Жаңа дәуір философиясының ойшылдары және олардың ілімдері
Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Жаңа дәуір философиясының қалыптасуы
2. Жаңа дәуір философиясының ойшылдары және олардың ілімдері.
3. Спиноза Бенедиктің еңбектері.
Қорытынды
Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру)
үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик
мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты
құбылыстар орын алды. XVI—XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және
математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай
классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық
негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау
көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-
рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм,
трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны
демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен
билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр —
бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және
табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде
рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс,
Р.Декарт және т.б. жатады. Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-
экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын. Өйткені, Батыс
Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға
қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы орта
ғасырлардағы түйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-
идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни
капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын
түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.
Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны
өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші
сатылады, өйткені, ол қосымша қүн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы
процесс арқылы дүниеге келеді.
Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс, нарық тудырған, бірте-
бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа
әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетанымды, жаңа
көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.
Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық
салаларын жан-жақгы қамтуға әрекет етті. Табиғатты толықтануға ұмтылған бұл
көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан
шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең
байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі
(құдай-дың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге
ұмтылады. Бұл оптимистік көзқарас.
Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше қарқынмен дамуына кеңінен жол ашты.
Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың өркендеуі бірте-бірте
жаңа философиялық және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір
ойшылдары таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми
танымның негізін қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі,
сонымен бірге жекелеген ғылымдардың саласындағы әдістер пайда бола бастады.
Осы кездегі ғалымдар мен философтар табиғатты ғылым мен философияның
негізгі нысаны етіп алды. Бірақ, олар табиғатты белсенді, "тірі" бірлік деп
қарай отырып, оның ішкі дамуының қайнар көзін аша алмады. Амалсыздан
қайтадан орта ғасырлық құдай туралы ілім жандандырылды. Бірақ құдай бірде
табиғат, бірде зерде, бірде абсолют, ақыр аяғында акша, дүние, капитал
болып шыға келді.
Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты
қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі
схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа
ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдык көзқарастар керек еді. Осы себептен
ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика,
оптика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табыстар
табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механикалық
көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды.
Спиноза Бенедикт (1632—1677 ж.ж.) нидерланд философы. -Негізгі еңбектері:
"Діни-саяси толғау"," Декарт философиясының кағидалары", "Этика" және т.б.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен кұбылыстарды
біріктіретін ұғым ол — субстанция (түпнегіз), Құдай, табиғат, әлем,
түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз
көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары —
кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім (құдай да, табиғат та)
жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болу себебі (cauga sui). Түпнегіздің
атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады.
Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың
өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте көсілу атрибутынан
қозғалыс және тыныштық модустары; ә) ойлау атрибутынан — ақыл-ой және жігер
модустары болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер — модустар. Әлем
түпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар — түпнегіздің (әлемнің)
жеке денелер арқылы көрінуі. Әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде
мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте,
қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлем мен үздіксіз өзгерісте,
қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары
арқылы жүзеге асады.
Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке
денелер мен құбылыстарды қамтиды.
Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде әр түрлі болып
кездеседі. Мысалы, жануарларда — жан, адамдарда — жан, рух, ақыл-ой, жігер
модустары болса, басқа заттарда — тіршілік модусы ғана болады. Бұл жерде
Спиноза тіршілік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге дейінгі
өмір сүруін айтады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан бастап
жанды заттар ретінде қарастыруы философияда гилозоистік көзқарастың
жанданып, одан әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге
идеялар да — модустар. Олай болса, адамдар өз мүмкіндіктерін және
табиғаттың зандылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі
үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz