Кәсіби біліктілікке арналған психодиагностикалық әдістемелер


Кәсіби біліктілікке арналған психодиагностикалық әдістемелер
Ұжымның әлеуметтік - психологиялық қалпын анықтайтын «Жедел -әдістеме»
Әдістеменің авторлары О. С. Михалюк және А. Ю. Шалыто.
Тәжірибеде көрсеткендей, психологиялық қалыпты зерттеу екі мақсатты көздейді:
- Топ арасындағы психологиялық қалып ерекшелігін, қарым - қатынас болжамын (гипотезасын) жасауды және заңдылықтарды анықтайды.
- Ұжымдағы психологиялық қалыптың дамуына нақты тұжырымдар даярлайды.
Егер бірінші жағдай бойынша ұжымдағы психологиялық қалыпты анықтау болса, онда алдымен әрбір іс-шараның ұжымға қалай әсер ететінін үзіліс жасай отырып, бақылау қажеттігі туындайды, ал екінші мәселені шешу үшін, әрбір жағдайға арнайы әдістеме құруды ойластыру қажет.
Авторлардың түсіндіруінше психологиялық қалыптың әлеуметтік жағдайы, ол ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасын толығымен анықтауға көмектеседі.
Әдістеме арқылы когнитивті, эмоционалды және мінез-құлықтық қатынасты анықтауға болады.
Эмоционалды құрамды анықтауда жағымды көрсеткіштер арқылы «ұнамды - ұнамсыз», «жағымды -жағымсыз» түсініктерді анықтайды.
Мінез-құлықтық құрамды анықтауда ұжымда бірге жұмыс жасауды қалау немесе қаламау», «ұжым мүшелері жұмыстан тыс уақытта бірге қарым-қатынаста болу немесе болмау» көрсеткіштерін анықтайды.
Когнитивті құрамды анықтауда «ұжым мүшелері бір-бірінің қасиеттерін білу» болып табылады.
Тест материалы
Нұсқау: « Сізді, ұжымыңызда қалыптасқан психологиялық қалып деңгейін байқауға, жалпы жағымды жетілдіруге арналған зерттеуге қатысуыңызды сұранамыз»
Ұсынылған сұрақтарға жауап беру үшін:
А) Жауаптың нұсқаларын зейін қойып оқып шығыңыз;
Ә) Сіздің пікіріңізге сәйкес бір жауапты таңдаңыз;
Б) Сіздің таңдаған жауабыңызға қарама - қарсы тор көзге «+» белгісін қойыңыз.
- Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы сіздің пікіріңізбен сәйкес, таңдау бойынша өз келісіміңізді белгілеңіз ?
- Сіз, ұжым мүшелері бір-біріне жақын тұрса жақсы болар еді деп есептейсіз бе ?
- Қалай ойлайсыз, толық мінездеме бере аласыз ба ?
Төменде келтірілген шкалаға назар аударыңыз, 1 - саны сізге өте ұнайтын ұжымды сипаттайды, 9 - саны сізге өте ұнамайтын ұжымды сипаттайды. Ал, сіз өз ұжымыңызды қай торкөзге орналастырасыз ?
Егер де демалыс күндердің бірін, ұжым мүшелерімен бірге өткізу мүмкіндігі туындаса, сіз қандай ойда боласыз ?
Сіз, ұжым мүшелерінде кімдер қарым-қатынасқа іскерлік мәселелер бойынша түсетіндігі жайында жеткілікті сенімділікте айта аласыз ?
Сіздің ұжымыңызда қандай атмосфера (ахуал) басым ?
Төменде келтірілген шкала бойынша 1 саны қалыпты емес, сыйластық-жолдастық төмен деңгейдегі атмосфераны көрсетеді, ал 9 саны керісінше өзара көмек, өзара түсіністік басым атмосфераны береді. Өз ұжымыңызда қай торкөзге орналастырасыз ?
8. Қалай ойлайсыз, егер сіз зейнетке шықсаңыз немесе белгілі бір себептермен ұзақ уақыт жұмыста болмасаңыз, өз ұжымыңыздың мүшелерімен кездесуді қалап, ұмтылар ма едіңіз ?
Нәтижені өңдеу
Әдістемені қолдану арқылы алынған қорытынды қалыпқа келтірілген. Әрбір адамның ұжымға әртүрлі қатынасы жеке қорытындыланады.
Әрбір құрам өзіне қатысты үш сұрақтың жауабының жалпы қорытындысы арқылы анықталады;
- жағымды баға ( егер үш сұраққа жағымды жауап берілсе немесе екі жағымды жауап және үшіншісі кез-келген басқа белгідегі жауап)
- жағымсыз баға (үш жағымсыз жауап, немесе екі жағымсыз ал үшіншісі кез-келген басқа белгідегі жауап)
- анықталмаған, қарама-қарсы мағыналы баға (үш жауапта анық емес мағынада, екі анық емес мағынадағы және үшіншісі кез-келген белгідегі жауап, бір анық емес және қалған екеуі әр түрлі белгідегі жауап)
Нәтижеге сай алынған жауаптарды бір кестеге біріктіру қажет.
Осы кестенің әр жолағында үш: +; 0 белгілерінің бірі тұруы қажет. Келесі кезеңде әр құрамды өңдеу арқылы ортақ баға шығарылады. Мысалы: эмоционалды құрам.
Z (+) - Z (-)
Э=
n
бұл жерде Z (+) - қатардағы жағымды жауаптар саны
Z (-) - қатардағы жағымсыз жауаптар саны.
n- зерттелушілер саны.
Кез- келген құрамға шығарылған ортақ баға -1; +1 аралығында болады. Бұл аралық теңдей үш бөлікке бөлінеді:
-1-ден - 0, 33-ке дейін, -0, 33-тен + 0, 33-ке дейін, +0, 33-тен +1-ге дейін.
Бірінші интервал - жағымсыз, екінші интервал - анықталмаған, үшінші интервал - жағымды қатынасты білдіреді.
Әрбір құрамның орташа көрсеткіші бойынша қарым-қатынас келесі тұжырымдарға бөлінеді:
- толығымен жағымды;
- жағымды;
- толығымен жағымсыз;
- жағымсыз;
- анықталмаған.
Сұрақ парағындағы 1, 4 және 7 сұрақтары эмоционалды құрамды, 2, 5, 8 сұрақтары- мінез -құлықтық құрамды, 3, 6 -сұрақтары когнитивті құрамды береді. 3 сұрақта екі тұжырымға бөлек жауаптар беріледі. Зерттеуге5 -10 минут уақыт беріледі. Нәтижені өңдеудің қарапайымдылығы оны тез қорытындылауға мүмкіндік береді.
Еңбек ұжымында басқару стилін анықтау әдістемесі
А. Л. Журавлева сауалнамасы негізінде жасалған В. П. Захаров әдістемесі. Әдістеме негізі басқару және ұжымның өзара әрекеттерін түрлі тұрғыда бейнелейтін 27 топ тұжырымынан тұрады.
Мақсаты: Әдістеме еңбек ұжымында басқару стилін анықтауға бағытталған. Тестілеу реті нұсқауда көрсетілген.
Нұсқау: Сауалнама басшының іскерлік қасиетін сипаттайтын 16 топ тұжырымнан тұрады. Әр топқа үш тұжырымнан берілген, оны а, ә, б әріптері боыйнша белгілеген. Сіз үш тұжырымды мұқият оқып шығып, басқарушы туралы өз ойыңызға сәйкес келетінін таңдаңыз. Іс-қағазда арнайы көрсетілген тұжырымға сәйкес әріпті «+» белгісімен белгілеңіз. Сіз егер де бір мезгілде екі не одан да көп басшыны бірден бағалағыңыз келсе, келтірілген үш тұжырым бойынша оларды өзара салыстырыңыз. Тұжырымнан әр басшыға сәйкес сипаттауды, бір-бірден таңдаңыз (екі немесе одан да көп басшыны сипаттайтын бір тұжырым) және іс-қағазында жауап бергенде әрқайсысы туралы өз ойыңызды түрлі белгілермен белгілеңіз: *; +; -; Сауалнама парағына жазбаңыз! Белгілерді тек жауаптар іс-қағазына қойыңыз.
Сауалнама мәтіні
1.
а) орталық басқару, барлық іс-әрекет туралы тек, өзіне ғана баяндап тұруды талап етеді
ә) барлық мәселелерді қол астындағылармен бірігіп шешеді, тек шұғыл және тез шешуді қажет ететін мәселелерді ғана жеке шешеді;
б) кейбір маңызды істі басшының қатысуынсыз шешуге болады, оның қызметін басқалар орындайды
2.
а) әрқашанда бұйрықтар беріп отырады, бірақ ешқашан сұрамайды;
ә) орындағың келетіндей етіп, бұйырады.
б) бұйыра алмайды
3.
а) басшы, өз орынбасарының білікті маман болуын қалайды.
ә) басшы кімнің орынбасар немесе көмекші екендігіне көңіл бөлмей, немқұрайлы қарайды
б) орынбасарлар кез-келген істі бас тартпастан орындаулары қажет
4.
а) басшыға адамдардың бір - бірімен қарым-қатынасы емес, тек жоспардың орындалуы ғана қызықтырады;
ә) жұмысқа қызығушылығы жоқ, іске немқұрайды қатынаста
б) өндірістік мәселелерді шеше отырып, ұжымда жақсы қарым -қатынас жасауға ұмтылады;
5.
а) ол жаңашылдықтан қорқады
ә) қол астындағылар ынтасын басшы қабылдамайды
б) дербес жұмыс жасауға негіз болады
6.
а) сынға басшы өкпелемейді, оны тыңдайды
ә) сынағанды ұнатпайды, оны жасырмайды
б) сынды тыңдайды, шара қолданатын болады, бірақ оны іске асырмайды
7.
а) басшы өз әрекеттеріне жауап беруге қорқады, өз жауапкершілігін азайтқысы келетін сияқты ой қалыптасады
ә) жауапкершілікті ұжым мүшелерімен бөліседі
б) басшы шешімді бірден қабылдайды немесе тоқтатады
8.
а) ұжым мүшелерімен, әсіресе тәжірибелі қызметкерлермен жиі кеңеседі
ә) ұжым мүшелері басшысыға тек кеңес беріп қоймай, нұсқау да бере алады
б) ұжым мүшелері оған кеңес беруімен қатар, тіпті еш қарсылық білдірмейді.
9.
а) көбінесе қатардағы ұжым мүшелерімен емес, орынбасарлары және төменгі басшылармен кеңеседі
ә) ұжым мүшелерімен жұмыстағы жағдайлар, ондағы қиындықтар, оларды шешу жолдары туралы жиі қарым-қатынаста болады,
б) қандай да бір жұмысты орындау үшін кей -кездері өз ұжым мүшелерінен сұранады
10.
а) ұжым мүшелерімен мейірімді қарым-қатынас жасайды
ә) ұжым мүшелерімен қарым-қатынаста жиі немқұрайлылық байқатады
б) ұжым мүшелеріне қатыгез және орынсыз әрекеттер жасайды
11.
а) дағдарыс жағдайында басқарушы өз міндетін нашар орындайды
ә) басшы қиын жағдайда, міндетті түрде басқарудың қатал әдістеріне көшеді
б) қиын жағдайда басқару тәсілін өзгертпейді
12.
а) таныс емес сұрақтарды өзі шешеді
ә) егер бір нәрсе жайлы білмесе, жағдайды білуден қорықпайды және басқалардан көмек сұрайды
б) ол өзі әрекет жасай алмайды, басқа біреудің «қолдауын» күтеді
13.
а) аса талапшыл адам емес.
ә) талапшыл, бір мезгілде әділ
б) тіпті қатал және түртпекшіл
14.
а) нәтижелерді басқара отырып, әрқашан да жағымды жақтарын байқайды, ұжым мүшелерін мақтайды
ә) тұтас ұжым жұмысын өте қатаң бақылайды
б) жұмысты жағдайға байланысты бақылайды
15.
а) басшы тәртіп және реттілікті орната алады
ә) ұжым мүшелеріне ескертулер, сөгістерді жиі береді
б) тәртіпке әсер ете алмайды
16.
а) басшы бар уақытта ұжым мүшелері р әрқашан да қарқынды жұмыс істейді
ә) басшымен жұмыс жасау қызық
б) ұжым мүшелерінің өз еркі өздерінде
Сұрақ парағы.
Бағаланады:
- а ә б 9. а ә б
- а ә б 10. а ә б
- а ә б 11. а ә б
- а ә б 12. а ә б
- а ә б 13. а ә б
- а ә б 14. а ә б
- а ә б 15. а ә б
- а ә б 16. а ә б
Интерпретация
Директивті компонент - Д.
Өз ойы және бағасын бағдарлау. Билікке ұмтылу, өз-өзіне сенімді, қатаң формальды тәртіпке бейімділік, ұжым мүшелерімен үлкен арақашықтықта, өз қателерін мойындағысы келмейді. Шешімдерді өзі қабылдайды. Ұжым мүшелері әрекеттерін қатты бақылау.
Енжар араласудың әурешілік компоненті -П.
Жұмысшыларға түсінушілікпен қарау. Талап және қатаң тәртіптің, бақылаудың жоқтығы, ымырашылдық. Шешім қабылдауда жауапкершілікті басқаға аудара салуға бейімділік.
Әріптестік компоненті -Ә.
Талап және бақылау саналы түрде жүреді . Ұжымда тәртіптің сақталуы, жұмысқа ынтасы және шығармашылық көзқараспен үйлеседі. Өкілеттілікті (делегирациялау) тәуелсіз ету және жауапкершілікті бөлу. Демократиялық түрде шешім қабылдау.
Әдістемені қолдану жеке тестілеуді талап етпейді. Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалды орнықтау мақсатында арнайы тесттермен қатар тиімді қолданылуы мүмкін.
Кілт
№ а á â
1. ä ê ï
2. ä ê ï
3. ê ï ä
4. ä ï ê
5. ï ä ê
6. ê ä ï
7. ï ê ä
8. ê ï ä
9. ä ê ï
10. ê ï ä
11. ï ä ê
12. ä ê ï
13. ï ê ä
14. ê ä ï
15. ê ä ï
16. ä ê ï
Педагогикалық жағдаят қатары бойынша әдістеме
Мақсаты: Бұл әдістеме арқылы мұғалімнің берілген педагогикалық жағдайдан жол таба білуі қабілетін анықтаймыз. Зерттеудің алдында келесі құрылым мазмұнымен танысады. Сіздің алдыңызда - күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр жағдай мазмұнымен мұқият танысып болғаннан кейін, берілген әдістеменің, қайсысы педагогикалық тұрғыдан, сіздің ойыңызбен сәйкес соны таңдайсыз. Егер де бұл жағдай ойыңыздағы сөздерге сәйкес немесе жақын болмаса, онда өзіңіздің ұсынысыңызды төмендегі қалдырылған орынға жазуыңызға болады. Бұл нұсқау бойынша 7-ші және келесі жағдайдың жауабына қатысты.
1-ші жағдай.
Сіз сабақ өткізуге кірістіңіз, барлық оқушылыр тынышталды, бөлмеде тыныштық орнады, дәл осы сәтте сыныпқа бір оқушы айқайлап кіріп келіп, тағы ол, сіздің көзіңізге тіке қарап тұрып: “Менің сізге қарасам күлкім келеді” - деп айтып салды, ал сіз ештеңе айта алмастан таңқалған және сұраулы кейіппен қарадыңыз да қалдыңыз. Сіз бұл жағдайды қалай қабылдар едіңіз? Төмендегі жауаптардан қалаған нұсқаңызды белгілеңіз.
- «Мәссаған әйтпесе»
- «Саған не күлкілі?»
- «Иә, құдайға тоба»
- «Сен не жындысың ба?»
- «Көңілді адамды ұнатамын»
- «Мен қуаныштымын, сіздің көңіліңізді көтере алғаныма»
2-ші жағдай .
Сізде бірнеше сабақ өткеннен кейін, сабақтың басында немесе аяғында бір оқушы сізге келіп: «Мен сізді нағыз педагог ретінде бізге қандай да бір білім береді дегенге сенбеймін» - деді.
Сіздің көзқарасыңыз.
- «Сенің жұмысың оқу - мұғалімді оқыту емес»
- «Сендерге мен әрине ештеңеге үйрете алмаймын»
- «Мүмкін сен басқа сыныпқа ауысарсың немесе басқа мұғалім таңда»
- «Сенің әншейін оқығың келмейді»
- «Сен не үшін солай ойлайтыныңды білгім келеді»
- «Бұл туралы толық қарастырайық. Менің мінез-құлқымда сені осындай ойларға әкелген мүмкін бір түсінбестік бар шығар »
3-ші жағдай.
Мұғалім оқушыға тапсырма береді. Ал ол болса орындағысы келмейді және менің мұны орындағым келмейді деп ескертеді. Бұл жағдайға мұғалімнің қатынасы қалай болмақ?
- «Жасағың келмейді - күштейміз»
- «Сен онда не үшін оқуға келдің?»
- Өзіңе жаман болады, оқымасаң бара бер. Сенің қылығың өз түріне ерегісіп, мұрнын кесіп алғысы келген адамға ұқсайды.
- «Бұл сөздің немен аяқталатынын сен аңғарып тұрсың ба?»
- « Сен маған мұның себебін түсіндіріп бере аласың ба?»
- «Мүмкін сенікі де дұрыс шығар - кел отырып ақылдасып көрелік»
4-ші жағдай
Оқушы оқу материалын түсінуде табысқа жете алмады яғни осы оқу материалын әйтуір біркезде түсініп, ұғынып аламын деген өзінің қабілетіне сенбейді. Сөйтіп мұғалімге: «Сіз қалай ойлайсыз мен әйтеуір бір кездері жақсы оқып, белсенді оқушылардың қатарына қосыла аламын ба? - деп сұрақ қойды. Мұғалім бұл жағдайда қалай жауап беруі тиіс. »
- «Шынымды айтсам - сенбеймін!»
- «Иә, әрине бұған сенде күмән болмауы керек»
- «Сенде қабілет бар және мен сенен өте жақсы үміт күтемін»
- «Сен неге өзіңе сенбейсің?»
- «Мәселені шешу үшін кел, әңгімелесіп көрелік»
- «Екеуміздің қалай жұмыс жасағанымызға байланысты!»
5-ші жағдай.
Оқушы мұғалімге: «Алдағы болатын сіздің 2 сабағыңызға мен келмеймін, себебі бұл уақытта мен концертке барамын (нұсқалары: достарыммен қыдырамын, спорттық жарыстарға көрермен ретінде барамын, немесе жәй дем алғым келді) деп айтады. - Қалай жауап берген дұрыс? »
- «Жасап көрші!»
- «Ендігі жолы саған ата-анаңмен келуге тура келеді».
- «Бұл сенің жұмысың және емтиханды да тапсыратын сен. Бәрібір қалған күндеріңе жауап бересің; мен сенен міндетті түрде сұраймын. »
- «Маған сен сабақтарға салмақты қарайтын секілді көрінесің»
- «Мүмкін, сен мектепті мүлдем тастап кетерсің?»
- «Ары қарай не істемексің?»
- «Неге саған сабақтан гөрі, концертке бару қызықты соны білгім келеді?»
- Мен дем алу, концертке бару ( жарыстарға қатысу, достарыңмен қарым-қатынас жасау ) бәрін түсінемін, ол саған мектептен гөрі қызығырақ. Бірақ неге солай, соны білгім келеді?
6-шы жағдай.
Оқушы сыныпқа кіріп келе жатқан мұғалімді көре сала «Сіз бүгін шаршаған тәріздісіз» - деді. Мұғалім қалай жауап қайтару керек.
- «Менің ойымша сен жағынан маған мұндай ескертулер болмауы қажет!»
- «Иә мен өзімді нашар сезініп тұрмын»
- «Мен туралы қайғырмай-ақ қой - бірінші өзіңе қара»
- «Бүгін мен жайсыз ұйықтадым, менің жұмысым көп»
- «Қам жемей-ақ қой, бұл біздің сабағымызға кесірін тигізбейді»
- «Рахмет қамқорлығыңа, сен өте зейіндісің»
7-ші жағдай.
«Сіз өткізіп жатқан сабақтар маған көмектеспейді деп сезінемін, тіпті сабақты тастасам деп ойлаймын». Мұғалімнің қабылдауы:
- «Не болса соны айтпай отыршы»
- «Ойлап тапқанын қара»
- «Мүмкін саған басқа мұғалімді табу керек шығар»
- «Менің сенде мұндай тілектің пайда болуына не әсер етті, соны білгім келеді».
- «Мәселені шешудің жолын бірге қарастырсақ қайтеді?»
- «Мүмкін сенің мәселеңді басқа да жолмен игеруге болатын шығар?»
8-ші жағдай.
Оқушылар өздеріне деген сенімділікті көрсетіп, мұғалімге: «Мен қажет етсем, шеше алмайтын ештеңе жоқ. Осыған қоса, сіздің сабағыңызды да үйрену, ұғыну маған түкке де тұрмайды - деп айтады. Мұғалімнің көзқарасы қалай болуы қажет?
- «Сен өзің туралы өте жақсы ойлайсың»
- «Сенің қабілеттіңе? - күмәндімін»
- «Сен өзіңе сенімді санамағаныңа қарағанда осылай шығар»
- Менің еш күмәнім жоқ, егер сен қажет етсең, бәрі де қолыңнан келеді.
- Бұл сенен көптеген күш - жігерді талап ететін шығар.
- «Артық сенімділік іске кесірін тигізеді. »
9-шы жағдай .
Мұғалімнің ескертулеріне оқушы былай дейді, “Бұл пәнді игеру үшін көп жұмыс істеудің қажеті жоқ. Мені өте қабілетті адам деп санайды» - деп жауап береді. Мұғалім қалай жауап беруі қажет.
- «Бұл пікірге сен сәйкес келмейсің»
- «Сенің осы уақытта дейінгі қиындықтарың, және сенің білімің сәйкес келмейді»
- «Көптеген адамдар өздерін қабілеттімін деп санайды, бірақ бұл сенім істе көрінбейді»
- «Мен сенің өзің туралы жоғарғы ойда екеніңе қуаныштымын»
- «Бұл жағдай тіпті сенің оқу барысында көптеген күш жұмсауыңды талап етеді»
- «Бұл сөз сенің өз қабілетіңе өзің сенбейтініңді көрсетіп отыр»
10-шы жағдай.
Оқушы мұғалімге: «Мен тағы да дәптерімді әкелемін деп ұмытып кетіппін (үй жұмысын орындауды) » - Бұл жағдайды мұғалім қалай қабылдауы қажет.
- «Міне - тағы да басталды!»
- «Бұл жауапкершіліктің жоқтығын көрсетпейді ме?»
- «Менің ойымша сен оқуға дұрыс қарауың қажет. »
- «Не үшін екенін менің білгім келіп отыр»
- «Мүмкін сенің жағдайың болмаған шығар»
- «Сен қалай ойлайсың, мен не үшін саған қайталай беруім керек?»
11-ші жағдай.
Оқушы әңгіме барысында мұғалімге: «Сіздің басқалардан гөрі мені жақсы көргеніңізді қалаймын. - деді. Мұғалім қалай жауап қайтаруы қажет.
- «Мен не үшін сені басқалардан гөрі жақсы қарауым керек?»
- “Мен ерекше балалармен ойнап отырады деп ойламаңдар. ”
- «Маған сен сияқты айтатын адамдар ұнамайды»
- «Мен не үшін сені басқалардан бөлуім керек соны білгім келеді?»
- “Егер де мен саған ерекше қарасам, сен өзіңді қалай сезінер едің?”
- «Сен қалай ойлайсың, мен саған шындығында қалай қараймын?»
12-ші жағдай.
Оқушы мұғалімнің пәнін түсінуде күмәнінің бар екенін айтып былай дейді: «Сізге мені не ойландыратынын айттым, енді сіз маған не істеуім керек екенін айтыңыз?” Мұғалім қалай жауап беруі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz