Феодалдық Үндістандағы жер қатынастары



Жоспар

1. Жаңа кезеңнің басындағы Үндістан.
2. Феодалдық Үндістандағы жер қатынастары.
3. Бабыр ұрпағының билігі кезіндегі Үндістан.
4. Европа отаршыларының Үндістанға енуі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейвец А.Н. Новая история стран Азии и Африки.
М., 1982
2. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., Котовский Г.Г. История Индии. М.,
1979
3. Антонова К.А. Из истории англо-французкой борьбы и Индии в XVIII
века. Народы Азии и Африки. – 1972. – N4
4. Розалиев Ю.Н. Новая и новейшая история стран Азии и Африки. М., 1987
5. Васильев Л.С. История Востока. М., Высшая школа, 2001
6. Каплин А.Б. Путешествие в историю: французы в Индии. – М., 1979

Үндістан – Оңтүстік Азиядағы мемлекет.
Халқы (1995 ж.) – 936 545 814 адам.
Территориясы – 3 288 шаршы км.

1. Үндістан территориясының көлемі жағынан Батыс Европадан да үлкен
еді, ол жерде көптеген халықтар, тайпалар тұрды. Елдің солтүстік-батысында
пуштун тайпалары: кашмирліктер, синдхтар, пенджаптықтар; Батыс Үндістанда –
маратхалар және гуджараттықтар; Ганг бассейннің аңғарында – хиндустар,
раджастхандар, бихарлар; Шығыс Үндістанда – бенгалдықтар, ассамдықтар,
елдің оңтүстігінде – андхралар, тамилдер, каннаралар мекендеді.
Жаңа кезеңнің басында Үндістанның 100 миллионнан аса тұрғыны болды.
XVIII ғасыр ұлы Моғол империясының құлауымен сипатталады. XVI ғасырда
Үндістанда европалық державалардың тірек пункттері, қоймалары пайда болған
еді; XVII ғасырда қоныстарының негізі қаланды, ал XVIII ғасырда үнді
мемлекеттері басып алына бастады.
XІV – XV ғасырларда мұсылман және т.б. көпестер үнді тауарларымен
белсенді түрде сауда-саттық жүргізді. Теңіз саудасының дамуы Оңтүстік
Индияның дамуына жағдай жасады. Ол жерлерден Европаға экзотикалық тауарлар
ене бастады, сол тауарлар Европада өте жоғары бағаланды. Сөйтіп
европалықтарда ғажайып, ертегідей өте бай Үндістан туралы көзқарастар
қалыптасты. Осы байлыққа көзі түскен европалық көпестер сауда үшін
Үндістанды ашуға тырысты. Олар осы мақсатпен бірнеше экспедициялар
ұйымдастырған болатын. Осындай экспедициялардың бірінде өзімізге белгілі
Америка ашылды.
2. Отарлық табыстың негізгі қайнаркөзі жер салығы еді. Ағылшындар
жер салығының ең жоғарғы түрін жинады. Жер иеленуші жартылай аш өмір сүріп,
жөнді шаруашылық жүргізуге мүмкіндігі болмады.
Феодалдық Үндістанда салық жинау жүйесі қолайлы жүргізілді, яғни
стихиялар апат кезінде немесе баға тым төмендеп кеткен жағдайда салық
көлемі түсірілетін, сондай-ақ жерлердің бірінің күйзеліске ұшырауы
феодалдардың мүддесіне әрине сай келмейтін. Отарлық үкімет кезінде салық
өзгертілмейтін, оны ешбір себенке қарамастан жинайтын. Моғолдық Үндістанда
ірі феодалдар қажет жағдайда өздерінің шаруаларына такави деп аталатын
көмек көрсететін, ол көмек осы ауыл шаруашылық істерін ұтымды жалғастыру
үшін көрсетілетін. Отаршыл чиновниктер бұл іспен басын қатырмады, олардың
міндеті салық жинау еді. Сондықтан да отарлық Үндістанды жер иеленушінің
де, жер өңдеушінің де жағдайы тым ауыр болды.
Ағылшын билеушілерінің жерге салық салу жүйесінде ең көп салық
жинаған табу әрекеті үнді шаруаларына өте ауыр соқты. Сондай әрекеттердің
бірі ол Корноуллистің Тұрақты жер құрылымы туралы заңы. Бұл заңды ол 1793
жылы қабылдады. Ол заң бойынша үнді заминдарларын өмірлік мұрагерлік жер
иеленушілері етіп жариялады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үнді интеллигенциясының қалыптасуы
Үндістанның Ұлы моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы
ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық қатынастар
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
Ұлы географиялық ашылымдар мен оның себеп-салдарлары
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Ұлы моғол империясының ыдырауы
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Солтүстік Үндістанда Моғолдар билігінің орнауы
Пәндер