Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – адамгершілік-рухани тәрбие беру


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - адамгершілік-рухани тәрбие беру.
А. С. Тоқтамысова
№19 орта мектебінің директоры
Рухани-адамгершілік білім беру-ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - адамгершілік-рухани тәрбие беру. Қазіргі педагогика ғылыми тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр. Балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.
Сара Алпысқызының өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Өзін-өзі тану баланы өзінің кадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Балалық өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Кіші мектеп жасындағы тұлға бойында жалпы мәдениеттің негізі қаланады, өзін-өзі тануға қызығушылығы артады, дербестілігі дамиды.
Кіші мектеп жасындағы балалар өзінің жеке сапалары мен мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Осы жастағы баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, бірқатар адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнің түсінеді, оның Отанға, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады. Ол алғаш рет алдында тұрған міндеттерді өзінің шешуі керектігін, оқушының әлеуметтік рөлін ұғынуын, сонда-ақ сыныптастарымен және ұстаздарымен жағымды қарым-қатынастар орнату қажеттігін түсінеді.
Өзiн-өзi тану сабақтарына балаларымыздың ынта-ықыласымен, қызыға келетiндiгi, бiр-бiрiмен қарым-қатынастары мейiрiмдiлiкке, адалдыққа, сенiмге құрылатындығын байқалады. Сабақ процесiнде мұғалiмдердiң де рөлi өзгердi. Олар қазiр балаларға досы сияқты қарым-қатынас жасайды. Үлкендермен және өздерiнiң құрбылары арасындағы өзара қарым-қатынастары жақсарып, өздерiн сыйлау сезiмдерi пайда болды. Мұғалiм балалармен жеке тұлға ретiнде қарым-қатынасқа түсе отырып, баланы өзi туралы айтуға, баға бiлуге, өзiнiң сезiмiн, мiнез-құлқын, әдет-дағдысын бақылай және басқара бiлуге, сонымен бiрге жанындағы адамдарды табиғи болмасымен қабылдау, iзгi ниет, ықылас таныта бiлуге үйретедi.
Қиындықтар мен қайшылықтарды жеңу әр адамның дүниетанымдық мүмкiндiгiне, мұратына, рухани деңгейiне байланысты. Жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуға “Өзiн-өзi тану” бағдарламасы үлкен ықпал етедi деп айтуға болады.
“Өзiн-өзi тану” бағдарламасы арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершiлiгi мол, бiр-бiрiне сүйiспеншiлiкпен, құрметпен қарайтын, өмiр сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз.
Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр.
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Болмыстың табиғи және жаратылыс аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болып табылады. Адам болмысы күрделі жүйе болғандықтан, ол өзін жеке тұлға, сол сияқты іс-әрекет субъектісі және жеке дара субъект ретінде көрсетеді. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді.
Бұл нысан өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды, оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін айқындайды.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:
- адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
- оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттар ы:
- өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
- түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
- өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Мектеп бітірушілердің негізгі біліктері білім беру үдерісіне қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, қоғам) үшін бағыт-бағдар береді және өзін-өзі тану пәнінің мазмұнын анықтауға, сол сияқты рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастыруға негіз болады.
Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер, атап айтқанда:
- оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
- өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
- өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
- адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
- әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
- белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
- күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамытубұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 1-11 сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:
- рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсатыадамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;
- өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттарыоқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;
- күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесіжалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
а) өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі;
ә) өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
б) әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт;
в) адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
а) өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
ә) өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық;
б) әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
в) адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері: әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді
- Адамның өзін-өзі тануы
- Адам және қоғам
- Адам және қоршаған орта
- Адамзаттың рухани тәжірибесі
тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық мазмұн Өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.
Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі үздіксіз білім беру жүйесінде - қабілетті, рухани адамгершілігі мол, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай алатын жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Тұлға - сана иесі.
Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау - міндетіміз. Қиын балалардың пайда болуы, сонымен қатар бала мен ата-ана арасындағы кереғар пікірлердің туындауы - рухани-адамгершілік білімнің жеткіліксіздігінің әсері. Міне, осындай білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыратын пән - «Өзін-өзі тану пәні».
Негізінен «Өзін-өзі тану» - адамның өзіне бағытталған әлемдік және отандық тәжірибелерге сүйенетін инновациялық кешенді пән. Бұл пән оқушының рухани өсіп-жетілуін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын және өз өмірін өзі қалағандай етіп ұйымдастыру дағдыларын меңгеретін жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Сара Алпысқызы: «Қамқорлық пен махаббат шуағына бөленіп өскен бала ғана, біздің болашағымызды баянды ете алады» - дейді, ал балаға осындай мәдениеттілік, сыпайылық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді ұялатуда «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі ерекше зор екені сөзсіз.
Адам бойына кішіпейілділік, рақымшылық, жанашырлық, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды, айналадағылармен мәдениеттілікпен қарым-қатынас орнатуға үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.
«Өзін-өзі тану» пәні өзіндік орны бар, өзге пәнмен ауыстырылмайтын, керісінше олардың мазмұнындағы адамгершілік тәрбие берудегі кемшілік тұстарын толықтыратын пән екенін дәлелдеді.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту барысында біз адамзаттың рухани тәжірибесіндегі құндылықтарды ашу үшін: адамзаттың рухани мәдениеті, өнер түрлерінің адамға әсері, ақиқатты іздеу, мәдени мұра, әлем халықтарының салт-дәстүрлері, тамаша адамдар өмірі, адамзаттың рухани ұстаздары түсініктерін тереңірек қарастырамыз. Бұның бәрін біз біртұтас тұлғаны қалыптастыру жолындағы «мәдени базис» деп білеміз.
Тұлға бойына жетілдірілген мәдениеттілік - әдептіліктің, имандылықтың, ізеттіліктің көрінісі. Ұлттық мәдениетті қастерлеу - мәдениеттілік белгісі. Әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көргенділік белгісі, жан тазалығы, тән тазалығы - мәдениеттілік болып табылады.
Ендігі кезекте «Тұлғаның базалық мəдениеті нені құрайды?» деген сұраққа жауап беріп көрелік.
Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мəдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-əрекеті барысында жүзеге келетін білімдер, ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік жəне эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу əдістері мен формалары - бəрі қосылып, «тұлғаның базалық мəдениетін» құрайды. /тірек-сызба /
Тəрбие - тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы, əрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау) ;
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік, туысқандық жəне т. б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру) ;
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі жəне оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам мәселесін зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі) ;
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету) .
Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің біршама бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б. Лихачев, В. А. Сластенин, М. П. Подласый, т. б. ) :
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
- азаматтық тəрбие;
- еңбек тəрбиесі;
- адамгершілік тəрбиесі;
- эстетикалық тəрбие;
- дене тəрбиесі.
Оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда рухани-мәдени тәрбиені нығайту мақсатында өткізілген сабақтардан үзінділер.
Өзін-өзі тану сабағында әр тақырып сайын оқушылармен түрлі тренингтерді ұйымдастыруға болады . Тренинг дегеніміз жаттығулардан, оларды талқылаудан және әдейі ұйымдастырылған немесе шынайы оқиға кезіндегі адамның тосын іс әрекетімен жұмыс істеуден тұратын белсенді оқыту үдерісі.
Тренингтер тамаша сезімдерді дамытуға ықпал етеді, көркемөнер туындыларымен және табиғат әсемдігімен рахаттанатын қабілеттерін қалыптастырады, өзінің ұлттық мәдениетіне, өркениеттің байлығына ұқыпты қарайтын, рухани-адамгершілік жағынан дамуына және тұлғалық әлеуметтенуіне көмектеседі, мәдениет диалогына араласуға дайын жеке тұлғаны тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ш. А. Амонашвилидің айтуынша: «Мәдениетті адамның ойы таза және мөлдір болады, сезім әлемі жылу шашады және тұрақты. Сөзі ұстамды және лайықты, әр сөзінің қадірін біледі және тек қажет болғанда ғана сөйлейді».
№1 Тренинг«Жақсылық тамшысы».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz