Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 бөлім. Оқушыларға инновациялық оқыту әдістері негізінде теориялық
аспектісі.
1.1 Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері.
1.2 Оқушыларға инновациялық оқыту әдістері арқылы жаңа сабақты ғылыми-
техникалық программалар арқылы түсіндіру мүмкіндіктері.
2 бөлім. Білім берудегі инновациялық тәсілдер.
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл
оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына
сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-
педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бет бұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің
бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар
инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана
отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
“Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация
– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,
шешімдерін күтеміз, – дейді. [1]
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың
зерттеулерінде бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізгенді
білдіру мақсатында пайда болған және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін
сақталған.
Кейбір зерттеушілер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды. Мәселен,
И.П.Подласый Педагогика атты еңбегінде ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде,
алдымен журналистер, содан кейінгі кездерде педагогтар инновация сөзін
пайдалана бастағанын жазады.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші
жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты
шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
” Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді:
“Жаңару – белгілі-бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған
байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын
жаңа идея.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында
кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы
белгілі-бір категория ретінде көпке дейін берілмей келді. Берілетін
анықтамалардың көпшілгі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмады.
Инновацияны білім беру жүйесінде жаңалық енгізу деп айтсақ, Введение
принципиаль-ного в образовательную систему ұғымының мағынасын тарылтқан
болар едік –деп, жазады ізденуші Қ. Нағымжанова.
Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, оған әртүрлі анықтамалар
берілген. Мысалы, инновация:
- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея (Э.М. Роджерс);
- жүйелі міндеттердің жүзеге асуын, шешілуін қамтамасыз ететін арнайы жаңа
өзгеріс (Майлс);
- қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың
не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үдеріс (Найхоф) ретінде
анықталған.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген
ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану
және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-
тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп
қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін
бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған);
модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі
(мектепті толық қамтитын).
А.М.Саранов Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық
негіздері атты еңбегінде атап көрсеткендей, Инновациялық процесс –
жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде орыс ғалымдарының инновация
ұғымы туралы түсініктері:
- білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және
тарату іс-әрекеті (Днепрова В.И., т.б.);
- жаңалық - құрал (яғни жаңа әдіс, жаңа технология), ал,
инновацияны осы тәсілдерді меңгерту үдерісі (М.М.Потоленик, А.С.Лоренсов)
ретінде сипатталды. [2]
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап
көрсеткен:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін
игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа
қабілет;
- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен
әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның
инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пән аралық
байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік
бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы
ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде бала –субъект, бала-объект тұрғысынан
енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік
жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.
Осы ғалымдардың зерттеулерінен инновациялық оқытудың бүгінгі таңда
алатын орнын оның дамығандығын және озық педагогикалық тәжірибе үрдісінде
қосатын үлесі зор екендігі белгілі болып отыр.
Алайда инновациялық оқыту үрдісін бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру
қажеттілігі мен оның теориялық негіздері, мазмұны, әдістемесінің болмауы
арасындағы қайшылықтардың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын Білім
берудегі инновациялық тәсілдер деп таңдауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Жалпы пән сабақтарында инновациялық оқыту
әдістері негізінде оқушыларға жаңа технологияны үйрету әдістерін айқындау
оны жүзеге асырылуын практикалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Зерттеудің нысаны:Сынып оқушыларына білім беру барысында инновациялық
оқыту әдістерін пайдалану үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
1.Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістерін анықтау.
2.Оқушыларға инновациялық оқыту әдістері арқылы жаға түрлерін
үйретудің мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық –
педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, әңгімелеу, талдау.
Курс жұмысының құрылымы:
Курс жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, бірнеше тақырыпшалар мен
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Жаңа технологияларды педагогикалық іс-әрекеттерді қайта құрудың
жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану
1.1 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның
құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру
жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап
етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім
тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына
мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін
жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас
құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға,
жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-
қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология -
педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы
айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика,
тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін
оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен
теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері
ашып көрсетіледі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық
технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға
ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы
қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен
оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Қазақстан Республикасының 1999 ж. "Білім туралы" заңында білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды
қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық
қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде
толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім
жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда.
Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын
жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға
болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам
педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл
технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.
Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу
және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін
арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы,
құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін
ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді
қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.
Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі
деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма
беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар,
ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы
тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік
тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға
тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы берілген
тапсырманың дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы
(Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі
жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты
дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу
үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын
меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек
көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту
технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау,
тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды
сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып -
оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала
оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру
және т.б.
Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту
технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев),
шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев.,
Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау
табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-
тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту
технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.
Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие
үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның
бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін
дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-
әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру
арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интератиетік әдісті
тиімді пайдалануға болады.
Мұнда негізгі және жетекші үрдіс - іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру.
Бұл технологияның ерекшелігі - оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері
жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык,
түрде дәлелдейді.
Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады. Мұнда жеке
тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға
басты назар аударылуы тиіс.
Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық
біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған
міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.
Жалпы сабақтарда оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-
әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым
ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық
іс-әрекеті қалыптасады.
Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және
экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға
ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын
пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.
Ұлттық тағам – ұлттың бет бейнесі, тарихы мен шежіресі, ұлттың дара
касиеттері сақталынуының асыл нәрі. Сондықтан оны дайындай білуге үйрету
әр ата-ана мен ұстаздың міндеті.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына
сай білім қажет.
Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі
білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі
қойылып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі
қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінде:
"Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы
керек.
Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деген болатын.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп
келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен
жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып
келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән
береміз.
1.2 Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды
өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті
адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының
барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес,
мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы
білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.
Иновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен
түсіндіріледі?
Бірінші кезекте иновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс
істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға
ықпал жасайтын (мұғалімдер,мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі
жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан,
иновацияға үнемі орын табылады.
Ал жаңа өзгеріс нәтижесінде білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін
және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы
маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар
ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Иновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай
бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету
қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген
ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек,
жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның (бір нәрсеге
әсерін тигізетін жағдайлардың кездесуі) мұқтаждығынан пайда болады.
Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге
дайындық деңгейімен, педагогика қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және
басқа да факторлармен анықталады.
Технология, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана
мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да мектеп басшылары үнемі
өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін мойындаулары қажет.
Жаңалық енгізу кез-келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары
жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр,
тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.
Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп өз қызметін
үздіксіз жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге
мәжбүр.
Білім беру қоғамдық іс-әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады.
Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдықдамудың белгілі дәрежесінің
нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыста бар.
Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді.
Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан
қарайтын болсақ, білім берудегі бет бұрыс қоғамның болашақ дамуының тек
қана салдары болып қоймай, қажеті шарттары да болып табылады.
Әрине педагогикалық иновацияның бір бөлігі ғана тек белгілі қоғамдық
қатынастарда нақты ақиқат дүниеге айналады. Мысалы, ізгілендіру үрдісінің
дамуының негізгі шарты қоғамдағы саяси қайта құрулар және оның жұмыс
істеу экономикалық механизмнің өзгеріс болып табылады. Дегенмен, білім
беру үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының негізгі көпшілігі осы саланың
қызметкерлері арқылы қалыптасады.
Бұл өзгерістің ішкі, таза педагогикалық бөлігі іспетті сол
әлеуметтік жағдайдың базасында, қоғам өзі құрып алған экономиалық, саяси
құрылымда арттырылады.
Мамандардың көрсетілуі бойынша, экономика мен ғылым саласындағы барлық
ірі жаңалық енгізулер АҚШ-тың еншісіне тиіп отыр.
Мектептегі жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді.
Әр мектепте оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі
міндеттеріне мұғалімдерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты
бақылап отыру, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік
жүйенің өзіне тән мерзімдік тексерісін өткізу кіреді.
Американдық зерттеуші С.Погровтың пайымдауы бойынша, педагогикалық
қайта құрушылықтың тарихы-бұл үздіксіз сәтсіздік нәтижелерін тәжірибеде
бекіту. Д.Тиак және басқада зерттеушілер педагогикалық иновацияның әдетте
өмірінің қысқа болатынына көңіл аударады.
Инновациямен бірге өмір сүріп келе жатқан нәрсе , ол- жалғыз-ақ
бақылауға оңай көнетін немесе қолданыстың жаңа саласын құрайтын құбылыс.
Әдеттегідей барлық сәтсіздіктің себептерін бәрінен бұрын
табиғаттарынан кері тартпа және селсоқ, жалқау, ұқыпсыз және қиялдау
қабілеті төмен мұғалімдерден іздейді. Дегенмен басқа саладағы жағдайға
осыған ұқсас Инновация және кәсіпкерлік деген кітабында П.Друкер негізгі
шарттарды анықтауға тырыса отырып, адам тәжірибесінің толық көрінісін
суреттейді, оның ішінде жаңа идеялар жемісті және ұзақ мерзімдік инновация
адам қызметінің кез-келген саласында қарастырылады.
Ол адамзат тарихындағы көптеген алдыңғы қатарлы идеялар мен өмірдегі
өзгерістер тамырын кең жайып кете алмағанын көре білді. Олардың
көпшілігі жай ғана қызықты идеялар түрінде ғана қалып қоятын болған.
Жаңа идеялардың тағдырына қатысты ол төмендегідей қорытындыларға
келеді:
-идеялар айқын мақсатты көздеген және оларды жүзеге асыру мен тарату
тәсілдері қалыптасқан жағдайда ғана сәтті инновация бола алады;
-инновация жемісті болу үшін ол аз және өте нақты нәрседен басталуы
қажет;
-ақпаратқа негізделген өзгерістің сәтті болуы екі талай, алынып
отырған ақпарат оңай жолмен келсе немесе арзанға түссе ғана өз жемісін
береді.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез-
келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының
прогрессивті дамуына ықпал етуі керек.
Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы
да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы
бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі
керек.
Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол
қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше
ықпал білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін
де айтуымыз керек .
Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты
көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана
байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты
енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды.
Сондықтан оларды негіздеуге тар шеңберде қолданылатын міндеттермен
шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен
негізгі мақсаттарын ескеру қажет.
Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен
құндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан
аулақ болу үшін маңызды дейді А. Найн.
Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және
қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды.
Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді
үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз және ол
инновацияға қысқа мерзімді , өткінші ғана құбылыс деп қарамайды.
Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі
тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде
қарауды талап етеді.
Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған
деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның
негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы
әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа
тартады.
Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа
салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Педагогикалық
инновациялар білім берудің ішкі жүйесіндегі адамдар қызметінің нақты
нәтижесі болып табылады. А.Колодин мен С.Смирновтың пікірлерінше,
педагогикалық инновация мемлекеттік білім ұйымдары жасап, жүзеге асырған
жаңалық емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен қызметкерлері
жасаған жаңалықтар.
Сонымен қатар білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің
барлығын авторлар педагогикалық инновацияға жатқыза алмайды. Бұл
категорияға олар білім берудің қоғамдық жағдайлары өзгерісін, оның
мәртебесінің жоғарылауы мен қаржыландырудың өсуі сияқты мысалдарды
жатқызады.
Бұл бәрінен бұрын қандай да бір әлеуметтік үрдістің нәтижесі, қоғамның
саяси бағытындағы өзгеріс немесе қайта құру, яғни саяси қайта құрулар
нәтижесі.
Білім беру мекемелерін жабдықтау да таза педагогикалық инновация болып
табылмайды, - бұл инновацияның компьютерлік техника саласына енуі, оқу
құралдарының өндірілуі.
Білім беру жүйесінің құрылымындағы өзгерістерді де педагогикалық
инновация деп атауға болмайды. Бұл дұрысында білім беруді басқару
саласындағы инновация.
Басқару инновациясына мектеп ұйымының ішкі қызметіндегі кейбір
жаңадан енгізілген нәрселерді жатқызуға болады.
Кең ауқымды инновациялық қозғалыс – қайта құру үшін қажетті құбылыс. Оның
өмірде болуы қайта құруды жасаудың негізгі әлеуметтік шарты ретінде
көрінеді. Бұндай қозғалыс құруды жүзеге асырудың маңызды шарты ғана емес,
оған дайындық құралы болып табылады.
2 бөлім. Білім берудегі инновациялық әдіс-тәсілдер
2.1 Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері

бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы

Инновациялық оқыту – білім берудің ерекше түрі. Ол Жаңа жағдайларда
даму қабілеттілігін бірлесе шешуді ойластырады.
Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген
мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс
стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық
процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер
мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқу- тәрбие процесіне қазіргі заманғы
технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің,
ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік
қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен
психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы
білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық
педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны
қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қарастырылады.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді.
Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлі
мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін
ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. [7]
Инновация сөзі латын тілінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz