Қазіргі заманның классикалық философиясы


Жоспар
Қазіргі заманның классикалық философиясы
- Жаңа дәуір. Ғылыми рационалдылық
- Ғылыми ізденіс
- Ғылыми білімнің құрылымы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізім
Қазіргі заманның классикалық философиясы
Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т. б. ғылым-дар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды.
Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл - ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы - Френсис Бэкон (1561-1626 жж. ) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т. б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты - табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т. б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан - нақты шындыққа жатпайды. Табғатты танып білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық, жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды.
Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.
Томас Гоббс (1588-1679 жж. ) - Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан - материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік».
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялык сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т. б. ) . Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі - есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, бөлу, т. б. ) .
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап, өз іс-әрекетін ерікті түрде тандайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет - жасанды дене (Левиафан) . Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық талап сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның қарсыластары, халықтың мұқтаж-мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдык заң азаматтардың ар-ожданы.
Джон Локк (1632-1704 жж. ) -ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретіндс қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім - тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсіктерер арқы-лы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінсн үш қағидадан тұрады:
Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады;
Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданган мәліметтерден баска ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.
Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну және ішкі рефлексия (өзін-өзі бақылау) деп екіге бөлінеді. Сыртқы түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлсксияның негізі - адамның өз көңіл-күйін іштей сезімуі, қиналуы немесе мақұлдауы.
Психиканың қалай калыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеяларға денелердің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық, т. б. сол сияқты касиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал, екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм, т. б. қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар бар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал, екіншісі -сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия аркылы пайда болатын карапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: «кок» үғымы -көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы - көру және сезіну түйсіктері аркылы пайда болған. Мұндай ұғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. «Бірінші» және «екінші» сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты ор түрлі қабылдануы мүмкін.
Акиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.
Адамның куанышын тудыратын жоне күшін осіретін істіц барлығы - игілік, ал оган қарама-қарсы іс-әрскет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың сгемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құкықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалык философияның іргетасын қалап, тылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тосілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдср дәрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама - ойшылдарға үлкен әсер етті.
XVII-XVIII ғғ. Англияда философияда «идеялистік сенсуализм» деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның іргетасын Дж. Беркли және Д. Юм деген ойшылдар қалады.
Джордж Беркли (1684 - 1753 жж. ) - ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».
Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты. «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық дөнелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп неігзідері. Адамдар үшін нағыз обьективтік шындық - біздің санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардыц түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт - түйсіктердің бірінің соңынан бірі ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталғап құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себентері, өзіндік «меннен» баска «бөтен мендердің» болуы.
Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол - сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъективтік кескіні емес, тұйсіктердің «еске алу» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақты дснелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Берклидің ілімін орі қарай жалғастырган, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңініц көрнекті өкілі Давид Юм (1711 - 1776 жж. ) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлср», т. б.
Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Ссбебі, ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тожірибс арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, бай-ланыстыру сииқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптаса-ды.
Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, кайырымдылық, корсгендік, т. б. қасиеттерді жиынтық-тап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немссе «мен» үғымы үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім оссрінің бірлігі. Тәжірибенің өзі Юмның түсінігінше, себептері белгісіз жонс түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауга одеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» - өзіне себептілік инстинкті көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективы себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибслік дерсктерден трансценденттік идеяларға (қүдай, «мәңгі өлмеу», т. б. ) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты - тәжірибе аркылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген сал-дарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.
Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде калыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, таби-ғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.
Юм осы уақытқа дейін айтып келгендсй «агностик», «скептик» емес, биологиялық-антропологиялык тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шықкан реалист.
Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы жоне философы Рэне Декарт (1596-1650 жж. ) ақыл - ойды таным процесіндс бірінші орынға қойып, тәжірибенің ролін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалык ойлар», «Философия бастамасы», т. б.
Декарттың философиясы өз бастамасын «күмандану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күманданады. Нағыз шындық - «күманданудың ойлаудың қабілеті» деп мойындау. Оның «мсн ойлаймын, олай болса, омір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымныц негізін объективті шындықтан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.
Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түгтпегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) - ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты - кеңістікте қосылу.
Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара-пар) деп аталатын ұсақ болшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне карай ажыратылады. Корпускулдар кеңістікте және үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары және қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлык заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатып корпускулдардан пайда болған. Ал, рухани түпнегіздің атрибуты ойлау мен материалдық түпнегіздің атрибуты - кеңістікте косылудың бір мезгілде әсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептсн адамдардың қимыл-әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте киынға соғады. Жалпы алғанда жансыз денелердін, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың табиғатын, мәнін механика, математикалык есептеулер аркылы түсініп-білуге болады.
Декарт әрі қарай ойын жалғастырып, ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бүл идеяларды мен өзіме-озім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірген нақтылықты жиынтыктаған, ал «мен» қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағандықтан туа біткен идеялардың деңгейінде жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (құдайдың) өзі болғандықтан олар айқын және анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын және анық, басқаша айтқанда, акиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің кажеттігі жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үндес келетін математика болғандықтан, математикалық тәсіл ғалымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.
Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі философиялык ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.
Бенедикт Спиноза (1632-1677 жж. ) - нидерланд философы. Негізгі еңбектері: «Діни-саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «Этика», т. б.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол субстанция (түпнегіз) . Құдай, табиғат, әлсм, түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ен басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі сң маңыздылары кеңістікте косылу мен ойлау. Түпнегізді ешкім (құдай да, табиғат та) жаратпайды, ол өз - өзінен пайда болуына себепкер (causa sui) . Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына карай: а) кеңістікте косылу атрибутынан - қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан - акыл-ой және жігер модустары болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер - модустар. Әлем түинегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер аркылы көрінуі. Әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі жәнс өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.
Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке денелер мен құбылыстарды қамтиды.
Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде әр түрлі болып кездеседі. Егер, жануарларда жан, адамдарда - жан, рух, ақыл-ой, жігер модустары болса, басқа заттарда тіршілік модусы ғана болады. Бұл жерде Спиноза тіршілік деп жеке денелердің пайда болтан кезінен өлгенге дейінгі өмір сүруін айтады. Спинозапың әлемдегі барлық денелерді басынан бастап жанды заттар ретінде қарастыруы философияда гилозоистік көзқарастың жанданып, одан әрі карай дамуына үлкен әсер етті.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге идеялар да модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс - әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінуіе жақындар еді. Ад құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға деген сүйіспеншілік - біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені, олардың іс - әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.
Табиғаттың, адам өмірінің себептілік заңдылығына бағынышты екенін түсіну үшін ойлаудың математикалық тәсілі ғана бізді ақиқатқа жеткізеді.
Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі - сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл - күйге байланысты болады; екіншісі - рационалдык таным, басқаша айтқанда ақыл-ой арқылы таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі - интуиция, немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп - білу арқылы, олардың түпнегізін (құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.
Сөйтіп, құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді колданған ғылымдарың ісі, ал дінге келетін болсак, оның кұдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы құбылыстардың себсептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қор-қынышы.
Бірақ Сгтинозаның пікірінше, дін халыкты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.
Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIII ғ. француз ағартушыларының еңбектерінде әрі карай өріс алса, опың дедуктивтік тәсілі мен таным процесіндсгі кейбір соны идеялары (интуиция, т. б. ) Шеллинггің, Канттың, Гегельдің философияларында дамытылды.
Гитфрид Вильгельм Лейбниц (1642-1716 жж. ) немістің көрнекті физигі, математигі, тарихшысы және философы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелері», «Методология», т. б.
Лейбництіц ілімі бойынша құдай өзінің ішкі даму заңдылығына сәйкес түпнегіздерді (субстанция) дүниеге келтірді. Ал барлық мәнділіктердің, соның ішінде материяның да түпнегізі - ұсақ денелі, шамалы болса да саналы монадалар. Олар табиғаттын нағыз атомдары. Монаданың негізгі қасиеттері: 1) барлық мәнділіктің түпнегізі ретінде ол қарапайым және бөлінбейді; 2) олардың өз алдына болек жәнс әрекетшіл мүмкіндігі бар.
Монадалар кеңістікке көсілмейді. Олай болса, монадалар физикалық, немесе геометриялык тұрғыдан қарастыратындай денелер қатарына жатпайды, олар тек «философиялық нүкте» ғана, басқаша айтқанда «әрекетшіл күштің» түпнегізі. Монадалар табиғи жолмен жоғалмайды, өшпейді, бірақ басқа күштің (құдайдың) әсерімен пайда болуы да, өшуі де мүмкін. Алғашкы монада - құдай, ал қалғандары оның сәулелері. Біздің денелер, заттар, кұбылыстар деп жүргендеріміз шындығында монадалар жи-ынтығы, ал кеңістік пен уакыт - монадалар күшінің көрінісі.
Монадалар күшінің әрекеттілігі оның «еске алу» қабілетінде жинақталған. Монадалардың әр түрлілігі олардың «еске алу» қабілеттерінің әр түрлілігіне байланысты. Монадалар өздерінің «еске алу» кабілеттерінің даму сатыларына карай бірнеше түрлерге бөлінеді: 1) «еске алу» кабілеті бейсаналық күйіндегі қарапайым, ұйқыда жатқан монадалар, оларға минералдар мен өсімдіктер жатады; 2) «еске алу» қабілеті түйсіктер мен ес күйіне айналған, жанданған монадалар, оларға жануарлар жағады; 3) «еске алу» қабілеттері айқын да, анық, рухқа, жанға айналған монадалар, олар - адамның жандары; 4) шын мәнінде саналы, объективті «еске алу» қабілеті бар монада, ол кұдай.
Әр монаданың «еске алу» кабілетінін даму заңдылығы тек өзімен шектеледі. Басқаша айтқанда, еш нәрсе оған сырттан кірмейді және одан сыртқа шықпайды. Мысалы, минералдар мен өсімдіктер жануарларға, жануарлар адамға, ал адам құдайға айнала алмайды, әрқайсысы өз деңгейінде калады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz