Жаңа заман тарихын оқытудың маңыздылығы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І Кіріспе
Жаңа заман тарихын оқытудың маңыздылығы

ІІ Негізгі бөлім:
1. Жаңа заман тарихы және капитализмнің бастылуы
2. Отарлаудың басталуы
3. Тарихта халық бұқарасы ролінің өсуі
4. Азамат соғысы. Буржуазиялық революциялар

ІІІ Қорытынды бөлім

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жаңа тарихтың бірінші кезеңінің негізгі мазмұны капитализмнің феодализмді
жеңуі және Европаның алдыңғы қатарлы елдері мен Америкада капиталистік
құрылыстың орнығуы болып табылады. Бұл кезеңде капитализм тарихтың бүкіл
барысына, яғни дүние жүзінің барлық елдерінің дамуына шешуші ықпал, жасады.
1640-1870 жылдарды қамтитын кезеңді дүниежүзілік тарихтың басқа
кезеңдерінен ерекшелендіріп тұратын басты белгісі капитализмнін жеңуі мен
орнығуы болып табылады.
Капитализм – буржуазияның жалдамалы жұмысшылардың еңбегін қанауға
негізделген қоғамдық құрылыс. Капитализмнің жеңуі Европаның алдыңғы қатарлы
елдеріндегі феодалдық қоғамның қойнауында капиталистік қатынастардың
дамуымен әзірленді және буржуазиялық революциялар барысында жүзеге
асырылды.
Буржуазиялық революциялар феодалдық тәртіптерді толығынан немесе
ішінара жойды және феодалдық қоғамдық құрылысқа қарағанда әлдеқайда озық
капитализмге жол ашты. Сөйтіп, буржуазиялық революциялар қоғамның алға
ілгерілеуіне күшті қозғау салды, өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастардың
неғұрлым жоғары дәрежесіне жеткізді. К. Маркстің
революцияны тарих локомотивтері деп атауы да сондықтан. Жеңіліс тапқан
революциялардың өздері де билеуші таптарды белгілі бір жеқілдіктер жасауға
мәжбүр етеді, маңызды жақсы нәтижелері болады, таптық күрестің тәжірибесін
танытады, оның болашақ дамуы үшін маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік
береді.
Оқиғалардың барысына халық бұқарасы зор ықпал еткен, өзі қойған
талаптарының бірқатарын уақытша да болса жүзеге асыруға мүмкіндік алған,
осы талаптар революцияның бүкіл барысында ізін қалдырған болса, ондай
буржуазиялық революциялар буржуазиялық-демократиялық революциялар деп
аталады.
Буржуазия халық бұқарасының талаптарын аяғына дейін орындай алмады,
сондықтын буржуазиялық-демократиялық революциялар, әдетте, белгілі бір
шамада аяқталмаған болып шықты. XVIII ғасырдағы Франциядағы буржуазиялық-
демократиялық революция неғұрлым дәйекті жүргізілді, соның өзінде онда ірі
жер иеленушілік жойылған жоқ – помещиктер өз поместьелері мен шаруашылыққа
пайдаланылатын жерлерді сақтап қалды, ал шаруалар тек үлес жерін ғана
иемденді. Буржуазия революция жеңісін өзінің баюы және жұмысшыларды қатал
канау үшін пайдаланды.
Капитализмнің жеңуі және орнығуы барысында бірқатар алдыңғы қатарлы
елдерде өнеркәсіп төңкерісі болды, ол мануфактурадан ірі машиналы өндіріске
көшуден көрінеді. Мануфактурадан фабрикалық машиналы өндіріске көшу,
калиталистік қоғамның негізгі таптары ретінде пролетариаттың және
буржуазияның қалыптасуы – өнеркәсіп төңкерісі мен қоғамдық құрылыс ретінде
капитализмнің қалыптасуының екі жағы – техникалық және қоғамдық жақтары
болды.
Капитализмнің дамуына байланысты оның ішкі қайшылықтары лезде-ақ
көріне бастады. Жұмысшыларды қанау күшейді, олардың жағдайы нашарлады,
көптеген ұсақ қолөнершілер мен шаруалар күйзеліске ұшырады. Капиталистердің
жұмысшылардың жалақысын кемітуге жағдай жасайтын жұмыссыздық тұрақты
құбылысқа айналды. 1825 ж. бастап артық өндірудің әлсін-әлсін болып тұратын
дағдарысы басталды.
Жұмысшылардың экономикалық күресі біртіндеп саяси күреске ұласты. XIX
ғасырдың 30-40-жылдарында-ақ жұмысшы қозғалысы ірі революциялық күшке
айналды.
1848-1849 жылдардағы буржуазиялық революциялар Европа материгіндегі
елдерде өнеркәсіп төңкерісі әлі аяқталмаған кезде болды. Жұмысшылардың
біразы фабрикаларда емес әлі де мануфактуралық өндірісте істеді. Алайда
жұмысшы табы XVIII ғасырдағы ұлы француз буржуазиялық революциясы
кезіндегіден әлдеқайда жетілген еді, мұның өзі буржуазияның үрейін ұшырды.
1848-1849 жылдары француз буржуазиясының өзінің революцияшылдығын жоғалтып,
ІІІ Наполеонның империясын құруға барғандығы да осыдан. Пруссия, Австрияда,
Италия мемлекеттерінде де буржуазия жұмысшы табынан қорықты және
помещиктермен, монархиямен ымыраға келіп отырды.
Жұмысшы табы мен буржуазия арасындағы қайшылықтың шиеленісуі 1871 ж.
өзінде-ақ түңғыш пролетарлық революцияға – Париж Коммунасына жеткізді,
мүныц өзі капитализмге берілген елеулі соққы еді.
1870-1871 жылдардағы Франция-Пруссия соғысы мен Париж Коммунасынан
жаңа тарихтың келесі екінші кезеңі басталады.
Буржуазиялық ұлттық мемлекеттердің құрылуы. Жаңа тарихтың бірінші
кезеңінің, әсіресе XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы кезеңнің
маңызды бір белгісі Европа мен Америкада ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуы
және буржуазиялық немесс помещиктік-буржуазиялық ұлттық мемлекеттердің
құрылуы болды.
Отарлар басып алу. Батыс Европаның абсолюттік монархиялары –
Португалия, Испания, Франция көптеген отарларды басып алды.
Жаңа тарихтың бірінші кезеңінде-ақ Европаның феодалдық монархиялары
мен капиталистік мемлекеттердің басып алған отарлары көлемі жағынан оның
алдындағы дәуірлерде жаулап алынғандарының бәрінен асып түсті. Оңтүстік
және Солтүстік Американы, Азияның көптеген елін, Австралияны, Жаңа
Зеландияны, Африканың жағалауындағы бірқатар аймақтарды қамтыды.
Алайда, орасан зор көлемді Африканың ішкі территориясы мен Тынық мұхит
аралдарын капиталистік мемлекеттер басып ала қойған жоқ еді, дегенмен бұл
арара барлау және ғылыми экспедициялар жіберіліп тұрды.
Португалияның, Испанияның және Англияның Америкадағы көптеген отарлары
XVIII ғасырда және XIX ғасырдыд 30-жылдарына дейін-ақ гәуелсіздігін жеңіп
алып, дербес мемлекеттер болған, алайда экономикалық жағынан әлі де
Англияға тәуелді еді.
Капитализм және соғыстар. Қапитализм үнемі шапқыншылық соғыстар
туғызып отыратын қоғамдық құрылысқа айналды. Соғыстар жаңа жерлерді басып
алу үшін, товар өткізу рыноктары мен шикізат көзін табуды кеңейту үшін
жүргізілді.
АҚШ-тың тәуелсіздікті жеңіп алудан кейінгі экономикалық дамуы.
Америкадағы бірінші буржуазиялық революция болған тәуелсіздік жолындағы
соғыстардан кейін АҚШ-та капитализм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих ғылымының принциптері
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсына кіріспе, кезеңделуі мен хронологиялық шеңберін құру
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Көптілді оқытудың ерекшеліктері
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы
Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Пәндер