Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа дәуір философиясы

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Ф. Бэкон өмірбаяны
  2. Ф. Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкіл

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе

ХVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар қарқынды дами бастады. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-білу қажеттіктері философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрі дүниетанымдық (гнесеологиялық) сұрақтарға бетбұрысты туғызды. Ғылымды дамыту қажеттіктері жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан академия деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неопаль қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы”, осы кезде Англияда “Лондондағы карольдық қоғам’’, Парижде “Жаратылыстану академиясы” құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль - қазіргі физика мен химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін қалаған, Исаак Ньютон - механика ғылымының негізін жасаған, Христиан Гюйгенс - алғашқы маятникті сағатты ойлап шығарған т. с. с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді.

Бұл уақыттағы жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше-түрлі механизмдерді жасау кажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол Кайта Өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни төзімшілдік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген құқығы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала бастады. Ғылым мен діннің ара-қатынасы бұрынғыдай “қос ақиқат” принципі бойынша шешіліп, сонымен қатар деистік (deus-құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүние жаратқан күш ретінде ғана түсінеді, ал содан соң жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай-тағала оның өміріне енді ешқашан әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты.

Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ, онда бір-біріне қарсы тұрған әдістемелер (методтар) кеңінен қолданыла бастады. Ол -бір жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан, Дүниені математикалық- абстракталық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үміт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесі қатты сынға алына бастады. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін зерттеуі кажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.

Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір кеңінен таратылады. Мінеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуірдегі философияны тудырып, оны әрі қарай дамытады. Енді нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.

Өмірбаяны

Ағылшын философы, жаратылыстанушы, тарихшы әрі мемлекетік қайраткер. Ағылшын эмпирикалық философиясының негізін салушы. Френсис Бэкон (1561-1626ж. ж) - 1561 жылы Лондонда белгілі ақсүйек лордтың отбасында дүниеге келген. Жастайынан өзінің алғырлығымен көзге түскен Френсис 12 жасында-ақ Кембридж университетінің саясаттану бөліміне түседі. Университетте оқып жүріп, ол әртүрлі дискуссиялық клубтарда белсенді іс-әрекеттер жасап, өзінің ақыл-ой парасаттығының дамуына үлкен үлес қосады. Төрт жылдың ішінде-ақ бес жылдық оқу курсын аяқтап, Париждегі ағылшын елшілігінде үш жыл хатшылық қызмет атқарады. 1582 жылы Лондонға қайтып келген Френсис үш жылдай құқылық практикамен айналысады. Кейін тәжірибесі мен дәрежесі өсе келе корольдің үлкен мөрін сақтуашысы болып жұмыс істеген. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618 жылы ең жоғарғы лорд-канцлерлік әкімшілік орынға ие болып. Англияның билік өкілдерінің ішінде корольден кейінгі дәрежесі жағынан екінші адам болады. Король Яков І оған Верулам деген жердегі үлкен қорғанды сиға тартып, «Верулам лорды» деген атақ береді. Кейбір әдебиеттерде оны Френсис Веруламский деп те атайды. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Бұған себеп болған оны парақорлықпен айналысты деп айыптаған. Тіпті оны Корольдік сотта соттап, қырық мың фунт стерлинг төлетуіне мәжбүрлеген. Бұл оқиғадан кейін оның билік сахнасынан мүлдем кетуіне тура келеді. Бірақ Френсис Беконның биліктен кетуі оның философиямен айналысуына жол ашылады. Ендігі қалған өмірін философия мен ғылымға арнаған ол әлемді қамтитын алты кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлаған. Алайда тек оның екеуін ғана жазып үлгерді. Бірі - «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», екіншісі - «Жаңа Органон». Френсис Бекон тәжәрибелік материализмді қолдады. Өзі де тәжірибелер жүргізді. Оның дүние салуы да осы тәжірибе жүргізуден болды. Бұл тәжірибесінде ол тауық етін қарға көміп қойып, оның қанша уақыт бойы бұзылмайтынын тексеру еді. Осы тәжірибені жасау брысында суық тигізіп алған Англия жаңа ғасыр философиясының негізін қалаушысы Френсис Бекон Веруламский 1726 жылы аурудан қайтыс болады.

Ф. Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі.

Орта ғасырлардағы схолостикалық логиканың тұлдығын жан-жақты сынап, оны бедеулік іс-әрекет екендігін көрсетеді. Оны жаңадан ғылымдардың жаңалықтар ашып, табиғатты жан-жақты тануының алдындағы үлкен тосқауыл деп білді. Логика оның бойынша өз формаларының өзара қатынастарын зерттеуден гөрі табиғатты зерттеудің құралы болуы тиіс. Осы тұрғыдан ол Аристотельдің «Органонын» қатты сынға алды, ол өз міндетін атқара алмады деп ойлады. Бірақ орта ғасырлық схолостикалық формальдық логика мен Аристотель логикасын бір нәрсе деп, соңғысын көбіне тар өрісте көрді. Осындай мақсатпен 1620 өзінің ең атақты еңбегі «Жаңа Органон» деген еңбегін жазды.

Ф. Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде “ Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуі жөнінде”, “Жаңа Органон”, “Жаңа Атлантида” деген еңбектерін атап өтуге болады.

Ф. Бэконның шығармаларының ерекшеліктері - ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе, табиғатты зерттеудің қажеттілігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы - тәжирибелік зерттеулер. “Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқаттың, ғылымның жетістіктері мен жемістері - оның ақиқаттығының көрінісі”, - дейді ұлы ойшыл.

Тәжірибені талдай келе, Ф. Бэкон оны екіге бөледі. Олар - жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.

Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, дамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы керек. Олар - 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия.

Тарих ғылымын Ф. Бэкон екіге бөледі. Олар -жаратылыстану тарихы, екіншісі - азаматтық тарих.

Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.

Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктерге сай, Ф. Бэкон Құдай мәселесін “қос ақикат” тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.

Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф. Бэкон оны да екіге бөледі. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия- жемісті тәжірибелерге сүйеніп, табиғатта бұрынғы-сонды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.

Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туындысы ретінде оны философиялық антропология, ал қоғамның мүшесі ретінде азматтық философия зерттейді.

Қорытынды

Ф. Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселін тигізетін нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерелеу қажет. Сонда ғана әдістемелерге жол ашылып, зерттеулердің тиімділігі артады. Сол ғылымдағыкедергілерді Ф. Бэкон “идолдар”, ия болмаса “елестер” дейді. Олар - төртеу.

Бірінші елес - тектік идолдар. Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны біз казіргі тілмен “антропоморфизациялау” деп айтар едік. Ол сонау көне заманда пайда болған мифалогияға келіп тіреледі. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-білуге боғытталған кезде, оларды “өзіне ұқсатып” түсіндіруге тырысады. Текті елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкін емес. Бұл Ф. Бэконның айткан ойларын растау үшін мынадай мысал келтірейік. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниедегі ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөнінде неше түрлі аңыздарды тудырды. Ол қазіргі заманның тудырған мифтері бойынша, ұшып келген тарелкалардын ішінен шыққан пенделер нақ жердегі адамдар сияқты екі аяқты, қолды, екі көзді, тек олардың түсі-көкшіл т. с. с.

Әрине, кең ғарыштың кеңістігінде басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда өмір және сол өмірдің биік ғажап шыңы - рух пайда болуы мүмкін. Бірақ ол рухтың иесі тек адам сияқтыболуы тіпті кажетті емес. Бірақ, адм оны өзіне ұқсатып көргісі келеді. Ал, бізге ең жақын орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелік екенің ескерсек, әғни 360 мың км/сек жылдамдықпен 5 жыл ұшу кажет және А. Эйнштейннің салыстырмалы теориясына сай ондай жылдамдықтың шеңберінде заттың салмағы күрт өсіп, кеңістіктегі алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, - онда қайсыбір тіршілік түрі мұндай қашықтықты өте алмайтынына көзіміз жетеді. Сонымен, ғылыми тұрғыдан қарағанда, “тарелка” мифінің орынсыз екендігін көруге болады. Міне, бұл Ф. Бэконның айтқан тектік идолдарының бүгінгі таңдағы бір көрінісі ғана.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Ф. Бэкон – Өмірбаяны
Философия пәні
Табиғатты зерттеудегі объективтілік
Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушылар
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұны
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Орта ғасырдағы теологиялық философия
Герменевтика философиясының негіздері
17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz