Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар және жануарлардың тума әрекет қылығы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
2.1. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар және жануарлардың
тума әрекет қылығы.
Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бір - де - бірін
толығымен қуптай алмайды. Оныц дәлелдері тіпті басқаша: психологияның
туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы -
психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зсрттеп танумен
байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты қоршаған ортамен
түрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды (белокты) молекулалардың
түзілуі. Өздерінің тірлігі қалпын сақтап калу үшін олар қоршаған ортадан
қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өмірінс зиянды
қорытылған қорек калдықтарын сыртқа шығарып отырады.
Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының
құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты
болып табылады.
Сезу құбылысы психиканың туындауында обьектив биологиялық белгі
қызметін атқарады.
Ерте замандарда-ақ адам заттық (айнала қоршаған
табиғат, адамдар, әр алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әр түрлі адамдар
мен заттардың бейнелері, оларды еске алу, көңіл күйі), түсініксіз тылсым
құбылыстар болатындығына назар аударған. Бұл жұмбақ құбылыстарды дұрыс
түсінуге, олардың табиғаты мен пайда болу себептсрін ашуға мүмкімдігі
болмаған соң адамдар оларды қоршаған ақиқат дүниеге тәуелсіз, өз бетіншс
өмір сүреді деп санай бастады. Осылайша тән мен жан, материя мен, психика
болмыстарының бөлектігі жөніндегі топшылаулар пайда болды. Бұл топшылаулар
принципті түрде кереғар, бірін-бірі жоққа шығаратын философиялық екі бағыт:
материализм және идеализм болып қалыптасты.
Ми қызметінің жаратылыстық ғылыми талдауы И. М. Сеченев пен И. П.
Павловтың еңбектерінде берілген. И. М. Сеченев Ми рефлекстері (1863)
деген еңбегінің өзінде-ақ, психикалық қызмет - рефлекторлық немесе
бейнелендіргіш қабілеті бар - қызмет деп жазған болатын. Ол психиканың
рефлекторлық табиғатын аша келіп, адам миының рефлекстеріне үш буынның
енетінін көрсетті. Бірінші, бастапқы буын сезім мүшелерінде сыртқы әсерден
туган қозу. Екінші, орталық буын — мида өтетін козу және тежелу процестері.
Солардың негізінде психикалық құбылыстар (сезіну, елестеу, сезімдер және
басқалар) пайда болады. Үшінші, соңғы буын — сыртқы козғалыстар және
адамның әрекеттері. Осы буындардың барлығы өзара байланысты және бір-біріне
өзара себепкер.
Бұдан кейін ми қызметінің рефлекторлық теориясы мен психиканың
рефлекторлық табигатына теориялық және тәжірибелік негіздеме И. П.
Паиловтың еңбектерінде берілді. Ми қыртысында туатын шартты рефлекстер,
уақытша нервтік байланыстар жөніндегі Павлов ілімі психнкалық қызметтің
физиологиялық механизмін ашып берді.
Мидың өзін-өзі ретке келтіретін жүйе ретіндегі құрылымы мен жұмыс
тәсілдері туралы қазіргі кездегі білім психнкалық құбылыстардың
материалистік негізін және психиканың адамның бар қызметін реттегіш
ретіндегі ролін тереңірек тусінуге мүмкіндік береді.
Психика дегеніміз – обьективті дүниені субьективті бейнелендіру
деуге право береді.
Психика адамдармен қатар жануарларға да тән. Психиканың адамға ғана
тән жоғары дәрежеде дамуын сана деп атайды.
Сананың пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайларға ғана емес,
сонымен қатар және ең бастысы әлеуметтік-тарихи заңдылықтарға байланысты.
Сана — адамның қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі тарихи дамуының жемісі,
сондықтан да сананың даму принципі оныц әр көрінісі актісі адамзат қоғамы
дамуының бүкіл барысымен және қазіргі әр жайт сайын ұшырайтын реалды тарихи
жағдайлармен анықталады.
Сананың тарихи сипаты оның жануарлар психикасынан айырмашылығын
көрсететін бірінші сипат боып табылады.
Айнала коршаған дүниені сана деңгейіңде психикалық бейнелендіру —
танымның күрделі процесі болып табылады. Бұл процесс, оның ұдайы жетілуі,
өзара байланысты үш бағытта, бір мезгілде өтеді. Ең алдымен, қоршаған
әлемді бейнелендірудің өзі тарихи дамудың әр кезеңінде әр түрлі болады. Бұл
бейнелеудің сипаты қандай да өмірдегі әлеуметтік-тарихи жағдайларға
тәуелді. Екінші сөзбен айтқанда, таным жалпы тарихи тұрғыда өзгереді.
Қоршаған әлемді бейнелендіру ироцесі әр адамның өмірі
барысында да өзгеріссіз қала алмайды, яғни таным онтогенетиялық тұргыда
өзгереді. Бейнелендіру ерекшеліктері адамның жасымен және жннақтаған
ииднвидуалдық тәжірнбесімен байланысты. Бейнелендіру әр белгілі бір таным
актысының әр кезеңінде, білмеуден білугс, орталау, саяз білімнен әлдеқайда
толық және мәнді білімгс, сезімдік танымнан логикалық, абстрактылы танымға
өту процесінде де әр түрлі болады. Бұл ретте бейнелену өзгерісі
индивидуалды-гностикалық тұрғыдан өтеді.
Адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық
және шдивидуалды-гностикалық бірлік — адам санасынын жануарлар психикасынан
айырмашылығын білдіретін екінші сипат.

2.2. Еңбек және саналы іс - әрекет
Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті
бейнелеудің ерекше формасы.
Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана
қоймастан, оны дайындау кабілетіне ие. Қару дайындаудың өзі – ақ ежелгі
адамның іс-әркетін түбегейлі өзгеріп жіберді. Қару дайындау үшін болған
әрекет енді биологиялық қажеттілікпен (қорек, жем қабылдау) ғана
анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән-
мағынасы кейінгі аң аулау қажеттілігінен туындайды,
яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол
қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындаудың
кажетті шарты бола тұра, сол биік (болжастыру) сананың ең алғашқы көрінісі
ретінде танылады, яғни саналы іс - әрекеттің бірінші формасы.
Қару дайындауға бағытталган іс-әрекет адамның қылық кұрылымын
түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажетін
қанағаттандырудан әрі асқан емес. Ал қару дайындаушы адамның әрекет-қылығы
күрделі сипатқа ие болды. Тікелей қажеттілік қанағаттандыруға бағытталған
әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана арнайы әрекеттср бөлініп шықты.
Адам өзінің ішкі дүниесін құрайтын көптеген білім – біліктерді,
қатынас толғаныстарды әрдайым сезе бермейді. Содан бейсана әр адамның
психикалық болмысының ажыралмас құрам бөлігі. Ежелден-ақ ғалымдар бейсананы
қылық - әрекет, сырқат, насілдік, көңіл - күй табиғаты, өнер, адам ара -
қатынастар проблемаларын қарастыру мен топтауда ескерілуі қажет фактор
екенін мойындаған. Бейсананың көп жағдайларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар психикасының дамуы
Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар және жануарлардың тума әрекет қылығы жайында
Сана және өзіндік сана пайда болуы
Дифференциалды психология бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Жануарлар психикасының негізгі түрлері
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар. Генетикалық психология
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны
Пәндер