Жанұияның өзіне тән ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Жанұияның өзіне тән ерекшеліктері.
2.Жанұия ішкі қарым-қатынасына психологиялық сипаттама.
III.Қорытынды.

Кіріспе.
Жанұяның бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, экономжалық,
қүқықтық т.с.с өзара жауапкершіліктерінен, түсініктерінен, сонымен қатар
эмоционалдық жақындықтарынан құралады. Бір жағынан жанүя адамдардың өзінің
ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден
қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер жанұяның ішкі өмірін қоғамға
ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске ұшырауы мүмкік. Ал, екінші
жағынан, жанұя - адамдардың қоршаған ортаға, қоғамға ашық, айқьш
бірлестігі. Мұндай жанұяда өз мәселелері қоғам мәселелерімен қатар
қарастырыльш, шешімі де ыдырамайды. Керісінше жанұяның дамуына қауіпсіздік
және сақтаншн сезімдерін қамтамасыз ететін, мүмкіндік туғызады.
Қандай да тұйық, жабық жанұя болганымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды.
Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтж топтарға яғни өндірістік, оқу
ұжымдарьша, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда,
денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.
Сонымен қатар жанұя қоғамдық қарым-қатынасқа, оның барлық өмірінің
үрдісіне ықпалын тигізе алады. Жанұя адамдардың қажеттілігін
қанағаттандырьш қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындап
қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.
Жанұя мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық,
сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі
ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ жанүя болып
іріктелінеді. Екі ұрпақты жанұяда: өйелі мен ерінің, әке мен шешенщ,
балалардың, ағалардың және қарындас, сіңілілердің рөлі негізделеді. Ал, үш
ұрпақтық жанүяда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің,
қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.
Жанұядағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана
баланы өмірге әхеледі, ақ сүтімен тамақтаңдырып, әлдилейді, өсіреді. Ал,
әке мен бала арасындағы қарым-қатьшасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар
бар. Біреулер - балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екішшсі әке
мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционаддық
көмекте дейді, ал үшіншілері "Әкенің баласына деген ниеті, жасаган
жақсылығы - олардыц анасын сүюі" деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі
ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік
сезіміне байланысты болады.
Көптеген педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-
қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың
дұрыс қалыптасуы оның жанұясындағы сүйіспеншілік,
кшшіейілдшік, сьшласымдьілық, жауапкерішілік,
қайырымдылық, сезімталдық т.б. адамгерпішк қасиеттерінің даму
негізіне байланысты болады.
Жанұя жөне оның мүшелерінің моралды-психологиялык, экономикалық,
әлеуметтік жағдайлары, әке-шешенің қызмет түрлері, білімдері де әсер
өскенше көп уақыт бойында ақырындап баланың жан-жақты дамын өсуіне, оның
мінез-құлқы мен қызмет түріне де ерекше әсерлерін тигізеді. Осы тұрғыда
жанұяның негізгі функцияларына тоқталып өту жөн болар.
Жанұяның негізгі функциялары. Барлық қоғамда жанұя келесі функцияларды
(экономикалық, репродуктивтік:, тәрбиелік, рекреативтік, коммуникативтік
және жүйелеу (регулятивтік) анықтайды.
Экономикалық функция - негізгі функциялардың бірі болып саналады.
Жанұяның барлық мүшелері жұмыстың бір түрімен айналысады. Балалары
жастайынан осы жұмысқа бейімделіп араласады. Экономикалық функцияға сонымен
қатар тұрмыс пен тұтынуды ұйымдастыруда жатады.
Репродуктивтік функция бала санын көбейту арқылы халық санын көбейтуді
қарастырады. Зерттеушілер бұл репродуктивтік функциясының бірнеше түрлерін
көрсетеді: көп балалы, орта және аз балалы жанұя. Кеңес одағы кезінде
көпбалалы жанұялар көп болса ХХ-ғасырдың 80-90 жылдарыңда ауыртпалықтарға
байланысты аз балалы жанұялар саны көбейеді. 1999 жылы Қазақстан
Республикасында өткен халық санағының нәтижесі бойынша соңғы 10 жыддағы
туған бала саны 2 есе төмен түсіп кеткен. Егер 1987 жылы 417000 бала өмірге
келсе, 1997 жылы 232000 ғана бала туған. Статистердің мәліметтері бойынша
мұндай жағдай ұлы Отан соғысынан бері болмаған. Осы себептерге байланысты
қазіргі кезде репродукгивтік функция алдыңғы қатарға шыгьш, мемлекет пен
өкімет демографиялық саясат арқылы жұмыс жасай бастады. Ал, демографиялық
саясат дегеніміз санын өсірудегі халықтың экономикалық, әлеуметтік және
құқықтық шараларды өткізуі. Бұл функцияның негізгі бағыттарының бірі ана
мен баланың, көп балалы және аз немесе тапшы қамтамасыз етілген жанұялардың
жағдайын жақсарту, балабақшалар мен тұрмыс қызметтерін, сонымен қатар, бала
өмірге келгенде мемлекет таралынан берілетін көмектерді көбейту т.б.
Тәрбиелік функция баланың сәби шағьшан көмелет жасына толганша
жүргізілетін адамгершілік, психологиялық, жан-жақтылық т.б. қасиеттерін
қальштастырьш, дамытуьш қарастырады.
Рекреативті функция жанүя мүшелерінің бір-біріне деген моральдық,
психологиялық, рухани, материалдық көмелеттік, бір-бірінің денсаулығын
сақтауға, білім алуға және бос уақьптарьшың тиімді өтуіне жәрдемдесулері
жатады.
Коммуникативті функция - дегеніміз жанұя мүшелерінің түсіністіктері, бір-
бірімен араласуға талпынулары, қарым-қатьшастары. Педагогикалық-
психологиялық зерттеудің тұжырымдамасы бойынша баланың "жақсы адам" болып
өсуі, жанұядағы үлкен адамдардың қарым-қатынастарына, бір-біріне деген
сезімталдықтарынан, яғни жанұядағы моральды-психологиялық жағдайларға
байланысты болады.
Регулятивті функция - жанұя мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты жөнге
салу жүйесі, яғни әрбір адамның алар орны, беделі, абыройы. Мысалы, әке-
шешенің бала алдындағы беделі немесе керісінше жағдайы. Бүл жерде жанұя
басының, өзінің ұрпақтарының дұрыс тәрбиелеуінде үлкен рөл атқаратындығьш
айта кеткен жөн.
Фелецитологиялық функция - (итальян тілінен аударғанда '"фелиците"
-бақыт) жанұяның әрбір мүшелерінің бақытты өмір сүруге талпынуы.
Семья бақыты мен оның адамгершілік ахуалынық көп жағ-дайда семьядағы
жұбайлар, ата-аналар мен балалар арасында-ғы сенімге, сүйіспеншілікке толы
өзара түсінісу жағдайьша байланысты екендігі сөзсіз. Кейбіреулер үшін таң
қаларлық болып көрінгенімен, адамгершілігі бар адам тәрбиелеу ісінде бала
ата-аналары бірін-бірі және балаларын жақсы көріп, қам-қорлық жасайтын
семьяда өсе ме, әлде ата-аналары шаңырақ астыида ата-аналық борышты ғана
үстанушы семьяда өсе ме, міне, осылардың едәуір ролі болмақ. Сүйіспеншілік
пен өза-ра сыйласушылықтың жоқтығын балалардан қанша жасыруға тырысқанмен,
ол қайтсе де, сезіліп, семья ахуалына жалғандық, жасанды қатынас жасау жас
үрпақтың қалыптасуына зардабын тигізеді. Педагогтар ата-аналардың бір-
біріне деген сүйіспенші-лігі көп жағдайда ең негізгі тәрбиелік нәтиже
береді деп атап айтады.
Мүғалім семьялық өмірде барлығы тығыз байланысты еке-нін: бір жағынан,
балалар ата-аналарының сезімдерінің беки, семья коллективінің нығая түсуіне
көмектесіп, өз ата-аналарын здамгершілік түрғысынан жетілдіре түседі,
екінші жағынан, балалардың барлық жақтан көңілдегідей болып өсуі ата-
аналарының сүйіспеншілігі мен сенімінсіз, түсінігінсіз болмайтынына
оқушылар зейінін аударып отыруы тиіс.
Үлкендер мен кішілер арасында достық, ізгі қатынас жоқ үйді бақытты үй
деп толық сеніммен айтуға болмайды. Сондықтан да ата-аналар мен балалар
достығын біз семьянық адамгершілік құндылығы қатарына жатқыза аламыз.
Әрине, балаларымен қарым-қатынас жасауда қандай да болмасын бір
қиындықтарға кездеспеген бақытты семьялар онша көп бола қояр ма екен? Мұны
халық даналығы: балаң жас болса үйқы бермес, есейсе ұйқың келмес деп тамаша
бейнелемей ме? Бірақ өсіп келе жатқан балалар да семьяда қалыптасқан ата-
аналармен қа-тынас жүйесіне әрқашан қанағаттана бермейді.
Ата-аналар мен әр жас шамасындағы балалардың өзара түсінісуі мен ізгі
қатынастарының сыры неде? Есейіп, дербес емір сүру табалдырығында тұрған
оныншы класс оқушылары үшін бұл жөнінде нағыз ойланатын кез, сірә, осы
болар.
Белгілі совет психологы А. В. Петровский қатынастың ықтыру, мәпелеу,
егесу, араласпау, ынтымақтасух деген бес түрін ерекшелейді. Тіпті
педагогика мәселесінен түп хабары жоқ адамның өзі егесуден гөрі
ынтымақтасуды дұрыс санайтын тәрізді болып көрінеді. Бірақ ақиқат өмірде
ынтымақтасу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шындығында, балаға бұйыру,
бірдемені істеуге күштеп кәндіру ата-аналарының қажет деп санағанындай
әрекет жасау керектігіне сендіруден оңайырақ қой. Ата-ана-лар жеткіншек
балаларын тікелей қыспаққа үнемі ала алмаса, кішкентай балаларға келгенде
олар еш ойланып-толғанып жатпайды. Алайда ата-аналар мен балалардың
арасындағы қатынас біртіндеп қалыптасады да, өсіп келе жатқан баланың
дербес белгілері соған тәуелді болады. Егер ол балалық шағында өзінің
қандай мінез-құлық жасауды таңдау мүмкіндігінен айрылып, оған үнемі күш
көрсетушілік қолданылып келген болса, енді одан есейген кезде дербес
шешімдер қабылдап, өз еркімен іс-әрекет жасауы ете қиынға түседі. Мұндай
қатынастар көп жағдайда адамның бойында екі жүзділік, қатыгездік сияқты
ұнамсыз қасиеттердің қалыптасуына душар етеді.
Сонымен бірге ата-аналардың айтқанының дұрыстығы құртақандай сәбиден
басқаның бәріне түсінікті болып, ешбір сендіру қажеттігі болмайтын жағдай
да кездеседі. Қалайша, мұндай кезде де еріктік шешімдерге бармау керек
пе? Балаларды тәрбиелеуде болмайды деген сөзді қолданбау мүмкін емес
екенін барлық ата-ана біледі. Дегенмен, нағыз ақылды ата-ана әр-бір
болмайды деген сөзді болады деген сөзбен теңестіре қолдана біледі.
Шайнекке тиюге болмайды, ол ыстық, күйіп қалып, қолың ауырады, кел,
қолыңды тигізіп кәрші, ыстық па екен? Қарашы, мынау қасықтар, кел шай ішу
үшін дастарқан әзірлейік.
Болмайды мен боладыны дұрыс теңестіре білу көп жағдайда тартысқа
түсіп қалудан сақтандырады.
Мәпелеудің бір ғажабы, ол ықтыруға ұқсас. Тек бұл жерде
құлақтан тарта емес, еркелете жүріп әрекет жасалынады. Бірақ бәрібір
нәтижесі көбінесе ықтырудағыға ұқсап, балалар дербестіктен де,
бастамашылдықтан да айрылып, өздеріне де, әсіресе бүкіл семьяға қатысты еш
мәселені шеше алмайды. Мәпелеу дами алмайтын тым жеңіл жағдай туғызады. Дым
білместер көп жағдайда балаларын үнемі мәпелеп өсірген семьялардан шығады.
Егесу әдетте от басына шиеленіс әкеліп, семья мүшелерінің ренішін
күшейтеді де, ол қайтсе де, бір күні не біреудің бір сәтсіз ісіне
байланысты табалаушылық түрінде не бәрі шуылдасып араласқан жағымсыз тартыс
түрінде бұрқ етіп жарыққа шықпай қоймайды. Бұл жағдайда ата-аналар да,
балалар да ұтылып, жеңіске ешқайсысы жете алмайды.
Араласпау немесе бейбіт қатар өмір сүру журналист. Т. Афа насьева үй-
мейманхана1 деп атаған семьялардағы ата-аналар арасында үстемдік алады.
Бұл жерде ересектер де, балалар да ездерінше өмір сүреді. Бұл жерде
семьялық от басы, бір-біріне деген сыйластық, эмоциялық тартымдылық
кездеспейді. Үлкендер балаларын өз алдына дербес өсіп келеді дегенімен,
мұнда үйден аса үлкен жайлылық сезілмей тұрады. Қатыгездік, жақьщ адамның
басына түскен қиындыққа, тіпті оның жай шаруасына деген бейтараптық қатынас
көбінесе осындай семьяларда кездеседі.
Семьядағы өзара қатынастың ең қолайлы тәсілі деп педагогтар мен
психологтар ынтымақтасуды есептейді. Ол ең алдымең үлкендер мен балалардың
өзара сыйластығына келіп тіреледі.
Бұл жерде ата-аналар балаларын сөз жүзінде ғана емес, ең аяғы жас
балалардың езі құрметтеуге тұрарлық жеке адам деп шын мағынасында, іс
жүзінде есептейді. Мұндай семьяларда көптеген мәселелер балаларды қатыстыра
отырып, семьялық кеңесте олардың пікірімен санаса, қажеттісі ескеріліп
отырады. Балалар бұл жерде коллективтің толық праволы мүшелері болып
саналады. Олардың өздерінің тұрақты еңбек тапсырмалары болып, қаржыны
жұмсау мәселелеріне қатысып және ең бастысы, әр күн, әр сағат сайын үйде
болып жатқандардың бәрін бірге сезініп, бірге әсерленіп, ата-аналардың
өміріне қатарараласып отырады.
Адал, сыйластық' қатынастар, әдетте, қатынастары ынтымаққа негізделген
семьяларда қалыптасады. Мұндай қатынастар бірлесіп әрекет ету үстінде
туатын қарым-қатынас, сырластык әңгімелерден бастау алады. Атап айтқанда,
қарым-қатынастың осы минуты, сағаттарында өзара түсінісу пайда болып,
балалар ата-аналарының алдында, ал олар балаларының алдында ашылып
көрінеді.
Қарым-қатынасты бағалай білетін семьяларда, әдетте, қа-
рым-қатынас жасаудың өзіндік, дәстүрлі шақтары болады. Біреулерде бұл бүкіл
семья мүшелері жиналатын кешкі шай ішу кезі, басқаларда барлығының бірге
тамақтанып, әңгімелесуі аптасына бір рет, жексенбі сайын, әрине, сирек
болса да, семьяның әр мүшесі үшін қасиетті уақыт болып саналады.
Әр семьяға өзіндік ырғақ, өзіндік емір сүру стилі тән. Семьяда бірге
отырып тамақтану дәстүрі жұмыс уақыты өзгермелі адамдар үшін, кешкілік
сабақтан немесе қоғамдық жүмыстардан қолдары босамайтындар үшін мүлдем
қолайсыз да болар. Сөйтсе де, сені басқалардың тыңдағысы келіп, сенің өзіңе
де басқаны тыңдау қызықты болатын, асықпай әңгімелесуге мүмкіндік бар
семъялық ңарым-қатынас сағаты кез келген үйде болып түруы тиіс.
Қатынастарын ынтымақтасу принципіне құрған семьяларда өзара әдептілік,
сыпайылық, ұстамдылық, ымыраға келу, дау-жанжалдан мезгілінде құтылу және
басқа түскен ауыртпалықтарды лайықты кетере білу тән болып келеді. Әрине,
бүл олар дау-жанжал, мезгіл-мезгіл болып түратын өзара наразылық пен
жатсынушылықтан арылып болды дегенді білдірмейді, бірақ олар үшін ешқашан
жоғалмайтын адамгершілік қүндылық бо лып мейірбандық қатынас есептеледі.
Және олар түсінбеушілікті, келіспеушілікті анықтау кезінде қателескеннің
кемшілігін дәлелдей бергеннен гөрі бір-біріне деген жылы сезімдердің
сақталып қалуының маңыздырақ екенін әрқашан естерінде ұстайды. Ал енді
үйдегі татулық пен үйлесім ең жоғары құндылық болмақ деген сенім ашуды да,
ауыздан шыққалы түрған кінәлаушылықты да бөгеуге көмектеседі. Бүл жерде
ешқашан айқай-шу көтерілмейді, өйткені ешкімнің ешқашан айқаймен ештеме
дәлелдей алмайтынын бәрі жақсы түсінеді. Айқай мәселені көрер көзге ғана
шешкен тәрізді көрініп, қарсы дөрекі жауаптың туындауына себепкер
болады.
Әр семья өз дәстүрін жасайды, бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктері
Сақтандыру нарығының дамуы
Ипотекалық кредиттің экономикалық мәні мен мағынасы
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
Даму психологиясы
Бастауыш класс оқушысының оқу іс-әрекетінің құрылысы туралы ақпарат
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Пәндер