Жануарлардың санасыз іс - әрекет арқылы өз қабілет ерекшеліктерін көрсетуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Жануарлардың санасыз іс - әрекет арқылы өз қабілет ерекшеліктерін көрсетуі.
Жетекші: Саулет
Студент: Педагогика психология факультетінің 2 курс II гр.
Снабеков Сабит Жорабаевич.
Алматы 2008 ж.
Жоспары:
І Кіріспе: Жалпы жануарлардың психикалық өзіндік ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан анықтау.
ІІ Өзектілік: 1. 2Жануарлар мен адамдардың психикасы мен интеллектілік қабілеттіліктерін салыстыру және өзара байланысын көрсету
1. 3Интеллектілік қабілеттері жоғары деңгейдегі (маймыл, дельфин, піл) жануарларға жүргізілген зерттеулер мен оларға берілген сипаттама.
1. 4Маугли балалары мен жануарлардың психологиясын салыстыру, ұқсастықтарын айқындау.
III Мақсаты: 1. 2Жануарлар психикасының дамуын морфологиялық ерекшеліктері арқылы зерттеу.
Міндеті: 1-теория: Әлемде болып жатқан таңқаларлық оқиғалар.
2-практика: «Оборотень» өз қалауы бойынша.
Болжам: 1. 6Жануарлардың санасыз, бірақ адамға тән ерекше қабілеттерді жүзеге асыруы.
Обьект: Адам және жануар.
Пән: Интеллектілік қабілет белгілерін көрсету.
Қортынды .
1-тарау Жалпы жануарлардың психикалық өзіндік ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан анықтау.
1. 1 Жануарлардың психикасын тірі табиғатпен байланысын көрсету
(Лат. Intellectus - ақыл, парасат. ) - деген мағынаны береді.
Интеллект терминімен зоопсихологияда жоғары сатыдағы жануарлардың (маймыл, дельфин, піл) психологиясында белгілейді. И. П. Павлов жануарлар интеллектісі ассоциациялардан (мидағы күрделі нерв байланыстарынан) тұратындығын, мұның өзі бірінші сигнал жүйесінің жұмысын тәуелді екенін атап көрсетті.
Ойлану - бұл жаңа ізденістердің, ашылулардың, жаңарту мен қамтулардың қоғамдық қамтылған процесі. Оның толық жүру процесінде анализдері мен синтезделуі толық қамтылады. Ойлану поцесін сонымен қатар, ішкі қызыметтердің бір тұтамдылығымен, берілген обьектілердің нақтылы іс-әрекеттілігімен толықтай орынбасып, сипатталады. Ойланудың іс-әрекеттілігі кез - келген сәтте тұрақталынады.
Интеллект - ойлау жұмысының сапалы көрсеткіші. Ол өткен кездегі іс-әрекетінің нәтижелері менен жаңа ситуациялар негізіндегі ойлау қабілеттілігімен сипатталып, сол негізінде берілген есептерді шешіп отырады.
Интеллектуалды коэффицент бағасы - деңгейдің сандық дәрежесінің проценттілігімен сәйкес болады. Ол дегеніміз - берілген адам интеллектісінің орташа даму көрсеткіштігінде қарым - қатынаста болады. Қалыпты жағдайға тең келетін көрсеткіштің төменгі коэффицент көрсеткіші, кем дегенде интеллектуалдық коэффиценті - (IQ) 70-ке тең болады. 70-тен төменгі көрсеткіш, ойлау қабілеттілігінің төмен екендігін сипаттап, ал 100-ден жоғарылары ерекше интеллектуалдылығымен қарастырылып, дарындылар қатарына жатқызылады.
Жануарлардың интеллектті әрекеттерінің негізін жеке заттар арасындағы күрделі байланыстарды бейнелеуі мен олардың жасалу тәсілдері арқылы түсіндіруге болады. Оны мынадай тәжірибеден аңғарамыз. Тәжірибе құралы екі түтіктен тұрады. Қарғаның көзінше бір түтікке жіпке байланған ет салынады. Қарға еттің бірінші түтіктен екінші түтікке өткенін әйнектен байқап, етті бірден екінші түтік ұшынан тосып алады. Мұндай әрекеттер итте, жыртқыш құстар мен мысықта кездеседі. Тәжірибе жоғары сатыдағы жануарлардың заттар арасындағы қатынасты барлап, олардың қимыл - қозғалысына қарай әрекеттер жасайтындығын көрсетеді. Жоғары сатыдағы жануарлар психикасын қоректік заттармен бірге түрлі нәрселердің түр - түсі мен қимыл - қозғалыстары да қызықтырып, олар бақылау жасайды. Әсіресе, сүтқоректілердің осындай әрекетін И. П. Павлов жануарлардың риясыз және табанды талпынысы десе, ал Н. Ю. Войтонис жәндіктердің «әуестену импульсі» деп атаған. Мұндай әрекеттер маймылдардың белгілі бір нәрсе бейнесін қабылдау деңгейі мен көзінің көргіштігін арттырады, олардың мінез - құлқы мен дағдысының басқа жануарлармен салыстырғанда күрделене түсуіне әсер етеді. Мұндай ерекшеліктер маймылдың өз тіршілік ортасына бейімделіп, сан алуан жеміс - жидектермен, өзге де нәрселермен қоректенуіндегі бағдарлау рефлексі мен ізденімпаздық әрекетін жетілдіре түсетін биологиялық факторға байланысты.
Маймыл құлқындағы үнемі жан - жағын «зерттеу» әрекеті оның инстинктін дамытады. Алдыңғы аяқтарының қысқарып, таным құралына айналуы қолдың көмегімен
Маймыл баласының жасанды «анасына»телінуі.
маңындағы заттарды ұстап тұратын қимыл - әрекеттерін жетілдіреді. Мұндай әрекеттер маймылдың орталық жүйке жүйесінде басқа жануарларда жоқ көптеген уақытша байланыстардың жасалуына ықпал етеді. Белсенді бақылау, ажырату рефлекстері нәтижесінде маймылдарда біршама пайымдау тәсілдері пайда болады. Әрине, белгілі жағдайда оларда инстинктті құлық та байқалады. Американдық зерттеуші
Г. Харлоу, М. Харлоу, С. Суами
жаңа туған маймыл баласын жасанды «анаға» теліген. Тәжірибе былайша жүргізілген: макака маймылының жаңа туған баласын өз анасының бойындай етіп темірден «маймыл» - тұлып жасап, тордың ішіне бірге қойған. Ал екінші маймыл баласын сондай тәсілмен жұмсақ матамен қапталған «анаға» телінген. Жұмсақ «ананы» еншілген маймыл баласы көп уақытын оның жанында өткізген. Қауіп - қатер төне қалса, соған барып тығылған. Ал металдан жасалған «маймыл»- тұлыпты еншілегені оны қатты өгейсіп, жетімсіреген. Жұмсақ матадан жасалған тұлып жаңа туған маймылға сенім ұялатып, ол өзін қауіпсіз сезінген. Ал темір тұлып ондай әсер тудырмаған. Ересек маймылдың инстинктті құлқы төменгі сатыдағы жануарлардан әлдеқайда ерекше. Мысалы: шимпанзенің туа берілген инстинктті әрекеті - өзіне ұя жасау. Бақылау барысында маймыл «құрылыс» заттарын таңдауда практикалық талдау жасай алатынын көрсеткен. Бұл тәжірибеде маймылдың ұя салуы кеміруші жәндіктердің ұя жасауымен салыстырылған. Олардың екеуіне де бұтақтар, қағаз берілген. Екеуі де ұяларын бір жүйемен жасайды. Ұясының түбіне қатты бұтақтарды төсесе, ал ішіне жұмсақ нәрселер салған. Олардың екеуі бірдей ұяларын алдымен берілген жұмсақ заттардан жасай бастайды да біршама мерзімнен кейін қатты бұтақтар берілсе, жасаған ұяларын ысырып тастап, оны қатты бұтақтардан тұрақтатып, қайтадан жұмсақ заттарды ішіне төсеп, салады. Мұнай әрекеттерден біз маймылдың ұя салуы инстинктті әрекет болғанымен, қоршаған ортасына бейімделу екенін аңғарамыз. Маймылдың мұндай шартты байланысқа негізделген әрекеті стереотипі (таптаурын болған) әрекет деп саналады.
«Рафаэль»
деген маймылмен жүргізілген бірсыпыра тәжірибеден мынадай жайттар байқалған. Жәшік ішіне жеміс қойылып, оның алдында от жанып тұрады. Рафаэльдің жәшіктегі жемісті алып жеуге ұмтылған әрекеті нәтижесіз аяқталды. Ақыры байқаусызда бөшке шүмегіне алдыңғы аяғы тиіп кетіп, одан су ағады. Аққан су жанында тұрған отқа тиіп, оны сөндіреді. Рафаэль жемісті алып жейді. Келесіде тәжірибе осы ретпен қайталанып, сулы бөшке тек алысырақ итеріліп қойылады. Бірнеше нәтижесіз әрекеттен кейін Рафаэль бөшкедегі суды ұрттап алып, оны шашып, отты сөндіреді. Одан кейінгі тәжірибеде жеміс судың ортасына қойылады. Ал сулы бөшке судың арғы жағындағы аралға қойылады. Маймыл су іздеп, солқылдақ көпірмен аралдағы бөшкеге ұмтылады. Жанып тұрған оттың айналасындағы суды пайдалануға маймылдың пайымдау «ақылы» жетпейді. Ал биологиялық тұрғыдан маймылдың мұндай қылығы өзінің тіршілік әрекетіндегі мақсатына жетуі деп саналады.
Ал енді маймылдың адам әрекетіне еліктеп, шүберекті сулап, оны сығып, еденді сүрту ісін бақылайық. Ол еденді «сыпырғанда» бір үйіндіні екіншісіне қосып шашады. Жинап қоюды білмейді. Маймылдағы еліктеу процесі - интеллектілік тұрғыдан әлі де толық дәлелденбеген жайт. Жануарлар дүниесінің тіршілігіндегі қимыл - қозғалыстың даму жолы инстинктті әрекетке ауысады. Сөйтіп, дамудың мұндай жолында олардың кейбір түрінде кейде инстинк басым болса, ал басқаларының жеке тәжірибелерінде ассоциациялар жасалып отырады.
1. 2Инттелектілік қабілеттіліктері жоғары деңгейдегі (маймыл, дельфин, піл) жануарларға жүргізілген зерттеулер мен оларға берілген сипаттамалар.
Жоғарғы сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфин, піл) «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай мінез - құлық көріністерін байқауға болады. Мінез - құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшіктерге түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін «қара тер» болып бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллект айуанның жеке өзіне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдісі. Мұндай «әдіспен» басқа жануарлар пайдаланбайды, бұған басқа жолмен жетеді. Бұл айуанның кез - келген уақытта («көңілі» қалағанда) айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша жетекшілік рөлін атқармайды. Мінез - құлықтың (интеллект) осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын «қатыратын» күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллектік амалға бара бермейді. Интеллект - жануарлар психикасының ең икемді түрі. И. П. Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (күрделі жүйке байланыстарынан) тұратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті.
Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллектісі, көбінесе, көзге көрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты «құрал» есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген «мақсатпен» сақтап қоюды да білмейді. Маймылдарда кездесетін осындай интеллект оның миының маңдай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып, ештеңе істей алмайды.
Шимпанзе (лат. Pan) - туысына кіретін гоминидтер тұқымдастығының приматтар отрядына жатады. Олардың екі түрі бар: бірі кәдімгі шимпанзе (Раn troglodytes), екіншісі ергежейлі шимпанзе(pan paniscus), оларды басқаша бонобо деп те атауға болады. Бұл ек түр жойылу қаупі төнген жaнуарлар.
Адаммен туыстығы - шимпанзе туыстық жағынан адамға ең жақын жануар болып есептелінеді. Қазіргі жаңа зерттеулерге қарағанда олардың генетикалық базасы адаммен салыстырғанда 98. 7% құрайды. Адам мен шимпанзенің эволюциялық жолдары алты миллион жыл бұрын екіге айырылғандығы туралы жобалауға болады. Гендерінің ұқсастығына қарамастан, адам мен шимпанзенің дене мүшелерінің жұмыс істеу белсенділігі әртүрлі. Адам мен шимпанзенің генетикалық ұқсастықтарын ескере отырып, бір кездері оларды Homo тұқымдастығына жатқызуға ұсыныс жасалған.
Мінез-құлығы - шимпанзелер тағам талғамайды (всеядные) . Олардың қорегінің негізгі бөлігін жеміс-жидектер, өсімдіктер, насикомдар және төменгі сатыдағы омыртқалылар құрайды. Кей кезде шимпанзе басқа да маймылдар тұқымдастығына шабуыл жасап, оларды аулайды. Сонымен қатар боршалап оларды бөлшектеп жейді. Шимпанзенін қоғамдағы мінез-құлқы дамыған және топ ішінде қатаң иерархия орын алған. Шимпанзелер ұрғашылар үшін жиі жоғарғы агрессиялық күйге түседі. Ұрғашылардың жүктілігі жеті - сегіз айға созылады.
Дене бітімі - шимпанзелердің бойының ұзындығы шамаман 1. 70 метрді құрайды. Олардың миының көлемі адам миының жарты бөлігіне тең болады. Денесінің салмағы (30-50 кг) шамасында болғандығына қарамастан олар өте күшті жануар қатарында тұрады. Нақты дәлелдік көрсеткіштердің жоқтығына қарамастан практика жүзінде еркек шимпанзе ересек адамға қарағанда әлдеқайда (3-4) есе күштірек болып келеді. Адамдарға шабуыл жасау оқиғалары кездеседі, әсіресе балаларға.
Этимология - шимпанзе атауы челуба тілінен шыққан (банту тобы), «кивили-чимпензе» сөзінен аударғанда «адамға ұқсас» деген мағынаны береді. Ең алғаш бұл атауды 1738 жылы европалықтар қолданысқа енгізген. Ең алғашқы тірі шимпанзе Европаға 1641 жылы алып келінген. Бірінші бонобо 1928 жылы суреттеліп, қаладағы Конго өзенінің атауы берілген.
Мысалы:
Жапон эксперементаторлары адам мен шимпанзенің есте сақтау қабілетін тексереді.
Алдарына сенсорлы экран әкеліп береді. Ол экранда 1 - ден, 10 - ға дейін сандар жазылған. Әрбір сан ретсіз жанғанда, сол санды тез арада дұрыс басып үлгеру керек. Адам қайталағанда, адам жаңылып, қайта - қайта қателеседі. Ал маймыл бір де бір қателеспей дұрыс басып шығады. Бұл нені дәлелдейді? Мұның бәрі сәйкестік дейтін болсақ, мынаған не айтуға болады?
Маймыл миының маңдай бөлігінің, ондағы жықпылдар мен қыртыстардың күрделілігі де интеллектіге қатысы бар материалдық жағдай екендігі хақ. Жануарлар интеллектісі өрісі тар қолдың көмегіне сүйенетіні - сыртқы ортаға бейімделудің биологиялық сипаттағы бір формасы. Жануарлардың барлық жасаған әрекеті кездейсоқтық деп айту қиын. Олардың жасаған іс - әрекетінің де мативі болуы қажет. Олай болса, оларды санасыз деп айтуға қалай дәтіміз барады? Оған мысал болатын жайттар:
Жүздеген жылдар бойы
Тайландта
,
ақ пілдер даңқ пен атаққа ие болды. Арнайы комиссия пілдердің ішінен сұлу, көріктілерін жинап, сайыс өткізеді. Жеңімпазға «
қасиетті піл
» деген атақ беріледі. Мұнда олардың: түстері, құлақтарының формасы және интеллектісі қаралады. Таңдаулыларды хан сарайының бағына мәңгілікке көшіреді. Оған тек ақ пілдер және ер пілдер ғана қатысады. Сол кезде келеңсіз жағдай пайда болды. Ұрғашы пілдер жұмысқа шықпай қояды. Мұндай оқиға бұрын соңды болмаған. Бұл жануарлар өте ақылды, пунктуалды болып келеді. Ұрғашы пілдерді бастап жүрген пілді конкурсқа алғаннан кейін ғана барлық ұрғашы пілдер жұмысқа шықты. Сол піл жеңімпаз атанды.
Бұл оқиғада ұрғашы пілдердің ер пілдермен тең құқылылығын дәлелдеуі . Табиғатта өзінің заңдылықтары бар. Жануарлар интеллектік жоғары жетістіктерін көрсету арқылы олардың қабілетінің шексіз екенін байқаймыз.
Кит тұқымдастығында, атап айтқанда дильфиндердегі таңқаларлық қабілет, ол - ориентировка. Мұхиттың түбінде, судың бетінде, күндіз де, түнде де, дауылда да, тынық күнде де өздерін суда еркін де дербес ұстайды. Еш бір күмәнсіз, дельфиндер қаншама мыңдаған киллометр қашықтықтан жүзіп келіп, сезу мүшелерінің «анализатор» арқасында белгіленген жерін адаспай, тауып барады. Бірақ олардың сезу мүшелерінің барлығы бірдей дамымаған.
Тері қабатындағы түктердің жоғалуына қарамастан, оларда жақсы дамыған. Дегенмен, дельфиндердің тері иннервациясы әлі толық зерттелген жоқ. Ортаны ауыстыруына байланысты сезуі, кит тұқымдастарының сүңгу кезінде
Эхолокация.
Дельфиндердің шығарған дыбыстары олардың байланысуына және ориентациясына пайдасын тигізеді. Бірдей тұқымдастардың дыбыстары бір - бірінен ерекшеленеді. Сигналдардың түр - түрі, қоректену сигналы, қобалжу, қорқыныш, апаттық, ауыру кезіндегі және т. б. сигналдар байқалған.
Мысалы, Австралия мен Жаңа Зеландия тұрғындары тері ауруларының дертіне тап болуы, ғалымдардың айтуы бойынша, бұл құбылыс, жер атмосферасының озон қабатындағы тесіктерінің ұлғаюына байланысты дейді. Осыған байланысты, бұл гипотизаны Холкомб және оның зерттеу тобы озон тесіктерінің дельфиндерге қалай әсер ететіндігін зерттеген. Бұл көрініске тап болған Антарктида теңізіндегі дельфиндердің популяциясын анықтайтын зерттеу тобы профессор Клаийв Холкомб және оның әріптестері осы көріністі байқаған. Профессор Холкомбтың айтуы бойынша, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде команда керемет көріністерге куә болды. Дельфиндердің қанын анализге тапсырғанда ультракүлгін сәулелелерінің әсерінен ДНҚ-ның зақымдануы тері дертімен зардап шеккен адамдардың анализдерімен сәйкес келіп, дельфиндердегі ДНҚ құрамындағы амин қышқылдарының адамдардыкімен ұқсас белгілерін байқатып, жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталған. Әрине, толық нәтижелер жасау әлі ерте.
Қорыта келгенде, бұл көрініс көптеген зерттеу жұмыстарын талап етеді, бірақ осы күнге дейін дельфин мен адам арасындағы байланыстар адамзат баласы үшін жұмбақ болып қалады. Дельфиндерді өзіндік қасиеттері бойынша басқа жануарлармен салыстырғанда бірқатар жоғарғы сатыға қоюға болады.
Маугли балалар.
Қоғамдық өмірден орын таба алмай ата - анасынан адасып немесе жетім қалған, тіршілік үшін күрескен табиғаттан көмек сұрауға мәжбүр болған жас сәбилер оқиғасы жиі кездесетін болды. Әрине, әрбір қамқорлығына алған жануар өзінің тәрбиесі мен жануарлар әлеміндегі қатаң заңдылықтарына үйретіп, тіршілікке бейімдендіреді.
Африка мемлекетінде мекендейтін маймылдардың бір тобы 10 жасар баланы асырап алынғандығы туралы белгілі; Екі әкпелі - сіңілі қыздарды қасқырлар өз тобына қосқан; 9 жасар бала иттер тобынның жетекшісі болған.
Әртүрі жағдайларға қарамастан оларды біріктіретін ортақ факт, ол «Маугли синдромы». «Арнайы және клиникалық психологиясы» кафедрасының оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, психолог, Галина Алексеевна Панинаның мағлұматтары бойынша, жалпылай келгенде, «Маугли синдромы» балалардың қоғамдық ортадан тыс өз-өздерін тәрбиелеуге және алып жүру синдромымен бағаланады.
Адамның бойындағы табиғи және гендік қасиеттердің қалыптасып, даму барысында жүруі керек, бірақ тұлғалық қасиеттер қоғам барысында дами алмайды. «Маугли синдромы» кеңінен тараған ұғым. Әрбір дәрігерлердің, социологтардың, клиникалық немесе қоғамдық психологтардың айтулары бойынша, түсініктерін әр қалай болжап, өздерінің бұл ауруға деген ойларын өздігімен бағалайды.
«Маугли синдромының» жалпы қасиеттері: бұл балалар өздігімен дұрыс сөйлей немесе тіл қата алмайды, сонымен қатар, денелерін тік ұстап жүруге, асхана құралдарымен қолдана алмай, адамдардан қорқыныш белгілерімен байқатады. Оған қоса, бұл балалардың қоғам арасында тәрбиеленген балаларымен салыстырғанда денсаулықтары мықты және имунитеттері жақсы қалыптасқан. Психологтардың айтуы бойынша, көп уақыт бойы жануарлардың арасында жүрген адамдардың мінез-құлақтары біршама өзгеретіндігін байқауға болады. Оларда «ағайындық» қасиеттердің пайда болуы қалыптасады. Мысалы, он алты жасар қыздың иттер арасында тәрбиеленіп, оған сөйлеуді үйреткеннен кейін де, ол өзін - ит ретінде қабылдаған. Бұл дегеніміз, ол қыздың психикалық ауытқулары пайда болғанын көрсетеді.
Адамдардың ұзақ уақыт бойы, қоғамдық ортадан тыс жерден адамдардың арасына енуін оны қайта қалыптасу процестерінің дамуына мамандар бұл сұрақтарға біріңғай былай деп жауап береді: Мауглилердің қалыпты адам болуы үшін, олардың гинетикалық қасиеттеріне сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы қоғамға араласуына байланысты болады. Даму барысында негізгі қасиеттер жастайынан қалыптасады, сол себепті ересек Мауглилерге тәрбие беру қиынға соғады. Олар тек қана үйретілген жануарлар сияқты қалыптасып, бірақ қоғамдық өмірге араласуы немесе тұлға болып кетуі екіталай. Мысалы: кей-кезде Маугли балалары қоғам ортасында мерт болуы немесе тірі қалуы белгісіз. Қасқыр тобында тәрбиеленген екі әкпелі-сіңлілі қыздардың екеуі де қайтыс болып кетті. Маймылдар арасында үш жыл тіршілік еткен он жасар бала қоғамдық өмірге қалыптасып кетті. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бұл жастағы балалар өздерін адам екенін ұғына бастайды.
Жануарлардың санасыз, бірақ адамға тән ерекше қабілеттерді жүзеге асыруы.
Қытайда бір ит жетім мысықты асырап алды. Бұл иттің қожайыны Гуанчжоу қаласынан шыққан. Иттің аты Ахуанг , ал кішкентай мысықтың аты Мими . Итке өз күшіктері аздық келтіргендей, жетім мысықты да асырап алып, оны емізіп, қорғап, түнде қойнына алып, жылытып жатады. Кейбір адамның қолынан келмейтін істерді жануарлар атқарғанда таң қалуға тұрарлықтай. Мұндай қамқорлықты жасауға жан - жануарларды не итермелейді? Тағы бір қызықты оқиғаны мысал ретінде келтіруімізге болады.
Қытайдағы
таң қаларлық бір оқиға:
Чиуахуа тұқымды кішкентай ит балапанды асырап алды
.
Иттің қожайынының қызы
Лью
Бангянга
балапанды әкелген күннен бастап,
Уахуа
(иттің аты) оны өз қамқорлығына алған. Ешкім балапанға зиянын тигізбесін деп күндіз - түні қарауылдаумен өтеді.
Chongqing Morning News
газетінің жазғаны бойынша ит балапанды сырт көзден қызғанышпен қарайды және өзінен алысқа алшақтатпайды. Сәл ғана балапан көзден таса болса, Уахуа оны іздеп тауып, тістерін батырмай, аузына салып, орнына әкеліп қояды. Мұндай достыққа қожайыны таң қалуда: «Біз қолымыздан келгеннің бәрін істейміз, осы балапанның өсіп, жетілуіне, егер мұны Уахуа қаласа». - дейді Лью.
Келесі оқиға айрылмас жұп туралы.
Мүйізтұмсық пен ешкінің достығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz