу баласы Огирту-Цэцэн хан, Огиртудын інісі Абылай хан, Чокур тайшы, Солтан тайшы (холт) және кептеген үсақ тайшылар қосылды.

1643-1647 жылдарда жаңа қазақ-жоңғар соғысы басталды. Ол осының алдындағы оқиғалардың барысымен, жоңғар феодалдарының және Батыр қонтайшының ниеттерімен дайындалған еді. Жалпы Батыр 50 мың адамдық әскер жинай алды. Бұған негізінен түрлі топтардағы жоңғарлар және олар-дың одақтастары - Орталық Азияның монғол халықтары кірді. 1643 жылы Батыр Тянь-Шаньның оңтүстік сілемдеріндегі жерлердің бір бөлігін басып алды, бірнеше мың казақтар мен қырғыздарды түтқынға түсірді 31 .

Сонда Жәңгір Бүхара хаңдығының ықпалды төресі әйгілі әмір Жалаңтө-стен көмек сүрады. Тянь-Шань қырғыздарының әміршілерімен де уағдала-стыққа қол жеткізілді. Олар көмек көрсетуге уәде берді.

Жағдай жедел қимылдауды талап етті. Жиналған жасакпен Жәңгір Жо-ңғар Алатауына, Орбүлақдеген жерге жетті. Қазақханы сол жерде жоңғар-лардың беталысын бақылап жатты.

Жәңгір сүлтаңда небәрі 600 қаруланған атты әскер бар еді. Бүлар танда-улы жасақтар болатын. Олардың арасыңда Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Қаңлы Сарпық, Найман Көксерек, Дулат Жақ-сығұл, Суан Елтынды батырлар болды.

Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір тапқыр әрі дүрыс айла-тәсіл қол-данды. Оны А. И. Левшин былайша суреттейді: «Осы бір ат төбеліндей аз адам-дармен ашық шайқасқа шыға алмаған ол адамдарының бір жартысын екі тау-дың арасыңдағы табаны терең сай және жан-жағы биік жартас шатқалға орна-ластырып, өзі екінші бөлігімен таудың арғы жағыңда тығылып түрды. Жоңғ-арлар бекініске жақындап келіп, оған лап қойды, міне сол уақытта, жердің тар болуы себепті қоршап алуға өте тиімсіз шайқаста көп адамдарынан айры-лған кезде, Жәңгір оларға желке түсынан тап берді. Бүл соққының күтпеген жерден жасалуы, осы үшін таңдап алынған жауынгерлердің қаһармандығы және олардың бәрі тамаша мылтықтармен жарақтандырылуы Батырды көп шығынға үшыратты» 32 .

Жәңгір әскерлері санының осынша аз болуын екі жағдаймен түсіндіруге болады. Бірінші жағдайды М. Тынышбаев келтірген. Ол «Жәңгірдіңбилігі әлі нығайып үлгірген жоқ еді» деп жазған 33 . Оның үстіне сол кезде Есім ханның өлгені дәл анықталмаған болатын. Соңдықтан М. Тынышбаев бүл хан сайлар-дың адцыңдағы уақыт еді деп санаған. Алайда 1628 жылдан 1643 жылға дейінгі уақыт - едәуір үзақ мерзім. Шынына келгенде Жәңгірде әскер санының осындай аз болуы төтенше жағдайлармен ғана түсіндірілуі мүмкін. Өкінішке қарай бізде Жәңгірдің хан жариялануының дәл мерзімі жоқ. Оның 1635 жылы әлі тек сүлтан екені мәлім. Жәңгірді хан деп жариялау туралы алауыздықтар мен дау-дамайлар болғанын дәлелдейтін мән-жайлар бар. Бүл атақтан басқа адамдар да үміттенген. Мүндай жағдайда Орбүлақ-тағы шайқас кезеңіне дейін де Жәңгірдің әлі хан деп жарияланбаған болуы әбден мүмкін.

XVII ғасырдың бірінші үштен біріндегі жоңғарлармен соғыс қақтығыста-рының нәтижесінде, сайып келгенде, жоңғарлар қазақтардың қоныстарына қауіп тондірді. Үрейлі коңіл күй туды. Осындай қиын-қыстау жағдайда Жәңгір қатерлі қадам жасады. Хан сайлауға байланысты таластың үзаққа созылуы да қатерлі, бірак ойластырылған шешім қабылдауға итермеледі. Орбүлақ шайқ-асы соңдай қадам бодды.

Біздіңше, Жәңгір әскері санының аз болуы әлдеқайда оңай түсіңдіріледі. Тауда қимыл жасау, торуылға қатысу үшін жауынгерлер санының коп болуы қажет емес, артық адамдар ойлаған ойды жүзеге асыруға тек кедергі жасауы мүмкін. Өйткені бұл ашық жердегі шайқас емес. Әрине, оралымдық та ай-тарлықтай рөл атқарады. Көмек күтуге мүмкіндік де аз еді.

Жоңғар Алатауындағы окиғалардың баяндалуы қазіргі күңдерде архив құжаттарыңда расталып отыр. Оларда Жәңгірдің өз адамдарының жартысын шағын окоптар немесе редуттар желісін салып, тауларға орналастырғаны ай-тылады. Деректемелерде олар шанцтар деп аталады.

Жоңғарияға жіберілген орыс елшісі, Тобольскідегі атаман Гавриил Ильин былай деген: «Сөйтіп Жәңгіртастар арасынан шанцтар қаздырып, сол шанц-тарға ұрыстарғаталай кіріп, майдандарда шындалған 300 адамды отырғызғ-ан, ал өзі тастың арғы жағында үш жүз адамымен жасырынып тұрған. Ал ол тайшы жауынгерлерімен шанцтарға кіргенде, шанцтарда жасырынған әскер-лер Қонтайшының көп адамдарын қырып салған» 34 . Жартастар арасында жоңғарлар бірнеше мың адамынан айрылды. Сейтіп шайқас сол мандағы сай-салалы жерлерде өтетіндей жағдай қалыптасты. Күші басым жоңғар-лар жеңіске жете алатын, алайда қазақ жасақтарына коп күш келіп қосыл-ды. Әр жерден жиналған жасақтармен Самарқандтан Бұхара хандығында әмір болып жүрген қазақ батыры Жалаңтөс келіп жетті, Жәңгірге қырғыз жасақтары да көмекке кедді. Қазақ жауынгерлерімен қырғыз батырлары Көтен мен Табайдың иықтүйістіре қатысқаны мәлім. Жаңа шайқаста Жәңгір бастаған қазақ жасақтары жеңіске жетті.

Сөйтіп екі үлкен айқас болды. Біреуі - жоңғарлар торуылға тап болған тауда, екіншісі ашықжерде көп әскердіңқатысуымен отті. Бұл жонінде сол кезендегі құжатта былай делінген: «Сойтіп Қонтайшыға басқа жағынан жа-сақтарымен Жәңгірдің озі келіп, сол екі шайқаста қонтайшының 10 мыңнан астам адамын қырып садды» 35 .

Қазақ шежірелері мен халық аңыздарының деректері бойынша, шайқас Жоңғар Алатауыңда, Орбұлақдеген жерде болған. Бұл неғұрлым кейінгі кездегі карталарда да расталады. Ірі оқиғалармен қатар Орбұлақ шайқасы да қазақ халқының тарихына енді. Жәңгір Салқам («Айбатты») деп аталып кетті. Бұл жонінде Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «XVII ғасырдың екінші ширегінде, нақ сол Есім хан тұсында, қырғыз-қазақтардың күшейіп алған қал-мақ (жоңғар) әміршілеріне қарсы күресі басталды; Есімнің ұлы Жаһангердің 1643 жылғы Батырхан тайшымен соғысы туралы Фишер баяндаған» 36 . Шы-нында да, Қазақ хаңдығының Жәңгір бастаған күресі туралы мәселе тарихна-мада XVIII ғасырдан бастап қозғалған.

Батыр қонтайшы Қазақ хандығына қарсы күресу үшін тағы да бар күш-жігерінсалып, . Оданкейінгі жыддарда соғыс қайта жалғастырылды.

1646 жылы Батыр озінің бұрынғы жеңілісі үшін жаңа жорық жасады. Бұл жонінде тобыл бояры Данила Аршинский былай деген: «Ал олар жолдаста-рымен бірге Данила келгенге дейін қонтайшы Қазақ ордасына Жәңгір хан-задаға қарсы соғысып, коптеген адамдарды қырыпты, оның үстіне Жәңгірдің інісін әйелімен, балаларымен және кеп адамдарымен бірге тұтқынға алып-ты» 37 . 1647 жылы Жоңғар елшісі Хорохай Далдин Томскінің екімет орында-рына былай деп хабарлаған: «Қонтайшының қара қалмақтармен Күнделен-Убашымен соғыстары бодды. Иә ол Қазақордасымен де шайқасты және кейін олармен солар жағынан бұзықтық болғанға дейін бітісті» 38 . Осымен соғыс қимылдары тынды, соғыс аяқталды. Бейбітшілік орнады. «Жәңгірмен до-стық байланыстары бар Күнделен тайшы Батырға белгілі бір қысым жасаған болуы мүмкін» 39 , - дегенде, сірә, В. А. Моисеев дұрыс жорамалда-ған болса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қатынастары
Есім және Жәңгір хандар билеген тұстағы қазақ хандығы
Қазақтың атақты билері
Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы
«Аңырақай», «Орбұлақ» және өзге де шайқастар
Қазақ хандығының заңдары
Жәңгiр ханның тұлғалық бейнесі
Салқам Жәңгір хан
XVI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Жалаңтөс батыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz