Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту


Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазақстан өз дамуында жаңа серпіністер жасауы қажет, Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Бұл жөнінде Елбасы Қазақстан халқына жолдауында “ Білім беру реформасы -Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет” деп ерекше атап көрсетті.
Дәстүрлі оқыту әдістерінің білімді мемлекет стандарт деңгейде толық меңгеруге кепілдік бермейтін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін осы технологияландыру қажеттілігі туындады.
Педагогикалық технология оқыту технологиясы туралы мәселелер сонғы жылдары ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің, Ш. Т. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың, С. Н. Лактионованың, М. М. Жанпейсованың және Қ. М. Нағымжанованың т. б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолдануда.
Президенттің жарлығымен Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдар аралығындағы мемлекттік бағдарламасы бекітілді. Жалпы орта білім саласында білім беру, қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету, білім беру саласын арттыру, мектептердің - техникалақ саласын нығайту жөніндегі дәйекті де жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2005 жылдан бастап білім беру ұйымдарын мультимедиялық және лингофондық кабинеттермен қамтамасыз етілуде және интернет желісіне жалпы білім беретін мектептер қосылуда.
Мемлекеттік білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс -тәсілдерін үнемі жетілдіріріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Зерттеудің мақсаты: Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және оқыту әдістемесін жасау. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын » пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу және эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінде Жаңа педагогикалық технологияларды зерделеп, игеру, пайдалануды қалыптастырудың теориялық негізін айқындау.
2. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негізіне сай әдістемелердің нұсқаларын жасау. Және сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы негізінде, тәжірибелік эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
3. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану.
4. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістемесін жобалауға әдістемелік ұсыныстарды жасау және оларды практикаға ендіру.
Зерттеу пәні: . Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мәселелері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жаңа педагогикалық технологияларды қолдануда тиімділігін пәндерінің ерекшелігіне, мақсатына сай қолдансақ, онда сабақтың жетілуі мүмкіндігі көрініп, яғни оқушының сабаққа қызығушылығы арта түсуі, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылығынан оқушыда психологиялық - педагогикалық жүйе тәрбиеленеді, білім жүйесі күрделенеді, себебі жаңа педагогикалық технологиялар тұлға деңгейінің жоғары болуына әсерін тигізеді.
Зерттеудің жетекші идеясы: жаңа педагогикалық технологиялар арқылы сапалы білім беру, алған білімдерін іс-тәжірибелерде қолдана білуге, шығармашылық белсенділікке бейімдейді.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы «Төржан» гимназиясы».
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І - Тарау. Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім берудің ғылыми теориялық негіздерін қолдану.
1. 1. Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім берудің ғылыми теориялық мәні .
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Технологиялық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу тәрбие орындарының іс -әрекет қағидаларын қайта құру, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің педагогикалық тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім беру технолгияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдайда емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. « Жастар өзінің ата -анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді» (И. С. Кони) . Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың денгейі де. Оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметнің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени- ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғарғы құндылық. Оның ең негізгі қызметі -адамның минталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай, егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты -білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап береді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиалық сипаты, білімнің, ғылымның және өнердің интеграциалануы, ақпараттануы оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, және тағы да басқа білім беру саласындағы мемлекетік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми -техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциалау, иновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен роліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшеліктеріне мән беру, сол арқылы оның рухани жандүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерліктің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, ХХІ ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық минталитеті жоғары, кәсіби білікті маман адамдармен дұрыс қарым -қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір роль атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі -жоғары білімде. Өйткені жоғары білім -үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі.
Сондықтан білімгерді тек маман ретінде қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.
Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі - білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті -адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс тәсілдерін білуге, өзін - өзі дамытуға өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажетілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім блеру саласында жүріп жатқан демократияландыру ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктер мен ақпаратты қабылдау қабілетінің дамуы мен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
- Есте сақтауға негізделген оқып білім алуын, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл - ойды дамытатын оқуға көшу;
- Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл -ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
- Оқушыларға орташа денгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдаламасына көшу.
Кез келген елдің эканомикалық қуаты, халықтың өмір сүру денгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму денгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылғы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылатындығы мен осы саланы ақпараттандыру денгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжербиесі эканомика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Білім беру -- аса күрделі әлеуметтік - экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың эканомикалық - ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгеруге бағыталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдісті мән мағанасы, сипаты мен бағыт бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Эканомиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішіндерін дамыту;
- Ұлтттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесінде кіруі болып отыр.
Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама -қайшылықсыз емес. Мұның өзі мамандардың кәсіби икемділік пен ұтқырлықы, сан қырлы шығармашылық қасиет пен өзін - өзі басқару, өзін -өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдымен ел эканомикасының нарықтық және кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конститутциясының 30- бабының қағидасын толығырақ мазмұндап, білім берудің мемлекеттік емес секторларының орны мен ролін, шетелдік, халықаралық, діни білім беру ұйымдарының құқықтық негізін нақтылап, білім мекемелерінің жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайы қызметтік міндеттерін белгілеу қажеттілігі туындады.
1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4-денгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған Халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сайкестендірілді.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар балаларды міндетті түрде мектеп алды дайарлықтан өткізу көзделген. Бұл мектепке оқуға қабылдау барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара болмақ.
Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта білім беруді қамтиды.
Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен қатар кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.
Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдан тұрады: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулы білім, жоғары ғылыми педагогикалық немесе мамандандырылған білім (магистратура) .
№1 кестеде Қазақстан Республикасы ұлттық білім беру жүйесі моделінің құрылымы көрсетілді .
2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «білім» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайды.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш орта жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің негізгі аспектілерін қамтиды. Сондай -ақ білім денгейінің әрқайсысы үшін қойылатын мақсаттарға жету үшін нақты шараларды мазмұндайды.
Бұл маңызды құжат оқу жоспарларын, жаңа ұрпақтың оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенін ендіру, балалар мен жастардың экономикалық, экологиялық, құқықтық, азаматтық білімі бойынша қазіргі заманғы оқу бағдрламаларын енгізу, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және ендіру, үздіксіз білім жүйесін дамыту арқылы білім мазмұнын жаңартуды көздейді.
Бағдарлама оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен ендіруде қажетті қайта құрулардың жүзеге асырылуын, қоғамның әр бір мүшелерінің қызмет өрісін жедел өзгерту үшін өзіне кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта дайарлауды қамтитын үздіксіз білімді дамытуды көздейді.
«Білім» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты- сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің үлттық үлгісін тиімді дамытуы үшін жағдай жасау.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
- Азаматттардың білімінің барлық деңгейлері мен сатыларына қол жеткізуге арналған конституциялық құқықтарын қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;
- Білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;
- Білімнің және білім беру бағдарламасының сапасын арттыру, білім беру қызметтерін таңдауды ұсыну;
- Тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу мен тәрбие үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ету;
- Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы үшін жағдай жасау.
Заңнамаларға сәйкес білім беру бағдарламаларының сабақтастығы мен үздіксіздігінің принциптеріне негізделген білім жүйесінің ұлттық үлгісі білім берудің 4 денгейін қамтиды:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
- Орта (жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру) ;
- Жоғары кәсіптік;
- Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
Мақсаты- балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылуын дәйекті түрде ұлғайту жолы мен олардың білім алудағы тең бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда оқу -әдістемелік құралдармен және кадрмен қамтамасыз ету;
- Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды сақтау және әсіресе, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жаңа түрлері мен үлгілерін дамыту;
- Мектепке дейінгі ұйымдер мен жалпы білім беретін мектептердің базасында балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ету;
- Ата -аналар мен жұртшылықты мектепке дейінгі білім беру процесіне тарту.
Жалпы орта білім
Мақсаты - азаматтардың міндеті жалпы орта білім алуға және оның сапасын жақсартуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
- Мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамтамасыз ету;
- Жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын іске асыру;
- Мектептерде оқудың жетілдірілген мазмұны міндетті әдістерін жетілдіру, оқушылардың білімі мен педагогтердің қызметін бағалудың объективті өлшемдері мен тәсілдерін енгізу жолымен білім берудің сапасын арттыру;
- Оқушылар мен педагогтардың денсаулығын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.
Жалпы орта білімнің денгейінде ауылдық жердегі білім беруді ұйымдастыру жөніндегі мақсат пен міндеттер жеке айқындалады.
Мақсаты - оқыту мен тәрбиелеу, мектеп оқушыларын оқыту сапасын арттыру, ауылдық және шағын жинақталған мектептердің қызметтерін жетілдіру үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
- Ауылдық және шағын жинақталған мектептердің тиімді моделін әзірлеу және кезең кезеңімен енгізу;
- Шағын жинақтаған мектептерге арналған педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау. Ауылдық жерлерде педагог кадрлардың тұрақтануын қамтамасыз ету;
- Әдістемелік әдебиетті дайындау, шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие процесіне арнаулы әдістемелер мен технологияларды енгізу;
- Ауылдық мектептердің материалдық техникалық - базасын қамтамасыз етілуін жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
- Оқытудың инновациялық әдістерін және арнаулы ұйымдастыру нысандарын енгізу жолы мен ауылдық мектептердегі оқытудың деңгейін көтеру, оқушылардың шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру;
- Шағын жинақталған мектептердің оқу процесінде дистанциялық оқыту (алыстан білім беру) әдістерін әзірлеу мен менгеру;
- Ауылыдық және шағын жинақталған мектептерді басқарудың тиімділігін арттыру.
Бастауыш және орта кәсіптік білім.
Мақсаты -еңбек рыногында бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарын бітірушілердің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, сондай - ақ ересек тұрғындарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер :
- Бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу мен енгізу, оларды еңбек рыногындағы жағдайды және экономикадағы құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, жаңарту;
- Жасөспірімдер мен жастар, сондай-ақ ересек тұрғындар үшін бастауыш және орта кәсіптік білімнің қол жетімді болуын арттыру үшін жағдайлар жасау;
- Бастауыш және орта кәсіптік білімнің мемлекеттік секторы, орта кәсіптік білімі бар жұмысшылар мен мамандарды даярлау мен қайта даярлауды қолдау;
- Бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесінде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру мен дамыту;
- Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру
Мақсаты - орта мектептерді, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін ұйымдардың түлектерін кәсіптік даярлау үшін жеке адамның білім алу тұрғысындағы қажеттіктерін және ел экономикасы мен әлеуметтік саланың әлемдік денгейдегі жоғары білікті мамандарға мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орнының түлектерін қайта даярлау үшін жағдайлар жасау.
Негізгі міндеттері:
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту, мамандықтардың мемлекеттік жіктегішін жетілдіру;
- Білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолы мен мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- Білімгерлерді даярлауды оқушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай -ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу;
- Профессорлар - оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру және дамыту;
- Оқытудың жаңа ақпататтық технологияларын енгізу, дистанциялық білім беруді дамыту;
- Академиялық және салалық ғылымды жоғары біліммен кезең кезеңімен интеграциялануы.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі білім беру процесінің ең маңызды фактоларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі мекетептер:
- Практикалық қызметке жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
- Қоғамның интелектуалдық қуатын жетілдіруі.
- Еліміздің материалдық-қаржылық әл -ауқатын ары қарай дамыту;
- Орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т. с. с. міндеттерді көбейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым -қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып, табылған оқыту үрдісінің нәтежесін көрсететін әдіс -тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Инновация - ( латын сөзі іn - в, novis-жаңа) жаңа жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. И. С. Ожегов сөздігі бойынша инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес, енгізілген жаңалық.
1957 -1964 жылдары он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.
- Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтар білімді көтеруді ұйымдастырушыларда тағы сол сияқты.
- Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қортындыға келеді: (Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс -әрекет жасауы тиіс) -дейді.
- Инновациялық технологияларды қолданып, дамыту, мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz