Ф. Бэкон – Өмірбаяны



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа дәуір философиясы

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Өмірбаяны
2. Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкіл
3. Жаңа Органон
4. Тәжірибелік-индуктивтік әдістеме жасау
Қорытынды
Қолданылғын әдебиеттер

Кіріспе
ХVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар
қарқынды дами бастады. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-білу қажеттіктері философия
саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрі дүниетанымдық
(гнесеологиялық) сұрақтарға бетбұрысты туғызды. Ғылымды дамыту қажеттіктері
жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болады. Оларды сонау
Платонның заманынан келе жатқан академия деген сөзбен атай бастайды. 1560
жылы Неопаль қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы”, осы кезде
Англияда “Лондондағы карольдық қоғам’’, Парижде “Жаратылыстану академиясы”
құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль – қазіргі физика мен
химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін қалаған, Исаак Ньютон – механика
ғылымының негізін жасаған, Христиан Гюйгенс – алғашқы маятникті сағатты
ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді.
Бұл уақыттағы жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика
ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа
машиналар мен неше-түрлі механизмдерді жасау кажеттіктері болатын. Әрине,
жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор
әсерін тигізіп материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол Кайта
Өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның
өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп
тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте
азайып, оның орнына діни төзімшілдік, әрбір адамның қандай дінге сенуге
деген құқығы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала бастады. Ғылым мен
діннің ара-қатынасы бұрынғыдай “қос ақиқат” принципі бойынша шешіліп,
сонымен қатар деистік (deus-құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты
Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүние жаратқан күш ретінде ғана
түсінеді, ал содан соң жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір
сүре бастайды, Құдай-тағала оның өміріне енді ешқашан әсерін тигізбейді.
Мұндай көзқарас ғалымдардың табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына
кеңінен жол ашты.
Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ , онда бір-біріне
қарсы тұрған әдістемелер (методтар) кеңінен қолданыла бастады. Ол –бір
жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу,
екінші жағынан, Дүниені математикалық- абстракталық жолмен сараптау.
Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үміт тудырады, жаңа
зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау
жүйесі қатты сынға алына бастады. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың
ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы
керек, олар ерікті түрде өз пәнін зерттеуі кажет деген ой қоғамдық санада
басымдыққа ие болады.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше , ол табиғаттың терең
заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір
кеңінен таратылады. Мінеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуірдегі
философияны тудырып, оны әрі қарай дамытады. Енді нақтылы түрде соған
назарымызды аударайық.

Өмірбаяны
Ағылшын философы, жаратылыстанушы, тарихшы әрі мемлекетік қайраткер.
Ағылшын эмпирикалық философиясының негізін салушы. Френсис Бэкон (1561-
1626ж.ж) – 1561 жылы Лондонда белгілі ақсүйек лордтың отбасында дүниеге
келген. Жастайынан өзінің алғырлығымен көзге түскен Френсис 12 жасында-ақ
Кембридж университетінің саясаттану бөліміне түседі. Университетте оқып
жүріп, ол әртүрлі дискуссиялық клубтарда белсенді іс-әрекеттер жасап,
өзінің ақыл-ой парасаттығының дамуына үлкен үлес қосады. Төрт жылдың ішінде-
ақ бес жылдық оқу курсын аяқтап, Париждегі ағылшын елшілігінде үш жыл
хатшылық қызмет атқарады. 1582 жылы Лондонға қайтып келген Френсис үш
жылдай құқылық практикамен айналысады. Кейін тәжірибесі мен дәрежесі өсе
келе корольдің үлкен мөрін сақтуашысы болып жұмыс істеген. Оның мемлекеттік
қызметте жеткен шыңы – ол 1618 жылы ең жоғарғы лорд-канцлерлік әкімшілік
орынға ие болып. Англияның билік өкілдерінің ішінде корольден кейінгі
дәрежесі жағынан екінші адам болады. Король Яков І оған Верулам деген
жердегі үлкен қорғанды сиға тартып, Верулам лорды деген атақ береді.
Кейбір әдебиеттерде оны Френсис Веруламский деп те атайды. Алайда, саясатта
тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады.
Бұған себеп болған оны парақорлықпен айналысты деп айыптаған. Тіпті оны
Корольдік сотта соттап, қырық мың фунт стерлинг төлетуіне мәжбүрлеген. Бұл
оқиғадан кейін оның билік сахнасынан мүлдем кетуіне тура келеді. Бірақ
Френсис Беконның биліктен кетуі оның философиямен айналысуына жол ашылады.
Ендігі қалған өмірін философия мен ғылымға арнаған ол әлемді қамтитын алты
кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлаған. Алайда тек оның екеуін ғана
жазып үлгерді. Бірі – Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы, екіншісі –
Жаңа Органон. Френсис Бекон тәжәрибелік материализмді қолдады. Өзі де
тәжірибелер жүргізді. Оның дүние салуы да осы тәжірибе жүргізуден болды.
Бұл тәжірибесінде ол тауық етін қарға көміп қойып, оның қанша уақыт бойы
бұзылмайтынын тексеру еді. Осы тәжірибені жасау брысында суық тигізіп алған
Англия жаңа ғасыр философиясының негізін қалаушысы Френсис Бекон
Веруламский 1726 жылы аурудан қайтыс болады.

Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі.

Орта ғасырлардағы схолостикалық логиканың тұлдығын жан-жақты сынап, оны
бедеулік іс-әрекет екендігін көрсетеді. Оны жаңадан ғылымдардың жаңалықтар
ашып, табиғатты жан-жақты тануының алдындағы үлкен тосқауыл деп білді.
Логика оның бойынша өз формаларының өзара қатынастарын зерттеуден гөрі
табиғатты зерттеудің құралы болуы тиіс. Осы тұрғыдан ол Аристотельдің
Органонын қатты сынға алды, ол өз міндетін атқара алмады деп ойлады.
Бірақ орта ғасырлық схолостикалық формальдық логика мен Аристотель
логикасын бір нәрсе деп, соңғысын көбіне тар өрісте көрді. Осындай
мақсатпен 1620 өзінің ең атақты еңбегі Жаңа Органон деген еңбегін жазды.
Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде “Ғылымдардың қадырлығы
мен көбейуі жөнінде”, “Жаңа Органон”, “Жаңа Атлантида” деген еңбектерін
атап өтуге болады.
Ф. Бэконның шығармаларының ерекшеліктері – ол білімнің өмірге деген
қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе, табиғатты
зерттеудің қажеттілігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы –
тәжирибелік зерттеулер. “Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да
ақиқаттың, ғылымның жетістіктері мен жемістері – оның ақиқаттығының
көрінісі”,- дейді ұлы ойшыл.
Тәжірибені талдай келе, Ф.Бэкон оны екіге бөледі. Олар – жемісті
тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе,
екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер
өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек
береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу
мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, дамның жан
дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы керек. Олар
– 1.есте сақтау; 2.қиял; 3.ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым –
тарих, қиялға – поэзия, ақыл-ойға – философия.
Тарих ғылымын Ф. Бэкон екіге бөледі. Олар –жаратылыстану тарихы,
екіншісі – азаматтық тарих.
Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның
жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.
Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар –
Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктерге сай,
Ф.Бэкон Құдай мәселесін “қос ақикат” тұжырымы арқылы қарайды. Философия
саласында Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, ол
теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф. Бэкон оны да екіге бөледі. Олар
– теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі
тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия- жемісті тәжірибелерге
сүйеніп, табиғатта бұрынғы-сонды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды
тудырады.
Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туындысы ретінде оны
философиялық антропология, ал қоғамның мүшесі ретінде азматтық философия
зерттейді.

ЖАҢА ОРГАНОН
Табиғатты түсіндіру және адам патшалығы жөнінде афоризмдер

1) Адам табиғаттың қызметшісі және түсіндірушісі, оның реттілігін ісімен
және пайымдауымен қаншама ұғынса, соншама атқарады әрі түсіндіреді, одан
артық ол білмейді және біле де алмайды.
2) Құр қол да, жалаң зерде де өз өздігінде тек дәрменсіз. Іс құралдармен
және қажетті амалдармен бітеді, олар қолға қанша қажет болса, зердеге де
сонша қажет. Құралдар қолға қаншалықты айла әрі бағыт беретін болс, ақылдың
құралдары да зердеге соншалықты нұсқаулар мен ескертпелер береді.
3) Адамның білімі мен құдіреті тепе-теңдік, өйткені себепті білмеу істі
қиындатады. Табиғат оған тек бағынумен жеңіледі, аңдауда себеп болатын
нәрсе іс-әрекетте ереже болып табылады.
4) Іс-әрекетте адам табиғат денелерін тек біріктіріп және ажыратудан
басқа ешнәрсе істей алмайды. Қалғанын табиғат өз ішінде жасайды.
5) Өз істерінде механиктер, математиктер, емшілер, алхимиктер және
сиқыршылар да табиғатты біршама аңдайды, бірақ бұл жағдайда табыстар әлсіз
және әрекеттер мардымсыз.
8) Осы уақытқа дейін білетіндеріміз үшін адамдар ғылымдардан гөрі
кездейсоқтық пен тәжірибеге қарыздар. Біз қазір ие болып отырған
ғылымдарымыз жаңа істерді ашудың тәсілдері мен жол көрсеткіштері емес,
белгілі нәрселердің қосындысы ғана.
9) Ғылымдардағы барлық тығырықтардың түпкі себебі мен тамыры бір нәрседе:
біз адам ақылының күшіне алдамшы түрде таңданамыз, оларды көкке көтереміз
және олар үшін нағыз көмекті іздемейміз.
10) Табиғаттың нәзіктігі сезімдер мен зерденің нәзіктігінен әлдеқайда асып
түседі, сондықтан барлық керемет аңдаулар, пайымдаулар, түсіндірулер –
мағынасыз нәрселер; тек соны көретін ешкім жоқ.

11) Жаңадан жаңалықтар ашу үшін қазіргі барлық мағынасыз ғылымдар сияқты,
білімдер ашу үшін қазіргі барлық логика да жарамсыз.
12) Қазіргі кезде қолданып жүрген логика жаппай қолданған ұғымдарда
негізделгендіктен ақиқатты іздеуден гөрі адасушылықтарды нығайту және
сақтау үшін қызмет етеді. Сондықтан оның пайдасынан гөрі зияны көп.
13) Силлогизм білім ұстанымын қолдануға жарамсыз, ол табиғаттың
күрделілігіне тіпті де сәкес болмағандықтан орта аксиомаларға мардымсыз
дәрежде ғана қолданылады. Сондықтан ол өзіне заттарды емес, пікірлерді ғана
бағындырады.
14) Силлогизмдер сөйлемдерден, сөйлемдер сөздерден тұрады, ал сөздер –
ұғымдардың белгілері. Сондықтан егер барлығының негізін құрай отырып,
ұғымдардың өздері шатастырылған және заттардан еш ойланбастан ажыратылған
болса, онда олардың құрған нәрселерінде ешбір беріктік жоқ. Сондықтан
жалғыз үміт артатынымыз нағыз индукция.
15) Логикада да, физикада да ұғымдарда еш дұрыс мағына жоқ. Субстанция,
сапа, әрекет, кемістік тіпті болмыс дегендер жақсы ұғымдар болып
табылмайды; одан да жаман ұғымдар: ауыр, жеңіл, қою, сұйық,
ылғал, құрғақ, тудыру, ыдырау, жаратылыс, алшақтау, элемент,
материя, форма және сол сияқты басқалар. Бұлардың барлығы ойдан
шығарылған және нашар анықталған.
16) Ұғымдардың төменгі түрлері – адам, ит, көгершін және тікелей
қабылдай сезімдерін көрсететін ұғымдар ыстық, суық, ақ, қара -
бізді айқын түрде адастырмайды, бірақ та олар да материяның ағымдылығынан
және заттардың араласуынан кейде көмескі тартады. Осы уақытқа дейін адамдар
қолданып келген ұғымдар заттардан дұрыс тәсілмен бейнеленбеген және олардан
дұрыс шығарылмаған, ауытқыған.
18) Осы уақытқа дейін ғылымдардың ашқандары толығымен кәдімгі ұғымдар
аумағына жатады дерлік. Табиғаттың тереңіне және қиырына жету үшін ұғымдар
мен аксиомаларды заттардан дұрыс және айрықша абайлықпен бейнелеу қажет
және зерденің жақсы және сенімдірек жұмысы қажет.
19) Ақиқатты іздеудің және ашудың екі жолы бар және болуы мүмкін. Біреуі
сезімдерден және жекеліктерден ең жалпы аксиомаларға қалықтап және бұл
негіздерден олардың айнымас ақиқатынан шыға отырып, орта аксиомаларды ашады
және талдайды. Қазір де осы жолды қолданып жүр. Басқа жолы: үздіксіз және
біртіндеп, соңында жалпырақ аксиомаларға жеткенше, көтеріле отырып,
аксиомаларды түйсіктерден және бөліктерден шығарады. Бұл нағыз ақиқат,
бірақ әлі сыналмаған жол.
20) Зерде өзінің өздігінде сол, диалектика ережелері апаратын, атап
айтқанда, бірінші жолға түседі. Өйткені рух ең жалпылыққа бірден көтерілуге
ұмтылады да, сонда тыныштық тауып, тез арада тәжірибеден ескермеуге бой
ұрады. Оның үстіне бұл кемістікті диалектика өзінің көпірме айтыстарымен
ушықтырып жібереді.
21) Парсатты, төзімді және қажырлы ақыл болса (әсіресе, егер оған бұрын
меңгерілген ілімдер кедергі жасамаса) өз өздігіндегі зерде біршама осы
екінші, ақиқат жолмен жүруге тырысады, бірақ ол көбіне өнімсіз. Өйткені оны
үнемі басқарып отырмаса және оған көмектесіп отырмаса, онда зерде өз
өздігінен дәрменсіз және заттардың түнектігін жеңуге мүлдем қабілетсіз.
22) Бұл екі жол түсініктер мен жекеліктерден басталып және жоғарғы
жалпылықта аяқталады. Бірақ олардың айырмашылығы өлшеусіз. Өйткені біреуі
тәжірибені және жекеліктерді тек астыртын жанап өтеді, екіншісі тиісті
тәртіппен оларға тоқталады. Біреуі бірден небір абстрактылы және пайдасыз,
жалпылықты орнатады, екіншісі біртіндеп шынымен де табиғатқа не сай болса,
соған көтеріледі.
23) Адам ақылының сиынатыны мен құдайлық зерденің идеяларының, яғни бос
пікірлер мен бізге өз өздігінен ашылатын табиғат туындыларының шын
қасиеттері мен нағыз белгілері арасында айырмашылық аз емес.
24) Ешқашан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
Ф. Бэконның эмперизмі
Джордж Берклидің өмірбаяны
Философия және дүниеге көзқарас
Орта ғасырдағы Еуропа тарихы
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Аристотельдің өмірбаяны
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ертедегі грек тарихшылары
Оқыту теориясы туралы
Пәндер