Жаңа тұрпатты мектеп оқушысына бейімделген тәрбие кеңістігін құру


Жаңа тұрпатты мектеп оқушысына бейімделген тәрбие кеңістігін құру
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен практикасы үлкен дағдарысқа ұшырады. Ол: құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижелілік деңгейлердің барлығында да көрініс тапты. ХХ ғасырда қалыптасып отырған ғаламдану мәселесінің дұрыс қабылданбауынан шындықтың бұрмалануы басталып, тұлғаның адамгершілік-рухани бағдарлары мен мәдени ұстанымдары өзгеріп, жаңа адамды тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Сол себепті білім беру мекемелерінде оқушылардың тәрбие жүйесіне қатысты көзқарас мәртебесі өзгеріп, педагогикалық ұжымның алдына тәрбие жұмыстарын жаңа мазмұнда ұйымдастыру міндеттері қойыла бастады.
Осы көкейкесті мәселені шешу мақсатында Қазақстандық педагогтар мектептегі тәрбие жүйесінің дәстүрлі нобайларын (модельдерін) өзгерту қажеттігі туралы, педагогикалық шығармашылыққа еркіндік беру, сол арқылы тәрбие вакуумын толықтыру мәселесін көтеріп, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы жаңындағы «Тұлғаны әлеуметтендіру институтында» профессор К. Ж. Қожахметованың жетекшілігімен 2004 жылы «ҚР білім беру жүйесінде тәрбиені дамытудың стратегиялық бағдарлары» айқындалынды. Қазіргі уақыттағы тәрбие жүйесінің басты міндеті әрбір оқушының тәрбиелілік құзырлылығын қалыптастыру арқылы оның білім сапасын арттыру, яғни оқушының бүкіл өмірін мағыналы ететін тұлғалық бағыт-бағдарлармен қамтамасыз етуге жағдай жасау қажет саналып отыр. Сондықтанда, Қазақстанда тәрбие кеңістігін құру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға жағдай жасаудың тиімді жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Өйткені, бүгінгі таңда әрбір оқушының, оқушылар ұжымының тәрбие жұмысына дифференциалды мазмұн беру арқылы тәрбие сапасын арттыру мүмкін болатыны (Н. Бордовская, А. Реан) негізінде, әрбір оқушының дербес ерекшелігін есепке алатын өзіндік тәрбие траекториясын немесе тәрбие кеңістігін (В. Сухомлинский, Ш. Амонашвили) анықтау аса маңызды болып отыр. Тәрбие кеңістігі тек оқушының өзіндік әрекеттер жүйесін анықтаумен ғана емес, сонымен қатар оның оқушылар ұжымындағы орны мен әлеуметтік дәрежесін белгілеуге көмектеседі. Яғни, оқушыларды қызығушылық, танымдық және қабілеттік дәрежелері бойынша топтарға бөліп, қосымша білім беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруға жағдай жасайды. Бұл мәселе мектепте пәндік үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда, сол арқылы оқушылар-дың білімін тереңдетуге құштарлығын арттыруға, олардың белгілі бір ғылым саласында жақсы нәтижелерге жетуіне, болашақ мамандық таңдау жұмыс-тарына қолайлы жағдай жасайтын педагогикалық шарттарды қамтамасыз етеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен өзіндік танымын жүзеге асыратын, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын, қоғамдық сананы дамытатын, кәсіби бейімділікті анықтайтын тиімді тәрбие кеңістігін құру қажеттігіне төмендегідей түсініктеме беруге болады.
Қазақстан Республикасында оқушылардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдіс-тәсілдерін анықтау жұмыстары түрлі бағыттарға сәйкес жүргізіліп келді. Осы мақсатта елімізде ұлттық тәрбие нобайын (моделін) дайындаудың түрлі гуманистік үлгілері ұсынылып, «Болашақ», «Мұрагер», «Жас қанат», «Гармония» және эксперимент алаңдары мен «Мектеп парламенті», т. б. балалар ұйымдарымен жұмыстар ұйымдастыруда. Мысалы, Ақмола облысында 700 мектеп оқушыларын қамтыған (1 оқушы) «Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестігі тәрбие жұмысының көптеген түрлерін қамтыды. Алайда, аталған қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде оқушылардың тәрбие жұмыстарына біржақты көзқарас қалыптасқанын байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz