Педагогикалық технологияларды меңгеру


Д. Ж. КІШІБАЕВА
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Түркістан - 2010
ӘОЖ 371. 307 8
ББК 74. 00
Ж - 28
Пікір жазғандар: Л. К. Керімов - п. ғ. д., профессор Абай атындағы ҚазПУ.
Б. Т. Ортаев - п. ғ. к., доцент А. Ясауи атындағы ХҚТУ.
К - 15. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқу құрал
Құрастырғандар: п. ғ. к., доцент. Д. Ж. Кішібаева. - Түркістан: А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2010 ж. 106 бет
Оқу-әдістемелік құралда келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі екендігі айтылады. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің ең басты факторы болып отыр. Оқу құрал болашақ педагогикалық мамандарға, мектеп мұғалімдеріне педагогикалық іс-тәжірибелерінде пайдалануларына болады.
Оқу-әдістемелік құрал А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің оқу-әдістемелік Кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылған (хаттама №3, желтоқсан 2009 ж. )
ISBN 978-601-243-225-1 ББК 74. 00
А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2009ж.
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ . . . 3-4
1 Педагогикалық технологияларды меңгеру жодары . . . 4-10
3 Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізудің алғы Шарттары . . . 10-17
4 БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ . . . 17-20
5 Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы . . . 20-28
6 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
7 ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ . . . 28-33
8 КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГУМАНИСТІК БАСТАУЛАРЫ . . . 33-37
9 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - САБАҚТА . . . 37-40
10 Шаталов технологиясының методикалық жүйесі . . . 40-46
11 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ . . . 47-51
12 НЫСАНАЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . . 52-58
13 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ . . . 58-62
14 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ . . . 62-70
15 Деңгейлеп оқыту технологиясы . . . 70-76
16 Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) -матиматикалық білім беру технологиясы . . . 76-78
17 Педагогикалық технология . . . 79-83
18 Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі . . . 84-88
19 ОҚЫТУДАҒЫ ВИТАГЕНДІК ӘДІС . . . 89-92
20 Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік . . . 92-97
21 Компьютерлік технологияны қолдана білейік . . . 98-100
22 Мұғалімнің инновациялық Іскерліктерін қалыптастыру . . . 101-106
Педагогикалық технологияларды меңгеру жолдары
Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар мінез деген қасиеттермен озады деген екен қазақ елінің ұлы ақыны Абай Құнанбаев. Біз қадам басқан ХХІ ғасырдың азаматы қандай болу керек?Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отан сүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болуы керек деген жауап алған болар едік.
Білім берудегі дамытудың 2005-2010 жылдардаға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттері мына төмендегідей:
-халық барлық мүмкіншіліктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
-қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге;
-отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту.
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері де жетерлік. Атап айтқанда, білім сапасының төмендігі, оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының қалыптаспауы және оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы тағы-тағылар.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы-оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге қызығуын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады:
1кезең-оқып үйрену:
2кезең-меңгеру;
3кезең-өмірге ендіру;
4 кезең-дамыту.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтердің қолында.
Сондықтан олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізіп жатыр. Жаңашыл-педагогтердің негізгі мақсаты-оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Осы орайда, жаңашыл-педагогтердің педагогикалық технологиялары көптеп саналады:Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Амонашвилидің ізгілікті тұлғаны оқыту технологиясы, Эльконин, Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, т. б.
Педагогикалық технологияның басты белгісі мыналар:
1. Оқушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу.
2. Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.
3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Елбасы Н. Назарбаевтың білім мен ғылыми қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, мұғалімдерге де үлкен міндеттерді жүктегені мәлім. Ендеше, келекшекте Қазақстанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы-ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс.
Дамыған елдерде білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарын ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдеріннен нәтижелігі шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
-оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
-оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
-мұғалімдердің ақпараттық кәсіби біліктерін жетілдіру;
-оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
-мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Яғни, қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. «Педагогикалық технология» терминін 1960 жылдарда шетел зерттеушілері енгізген. «Оқыту технологиясы» ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгізген А. Макаренко, қазір бұл ұғым оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүр. Ал «Педагогикалық технология» ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген Т. Ильина болды.
Педагогика ғылымында «Педагогикалық технология» ұғымына біржақты анықтама беріле қойған жоқ.
Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту құралдары, дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар, техникалық құралдар, т. б. ) қандай да бір үрдісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырады. Мәселен, поляк педагогі Ф. Янушкевич оқыту технологиясының мәнін ашқанда, төмендегідей анықтама берген: «Оқыту технологиясы» деп ғылыми ұстанымдар жүйесінде қолданыс табатын бағдарламаланған окыту үрдісін айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады көбіне оқытылатын пәнге емес, оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге, эмперикалық талдау жасауға және оқытуда аудивизальды құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді, оқыту теориясын оның тәжірибесімен өзара бірлікте қарастырады.
«Педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ол педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» деп В. Беспалько атап көрсетсе, И. Талызинаның пікірі бойынша педагогикалық технологияның басты мақсаты-іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ғылыми негізделген талаптар жүйесі болып табылады.
Н. Никандров, В. Кан-Калик «Оқытудың бірінші сатысында студенттерді педагогикалық білік пен дағдылардың қолданбалы эвристикалық жүйесі ретінде педагогикалық технологиялар негіздерімен қаруландыру қажет, оларды шығармашылық үрдіс ретінде балалармен тікелей қарым-қатынас жасауға үйрету педагогикалық технологияның мән-мағынасын ашады» деп санайды.
Педагогикалық технология-мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы және басты міндеті мыналар:
-оқушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
-білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
-өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
-аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып алға қойған мақсатқа
толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеру инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
-оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
-оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
-оның ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
-жаңа буын оқылықтарының мазмұнын зерттеп білу;
-пәндік білім стандартымен жете танысу;
-білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
-оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары мына төмендегідей:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
-барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей алғы шарттар арқылы іске асады:
1. кезең-оқып-үйрену;
2. кезең-меңгеру;
3. кезең-өмірге ендіру;
4. кезең-дамыту.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мыналар:
-педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
-оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру;
-оқу моделін құрастыру;
-оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
-оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
-оқу әрекетін бағалау көрсеткіштерін анықтау.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдық іс-әрекетті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының, т. б. ) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік ізденуі іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын мақсат-оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «Оқытуды ізгілендіру» қажет. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттын негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
-есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып ақыл-ойды дамытатын оқуға көнігу;
-білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
-оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үрдісін қарастырсақ, ол 4 кезеңнен тұрады.
1. Кезеңде болашақ педагогтар өз бетінше жоспарын құруды үйренеді:
-сабақтың технологиялық картасын құру;
-оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.
2. Кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын-сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды:
-сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін, алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;
-сабақтың технологиялық картасын құру және оны дәлелдеу.
3. Кезең. Микросабақ беру (студенттік дәрісханада сабақ өту)
4. Кезең. Микросабақты талдау, педагогикалық технологияға қажетті түзетулерді енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.
Сонымен педагогикалық технологияны тек қана техникалық оқу құралдарын дамыту немесе компъютерлендіру емес, жоғары нәтижелерге бағытталған біртұтас өзара байланысты әдістер, тәсілдер, мазмұнның жиынтығы деп қарастыруға болады. Білім беру саласының қызметкерлеріне қойылатын міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Бұл міндетті орындамайынша сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды және педагогикалық қызметті "технологияландыру" талпыныстары XX ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды. Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.
Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т. б. Ең алдымен оның себебін мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру бөлгілі бір шарттарды қажет етеді.
Олар:
- мұғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;
- оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық -педагогикалық ахуал;
- оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу - әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;
- оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.
Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың бөлгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді.
Олар:
- мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;
- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;
- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
- мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;
- іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;
- өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;
- технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Оқыту технологияларының қайсысы болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді. Жаңа технологияларды енгізу көзінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:
- жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;
- жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
- жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
- жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;
- оқушылардың жұмыс әдісін;
- оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, мұғалім істей алуы керек;
- қандай да бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;
- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;
- әр сабақта сауатты жоспарлауды;
- оқу моделін құрастыруды;
- оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;
- оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;
- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;
- тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;
- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;
Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:
- жаңа технологияда пайдаланатын жәкелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды;
- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;
- жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйретуді;
- педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру - жаңаша оқытуға жеткізетін жол.
Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады. С. И. Годник зерттеулері көрсеткендей, жеке тұлға жаңа жағдайларға бейімделуде, жеке және кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа тәсілдеріне ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін. Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, мұғалімдердің бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады. Социологтардың мәліметтері бойынша педагогтердің тең жартысы инновациялық әрекетке бірден енуге дайын, ал қалған жартысы сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі мүмкін. Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті. Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалықты игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т. б. шартталған.
Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті "технологиялауды" мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін.
Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, мұғалімдердің кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін тереңдету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен мұғалім жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz