Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану


Ф - ОБ - 001/035
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Қ. А. Ясауи атындағы Қазақ - Түрік университеті.
Жаратылыстану факультеті.
География кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.
Тақырыбы: Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану.
Ғылыми жетекші: аға оқыт. Серім. А.
Орындаған: Джолдыбаева Г
Тобы : ЖГА - 515
Түркістан 2008 жыл.
Ф-ОБ-001/035
Жоспар:
Кіріспе.
1. тарау. Географиялық білім қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың орны.
1. 1. Географиялық білімдерді жинақтау жолдары.
1. 2. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануға пән мұғалімдерін дайындау.
2. Тарау. География сабағындағы жаңа педагогикалық технологиялар.
2. 1. Қашықтан оқыту, модульдік технология, дамыта оқыту, проблемді оқыту технологиялары.
2. 2. Электронды оқулықтың көмегімен географияны оқыту
2. 3. Жаңа педагогикалық технологиялардың тәрбиедегі маңызы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ф-ОБ-001/035
Тақырыптың өзектілігі. Курстық жұмысымның тақырыбы «Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану». Менің ойымша, бұл тақырып өте қызықты және өзіне тән күрделілігімен ерекшеленеді.
“Білікке сенер заманда ешкімге есе бермейік, білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік” деп ұлы бабамыз Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын құдіретті күш - білімде. Тәуелсіз еліміз жылдар өте әлемдегі озық елдермен иық тіркестіруі үшін де жан -жақты білімі бар, саясатқа, мәдениетке жетік, зиялы азаматтар шоғыры болуын талап етеді.
Өнер мен білім халқының сауаттылығы - қай елдің болсын баға жетпес байлығы. Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақты жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу - ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Тақырыптың мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру. Оқушылардың кез-келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Тақырыптың міндеті: Білім де тез ескіретін болды, оны үнемі жаңартып отыру қажет. Бүкіл өмір бойы оқу қажеттілігі туды, себебі, тек білім арқылы ғана адамның әлеуетін көтеріп, экономикалық өркендеуге және әл-ауқатты арттыруға болады. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды жүйелі түрде пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру.
Тақырыптың зерттеу обьектісі : Қазіргі кездегі игеріліп жатқан жаңа технологиялар болып табылады. Олар қашықтан оқыту технологиясы, интерактивті тақта, проблемалық оқыту технологиясы және т. б.
Тақырыптың құрылымы: Курстық жұмысымның жоспары кіріспеден, 1 және 2 тараулардан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Ф-ОБ-001/035
1. Тарау. Географиялық білімдерді қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологиялар .
- Географиялық білімдерді жинақтау жолдары.
Географиялық білімді жинақтау үшін оқушыларға ең алдымен оқу процесі кезінде жаңа оқыту технологиялары мен оқытудың дұрыс әдістерін қолдану қажет.
Сабақты ұйымдастыру барысында оқушылардың барлығы да жетістікке жететініне сенімді болуы керек. Жетістік- тұлға болып қалыптасудағы ең негізгі шарт болып табылады. Оқушы егер талпынып жетістікке жете алмаса, ол өзіне деген сенімін жоғалтады. Тұрақты түрде қайталанатын сәтсіздіктер оқушылардың оқуға деген ынтасын төмендетеді. Тәжірибиелі ұстаздар мұны жақсы біледі. Олар ешқашан ескертулер мен екілік бағаларды көп қолданбайды. Керісінше, сәтсіздікке жолыққан оқушыларды барынша қолдауға, жәрдем беруге тырысады, міндетті түрде қолпаштап, кішкентай жетістігі үшін де мақтауға тырысады. Егер оқушылар алдына қойған тапсырманы орындап, жұмысты барынша қызығушылықпен және рақаттанып орындайтын болса және де сабақ қызықты әрі тартымды болып өтсе- бұл оқушылардың оқуға деген жігерін арттырады.
Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқушылар не еістеп жатқанын және не үшін бұл жұмысты орындап жатқанын нақты білуі қажет Басқа сөзбен айтқанда, мақсат айқын болып, оған жету жолдары да анық болуы қажет.
Сабақ өту барысында зейінді жіберілген қателіктерге емес, кішкентай болса да сәттіліктер мен жеңістерге назар аудару қажет.
Жұмыс барысындағы жеңіс- мұғалім, оқушы және ата-ананың арасындағы түсіністіктің негізі болып табылады. Әр дама өз өмір жолында әр түрлі жылдамдық пен өзінің жолымен жүреді, мұны өзгертуге болмайды. Дегенмен, өмір жолында адами құндылықтарды жоғалтпауға әсер ету бұл- оқу мен тәрбиенің негізгі мақсаты.
Оқыту және тәрбие беру барысында оқудың түрлі формаларын қолдануға болады: тірек-конспектілер, сынақтар, географиялық диктанттар, сөзжұмбақтар, практикалық жұмыстар, т. б.
Оқыту кезінде әр түрлі педагогикалық технологиялардың маңызы өте зор. Қазіргі таңда мұндай технологиялар өте көп. Олар: қашықтан оқыту технологиялары, дамыта оқыту технологиялары, проблемалық оқыту технологиялары және т. б.
Ф-ОБ-001/035
География курсын оқытуда диспут сабағын қолдану. Диспут сабағының негіздері.
Дидактикада сабақты классификациялаудың бірнеше түрі қолданылады (экскурсия сабағы, өзіндік жұмыс сабағы және т. б. ) . Оқу процесінің этаптары бойынша ( кіріспе, қайталау сабақтары ) ; негізгі дидактикалық мақсат бойынша ( жаңа материалды игеру, білімді жетілдіру, қайталау сабақтары, аралас сабақ ) . Сабақ түрлеріне қосымша ретінде негізгі дидактикалық мақсат бойынша сабақтар проблемалық және проблемалық емес болып бөлінеді.
Проблемалық сабақ дегеніміз - сабақ үстінде мұғалімнің оқушыларға проблемалық сұрақтар қойып, оны шешу жолдарын іздестіруді мақсат еткен сабақ түрі.
Проблемалық сабақтың бірнеше түрі туралы Л. М. Панчешникова өз еңбектерінде өте жақсы баяндап жазып өткен. Проблемалық оқыту технологиясына негізделе И. М. Базина ұжымдық ойлау технологиясын жасады.
Сыныптық-сабақтық ұжымдық жұмысты оқушылардың топтық формасымен қалыптастыру жөн болып табылады. Қазіргі таңда диспут сабақтарының өткізілуі- методикада маңызды болып саналады. Диспут сабақтарын өткізудегі дайындық тікелей мұғалімге қатысты екенін есте сақтаған жөн. Сабақты ұйымдастыруда уақытты үнемдеу және материалдарды дайындауға көп көңіл бөлу керек. Бұл сабақ түрі оқушылардың қабілеттерін жоғарғы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл жайында итальян педагогы М. Монтессори былай деген: «Баланы ең жақсы түсінетін екінші бала».
Диспут сабағында мұғалім оқушыларға жаңа ашылуларға жол сілтейді, ақиқатқа жетудегі дидактикалық іс-әрекетке баулиды, сонымен қатар, оны ғылыми ізденістің серіктесі ретінде жетілдіреді. Бұл баланың ойлау қабілетін дамытып, оны жаңа заңдылықтарды ашуға, практикалық проблемалардың шешу жолдарын табуға, сонымен қатар демократиялық қарым-қатынастың дамуына жағдай жасайды.
Жаңа материалды игеру кезінде ақпараттық жеткіліксіздікті болдырмау қажет. Егер жаңа материал мазмұны және игерілу тәсілі жөнінен көзделген дәрежеде болса, онда ол оқушының қызығушылығын, көп білуге деген талпынысын, белгілі сұрақ бойынша өзіндік пікір жинауына үндеп, көзқарасы мен қызығушылығын арттырады.
Осылайша, диспут сабағының психологиялық кеңістігі оқушылардың эмоциялық қобалжуына тікелей әсер етеді. Қобалжу, өз кезегінде, оқушының дүниетанымының қалыптасуына, таным қажеттілігіне әсерін тигізеді.
Диспут сабағы ең негізгі 3 деңгейден тұрады:
1. Проблеманың құрылымы.
2. Проблеманың шешімі.
3. Қорытындылау.
Ф-ОБ-001/035
Диспут сабағы мынадай қасиеттерге ие: жұмыстың ұжымдық формасын, топтағы қатысушылардың өзара қарым-қатынасы, бірігіп жұмыс жасау және т. б. Бұл қасиеттер оқу-танымдық процестің белсенділігін арттыруға бастайды.
Іс-әрекет түрлерімен алмасу - проблема шешімінің әр түрлі мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
Өзара түсінісушілік - қатысушылардың бірлесіп жұмыс істеуінің негізі. А. Сент - Экзюперидің мына бір сөздері бәріне таныс болар: «Дүниедегі ең үлкен құндылық-адамдардаң қарым-қатынас құндылығы».
Диспут сабағындағы сәтсіздіктерді болдырмау үшін «өнімділік заңдылығын» есте сақтаған жөн: бекіту, мадақтау, әзіл-оспақ, әзіл, келісімді қол алысу, ишара, жылдам, әрі сапалы жұмыс істеуге дағдылану, сенімді қалыптастыру, сәттілікке деген сенім, сабақтың тақырыбына байланысты шегіну, жақсы бағалардың көбеюі, іс-әрекетті ұйымдастыру, диалогқа себеп болатын сұрақтар, топтық жұмысты ұйымдастыру, мақсатқа бағытталған қателік, дауыстап ойлану, ойлануға мүмкіндік беретін ұтымды үзіліс, қатысушылардың белсенділігі мұғалім белсенділігінің артуына әсер етеді.
Диспут - сабағы оқушылардың ақыл- ойын белсенді пайдалануға, ізденіске мақсат етуге үндейді, ойлау қабілетін дамытады, танымдық қызығушылығын қалыптастырады.
Географияны оқыту әдістемесінде ойын сабағын қолдану.
Географияны оқыту әдістемесінде мақсатқа жеңіл жетудің көптеген тәсілдері бар. Ең көп тарағаны - ойын сабақ. Ойынды тиімді тәсіл ретінде қолдану тарихы тереңге кеткен. Оны ежелгі грек ойшылы Платонның еңбектерінен көруге болады.
Мектеп практикасына ойындарды енгізу әдістемелерін отандық авторлар да, шетел авторлары да дайындалған әр түрлі пәндер бойынша, соның ішінде география да бар, сабақ өткізуге арналған ойындар жинақтары шығарылды. Оқытуға арналған ойындар атауларының әр түрлі эпитеттері бар: оқыту рөлдік, оқу, иммитациялық ойындар деп атау керек деген пікір де бар.
Географияны оқу барысында тақырыпты меңгеру деңгейі мына жағдайларда жоғарылайды:
- ойындар өткізу әдістемесінің теориялық негізін жасауда география курсының сызықтық- сатылық логикасы ескеріледі;
- ойындар мектеп курсындағы негізгі экономикалық және экономикалық-географиялық түсініктерді ашу және қалыптастыру үшін өткізіледі;
- ойынды өткізу процесінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратын әдістер мен құралдар қолданылады;
- берілген иммитациялық ситуацияда шешім қабылдау ұстанымдары ашылады.
Ф-ОБ-001/035
Ойынды өткізу процесінде : а) нақты бір құбылыс мысалын түсіндіру; ә) ойын әрекеттерінің нәтижесін графикалық немесе басқа тәсілмен бекіту; б) түсініктердің ерекше белгілерін анықтау, оларды оқушылармен бірге бекіту керек.
Жаңа бағыттағы ойындарды іске асыру үшін оларды дайындау және өткізу әдістемесі жасалынады. Бұл процесс кезеңімен өтеді; бастапқы кезеңде модельдеу обьектісі таңдалады; оқу мақсаты мен міндеттерін жасау керек; ойындық модельді жасауда иммитациялық модельдеу принципін қолдану керек; ойын ережелері ойын сценарийінің мазмұны болып табылады; ойын өткізілгеннен кейін оның нәтижелерін көрсетіп, білімді бекітуде пайдалану керек; материалды бекітуді сауалнама түрінде өткізген дұрыс, оның көмегімен материалды меңгеру деңгейін анықтауға оңай болады.
Арқалық қаласының мектептерінде тәжірибеден өткен инновациялық технологиялардың процесі ( 1 - сурет ) .
1 - сурет. Ойын технологиясының оқушылардың дамуы мен білім деңгейіне әсер етуі.
Жоғарыда көрсетілген география курсын оқытудың инновациялық технологиялары Қостанай мен Ақмола облысының Торғай аймағындағы қала мен ауыл мектептерінде қолданылды.
Ескере кететін бір жәйт, жаңа технологияны пайдаланудың үшінші жылында оқушылар арасында «жақсы» және «өте жақсы» оқитындардың
Ф-ОБ-001/035
саны көбейген. Зерттеу материалдарын сараптау бұл процестің негізгі себептерін анықтауға көмектесті ( 2 сурет ) .
Берілген технология бойынша мұғалімнің бірінші жылдары жұмысында сабақтың құрылымы, формасы мен мазмұны өзгереді. Мұғалім рөлі де түбегейлі өзгереді. Мұғалім белгілі бір деңгейде ғана оқу процесін басқарып, оқушылардың өздігінен жасайтын танымдық әрекеттерін ұйымдастырады. Ұстаздың ұйымдастырушы, консультант, «фасилитатор» рөліне өтуі, одан сананың өзгеруін, оқушыларға деген басқа қарым-қатынастың, эмоционалдық ынталануын талап етеді.
Бірінші жыл апробациялық тәсілдерге арналғандықтан, мұғалім ойлағанының бәрі бірдей орындалмаса, өзін ыңғайсыз сезінеді. Апробация кезінде мұғалімнің ашушаңдығы, оқушылардың шуы біршама уақытты алады, осыдан келе оқушылардың білім алу деңгейі төмендейді.
Ұсынылған технологияны қолданудың екі жылында оқыту үрдісі біркелкі сипатқа ие болады. Оқушы мен мұғалім өздерін сенімді ұстай бастайды. Бұрын ойналынған оқыту ойындарын қайта қолдану кезінде мұғалім ойын ережесін түсіндіруден босап, уақытты біршама үнемдейді.
2-сурет. География пәнінің үш жыл ішіндегі білім сапасының деңгейі.
Ф-ОБ-001/035
Тәжірибиенің үшінші жылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы өсуімен ерекшеленеді. Бұд кезеңде оқушылар оқу процесінде осындай тәсілді пайдалануда үй тапсырмасының көлемі азайып, оқу материалы есте жақсы сақталады, мәнерлеп сөйлеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, қорқыныш кетіп, өзін көрсеті мүмкіншілігі артады.
Оқу материалын қайталау, бір деңгейден екінші деңгейге оңай өту, оқу моделінің соңында жоғары балл алуға көмектеседі. Бұл оқушылардың өз мүмкіншіліктеріне сенімді болуына жағдай жасайды. «Көшбасшылық» қабілеті бар оқушылар «консультант» немесе «жүргізуші» рөлдерін ойнау арқылы өздерін көрсетеді. Бұл оқу материалдарын басқалардан тез меңгерген оқушыларға ғана қатысты.
Үшінші жылдың соңында оқу матеиалын «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға меңгерген оқушылар саны көбейеді. Сонысмен қатар, мұғалім оқушыларға қойылатын талаптың деңгейін төмендетпейді.
Тәжірибе көрсеткендей, ұсынылған технологияны үш жыл ішінде меңгерген мұғалімдер дайындығы әр түрлі деңгейдегі сыныптарда да оқу процесін өте жақсы ұйымдастыра алатын болады.
Бұл технологияның әмбебаптығы - оны оқушылардың оқу деңгейі жоғары, орташа және төмен гимназия, лицей және жалпы білім беру мектептерінде де қолдануға болады.
Ф-ОБ-001/035
1. 2. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануға пән мұғалімдерін дайындау.
Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.
Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе - бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.
Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған.
Негiзгi мақсаты : бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.
Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау.
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру.
Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблемаларының оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.
Ф-ОБ-001/035
Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
Адамдарды әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындау үшін білім беру ісіндегі шығармашылық бастауды (креативтілікті) арттыру (дамыта білім беруді қамтамасыз ету), қазіргі білім беру жүйесіндегі академиялық жұртшылық білім беру жүйесін дамытудың маңызды және перспективалык, акпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде кашықтықтан оқыту әдістерін кеңінен енгізу керек екенін мойындап отыр.
Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен виртуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді.
Ф-ОБ-001/035
2. Тарау. География сабағындағы жаңа педагогикалық технологиялар.
2. 1. Қашықтықтан оқыту, модульдік технология, дамыта оқыту технологиялары.
“XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз” делінген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында . Бұл мәселе жалпы беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғаны белгілі. Кез -келген мектептен толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары сөзсіз. Себебі, біз қадам басқан ХХI - ғасыр жан - жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Мектепте жұмыс атқаратын, яғни балаларға жүрек жылуын беріп, оларды білім нәрімен сусындататын әрбір мұғалімге қойылатын қазіргі талап өте үлкен. Мұғалім өзінің инновациялық іс - әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде жүйелі түрде пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет. Технология дегеніміз - қандай болса да белгілі бір іске қолданылатын қабылдаудың жиынтығы. Технология - оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процесі .
«Педагогикалық технологиялар»- бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж. А. Караевтің, Ә. Жүнісбектің және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Жаңаша оқытудың негізгі мақсаты оқушыға деген сенімді бағыт беру, түзету енгізу. Жаңа технологияларды пайдаланғанда мына жағдайларды ескерген жөн :
- қатар отырған топтың білім деңгейін ескеру;
-әдістеме мен технологияның сабақтастығы.
Ф-ОБ- 001/035
Бастысы :
-оқушының өз бетінше іс - әрекет жасау тәсілдерін меңгеруде мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту.
-мұғалімнің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша ”Оқытуды ізгілендіру“ қажет. Ол оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс - әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек.
Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін - өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім беру технологиялары ұсынылады; дамыта оқыту технологиясы, модульдық оқыту технологиясы, ойындық оқыту технологиясы, сызбалық технология, т. б.
Қазіргі кезде әдебиеттерде даму бағытын қамтитын 50 - ден астам оқыту технологиясы қолданылып жүр. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісінде қолдану оқыту технологиясына қызығушылық таныту, ынта қою, оның мақсат - мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзіне асыра білу белгілі бір мақсатты, жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылатыны.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Жаңа педагогикалық технологиялар:
• Жобалау технологиясы;
• Дамыта оқыту технологиясы;
• Модульдік оқыту технологиясы;
• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
• Сатылай комплексті талдау;
• VTS бағдарламасы;
• Деңгейлеп оқыту технологиясы;
· Проблемді оқыту технологиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz