Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6

I Бөлім Ислам ілімдерінің қалыптасуындағы салаф және халаф ғұламаларының
орны

1.1 Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Негізгі салаф ғұламалары ілімінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..21
1.3 Халаф ғұламалары және мектептері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

II Бөлім Сәләф және Хәләф көзқарастарындағы негізгі ерекшеліктері
2.1 Салаф ғұламаларының
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.61
2.2 Халаф ғұламаларындағы ақыл мен нақылдың
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
2.3 Салаф және Халаф ғұламаларының ұқсастықтары мен
ерекшеліктері ... ... .76

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .82-85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86-87

Кіріспе

Зерттелу жұмысының өзектілігі: Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): "Ең
қайырлы буын - менің замандастарым. Одан кейін олардың соңынан ергендер. 
Сосын бұлардан кейін келгендер", - деген хадисінде  "ең қайырлы буындар"
деген атқа ие болған алғашқы үш буынды арабша айтқанда "салаф" деп атайды.
Яғни "салаф" деген сөз араб тілінде "бұрынғы",  "алғашқы" деген мағыналарды
білдіреді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кезінде ғұмыр кешкен мұсылмандар мен
олардың көзін көрген кейінгі екі буын, сондай-ақ уақыт кеңістігі тұрғысынан
алғанда әрі дінді өте мықты ұстанып кейінгі ұрпаққа үлгі болған тұлғалар
осындай атаққа ие болды.
Бұл алғашқы үштікке сахабалар, табиғиндер және табиғиндерді көрген "әтбағут-
табиғин" жатады. Бұлар имани тұрғыдан болсын, ғылым жолында болсын, яғни
бұларды амалға асырарда, шариғат заңдарын ұстануда мұсылмандар үшін үлгі
болып табылады.
Салафтардың дәуірінде кездеспеген көптеген бейтаныс пікірлер мен наным-
сенімдерге алғаш олар жолықты. Философиялық ойдан өрбіген ағымдар мен
мұғтазила, жәбрия, муржия сияқты әһли сүннет уәл жамағатқа қарсы сапта
тұрған мәзһабтар мен басқа да наным-сенімдерді қуаттайтындар, алғаш осы
салафтардың кезінде пайда болды.
Салафтар кезінде фиқһ мәзхабтарының мектебі қаланды. Табиғиндерден кейін
келіп, оларға шәкірт бола білген буынды әтбағут-табиғин деп айтады. Бұл
кезеңдерде ілімнің тамыры тереңге жайылып, әр түрлі салаларға бөлінуі,
хадистердің де кең таралып, арнайы кітаптарда жиналуы және фиқһи
мәзһабтардың әбден орнығып, етек алуы осы уақыттың еншісіне тиіп еді.
Кейіннен уақыт өте келе неше түрлі ағымдар пайда болып, әрқайсысы өздерінің
принциптерін негізге ала отырып, бөліне бастаған уақытта, әлгі бастапқы
таза ұстаным әһли сүннет уәл жамағат деген өзіне жарасымды атқа ие болды.
Мұндағы сүннет деген сөз сенімге байланысты бағыттың қайнар көзін
меңзесе, жамағат деген сөз оның ерекшелігін айқын бейнелеп тұр. Бұл жаңа
топтар ақидаға қатысты мәселелерді аз да болса қисынды түсіндірме беретін
кәләм іліміне қалдырды. Бидғат топтар ғайри діндегі теологтардың сахаба
мен сәләфтың таза ақидауи жолына айтқан сын пікірлері мен сұрақтарына
қисынды дәлелсіз жауап табу қиынның қиыны еді.
Осыдан бастап сүннетке негізделген ақида өз әдісін өзгертіп, бұл жолы
әһли сүннеттің халаф ғұламалары деп аталды. Салаф деген сөздің қандай
мағынада тұрғанын жоғарыда айтып өттік. Ал халаф деген сөз араб тілінде
кейінгі деген сөзді білдіреді. Дәлірек айтқанда сәләф ғұламаларының сенім
мәселесінде ізін жалғастырушы мұсылмандарға берілген атау.
Салаф пен халафта әһли сүннет болып есептеледі. Дегенмен салаф пен халафтің
методикалық айырмашылығын бір мысал келтіре отырып түсіндіру пайдалы болар
деп ойлаймын: Құрамында Алланың сипаттары орын алған, яғни түсінуіміз қиын
болған мұташаббиһ аяттар мен кейбір хадистерде келтірілген йад, уажһ, айн,
истиуа, нузуль деген сияқты Алла тағала хақындағы сөздердің түсіндірілуінде
Ислам тарихы бойынша төрт түрлі көзқарас қалыптасты.
 1.     Бұл сипаттар өз сыртқы мағыналарында қабылдауға тиіс деп, Аллаға
ағза танумен қатар басқа жаратылғандарға ұқсатып мушаббиһа және мужассима
деген мәзһабтар пайда болды.
 2.     Бұл сипаттар жорамалданып, сыртқы мағыналарынан ауысып астарлы
мағынада түсіндірілмесе жоққа шығарылады деген пікірде ұстанып кадария,
жаһмия, муғтазила деген мәзһабтар шықты.
 3.     Аталмыш сипаттарға, сыртқы мағыналарынан ешбір жаққа бұрмаламай,
сол қалпында иман келтіруіміз кажет. Дегенмен, Ташбих, Тажсим, Нафи және
таътил жасау дұрыс емес. Бұл әһли сүннет яғни салаф жолының методы болып
табылады.
 4.     Әлгі сипаттардың Аллаға лайықты, Құран Кәрім мен сүннеттің
принциптеріне сай түрде, тажсимнен де, таътилден де ұзақ жорамал жасалу
керек екендігін көлденең тартқан екінші әһлі сүннет халаф ғұлама
ғалымдарының көзқарасы.
Халаф ғалымдарының методының үш маңызды шарты бар:
1.Жасалған жорамал діннің негізгі принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
2.Жорамал арқылы табылған мағынаның Алла тағаланың мұрат мақсаты екендігін
кесіп айтпау.
3.Жорамал арқылы тұспалдап айтылған сөз шариғатқа сай болу және араб
тіліндегі балама сөзі де болуға тиіс.
Осының бәрі халаф ғұламаларының өз методикаларын ғылыми негізге сай
ұқыптылықпен құрғандығын көрсетеді. Тағы бір айта кететін жайт мұташаббих
аяттарға қатысты әһли сүннет халаф ғалымдарының методикасы қажеттілікке
байланысты туындаған. Бір жағынан Ислам дініне селдей ағып кіріп жатқан
өзге мәдениет өкілдері, екінші жағынан Исламның алдында тізе бүккен дін
дұшпандарының фитна жасап, халықтың арасына күмәнді ойлар тастатпаудың
алдын алу міндеті бірінші орындағы проблемаға айналған-ды.
Қазірге кезде Қазақстанда және басқада жерлерде өздерін сәләфиміз
дейтін бір топ пайда болды. Сәләфилік – жоғарыда баянда- ғанымыздай,
Исламды сәләфу салихиннің түсінгеніндей етіп түсіну керектігін алға
тартатын ағым. Алғаш рет XVIII ғасырда қазіргі Сауд Арабиясының шекарасының
ішінде қалған Недж аймағында пайда болды. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың
жүргізген Уаһһабилік қозғалысы да кейіннен сәләфилік делінген.
Уахабилер кәләм мәзһабтарын құптамады, олардың методикасына қарсы шықты.
Олар Әһлі сүннетің ең үлкен кәләм халаф ғалымдары Әбу Мансұр әл-Әшғариге
кәләмдік дәлелдерді қолданып, ақылды нақылдан (аят пен хадистерден) жоғары
тұту арқылы таза Ислам ақидасын былғады дегенді айтты. Әсіресе мүташабиһ
аяттар мен хадистердің Алла тағаланың ұлылығына сәйкес қолданылғанына
барынша қарсылық көрсетіп баққан уаһабилер сопылыққа да қатты шүйлікті.
Уахабилер фиқһи мәзһаб ретінде ибн Тәймия мен оның шәкірті ибнуль-Қайымның
жолын ұстанады. Олар фиқһ ғылымында қолданылып жүрген истихсан,
истислах, мәсалихи мурсәлә деген сияқты қисынды дәлелдер ұсынған 
Ханафи, Мәлики, Шәфий және тағы басқа да салаф ғұламаларына және
мәзхабтарға бидғатшылар деген айдар тақты. Уахабиліктің ең басты
белгілерінің бірі – мүташабиһ (ұқсас) аят-хадистердің сөздік ұғымын негізге
ала отырып, қаз-қалпында қабылдау болып табылады.
Яғни, уаһабилер Құран мен хадистегі қол, бет, келу, отыру, түсу, Аршыға
отыру, ашулану, қуану және т.б секілді Алла тағаланың сипаттарын 
жаратылысқа тән сипаттарға теңеп, қабылдап отыр.
Құрандағы көптеген аяттар Алла тағаланың аталмыш сипаттарын жаратылыстың
сипаттарына ұқсатудың  орынсыз екендігін көрсетіп береді. Қазіргі таңдағы
уахабилер бұрынғы салафті қаншалықты үлгі тұтамыз десе де, мұның  тек сөз
жүзінде қалып отырғандығын айтуымызға тура келеді. Имам Ағзам Әбу Ханифа
(рахматуллаһи алайһи) бұрынғы салаф ғұламаларының қатарына жатады. Оның
ақида (сенім) тұрғысындағы және фиқһи пікірлерін ұстану өте орынды. Бұл сөз
басқа үлкен имамдарға да қатысты. Қорыта айтқанда, қазіргі таңдағы
уаһабилер мен ақиқи салафтардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар.
Міне, сол үшін уахабилік деп аталған ағым қаншалықты салафтардың түсінігі
мен оның жолын негізге алғандықтарын айтса да, негізінде олар тым ұзақта.
Олардың қатал, дөрекі қылықтары әһли сүннет ұстанымына мүлдем жат.
Зерттелу жұмысының мақсаты мен міндеті: Салаф және Халаф ғұламалары
көзқарастарының байланысын зерттеу. Осыған байланысты мынандай
міндеттемелері қойлады:
- Салаф ғұламаларының ұстанымдарын зерттеу;
- Халаф ғұламаларының негізгі методтарын зерттеу;
- Салаф және халаф ғұламалары ұстанымдарыныңұқсастықтары мен
ерекшеліктерін, тарихи тұрғыда арақатынасын талдау
- Бүгінгі салафилердің негізгі салафилерден айырмашылықтарына талдау
жасау;.
Зерттелу жұмысының деңгейі: Салаф және Халаф ғұламаларының көзқарастары мен
айырмашылықтары, Мазхабтар тарихы, Кәләм ғылымдарында кеңінен
қарастырылған. Бұл тақырыпты ислам діні дамыған жердегі үлкен ғұламалар
зерттеп өз еңбектерін қалдырған.
Түркия елінін бірнеші ғалымдары, атап айтқанда: Проф.Мухиттин Бағчежи
өзінің Кәләм ілміне кіріспе атты еңбегінде қарастырған. Проф.доктор Хулиси
Арслан өзінің Систематик Келам және Кәләм тарихы және мектептері атты
еңбектерінде, проф.док. Шабан Али Дүзгүн және Бекир Топалыоғлу және т.б
ғалымдар өз еңбектерінде салаф және халаф ғұламалыры туралы кең көлемде
зерттеулерін жүргізген.
Қазақстан және Орта Азия елдерінде: Аширбек Муминов, Теология
ғылымдарының докторы Ержан Қалмаханның өзінің Матуриди ақидасы
(пағамбарларға иман) атты еңбегінде, және Қайрат Жолдыбайдың Дін мен Діл
еңбектерінде кең көлемде зерттеулер жасалынып, біраз мәліметтер берілген.
Зерттелу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттелу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазақстан тәуелсіздігін алғалы, дін
ғылымына деген көзқарас өзгере бастады. Шеттен келген дәстүрлі емес,
радикал діни ағымдардың көбеюіне орай, елізде дін тақырыбында көптеген
зерттеулер жасала бастады. Фундаменталист-радикал ағымдар өздерін салафилер
ретінде танытты. Олар арадағы тарихи байланысты жоққа шығарып, халаф
ғұламалары ұстанымдарын бидғат хурафалыққа теңеді. Ол әрине методикалық
тұрғыдан қате пікір. Шындығында қазіргі салафилердің негізгі салафтармен
байланысы жоқ. Сондықтан қазіргі фундаменталист ағымдардың сенімдері дұрыс
еместігін дәлелдеу мақсатында салаф және халаф ғұламалары принциптерінің
арақатынасын тарихи тұрғыда зерттеп, талдау жасау бірінші кезектегі
мәселелер қатарына жатады. Бұған дейін бұл тақырыпта елімізде ешкім зерттеу
жұмыстарын жүргізбеген.

1.1 Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы

Әхли сүннеттің құрылымын қалыптастырған басты элементтердің бір бөлігі
фикхтық мәнмен тығыз байланысты. ІХ-ғасырдан бастап әхли сүннет ретінде
саналған, амалдық мәселелерде белгілі бір бағыттар және сол бағытта
мағлұмат ұсынған фикх мектептері құрыла бастады. Бұлардың арасында көптеген
пікір-көзқарас айырмашылықтары болғанмен, шиаға қарсы ортақ майдан құрды.
Әсіресе мұтға некесі және жалаң аяққа мәсіх тартуды жоққа шығарған пікірлер
ақидалық кітаптардың басты тақырыптарына айналды. Әхли сүннеттің көбіне-көп
айқындауышы ретінде көрінген және қазірге дейін қолдау тауып келе жатқан
ханафиттік, шафиғиттік, мәликиттік және ханбалиттік сияқты жаңа алғышарттар
қалыптасты. Солтүстік Африкада және Андалусияда малики және шафиғи
мазхабтары; Араб түбегінде ханбали; Ирак, Қорасан және Мәуереннахрда
ханафия, бірқатар жерінде шафиғия мазхабы әхли сүннет мұсылмандарының
күнделікті өмірін айқындайтын құқықтық жүйелеріне айналды. Әхли сүннет уәл
жамағат пайда болғаннан қазіргі күнге дейін ешуақытта біркелкі, бір
қалыпты, үйлесімді бір құрылым болған емес. Хижри ІІVIII ғасырдан бастап
хадисшілер, рей жақтаушылары, куллабилер, каланисилер, захирилер,
тахауилер, әшғарилер және матуридилер бастаған көптеген кәламдық;
Ханафилік, мәликилік, шафиғилік, ханбалилік және өзге де фикхтық ой-пікір
мектептерін өз қанаты астына алып, әр алуан бейімділіктерді бойға сіңірген
плюралистік сипатты сақтап қалды. Осы кезеңдерден бастап әхли сүннет әр
алуан ағымдарға қарсылық көрсеткен, байсалды да ұстамды көптеген адамдардың
арасында қабылданған жалпы ұғым болды және әркім оған әр түрлі сипат беруге
тырысты. Сонымен бірге өз арасында ғасырда ортақ сенім негіздері, хадис
әдебиеті, фикх және фикх негіздері мен тәпсір негіздерінің басты
мақсаттарына байланысты ортақ мәміле нығайды. Осы плюралистік сипат
сенімдік-иғтиқади мәнімен кейініректе сәләфилік деп аталатын хадисшілер,
әшғарилік және матуридилік ретінде бүгінгі күнге дейін жетті.
Хадисшілер – сүннет және соған қатысты еңбектерді негізге алған
дәстүршіл дін түсінігінің негізін салушылардың ортақ аты. Олар Ислам
дінінің Құран, сүннет, сахаба және табиғиннің сөздерінен айқындалу
керектігін; бұлардың сыртындағы жеке пікірлер мен ақыл қабілеттер өте зәру
болмайынша қолданылмайтындығын дәріптеп қолдайды. ІІVIII ғасырдың орта
тұсында пайда болған осы мектеп әхлул хадис, әхлус сүннет немесе асхабул
хадис деген атпен танымал болды. Мұғтазила оларды хашуя, мусаббабия және
мужассима деп атады.
Хижри ІІ-ғасырдың орта тұсына келгенде Ислам әлемінде харижит, мүржия,
шиа (рафиза, зайдия) және қадариямұғтазила сияқты көптеген мазхаб пайда
болды және бірқатары қалыптасып бітті, енді біреулері қалыптасу кезеңін әлі
бастан кешуде еді. Барлық осы формациялардың нәтижесінде бірқатар жаңа
пікірлер (бидғат) дүниеге келді, бұрын тартысқа түспеген мәселелер енді күн
тәртібіне енді, бұрын Құран мен сүннеттің ішінде шектеулі түрде қолданылған
ақыл және көзқарас (қияс, ижтихадур рей) жиі қолданылатын негізгі қайнар
көзге айналды. Шиа ағымдары имамат мәселесін, мүржия иман тақырыбын, ал
мұғтазила бес негізгі мәселе бойынша ақыл және бірқатар ақылдық нәтижелерге
жиі иек артты; одан басқа бұл мәселелерде кейбір мазхабтардың өздерін
қолдау үшін бірқатар хадисті ойдан шығару әрекеттері көбейе бастады. Одан
да ең маңыздысы, олардың арасында жүріп жатқан жанқиярлық пікір-көзқарас
күресінің нәтижесінде Ислам қоғамы әр түрлі топтарға бөлініп кетті. Әсіресе
бөтен мәдениеттермен танысуының нәтижесінде мұсылмандар мен өзге діни және
пәлсапалық мектептер арасында болған талас-тартыстардың күшеюі, аббасилер
билігінің көбіне-көп шиа, мүржия және зәйдия ағымдары салтанат құрған
аймақтармен тығыз байланыста болуы бұл қалыптасулардың сыртында қалған
аймақтарда үлкен қарсылыққа ұшырады. Міне, Ислам әлемінде осы көзқарас
қайшылықтары пайда болуымен қатар, бір хадиске қарсылық әрекетінің тууы,
соған жауап ретінде бір әхли сүннет майданының қалыптасуы сөзсіз болмай
қоймайтын жағдайға жетті. Шындығында бұл майдан әхли сүннет ортасында
хадисшілер тарапынан құрылып, олар бүкіл осы секілді ағымдармен күресте
әхли сүннеттің туын көтеруді өз мойындарына алды. Осы ой-пікір мектептеріне
қарсылық ретінде пайда болған хадисшілер мұсылмандарды ыдыраушылықтан
құтқару, қоғамдық-әлеуметтік өмірді ізгі мұраттарға құрылған Хазірет
Пайғамбар заманына қарай қалыптастыру, бірлік пен ынтымақта өмір сүру
идеясын қолдады. Сол себептен олар Құран Кәріммен қатар, нағыз шешімнің
Хазірет Пайғамбардың хадистері мен сахаба, табиғиндердің сөздерінде
жатқанына жан-тәнімен сеніп, оларды бір арнаға тоғыстырып, жинақтап,
тақырыптарына қарай классификациялаған, жалпылама көзқарастарын хадистерге
сүйендірген, осыларды мықтап бекем ұстауға шақырған, Құран мен хадистен
тәуелсіз көзқарастарға иек артудан сақтандырған және өзінше пікір
ұстанғандарды қатаң сынға алған адамдар ретінде танымал.
Әхлул хадис, асхабул әсәр немесе сахибус сүннет ретінде танылған хадис
жақтаушылығының өкілдеріне және олардың көзқарастарына әдебиеттерде кеңінен
орын берілген. Бұл тұлғалардың өмірі зерттеліп, зерделенгенде мектептің
қалыптасуында ең үлкен рөл ойнаған тұлғалардың 130747-190805 жылдары
арасында қайтыс болғанын көруге болады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл
әрекеттің қалыптасуы 130747 жылынан кейінгі кезеңге тән екенін оп-оңай
айтуға болады. Алғашқы өкілдері арасында Мәдинада Мәлік бин Әнес (179795),
Мысырда Ләйіс бин Сағыт (175791), Шафиғи (204819), Дамаскіде Әузаий
(157773), Куфада Суфиян бин Сайд әс-Сәури (161777), Шерік бин Абдулла
(177793); Басрада Шұғба бин әл-Хаджаж (160776), Хаммад бин Сәләма бин
Зейіт (165781), Хаммад бин Зейіт (179795) және Жақия бин Сайд әл-Қаттан
(198813); Қорасан мен Мәуереннахрда Әбу Хамза әс-Сүккәри (168784) және
Абдулла бин Мүбәрак (181797) болғанын көре аламыз. Ал, мұғтазила мен
хадисшілер арасында тартыстардың және кейбір дау-дамайлардың ошағына
айналған Бағдатта бұл мектептің мықты өкілдері кейінгі кезеңдерге тән.
Өйткені тізімдері берілгендерден Бағдатта Әбу Үбейд Қасым бин Сәллам
(224838), Әбу Сәуір Ибрахим бин Халид (240854) және Ахмет бин Ханбалдың
(241855) қайтыс болған жылдары ғасырдың ортасына тұспа-тұс келеді.
Хадисшілер тек қана хадистердің жинақталуымен, риуаяттарды хатқа
түсірумен айналысқан кәсіби топ емес-тін. Бұл әрекет белгілі көзқарастарды
қолдайтын әрекет ретінде дамып жетілді. Өйткені мақала секілді жазылған
еңбектер хадисшілерді бейнебір мүржия, харижиттер шиалар және мұғтазила
сияқты Ислам ой-пікірінде пайда болған тәуелсіз бір иғтиқади мазхаб немесе
мүржияның яки болмаса әхли сүннеттің қол астындағы топ ретінде қарастырған
(Хорезми, 1958, 164).
Мысалы, сүниттік жазушылардың бірі Әшғари (324935) мұсылмандарды он
топқа бөле отырып, харижиттер, мүржия, шиа және мұғтазиламен қоса асхабул
хадисті де қатар санамалап шығады және асхабул хадис және әблуғус
сүннеттің көзқарастары деген тақырыппен олардың иғтиқади-сенімдік
көзқарастарына орын берілген.
Мәмунның заманында Құранның жаратылғандығы туралы тартыстар және соған
байланысты қысымдар мен зұлымдық әрекеттері Сүнниттік аймақтарда ақылды
жоққа шығаратын мәтіндік түсінікті ортаға тастады. Хадисшілердің жұлдызы
Мүтәуәккил кезеңінен бастап жарқырады. Ахмет бин Ханбал (241855) және
Әбділәзиз әл-Мекки (239854) мұғтазилаға оппазициялық бағыт ұстанды. Оларға
қарсы өзге қалалардан және аймақтардан Ысқақ бин Рәхауайх (238852), Дәуіт
бин Әли (270883), әл-Кәрабиси (245859), Ибн Күлләб әл-Басри (240854),
Харис әл-Мұхасиби (243857) және Мұхаммед бин Ысқақ бин Құзайма (311923)
сынды тұлғалардан қолдау тапты. Осылайша бұл әрекет ханбали, шафиғий,
мәлики және басқаларынан құралған үлкен жұртшылық қауымға айналды. Хадис
саласында Күтүби Ситтә, сенімдік және кәламдық салаларда Китәбул Иман,
Китәбус Сүннет, Ақида және Иғтиқадат деген атпен танымал ірі әдебиет
дүниеге келді. хадисшілер ғасырлардан бастап, төрт бөлек ағым ретінде өмір
сүре бастады: мәликилер, шафиғилер, ханбалилер, захирилер (давудилер).
шафиғилерден осы концепцияның өкілдері және еңбектер жазғандардың арасында
Әбу Абдулла әл-Мәруәзи (294906), Ибн Хұзайма (311923), Ибн Хиббан
(354965), әл-Ажури (360970), Әбу Ахмет әл-Хаким (378988), Халину
(4031012), Лалекаи (4181027), Байхаки (4581065) және Нәуәуи (6761277)
келеді. Мәликилердің арасында Мұхаммед бин Сәхфтун (256870), Әбу Әмір
Куртуби ибн әл-Жәббаб (322933), Ибн Әбділбар (4631071), Әбу Уәлид әл-
Бәжи әл-Андалуси (4941100) және Қади Ияз (5441149); Ханбали болғандардың
арасында Салих бин Ахмет бин Ханбал Әбул Фадыл (266879), Ысқақ бин Ибрахим
бин Хани ән-Нисабури (275888), Әбу Дәуіт әс-Сижистани (275883), Әбу Сайд
ад-Дәрими (280893), Абдулла бин Ахмет бин Ханбал (290902), Әбубәкір әл-
Халлаһл (311923), әл-Барбахари (329940), Әбу Әли әл-Хашими (345957), Ибн
Шахин әл-Бағдади (385995), Ибн Батта әл-Уқбари (387997), Ибн Мәнда
(3951004), Әбул Фадл әт-Тәмими (4101019), әс-Сабуни (4491057), Қады Әбу
Яғла (4581066), Кәлуәзани әл-Ханбали (5101116) және Ибн Тәймия
(7281327), Ибн Қайым әл-Жаузия; Захирилердің арасында Дәуіт бин Әли әл-
Исфахани (270883) және Ибн Хазм (4561064) болды. Захири ағымы Мәликия
мазхабына сіңісіп кетті.
Бұл әрекет Ахмет бин Ханбалдың шәкірттері арқылы Сирия, Араб түбегі,
Қорасан және Мәуереннахрда; Имам Мәліктің шәкірттері арқылы Андалусияда;
Имам Шәфий және жақтастары арқылы Мысырдан бастап Солтүстік Африка және
басқа да Ислам өлкелеріне шапшаң жайыла бастады. Шәфий мазхабы және белгілі
бір шамада Мәлики мазхабы біраз уақыт өткен соң әхли сүннеттің кәламдық
мектебі саналған Әшғарилікті қабылады. Ал, иғтиқадтық және кәламдық жай-
жапсарын бейнелейтін ханбали мазхабы хадисшілердің ең шектен шыққандары
болып қала берді.
Әхли хадис, әхли сүннет немесе әсхабул хадис деген атпен танымал
хадисшілер хижри ІІ-VIII ғасырдың ортасында пайда болған ең ықпалды ой-
пікір ағымы болып табылады. Хадисшілер хадис және сүннетпен тығыз
байланысты түсінікті үстем етуге талпынған концепция ретінде қалыптасты.
Бұл концепцияның негізгі орталықтары хижри ІІ ғасырдың аяқ кезінде Мекке,
Мәдина, Куфа, Басра, Мысыр және Хорасанда болды. Бұлар билікпен
қатынастарында ортақ мәмілеге келмеген еді. Бұлар, яғни хадисшілер иман
мәселесінде мүржияға, имамат мәселесінде шиаға, тағдыр және сипаттар
мәселесінде мұғтазилаға қарсы тұрды. Ибрахим ән-Нахаи, Әмр әш-Шағби, Зухри
және Қатада осы тұлғалардың бастылары болды. Үкім шығару әрекеттерімен
қатар, иғтиқади-сенімдік және саяси тақырыптарға да сүннет араласа бастаған
еді. Хадисшілер 130747 мен 190805 жылдар аралығында пайда болған-ды. Бұл
ағым харижит, мүржия және мұғтазиланың шектен шыққан пікірлеріне, жат
мәдениеттер мен пәлсапалық пікір-көзқарастарға реакцияшыл ретінде пайда
болған-ды. Ислам қоғамындағы азғындаулардан Хазірет Пайғамбарға дейін
созылған сүннет және хадистердің жаңадан тұрмыстық өмірге дендеп енуі
арқылы аман қалатындығына өте сенім артты. Автор-жазушылар әхли сүннеттің
өкілдеріміз деп мәлімдеген хадисшілерге қандай атау беру керектігіне
бастары қата бастады. Мақала еңбектер оларды мүржия, шиа және мұғтазила
сияқты маңызды ой-пікір ағымдарының бірі ретінде санады. Хадисшілер
мәликилер, шафиғилер, ханбалилер және захирилердің көлеңкесінде өмір сүре
бастады. Қазіргі күні Үндістанда пайда болған әхли хадис әрекеті және
сәлафиттік атаумен пайда болған қазіргі заманғы әрекеттерде осы концецияның
белгілерін көруге болады. Хадисшілер Исламның иман, ғидабат, ахлақ және
өзге салаларын бір-бірінен бөле жармай қарастыруды жөн санайды. Сол
себепті, олар жазған Китәбул Иман атты еңбектерінде иман, ақида, ахлақ және
ғибадат сияқты тақырыптар бір-бірімен біте қайнасып кеткен. Хадисшілердің
көзқарастары тәухид, иман және үлкен күнә, адамның іс-әрекеттері және
тағдыр, Имамдық және саясат, бидғат және соған ұқсас мәселелерге
бағытталған. Олардың пайымдауынша, Аллаһ – біреу, жалғыз, одан басқа құдай
жоқ, Хазірет Мұхаммед – Оның елшісі, расулі, нәбиі және құлы. Алланың
кейбір есімдері бар. Иман дегеніміз сөзден, ниеттен және амалдардан тұрады.
Дәлірек айтқанда, иман дегеніміз – тілмен мойындау, жүрекпен бекіту,
ағзалармен амал ету немесе шарттарын орындау. Иман – ол Исламнан басқа бір
нәрсе. Амал – иманның бір бөлшегі. Бұлардың барлық жиынтығы 70 шақты немесе
одан да көп тармақ. Иман көбейеді де, азаяды да. Иманды толығымен
түсіндіргенде Иншалла, мен – мүминмін немесе мүминмін деп үміттенемін
дегендей ерекше сөзді айту міндетті. Жер бетінде жүзеге асырылған ізгілік
пен жамандықтың бәрі де Аллаһдан келеді және барлық нәрсе Оның қалауымен
іске асады. Ізгілік пен жақсылық – Аллаһның жазған тағдыры. Әрбір
жаратылыстың бір ажалы бар. Сахабалардың ең қадірлісі кезегімен Хазірет Әбу
Бәкір, Омар, Оспан және Әли. Хазірет Пайғамбардан кейінгі адамзаттың ең
ізгілері, құрметтілері осы төрт халифа боп саналады. Құран мен сүннетте нә
нәрсе бұйырылған болса соған бағыну керек, неге тыйым салынған болса одан
қашу міндетті. Діннің көсемдері болған алғашқы буын мұсылмандардың (сәләфи
салихин) артынан ілесу керек.
Хадисшілер өз көзқарастарын ақида-сенім ретінде немесе иманның
тармақтарында тізбектеп көрсетеді. Шын мәнінде бұлар текқана иғтиқатпен
байланысты болмай, сонымен қатар, этикамен, саясатпен, фикхпен, мәдениетпен
және ғылыми теориялармен тығыз байланысты негіздерден құралады. Бұлардың
кейбірі кей мазхабтардың белгілі мәселелердегі көзқарастарын сынаудан
тұрады. Олардың пайымдауынша дінде талас-тартыс, дискуссияға орын жоқ,
тыйым салынған. Сахих деректермен Хазірет Пайғамбардан жеткен әр нәрсе
қабыл алынады және бұл неліктен бұлай болды екен деп сұрау бидғат амалына
жатады. Сүннетте қиясқа (салыстыруға) және мақал-мәтелге, нақыл сөздерге
орын жоқ. Өзіндік жеке көзқарас жүрмейді. Хазірет Пайғамбардан жеткен
сөздер түсініктеме берілмей-ақ, қалай болғанына қарамай-ақ, қалайша,
неліктен, не себептен деген сұрақтар сұрамай-ақ тікелей қабыл етіледі.
Олардың пікір-көзқарастарын жалпы алғанда өз еңбектерінен және мақала
түріндегі еңбектерден былайша ықшамдап беруге болады: Тәухид: Алланы,
періштелерін, кітаптарын, пайғамбарларын, Алладан келгендерді, сенімді
рауилердің Расулаллаһтан риуаят еткендерін мойындап қабылдау басты шарт.
Алла – жалғыз, одан басқа тәңір жоқ, ол ешбір нәрсеге мұқтаж емес. Оның
ешбір теңі және баласы болған емес, болмайды да. Хазірет Мұхаммед – оның
расулі, нәбиі әрі құлы. Алланың кейбір есімдері бар, бірақ бұлар Алладан
басқа нәрселер деп айтуға болмайды. Ол біліп тұрушы, естуші, көруші және
құдірет күштің иесі. Оның екі қолы, екі көзі және жүзі бар, бірақ бұлардың
сипаты білінбейді. Құранда аталып өткен және сенімді хабарлармен
білдірілген осы сипаттар есту, көру, көз, жүз, ғылым, күш, құдірет, ұлылық,
тәкаппарлық, ерік, қалау, сөз және кәлам, ризалық, ашулану, өмір,
қырағылық, қуаныш, шаттық, күлу, міне осылардан саналады. Құбылаға мойын
бұрған мұсылмандардың ішіндегі ахлақты немесе ахлақсыз (пасық) адамға
жаназа намазы оқылады және одан қалған мирастар бөлініске түседі.
Кәлам ілімінің дүниеге

Бидғат ағымдары мен келіспеушіліктердің көбеюіне байланысты
мұсылмандар арасында кейбір бидғат топтары пайда болған кезде халық дұрыс
сенім мен жалған сенімдерді бір бірінен айыра алмайтындай күй кешті. Сол
себепті өздеріне көптеген ұсыныстар түсе бастағаннан кейін ислам ғұламалары
ислам дінінің методын анықтап дұрыс сенімдерді бұрыс әрі бұзылған
сенімдерден айыру үшін ислам ақидасын бабтар мен тарауларға бөле отырып бір
ілімді құрастырып шығарды. Осы ілімнің аясында ислам дінінің дұрыс ақидасын
баяндап, бидғат пен адасушылықтарды терістеді. Оны илм-ут таухид немесе илм-
ут таухид уас-сифат яки фикх-ул акбар деп атады. Таухид ілімі ислам
сеніміне қатысты үкімдерді кітап пен сүннет бойынша түсіндіретін ілім еді.
Салафи ғұламалары шешімін табу қиын болған кейбір мәселелермен айналыспады.
Бірақ Құран Кәрімнің көрсеткеніндей нақли дәлелдер арқылы терең талдамай ақ
ислам сенімін түсіндірді. Ислам сеніміне түсіндірме жасаған кезде тек Кітап
пен сүннеттің мәтіндеріне берік болды. Бұл тақырып бойынша алғаш рет
жазылған әрі осы күнге дейін жеткен еңбектер Имам Ағзам Әбу Ханифаға
тиесілі шығармалар. Олар мыналар: Әл-Фикх-ул Акбар, Әл-Алим уал-Мутааллим,
Әл-Фикх-ул Абсат, Әр-Рисала, Әл-Уасия.
Имам Ағзам жазған осы еңбектерінде рационалдық түсіндірмелерге де орын
берген. Осы бес еңбектің бірі Әл-Фикх-ул Акбар ислам ғұламаларының
құрметіне ие болып, оған көптеген түсіндірмелер жазылған. Али-ул Қаридің
(10141605 ж. қайтыс болған) жасаған түсіндірмесі осылардың ең тамашасы
болып табылады.
Осман империясындағы ғұлама Рұмели Казаскери Кемаледдин Ахмед әл-Баязи
(10981687 ж. қайтыс болған) Әбу Ханифаның ақидаға қатысты аталған бес
кітабын бір арнаға тоғыстырып түсіндірмесін жасап оны Ишарат-ул Марам мин
Ибарат-ил Имам деп атаған. Бұл кітап 13681949 жылы Мысырда жарияланды.
Мутазила ағымын құрған және кәлам ілімінің негізін қалаған Уасыл бин
Ата (131748 ж. қайтыс болған). Бір күні Басра қаласындағы мәжілісте Хасан
Басридің (110728 ж. қайтыс болған) ілім мәжілісіне бір адам келіп Қазір
үлкен күнә істеген адамды кәпірлікпен айыптайтын кейбір адамдар пайда
болды. (Бұлар харижилер еді) Кейбір адамдар болса (муржия) күпірмен бірге
мойынсұнудың пайда бермегені секілді, иманмен бірге үлкен күнәнің (масият)
да зарар бермейтіндігін айтып жүр. Бұл туралы сен қандай үкім айтасың деп
сұраған кезде Хасан Басри жауап бермей жатып оның шәкірттерінің бірі Уасыл
бин Ата Үлкен күнә жасаған адам (муртакиб-и кабира) мумин де емес, кәпір
де емес. Иман мен күпір арасындағы бір жерде (әл-мәнзилату бәйн-әл-
мәнзиләтайни) деді. Яғни пасық деді. Осыдан кейін ол Хасан Басридің
мәжілісінен тұрып кетіп қалады. Мәжілістің тіректерінің түбінде басқа бір
дәріс алқасын құрады. Сол кезде Хасан Басри Уасыл бізден бөлінді (итазала
анна Уасыл) дейді. Осыған байланысты Уасыл бин Атаға және оның артынан
ергендерге мутазила делінді.[1,7]
Имам Ашғари да (324936 ж. қайтыс болған) Уасыл мен оның соңынан
ергендердің мутазила деп аталуының басқа бір себебін былайша көрсетеді. Ол
кездері харижиялықтар үлкен күнә істеген адамды кәпір дейтін. Уасыл бин
Атаға дейін ешкім мұсылмандар арасында үлкен күнә істеген адамды мұсылман
да емес, кәпір де емес деп айтпаған. Мұсылмандардың көзқарасынан бөлінгені
үшін Уасыл бин Ата мен оған ергендер мутазила деп аталды. [1,8]
Уасыл бин Ата Амр бин Убайдпен (144761 ж. қайтыс болған) бірге
мутазила мазхабын құрып, теология саласына ақылдың басшылығын енгізеді.
Ахли суннатпен айтыс-тартысқа байланысты ислам теологиясы туралы еңбегін
жазады. Осылайша калам ілімі мутазиланың қолымен дүниеге келеді. Калам
ілімі ахли суннаттың жағына өткенге дейін мутазиланың, таухид болса ахли
суннаттың ілімі болады. Мутазила ақаид мәселелерін түсіндірген кезде ақылды
негізге алып, нақылды ақылға тәуелді етеді. Ақылмен үйлеспейтін
муташабихатқа ақыл қағидалары бойынша басқа мағыналармен түсіндірме жасады.
Уасыл бин Ата өз мазхабын басты басты бес негізге сүйендіреді.
1) Таухид: Мутазила бойынша Алла тірі (хай), (қадир), (мурид), барлық
нәрсені есітеді (самиғ) және көреді (басир)... Бірақ Алланың сипаттары оның
затымен бірдей. Затымен тілейді, затымен біледі. Алланың затынан басқа
сипаттарды оған қосу одан басқа бұрынғы сипаттарды қажет ететіндіктен бұл
таухидқа қайшы. Алайда олардың Алланың затынан басқа еш нәрсе бұрынғы емес
деген таухид көзқарастары бар. Таухид көзқарастары бойынша да Каламуллахты
(Құран Кәрім) жаратылған деп есептейді.
2) Әділдік немесе әділет: Алла құлдарына зұлымдық етпейді (бұған
мұсылмандардың барлығы да келіседі). Зұлымдық етпегендіктен де құлдар
өздері қалаған істерін өз еріктерімен қалайды және өз құдыреттерімен
жаратады. Құл (адам) өз әрекетінің жаратушысы. Алла Тағала құлдарының әмір
етпеген немесе тыйым салған істерін тілемейді және қаламайды да. Алла әмір
еткен істі немесе нәрсені қалайды. Егер адамның өз еріктерімен істеген
әрекеттерін Алла тілеген болса әрі қалаған болса, онда оларды жауапқа
тартып жазаландыру арқылы оларға зұлымдық жасаған болар еді және бұл Оның
әділетімен үйлеспейтін еді.
Құлдардың істерін өз еріктерімен және құдыреттерімен жаратуында және
осы әрекеттердің жаратылуында Алла араласпайтындығын қабылдау арқылы
Алланың әділетін қабылдағандықтарын айтады. Осылайша таухид пен әділет
туралы көзқарастарына байланысты өздерін асхаб-ул адл уат-таухид деп
атайды.
Мутазила құл үшін тиімді әрі лайықты болған нәрсеге мойынсұну Аллаға
уәжіп болып табылады. Өйткені Оның хикметі құлдардың мүдделеріне лайықты
болуы керек деген көзқарастарын да әділет принцибінің ішіне енгізуге
тырысқан.
3) Әл-Уағд уал-Уағид
Алланы сауабымен уәдесі (уағд) орындалады, азабымен уағиді орындалады.
Мутазила бойынша мумин бұл дүниеден мойынсұнумен және істеген үлкен
күнәсіна тәубе етіп озар болса жұмаққа кіреді. Істеген үлкен күнәсіна тәубе
етпестен өлер болса, онда тозақта мәңгілік қалады. Алла үлкен күнә жасап
алып бұл үшін тәубеге келмеген адамды өз мейірімімен немесе шапағатымен
кешірмейді. Үлкен күнә істеуден сақтанған адамдардың кішігірім күнәлары
кешіріледі. Тозаққа кірген адам ол жерден мүлдем шыға алмайды. Үлкен күнәсі
үшін тәубе етпестен өлген мұсылманның көрген азабы кәпірдікінен де аз
болады. Мутазила осы принцибімен күпір мен мойынсұну пайда бермейтіндігі
секілді иманмен бірге үлкен күнә да зарар бермейді дейтін муржияны
қабылдамайтын еді.
4) Әл-манзила байнал-манзилатайни
Мутазила амалды иманның бір бөлігі деп санайды. Үлкен күнә істеген
мумин иманнан айрылады. Кәпірге де жатпайды. Иман мен күпір арасындағы бір
жерде болады. Күнәсіна тәубе етпей өлсе мәңгілік жаханнамда болады. Уасыл
бин Ата бұл принциптерін былайша түсіндіреді: Иман қайырлы ерекше
қасиеттерден тұрады. Ол бір кісінің бойында жинақталған кезде ол адам мадақ
есім болып табылатын мумин деп аталады. Үлкен күнә істеген пасықтың қайырлы
ерекшеліктері болмайды. Аталған мақтау сөзге лайық болмағандықтан ол мумин
деп аталмайды. Үлкен күнә істеген адам да кәпір деп аталмайды. Өйткені оның
шахадаты пен кейбір қайырлы амалдары бар. Сонымен қатар оны мұсылман
болмағандар мен салық төлейтін басқа діндегілерден ажырату үшін муслим деп
атайды.[1,10]
5) Жақсылықты әмір ету және жамандықтардан тыю (әл-Амр бил-Мағруф уан-
Нахи ан-ил Мункар)
Жақсылықты әмір ету және жамандықтардан тыюдың да парыз екендігін
барлық мұсылмандар қабылдайды.
Мутазила бойынша күші жеткенінше жақсылықты үгіттеп адамды хақ пен
туралыққа шақыру, жамандықтардан тыю муминнің парызы болып табылады. Себебі
исламға шақырудың кең таралуы үшін, адасушылықтың тура жолға түсуі үшін,
мұсылмандардың діндерін бұзуға және дұрыс пен бұрысты бір бірімен
араластыруға тырысатындардың айласы мен шабуылдарын тойтару үшін осы әмірді
орындау өте маңызды әрі аса қажет болып табылады. Осыған байланысты
мутазила көбінесе дәлелге сүйене отырып, кейде күшпен өз көзқарастарын
жаюға тырысты. Сол себепті Құранның жаратылғандығын (махлуқ) қабылдату үшін
ахли суннат ғұламаларына қысым жасап отырды.Мутазиланың қолында калам ілімі
дүниеге келіп жайыла бастаған кезде салаф ғұламалары да халықты мутазиланың
калам ілімімен айналыспаулары жөнінде сақтандырды. Олар ислам ақидасын
түсіндіру үшін және халықтың сенімін адасқан ағымдардан сақтау үшін таухид
іліміне қатысты еңбектер жазумен болды.
Ахли Суннат каламына өту кезеңі: Ислам әлемінде хижри ІІ ғасырдың соңына
дейін пайда болған ағымдар басты басты мына мәселелерде қайшылыққа түсіп,
әр түрлі көзқарастарда болды:
1) Алланың сипаттарының түсінікті болуы және оның таухид
сенімімен байланысы.
2) Тағдыр (қадар) мен құлдардың іс-әрекеттерінің жаратылып
жаратылмағандығы жөніндегі мәселе.
3) Иманның ақиқаты, үлкен күнә, тәуба және күпір мәселелері.
4) Ақыл мен нақылдың шекаралары.
5) Имамдық (имамат) пен сахабалардың (асхаб-и кирам) үстемдігі.
Мутазила каламының дүниеге келуінен бір ғасыр өткеннен кейін мехнат
дәуірі (Даур-ул Михнат) келді. Хижри 218-232 жылдар аралығында Құранның
жаратылған екендігін қабылдату үшін Аббасидтер халифасы Мамунның (198813-
218833) билігінің соңғы жылдарынан Мутауаккилдің (232846-247861)
халифалығының алғашқы жылдарына дейін мутазила ғалымдары халифаларға ықпал
етіп ахли суннат ғалымдарына қысым жасап, жазалатып отырған. Кейбір
авторлардың пікірінше мутазиланың ахли суннат ғалымдарына осындай үлкен
қысым жасаттыруларының себебі оларға Құран Кәрімнің жаратылған (махлуқ)
екендігін қабылдата отырып христиандардың ислам сенімін (ақидасын) бұзуына
мүмкіндік бермеу болып табылады. Өйткені Құранда Хз. Иса туралы Мариям ұлы
Мәсіх Иса тек қана Алланың елшісі және Сөзі, оны Мәриямға берген (Ниса
сүресі, 171) делінген. Христиандар мұсылмандардың Каламуллахтың
жаратылмағандығына (махлуқ еместігіне), оның бұрыннан бар екендігіне
(қадим) сенетіндіктерін білетін болса Хз. Иса да Алланың сөзі, ол
жаратылмаған, ол бұрыннан бар (қадим) деп теріс пропаганда жүргізуі мүмкін
еді. [1,11]
Құранның жаратылысы (халқ-ул Қуран) мәселесі бойынша мұсылмандарға
зорлық-зомбылық жасалған соң кейбір салаф ғалымдары мутазиланың
көзқарастарын терістеу үшін және бидғат өкілдерінің пікірлерінің жайылуының
алдын алу үшін ислам сенімін ақыл қағидаларымен қолдауды қажет деп тапты.
Осы ғалымдардың алдыңғы сапында Абдуллах бин Сағид әл-Куллаб әл-Басри
(240854 ж. қайтыс болған) мен Харис әл-Мухасиби (243857 ж. қайтыс болған)
болды. [1,12]
Абдуллах бин Сағид әл-Куллаб әл-Басри бидғат өкілдеріне жататын жахмия
мен мутазилияны терістеу үшін осы екі ағымның әр түрлі тұстарын ортаға
қойды. Методын мутазилия каламының методымен күшейтті. Бір ғасырға жуық
уақыттан кейін келген Әбул Хасан әл-Ашариға (324936 ж. қайтыс болған)
алғышарттар дайындады. Ибн Куллаб кезеңінен бастап салаф үмметіндегі ахли
суннат мазхабы мен жахмия және мутазилия ұстанған ахли бидғат мазхабы
арасында калам іліміне өту ерекшелігі бар жаңа ахли суннат мазхабы дүниеге
келді және сондай-ақ осы мазхабты түсіндіретін каламға қатысты еңбектер
жазыла бастады.
Ибн Куллаб және Бағдат сопыларының (мутасаууф) басшысы Харис әл-
Мухасиби таухид ілімінен ахли суннаттың калам іліміне өту дәуірінің
өкілдері болды және олар калам ілімінің қайта өңделіп ахли суннаттың қолына
өтуіне жағдай жасады. Ақаидта ақылды қолдана отырып кейбір мәселелерде
салаф методынан бөлінетін және ахли суннат каламына бастама болып табылатын
жаңа каламды дүниеге келтіргені үшін Ибн Куллабпен алғашқы ислам
теологтарының (қудама-и мутакаллимин) дәуірі басталады. Кейбір авторлар
алғашқы каламшылардың дәуірін Ашаримен бастайды. [1,13]
Ибн Куллабтың заманында ислам философиясы да құрыла бастаған болатын.
Осы кезеңде мутазилия каламшысы ислам философы (Файласуф-ул Араб) Абу-л
Хукама Яқуб бин Исхақ әл-Кинди (252866 ж. қайтыс болған) исламның аясынан
шықпай Платон (б.з.д. 427-347), Аристотель (б.з.д. 384-322) және Плотин
(б.з. 203-270) философияларына барын тірелетін жаңа философияны жасап
алғашқы ислам философы болды.
Ахли суннат каламына өту дәуірінде мұсылмандар арасында басты 4 ағым
бар еді.
1) Салафия (ахли суннат-и хасса немесе салаф мазхабы).
2) Ахли суннат-и Амма. Бұл мазхабтың өкілдері ахли суннаттың каламына
өту үшін оның алғышарттарын жасаған Абдуллах бин Саид әл-Куллаб
және Харис әл-Мухасиби секілді тұлғалар еді.
3) Мутазилия. Әбу-л Хузайл әл-Аллаф (235850 ж. қайтыс болған) осы
мазхабтың өкілі еді.
Мутазилия Алланың сипаттары, Құранның жаратылуы және Алланы көру
(руийатуллах) мәселелерінде жахмияға еретіндіктен ахли суннат тарапынан
жахмия деп те аталған. Ал олар бұл есімді қабылдамай қарсы шығатын еді.
4) Әл-Кинди құрған философиялық мектеп. Әл-Киндиден шамамен бір ғасыр
кейінірек келген Әл-Фарабидің (339950 ж. қайтыс болған) арқасында
ислам философиясы толықтай құрылып, Ибн Синада (4281037 ж. қайтыс
болған) дамыды. Әл-Киндиді қоспағанда ислам философтары көне грек
философиясына сүйене отырып ислам сеніміне қатысты тақырыптарда
пікірлерін білдірді.
Хижри ІІ ғасырдың соңына қарай шиилік шапанына бүркенген батиния
мазхабы да жамандық пен бүлік тудырып, мұсылмандардың арасында
дінсіздіктерін жаю үшін бас көтерді.
Ахли Суннат каламының пайда болуы: Әр түрлі көзқарас ағымдары көбейген
осындай кезеңде хижри ІІІ ғасырдың соңы мен ІҮ ғасырдың басында Әбул Хасан
әл-Ашғари (324936 ж. қайтыс болған) ортаға шықты. Ол 40 жасқа дейін
мутазила мазхабының өкілі болды. Ол сондай-ақ калам ілімін мутазилияның
басшыларының бірі болған Әбу Али әл-Жуббаиден (303915 ж. қайтыс болған)
үйренді және мутазилия мазхабының имамдарының бірі болды. Ашғари Жуббаидің
өгей баласы еді. Хижра жыл санауы бойынша 300 жылдары мутазилия мазхабының
кемшіліктерін көріп бұл мазхабты тастап шықты. Тарих пен мазхабтар
тарихында айтылғаны бойынша ол ұстазы Жуббаимен болған үш бауырға
байланысты айтыста жеңіске жеткендіктен ахли суннат мазхабына кірген. Үш
бауыр мәселесі мутазилияның Алла Тағала құлдарының жақсылықтарына
моойынсұнуы уәжіп деген сөзіне негізделетін. Ашғари мен Жуббаи арасындағы
әңгіме былайша өрбіді.
Ашғари Жәббаиге сұрақ қояды: Бір муминнің Алладан қорқатын, екіншісі
пасық және қарақшы, үшіншісі кәмелетке толмай жатып қайтыс болған үш
ағайынды туралы не дейсің?.
Жуббаи: Мумин жәннаттың жоғары дәрежелерінде, пасық тозақтың
қабаттарында, ал бала құтылға болады.
Ашғари: Бала жәннатта муминнің дәрежелеріне кіруді және соған жетуді
қаласа, оған рұқсат беріле ме?
Жуббаи: Жоқ. Балаға былай деп айтады: Сенің бауырың бұл дәрежеге көп
құлшылық етумен және көп жақсы істер жасаумен қол жеткізді. Сенің болса
құлшылығың жоқ.
Ашғари: Егер бала Кінә менде емес. Егер маған өмір бергеніңде
құлшылық жасайтын едім десе Алла оған қандай жауап берген болар еді?
Жуббаи: Алла былай дер еді Сен өмір сүргенде күнә жасап ауыр азапқа
лайықты болар едің. Осылайша тозаққа баратын едің. Мен мұны білгендіктен
сенің ісіңе оң қарадым, жауапкершілік жасына жетпей жатып сені өлтірдім.
Ашғари: Егер де сол кезде тозақтың қабаттарының ішінен пасық: Ей
әлемдердің иесі (раббы)! Оның жағдайын білгенің сияқты менің де жағдайымды
білетін едің. Неге оның жағдайына оң қарап, маған теріс қарадың. Мені де
кішкентай кезімде өлтіргеніңде дұрыс болар еді деген кезде Хақ Тағала
қандай жауап береді?
Жуббаи: Сен адастың!
Ашғари: Жоқ адаспадым. Бірақ шейхтың көлігі көпірдің үстінде тоқтап
қалды (осымен айтарға сөз қалмады).
Жуббаи сасып қалып жартымды жауап бермеген соң Ашғари мына сөздерді
айтқан екен: Алла зул-Жалал, илаһи (құдайлық) үкімдерін мутазила
таразысымен тартудан аулақ болады.[25,16]
Осыдан кейін үйінде 15 күндей болады. Бір жұма күні Басра мешітінде
мінберге шығып мутазила мазхабынан бөлінгендігін және ахли суннат мазхабына
қайта кіргендігін жариялайды.
Ашғари риторика мен пікірталаста өте күшті болатын. Ашғари қалған
өмірінің 24 жылын суннат мазхабын түсіндіріп, оны қорғаштаумен және адасқан
ағымдарды (ахли бидғат), айрықша мутазилияны терістеумен өткізді.
Мутазилияның терістеген Алланың субути сипаттарын (өмір, білім, ерік,
құдірет, есту, көру, кәлам сипаттарын) дәлелдеп, Алланың заты мен
сипаттарында басқаларға ұқсатылуына қатты қарсы шықты, Алланы кешіліктерден
ада етіп көрсетуде салафқа жүгінді. Дәл Ахмед бин Ханбал сенгені секілді
Ашғари де Алланың қолы мен жүзі секілді хабарлық сипаттарына басқа мағына
бермей, басқа нәрселерге ұқсатпай, мысалсыз және дәл сол күйінде
қабылдайды. Үш негізді яғни Алла және оның сипаттары, пайғамбарлық және
ақырет тақырыптарын да ақаидқа енгізіп, калам ілімін аяқтады. Ақаид
тақырыбына байланысты шығармаларының барлығы Калам ілімі (Ахли суннат
каламы) деп аталды. Мутазилия мазхабынан бөлініп шыққаннан кейін мына
еңбектерді жазды.
1) Әл-Ибана ан усул-ид Диана атты еңбегін жазды. Айрықша
Шииліктегі Имамия ағымын терістеу үшін имамдық мәселелерін де
калам ілімінің ішіне енгізді. Әл-Ибана атты еңбегінде сахаба,
табиғин және Ахмед бин Ханбалдың сеніміне жүгінетіндігін
айтады. Әл-Ибана ан усул-ид Диана бірнеше мәрте баспада
жарияланды. Француз, ағылшын және неміс тілдеріне де
аударылды.
2) Әл-Лумағ фир-радди ала аһлиз-Зайғи уал-Бидға
3) Ашғари Мақалат-ул Исламийин атты еңбегінде адасқан ағымдар
туралы объективті түрде баяндайды және ахли суннаттың
сенімінің негіздері мен кейбір калам мәселелеріндегі
келіспеушіліктерді де баяндайды. Бұл кітап бірнеше рет
басылған. 1928 ж., 1933 жылдары Стамбулда, 1969 жылы Мысырда
жарияланды.
4) Рисала фи Истихсани-ил хауд фи Илм-ил Калам еңбегі 11 беттік
трактат (Хайдарабад, 1344). Бұл еңбегі әр түрлі баспаханаларда
басылған. Ашғари осы трактатында ислам сенімін дәлелдеуде және
қорғауда калам ілімінің қажеттілігін көрсетеді. Калам іліміне
қарсы шыққан хадисшілерге қарсы шығады.
5) Рисала ила аһл-ис-Сағр би-Баб-ил Абуаб. Кывамуддин Бурслан осы
трактаттың түпнұсқасын түрік тіліндегі аудармасымен бірге
жариялады (Дінтану факультеті журналы, № 7, 154-176 б.б.; № 8,
50-108 б.б.)
6) Рисалат-ул Иман атты еңбегі неміс тіліне де аударылған.
Ибн Асакир (5711176 ж. қайтыс болған) Табийин-ул Казб-ил-Муфтари
фима нусиба ила-л-Имам-ил Ашғари атты еңбегінде көрсетуі бойынша[1,15]
Ашғари өмірінің соңғы кезеңдерінде қалам тартқан әл-Умад атты кітабында
мутазилия мазхабын тастап шыққан кезден бастап жазған 70-ке жуық еңбегінің
аттарын және бұл еңбектердің нені қарастыратындығын баяндаған. Бірақ оның
қазіргі күнге дейін жеткен еңбектері жоғарыда атап өткендеріміз ғана. Оның
70 томдық тәпсір жазғандығы айтылады. Ашғаридің барлық еңбектерін қамтитын
әл-Мужаз-ул Кабир атты кітап жазғандығы да айтылады.
Ашғари құрған калам ілімін одан ары қарай дамытқан және рационалдық
ғылымдардың ең жоғарғы дәрежесіне жеткізген Әл-Каади Әбу Бакир әл-Бақиллани
(4031013 ж. қайтыс болған) болып табылады. Әл-Киндимен басталатын ислам
философиясын Фараби (339950 ж. қайтыс болған) мен Ибн Сина дамытты.
Метафизика (илахият) саласында бұл философия калам ғылымымен үйлесім таба
алмады.
Сол себепті Бақиллани калам ілімін кемелдендіру үшін кейбір ақылдық
принциптерді ортаға салды.
Калам іліміндегі бөлінбейтін бөлшек немесе атом, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы жайлы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Түркі сопылық ерекшеліктері
Қазақтың маркстік философиясы
Мұсылман философиясы
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Көзқарас және философия
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Пәндер