Цин империясының құрылуы


Жоспар
- Жаңа кезеңнің басындағы Қытай
- Цин империясының құрылуы
- Мемлекеттік құрылымы және идеологиясы
- Қытайдың жабылуы
- XIX ғ. капиталистік мемлекеттердің Қытайды ашуы
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Губер А. А., Ким Г. Ф., Хейфец А. Н. Новая история стран Азии и Африки. М., 1982.
- Сидихменов В. Я. Китай: страницы прошлого. М., 1978
- Ефимов Г. Е. Очерки по новой и новейшей истории Китая. М., 1951.
- История Китая и деревнейших времен до наших дней. М., 1974.
5. Хрестоматия по новой истории (1640-1815) . Том 1. М., 1963.
Қытай - Азияның шығыс бөлігінде орналасқан.
Территориясы - 9 млн. 957 мың шаршы км.
Халқы - 1 млрд. 221 млн. 462 мың (1995) .
1. ХVІІ ғасырдың басында Қытай 1368 жылы билік басына келген Мин династиясының басқаруында болған дамыған феодалдық мемлекет еді. Сол кездің өзінде кейбір қалаларда минуфактуралар жұмыс істейтін. Жеке минуфактуралардың пайда болуы Қытайда жаңа өндірістік қатынастарының элементтерінің пайда болғанын көрсетеді. Негізінен алғанда Қытайда капиталистік қатынастардың элементтерінің, пайда болу кезеңі туралы мәселе оңшалықты жақсы зерттелмеген. Кейбір мәліметтерге қарағанда ХVI ғасырда феодалдық Қытайда сауда және қолөнер ісінде жаңа процестер қалыптасты. Ірі көпестік крмпаниялар пайда болып, олар мата, фарфор, қағаз сату ісімен айналысты. Кейбір жағдайда делдал-көпестер қала және ауыл қолөнершілерін шикізатпен қамтамасыз етіп, оларды өздеріне тәуелді етті.
Феодалдардың үстемдігін Қытай экономикасының дамуына кедергі жасады. Помещиктер шаруаларды феодалдық жағынан қанауды күшейтуге тырысты, бұл әрине шаруалар соғысына әкеліп соқтырды. Қытайдың көрші жапондармен, моңғолдармен, маньчжурлармен соғысуына байланысты елде салықты көбейтуі және шаруалардан жерді тартып алу, орталық және жергілікті аппараттың коррупциясы, қала және ауыл халқының қайыршылыққа ұщырауы Мин империясының дағдарысын күшейте түсті. Бұл дағдарыс ХVІ ғасырдың екінші жартысында қатты байқалды, ал шаруалар соғысы кезінде (1628-1646 ж. ж. ) және ХVІ ғасырдың 30-40 жылдары маньчжур басқыншыларының шапқыншылығы кезінде одан әрі тереңдеді.
Феодалдық қанау, ашаршылық, қайыршылық Қытай шаруаларын қанаушыларға қарсы күрес жүргізуіне итермеледі. ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдары шаруалар соғысы Шэньси, Хэнань, Хубей, Сычуань провинцияларын қамтыды. Күрес барысында көтерілісшілердің 2 лагері қалыптасты:
1. Хубей және Шэньси провинцияларында. Мұнда шаруаларды Ли Цзи чэн басқарды.
2. Сычуань провинциясында. Бұл жерде көтерілістердің көсемі Чжан Сянь чжун еді.
Қытай маньчжур тайпаларымен күрес жүргізіп жатқан кезде шаруалар көтерілістері кең етек жая бастады. Кезінде маньчжур тайпалары Қытайға вассал болып табылатын. Олар қазіргі Қытайдың солтүстік-шығысында мекен етті, бұл тайпа Қытайдың аудандарын басып алуды көздеді. Қытай императоры маньчжур майданынан бірнеше әскерді босатып, оларды шаруалар көтерілісін басып тастауға жіберді. 1638 жылға таман Қытай императорының әскері көтерілісшілер армиясын басып тастады. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. 1639-1640 жылдары көтеріліс жаңа күшпен бұрқ ете қалды. Көтерілісті Ли Цзы чэн басқарды. Мин әскері жеңіліске ұшырай бастады. 1644 жылы шаруалар әскері Пекинге басып кірді. Көтерілісшілер Ли Цзы чэнді император етіп жариялады. Осы кезден бастап Мин династиясы өмір сүруін тоқтатты. Мин династиясының ең соңғы императоры өзін-өзі өлтірді.
Шаруалар көтерілісі Солтүстік Қытайды толығымен қамтыды. Көтеріліс барысында бұл территорияда ескі салықтар, шаруалардың қарыздары жойылды, жер шаруалардың қолына өтті.
2. Қытайдың өзінде шаруалар көтерілісі жүріп жатқан кезде, үкімет әскері сол кезде маньчжур тайпаларымен күресіп жатты. Маньчжурларға қарсы күрестің басшысы У Сань гуй еді. Шаруалар көтерілісінің көсемі Ли Цзы чэн У Сан гуйге маньчжурларға қарсы күресте өзінің көмегін көрсетуді ұсынды. Бірақ У Сан гуй және көптеген феодалдар өздерінің басты жауы көтеріліске шыққан шаруалар деп есептеді. Олар керісінше қайта маньчжур билеушілерімен келісім жасауға көнді. Сатқын У Сан гуй және біріккен маньчжурлар Пекинге бағытталды. Көтерілісшілер шайқассыз-ақ қаланы босатты. 1644 жылы маусым айында маньчжурлар толығымен Пекинді басып алды. Осы кезден бастап Қытай астанасында маньчжурлық Цин династиясы құрылды.
Көтерілісшілер әскері қала түбінде күресті жалғастыра берді, бірақ күш тең емес еді. Сонымен шаруалар көтерілісі жеңіліспен аяқталды. Солтүстік Қытай маньчжурлардың қол астында болды. Көтерілістер Қытайдың басқа аудандарында жалғасты, бірақ олар ақырында басып-жаншылды. Сөйтіп Қытайда Цин династиясының билігі толығымен орнатылды. Маньчжурлар қытайлықтарға тәуелділік белгісі ретінде барлық қытай ер азаматтарының басының айналасындағы шашын қырып тастап, ал төбесіндегі шашын өріп жүруін талап етті.
3. Цин империясының саяси қоңдырмасы феодалдық өндірістік қатынастарды сақтауға және қорғауға бағытталды.
Мемлекет басында билігі шексіз монарх - боғдыхан тұрды. Боғдыханның қарамағында жоғарғы өкімет Әскери кеңестің қолында болды, ол маньчжур ақсүйектерінен тұрды. Министрлер кабинетінің қызмеиін «любу» атқарды: ол шенеуліктік, салық салтанатты істер, әскери, қылмыстық, қоғамдық жұмыстар істерімен айналысты.
Ең жоғарғы сословиеге маньчжурлар жатты, олардың артықшылықтары мұрагерлік бойынша берілді: императордың туыстары және ұрпақтары «сары белбеулілер» деп аталды. Өйткені олар императордың белбеуі түстес сары белдік тағатын. «Қызыл белбеулілер» және «темір дұлығалылар» - бірінші маньчжур императорының жақындарының ұрпақтары болған.
Жоғарғы сословиеге сондай-ақ «шэньши» - ғалымдар жатты, олардың атағы мұрагерлік бойынша берілмейтін. Шэньши болу үшін емтихан тапсырады, сөйтіп ғылыми атаққа ие болатын. Шэньшилердің ішінен қала басқарушылары, соттар т. б. шенсуніктер шықты. Европалықтар оларды «мандариндер» деп атады.
Сослевиелік - иерархиялық сатының ең төменгі қатарында жер өңдеушілері, қол өнершілер, саудагерлер тұрды.
4. Бастапқы кезде цин өкіметі европалық миссионерлерге мейіріммен қарады, себебі қажет жағдайда европалықтарға сүйеніп қытай халқының наразылығынбасып тастауға болады деп есептеді. Сондықтанда шетел кемелеріне Қытайға кіруге рұқсат берілді. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында Пекинге голланд, португал, француз, ағылшын көпестері келе бастады. Сонымен бірге Қытайға көптеген католик миссионерлері ағылып келді. Олар христиан діні насихаттады. Тіпті кейбір миссионерлер императордың кеңесшілеріне де айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz